Экономикалық саясатта ақшасыз товар айырбасы басты орын алды: көтерме – бөлшек сауда жойылып, азық – түлік комитеттері 1918 жылы көктемде Семейде, Ақмола облыстарында құрылды.
1918 жылы наурызда Торғай облыстың Кеңестер съезі болды. Онда: базарларда, көшелерде, пәтерлерде жеке саудаға тыйым салу қарастырылды. Саудагерлер тауарлары тәркіленіп, өздерін ауыр жұмыстарға жіберілді.
Халық шаруашылығының негізіне теңдей бөлу ұстанымын алған әскери – коммунистік саясат белгілері пайда болып, қанаушыларды байлығынан айыру, жеке меншікті жою әдісі енгізілді. Пролетариат диктатурасы және революциялық күштеу арқылы социализм орнату мүмкіндігі туралы бұрмаланған түсінік орнықты.
Жер мәселесін шешудегі жергілікті Кеңес органдарының қызметі бірнеше кезеңнен тұрды.
Оның 1917 жылғы қарашадан 1918 жылғы жазға дейнгі кезеңінде жергілікті Кеңестер, жер комитеттері мен комиссарлары бос жерлерді, тәркіленген помещик имениелерді есепке алып, шаруалардың жағдайын анықтап, жерсіз, жері аз шаруаларды жермен қамтамасыз ету мәселесімен шұғылданды. Шаруалар қоныс аудару қорынан алынған жерлерді пайдалану ережелерін жасады.
Екінші кезең 1918 жылдың жазынан 1920 жылдың аяғына дейінгі уақытты қамтыды. Бұл тұста жерді социализациялау жөніндегі шараларды іске асыруға әзірлік жұмыстары жүргізілді. Теңгермешілік негізінде жерді шаруалардың пайдалануына беру шаралары жүргізілді.
1921-1922 жылдарды қамтитын үшінші кезеңде жер – су реформасы іске асырылса- 1924 – 1927 жылдарды қамтитын төртінші кезеңде жерге орналастыру, шабындық, егістік жерлерді қайта бөлу жұмыстары жүргізілді. Мұндай шараларды іске асыруда жеткілікті тәжірибенің жоқтығы, жергілікті кадрлардың түсінігінің кемдігі, сауатының жоқтығы т. б себептер негізінде бұл революциялық шараларды іске асыру барысында асыра сілтеушіліктің, солақайлықтың, теріс әрекеттердің орын алғанын Кеңес үкіметіне сенімді азайтатын жайлардың болғанын да айтуымыз керек.
34. Қазақстандағы кеңес үкіметінің орнауының қиыншылықтары мен ерекшелігі
Қазақстанда кеңес өкіметі орнауының ерекшелігі. Азаматтық қарсы тұру Жоғарыда айтылғандай, 1917 жылғы 26 қазанда Петроградта өткен Кеңестердің Бүкілресейлік II съезінде большевиктер барлық делегаттың үштен екі бөлігіне жетпейтініне, яғни — 390 адам болғанына қарамастан, 690 делегаттың төрттен үш бөлігіне жуығы билік Кеңестердің қолына берілсін деушілер жағында болды; «Бүкіл билік демократияға берілсін» деген әсер-меньшевиктерге дауыстың 15%-ы тиді, 7%-ы «Коалиция» ұранын қолдады.Дәл осының өзі большевиктердің көсемі В.И. Ленинге жұмысшы және солдат депутаттары Кеңестерінің басым көпшілігі съезге қатысты, шаруа Кеңестерінен делегаттар келді, ОАК-нің (Кеңестердің Орталық Атқару Комитеті) бұрынғы құрамы өкілеттігін аяқтады деп атап көрсетуіне мүмкіндік берді, яғни оның пікірі бойынша «жұмысшы, солдат және шаруалардың басым көпшілігінін еркі» айқын білдірілді, сондай-ақ «жұмысшылар мен гарнизонный жеңіске жеткізген күресі» Кеңестердің II съезінде билікті өз қолына алуға негіз болды.
Съезд лениндік ұсыныс бойынша «барлық билік жергілікті жерлерде жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының Кеңестеріне өтеді» деген шешім шығарды. Қазақстан тәрізді «Ресейде қоныстанған барлық ұлттарға болашақта дамуы бағытын өзі анықтауға шынайы құқық беріледі» ұраны ұлттық өңірлер үшін аса маңызды болды.
Съездің Бейбітшілік және Жер туралы қабылдаған декреттері аштық пен шаруашылық күйзелістен қалжыраған халықтың басым көпшілігінің жаңа биілікті бірден қолдап шығуын қамтамасыз етті.
35. 1917 жылғы қазан оқиғасына жаңаша баға
Бұрынғы империядан Уақытша үкіметке ауыр мұра қалды: таптық, әлеуметтік, экономикалық, ұлттық, діни қайшылықтар. Империалистік соғыс ұзаққа созылып кетті. Уақытша үкімет ұлт мәселесін, аграрлық мәселені түбегейлі шешіп бере алмады. Елге ашаршылық қаупі төнді. Еңбекшілердің Уақытша үкімет саясатына наразылығы күшейді. Сырдария, Жетісу облыстарының тұтас аудандарын аштық жайлады.
Жұмысшы, солдат, шаруа депутаттары Кеңестерінің ықпалы барған сайын арта түсті. 1917 жылғы мамырда Семей облысындағы Даубай кенішінде, Риддерде жұмысшылар ереуілі болып өтті. Жұмысшы депутаттары Кеңестерінің бастамасымен Петропавл, Семей, Орал, Перовскінің кәсіпорындарында, кен зауытында, мұнай өнеркәсібінде 8 сағаттық жұмыс күні енгізілді.
Уақытша үкіметтен жер де, астық та алмаған шаруалар аграрлық мəселені өздерінше шеше бастады. Болыстар мен ауылнайлардың жері мен малын күшпен тартып алды. Верный уезінің болыстарында болыстарды орнынан түсіріп, байлардың көп малын айдап кетті. Қарқаралы, Павлодар уездерінде Бөкей Ордасында қазақ шаруаларының бой көрсетулері болды.
1917 жылғы 29 тамызда Перовск Кеңесі бүкіл өкімет билігін Кеңестерге беру қажеттігі туралы қарар қабылдады. Семейде бүкіл өкімет билігі Кеңестерге берілгендігі туралы қарар қабылданды. Черняев, Әулиеата Кеңестері де оындай көзқарас ұстанды. 1917 жылдың күзіне қарай революциялық өрлеу қуатты серпін алды.
Темір, Қостанай, Петропавл уездерінде, Бөкей даласында, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында шаруалардың жаппай бой көрсетулері көбейді. Перовскіде солдатқа алынғандар əйелдерінің манифестациясы өтті. Павлодар, Петропавл, Верный, Əулиеатада еңбекші əйелдердің бой көрсетулері болды.
1917 жылғы 22 қарашада Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше ІV сьезд ашылды. Съезді ашқан Мұстафа Шоқай: “Орталықта болып жатқан оқиғалар шет аймақтарды өзін-өзі қорғаудың және ұлы ұлттық төңкерісті құтқарудың жайын ойлауға мәжбүр етуде” – деп мәлімдеді. Съезде Түркістан үкіметі – Уақытша Кеңестің құрылғанын жариялады. Министр-төраға және ішкі істер министрі болып М.Тынышбаев сайланды. Кейін оны М.Шоқай алмастырды. Жаңа мемлекеттік құрылым Түркістан автономиясы деп аталды. Ислам –мемлекеттік дін деп танылды.
1917 жылғы қарашада Қоқанда мұсылмандардың манифестациясы болды. Ташкентте Жәми мешітінде мыңдаған адам қатысқан митинг өтті. Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі орталыққа: "Қоқанда кертартпа тап өкілдері Түркістан өлкесінің автономиясын жариялады" – деп хабарлады. 1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. Қызыл жұмысшылар отрядтары, армян партиясының милиция отрядтары, Ташкент гарнизонының бөлімі Қоқанға аттандырылды. 5 ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алынып, өртелді.
1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда жалпықазақ съезі өткізілді. Съезде қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды.
1. Аумақтық-ұлттық автономия құру.
2. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауын беру.
3. Автономиялы Алаш облыстарының аумағын Алаштың мемлекеттік меншігі деп жариялау.
4. Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан өкілдер болуы тиіс.
5. Алашорда Уақытша Халық Кеңесін 25 мүшеден құрып, оның 10 мүшесін орыс жəне басқа халық өкілдерінен сайлау.
6. Алашорданың уақытша орталығы етіп Семей қаласын таңдау.
Алашорда Кеңесінің төрағасы болып Ə.Бөкейханов сайланды.
1917 жылы “Қазақ” газетінде “Алаш” партиясы бағдарламасының 10 бөлімдік жобасы жарияланды. Бұл құжатта партияның мемлекеттік құрылыс, қорғаныс, дін, ғылым мен ағарту, аграрлық мәселелер көрсетілді. “Алаш” партиясы сол кездің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
1917 жылғы қараша мен 1918 жылғы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында – 57,5%, Семей уезінде – 85,6%, Торғай, Орал губернияларында – 75% жинады.
Билеуші партияға айналған большевиктер Алашордамен тіл табысу жолдарын қарастырмады. Əр түрлі саяси күштердің билік жолындағы тайталасы басталды. “Алаш” партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге оппозиция болды.
36. «Ресей халықтарының деклорациясы» және Кеңес үкіметі басшылығының «Ресей мен барлық Шығыс халықтарының еңбекші мұсылмандарына» жолдауы
Ресей халықтары құқықтарының декларациясы
- Кеңес билігінің алғашқы құжаттарының бірі, 1917 жылды 3 қарашада РСФСР 2 Халық Комиссарлары Кеңесі қабылдаған. Онда Ресей халықтарының теңдігі, еркіндігі, өзін-өзі басқару құқықтары, тіпті жеке бөліну және дербес мемлекет құру құқығы, сондай ақ ұлттық және діни шектеулерді жою, саны аз халықтар мен этникалық топтардың еркін дамуын қамтамасыз ету туралы уәде берілді.
Қазақстанда діни мекемелерді мемлекеттен бөлу саясатының жүзеге асырылуы. Тарихта Кеңес билігінің исламға қатысты саясатының мәнін ашып көрсетуге жәрдемдесетін құжаттар белгілі. Бұл құжаттарды талдау негізінде олардың мазмұнының шын мәніндегі саясатқа қаншалықты сәйкес болғанын анықтауға болады. 1917 ж. 20 қарашада ХКК «Ресей және шығыстың барлық мұсылмандарына үндеуін» жариялады. Біз үшін құжаттың төмендегі үзіндісі қызығушылық тудырады: «…Ресей мұсылмандары, Еділ бойы және Қырым татарлары, Сібір және Түркістан қырғыздары мен сарттары, Кавказдың арғы беті түріктері мен татарлары, Кавказ шешендері мен таулықтары, Ресей патшалары мен қанаушылары тарапынан мешіт пен ғибадатханаларына қол сұғылған баршаларыңыз! Бұдан былай сіздердің наным-сенімдеріңіз бен әдет- ғұрыптарыңызға, ұлттық және мәдени мекемелеріңізге бостандық беріліп, қол сұғылмайтын болып жарияланады…Біз сіздерден мейірімділік пен қолдау күтеміз» [105,с. 17-18]. Құжат мазмұнына сәйкес большевиктік үкімет бұған дейін айдауда болған мұсылмандарға дін бостандығын уәде етті. Егер патшалық билік кезінде ислам дініне қысым жасалса, енді мұсылмандар еркін дем ала алатын болады. Шын мәнінде солай болды ма деген заңды сұрақ туады. Большевиктердің мұсылмандарға қатысты аталғаш шараны жүзеге асырудағы негізгі мақсаты – мұсылман халықтарын өз жағына тартып, қолдауларына ие болу еді. Бұның себебі, біріншіден, 1897 ж. халық санағы бойынша 15 конфессиялық топтың ішінде мұсылмандар правослатықтардан кейін екінші орында болды (православтықтар 69,4 % болса, мұсылмандар – 11,1 %) Екіншіден, мұсылман аудандарының өркениеттік негіздері православиеден ерекшеленді. Ғасырлар бойы мұсылман діні мен мәдениеті православтықтың ықпалына ұшырамады. Осыған байланысты Ресей империясы аумағындағы мұсылмандармен есептесуге тура келді, яғни кез-келген жаңа билік халықтың бұл бөлігін өзіне бағындыру жолдарын қарастырды. Билікке келген большевиктер де мұсылмандарды өз жағына тартуға тырысты. 1917 ж. 17 қаңтарда Мұсылман істері жөніндегі комиссариат (бұдан былай МІК – автор) жариялаған декретке сәйкес ҰІХК қарамағында Ішкі Ресей мұсылмандарының істері жөніндегі комиссариат құрылып, Мулланур Вахитов комиссар болып тағайындалды [88,с. 367]. Жаңа орган мұсылмандардың діни өмірін реттеумен айналысуы тиіс болды. Іс жүзінде ол бақылау қызметін атқарды. Большевиктер дәстүрлі ислам тараған аудан халықтарының қоғамдық санасына өз ықпалын кеңейту тетіктері мен арнайы мамандардың жоқтығын түсінді. Олар Қазақстан және Орта Азия мұсылмандарының 1918 жылы Уфадан Омбыға Колчакқа көшкен ОМДБ-ның қолдауына жүгінуіне жол бермеуге тырысты. МІК мұсылмандар арасында социалистік идеяны таратумен 97 айналысты. Большевиктер кеңес үкіметіне оң көзқарас танытушы беделді ислам дін тұлғаларын пайдалануға тарысты. 1918 ж. мауысымда ХКК жергілікті жерлерде «Мұсылман комиссариаттарын ұймдастыру туралы» қаулы жариялады. Қазақстанда олар Семей және Верный қалаларында құрылды. 1917 ж. 4 желтоқсанда ХКК-не Петроград ұлттық округі өлкелік мұсылман съезінің мұсылмандарға Осман Құранын қайтару туралы өтініш жіберілді. 1917 ж. 6 желтоқсанда ХКК-нің көпшілікке арналған мемлекеттік кітапханада сақталып тұрған Құранды қайтару туралы қаулысы шықты.
37.Қазақстан Азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.).
Азамат соғысы – бір елдің ішінде билік үшін сол ел азаматтарының өзара соғысы. 1918 — 1920 жылдары Кеңестік Ресейде орын алған азмат соғысы Қазақстанды да қамтиды.
Жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.Қазақстанда Азамат соғысы ошақтарының бірі Орынбор губерниясы мен Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда — қазақ атаманы Дутовтың 1917 жылы қарашаның аяғында Кеңес өкіметін құлатып, Кеңестердің II Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқындауымен пайда болды.
Азамат соғысы жылдарында қарулы күрестің бір жағында Қазан төңкерісі жеңісі нәтижесінде жеңіліс тауып, саяси және экономикалық биліктен айырылған күштер тұрды. Оларға АҚШ, Англия, Франция, Жапония сияқты мемлекеттер үкіметтері жан-жақты көмек көрсетті. Күрестің екінші жағында Қазан төңкерісі нәтижесінде өкіметті өз қолына алған большевиктер партиясы бастаған күштер тұрды. Олар большевиктік ұрандар мен Кеңес өкіметі жариялаған социализм идеяларына сенген жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай бөлігінен қолдау тапты. Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса, оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды
1918 жылы жазда төңкеріске қарсы күштер Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарының көптеген аудандарын, соңынан Жетісу облысының бірқатар аудандарын басып алып, Кеңес өкіметін құлатты. Кеңес өкіметі Батыс Қазақстанның кейбір аудандары мен оңт. өлкесінде сақталды. Қазақстанда азамат соғысының Ақтөбе (немесе Солтүстік Түркістан), Орал және Жетісу майдандары құрылды, олардағы соғыс әрекеттері А.с-ның ірі майдандарындағы, ең алдымен Колчак әскерлеріне қарсы құрылған Шығыс майдандағы қимылдарға тығыз байланысты жүргізілді. Сондықтан Қазақстандағы азамат соғысының тағдыры негізінен Қызыл Армияның Шығыс майданындағы күресіне тәуелді болды. Қазақстан жеріндегі соғыс қимылдары өз кезегінде Кеңес еліндегі жалпы жағдайға әсер етті. Қазақстан азаматтары Қызыл Армия қатарында да, “ақтар” басып алған аудандарда жасақталған партизандық жасақтар құрамында да азамат соғсына қатысуға мәжбүр болды. Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді.
Азамат соғысының қиын да күрделі жағдайы Қазревкомның төтенше жағдайда жұмыс істеуін талап етті. Қазревком қызметінің әскери-азаматтық сипатын осы соғыс анықтап берді. Қазревкомның басқа бір маңызды міндеті – қазақтың байырғы жерін бір қолға жинау, яғни болашақ қазақ кеңес мемлекетінің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету болып табылды. Сонымен бірге Қазревком армияны азық-түлікпен қамтамасыз ету, астықты және басқа да тамақ өнімдерін Орталыққа, Түркістан АКСР-на жеткізу яғни “соғыс коммунизмі” саясатының басты мәселесін шешу ісімен айналысты.
1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
38. «Әскери коммунизм» саясаты, оның Қазақстандағы жүзеге асырылуының ерекшелігі - «Әскери коммунизм» саясаты: Большевизмнің «тауарсыздық» утопиясының Қазақстандық практикасы мен ақиқаты Ленин социалистік революцияның стратегиялық мақсатын «бүкіл өндіріс құрал-жабдықтарын халық игілігіне берумен» байланыстырды. Ф. Энгельс өндіріс құралдарының нақты иесін атап көрсеткен еді. «Пролетариаттың билікті басып алуымен, — деп жазды ол, — бәрінен бұрын өндіріс кұралы мемлекеттік меншікке айналады».Өндіріс құрал-жабдықтарын мемлекеттің қарамағына беру идеясы большевиктік революцияның алтын арқауы болды. Ол жүйелі түрде толық жүзеге асырылды. Жер қоры сияқты, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымдары мен банктер түгелдей дерлік мемлекет меншігіне айналдырылды.Қазақстанда 300-ден астам өнеркәсіп орны мемлекет меншігіне берілді. Олардың қатарында Спасск мыс балқыту және Шымкент дермене зауыттары, Қырғыз тау-кен өнеркәсібі акционерлік қоғамының қорғасын-мырыш зауыты, Риддер кеніші кәсіпорындары, Екібастұз және Байкоңыр көмір кені орындары, Ембі мұнай кәсіпшіліктері бар. Орынбор-Ташкент және Жетісу теміржолы, Арал теңізі, Ертіс пен Жайық өзендеріндегі кемелер мен барлық сауда флоты, Қазақстан қалаларындағы Орыс-Азия, Еділ-Кама, Сібір сауда банктері капиталымен қоса және банк бөлімшелерінің объектілері де мемлекет меншігіне жатқызылды.Ленин Қазан революциясы қарсаңында-ақ: «Буржуйлардан тартып алынған өндіріс құрал-жабдықтарына бүкілхалықтық демократиялық басқаруды ұйымдастырмайынша капитализмді тізе бүктіру мүмкін емес...», — деген болатын. «Бүкілхалықтық басшылықты» жүзеге асыру мақсатында жұмысшы бақылауы енгізілді, ал елдің экономикасын жоспарлы түрде басқару, оның халық шаруашылығы мен қаржысын бір орталықтан ұйымдастыру үшін кен өкілетті директивалық орган — Халық шаруашылығы Жоғарғы Кеңесі құрылды.Демек, үш басымдық – мемлекет меншігіне алу, орталықтандыру және директивалық жоспарлау экономикалық саясатта мемлекет бағдарын дәл айқындайтын болды.Алайда көп ұзамай мұндай идеология өнеркәсіптін қирауына әкеліп соқтырды. Соңғысы бюджетке түсетін салық түсімдерінің ең маңызды көздерінің бірі болып табылатындықтан, ондағы орасан зор тапшылықты тек станокта басып шығару арқылы ғана жабуға болатын еді.
39. Төтенше өлкелік IV сьезд. Түркістан Автономиясының құрылуы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісіжеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясыдеп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі басқару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгерӘ.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды.
40. Екінші Жалпықазақ «Алаш» партиясының сьезі. «Алаш» Автономиясы. «Алаш Орда» Үкімет і — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған съез.