Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мұсылмандық қайырымдылық қоғамдары, олардың қызметі




1898 жылы Семей қаласында мұсылмандардың қайырымдылық қоғамы құрылды. Бұл қоғам да кедей, жарлы адамдарды киіммен, тамақпен қамтамасыз ету, медициналық көмек көрсету, үйсіз жандарды жатын орындармен қамтамасыз ету сияқты қайырымдылық ісімен шұғылданды. Панасыз жетім балаларды арнайы балалар үйіне орналастырып, оларды киім-кешекпен қамтамасыз етіп, білім алуын қадағалады, оқу орындарына түсу үшін қаржылай көмек көрсетті. Қоғамның құзырында өз асханасы, балалар үйі, жатақханасы мен ауруханасы және кітапханасы болып, 28 мұсылман-құрылтайшысы мен мүшелері жарна төлеу және ақшалай көмек көрсету арқылы қаржыландырылды. Бұл қоғамға мұсылман әйелдері де мүше болып, уақытылы жарна төледі және түрлі іс- шараларға қатысып отырды. Қоғам мүшелері әр түрлі ойын-сауық кештерін ұйымдастырып, одан түскен қаржыны өз қажетіне жұмсады. Жалпы, қоғамның қорына түскен ақша заңды түрде тіркеліп, оған жиі тексеру жүргізіліп отырды

1909 жылы ағартушылық мақсатты көздеген Жетісу облысының Қапал уезінде «Мұсылмандардың ағартушылық және қайырымдылық қоғамы», ал 1912 жылы Жаркент қаласында «Мұсылман-прогресшілдер қоғамы» ұйымдастырылды. Бұл қоғамдар оқу саласына көмек беріп қана қоймай, мұқтаж мұсылмандарға, кедей жатақтарға, қарттар мен жетім-жесірлерге, мүгедектерге ақшалай жәрдем беру ісін де қолға алды [40]. Аталмыш қоғамдар мақсаты мен міндеттерін жарғы арқылы бекітіп, Жетісу облысының әскери губернаторының арнайы тіркеуінен өтті. Бұл қоғамдардың құрамында қазақ, татар, сарт және басқа халықтардың өкілдері болды [41]. Мұсылман ағартушылық, қайырымдылық қоғамдары мұғалімдер семинариясы мен медреселерді өздерінің қамқорлықтарына алып, кей жағдайларда мұғалімдердің жалақыларын қоғам өз тарапынан төлеп отырды. Медресе шәкірттері де қоғамға мүше болып, олардың өткізген түрлі жиындарына қатынасты, қайырымдылық мақсатта жиі-жиі ойын-сауық кештерін ұйымдастырды. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басында ашылған мұсылман мектеп-медреселері мен ағартушылық қоғамдарының ағарту саласына қосқан маңызы зор. Бұл оқу орындарынан білім алған қазақ шәкірттердің кейбіреулері шет мемлекеттерде білімдерін жалғастырып, ғылым жолына түссе, ал біреулері қазақ қоғамының қызметіне белсене араласып, қазақ газет-журналдарын, оқулықтарын шығаруға белсене араласты. Осы оқу орындарын бітіргендер қазақ зиялыларының қатарын толықтырып, мемлекеттік орын- дарда қызмет етті.

 

21. Қарқаралы петициясы -------- ТОЛЫҚТЫРУ ҚАЖЕТ

Отаршыл өкімет билігінің атынан ірі көлеміді мазмұнды петициялардың бірі. Петицияның мәтіні: 1) Қырғыз халқының аты мұсылман қырғыз деп аталып әскери міндеттен босатылсын. 2) Қырғыздарды Орынбордың рухани жиналысына бағындырып, 1868 жылға дейінгі ережелерді қолданып, қазан мұсылмандарының тәртібіне сәйкестендіру керек. 3) Қырғыздарға мешіт, медресе салуға рұқсат керек. Құдайға құлшылық етуге еркіндік болсын. Ол жерлерде арабша, парсы және түрік тілінде сабақ беруге, газет және кітаптар шығаруға баспахана салуға рұқсат берілсін. 4) Қырғыз халқын басқаратын адам қырғыз тілін білулері міндетті. Оларды тағайындау немесе орнынан алу мәселесі қырғыз қоғамының өкілінің таңдауымен болуы шарт. Бүгінгі шаруа бастықтарының орнына халықтың арасын бітістірушілерді заңдандыру керек. Бұл қызмет қырғыздардың ішінен жеткілікті білімді қырғызды тағайындау қажет. 5) Барлық қырғыз істері қырғыз диалектісінде жүргізілуі міндетті. Хат жазушы, күзетші, хаттарды таратушылары тегіс тек қырғыз тілін білетін адамдардан тағайындалсын. 6) Болыс басқарушысы, халық соты, ауыл старшындары және сайлауға қатысушылар бүгінгі ережеге сай жүргізілсін. Бұл қызметтегі адамдар өздері сауатты адамдар болуы, олар ол қызметке кірісер алдында өз қызметінде заңсыздыққа жол бермеу үшін ант берулері керек. Олардың бұл қызметтен кетуіне тек халықтың көпшілігі дауыс бергенде ғана рұқсат етілсін. 7) Бөлімшелік ара бітістірушісі қырғыз тілін білсін, сонда аудармашының қажеті болмайды. 8) Тергеу жұмысы жүріп жатқан кезде айыпталушы жағынан қорғаушы қатыссын. 9) Округтік соттың жанында сот ісіне қатысып отыратын қазы болуы шарт. 10) Тергеусіз және соттың шешімінсіз әкімшілік жолымен жер аудару тыйылсын. 11) Қырғыздың халық соты – Заң министрлігіне ғана бағынсын. 12) Халық сотынан, бидің билігінен алып, мұрагерлікті толығымен молда мен шариғатқа бағындырсын. 13) Сайлаудан өткен қызмет орнын бекітерде әскери губернаторға ұсынбас бұрын сайлауға қатынасқан бастықты бекітуге жіберілгелі отырған адамды Ахунмен ақылдасуы тиіс. 14) Қырғыз халқынан өз ерліктерімен беретін садақа мен айыпталғаны үшін түсетін қаржы әкімшіліктің нұсқауымен емес, халықтың өзі бөлгендері дұрыс болар еді. 15) Ертіс бойындағы жерлер ерте заманнан қырғыздардың ата қоныстары болып есептелген, кейіннен әскерлердің пайдасына берілді. Сондай-ақ басқа мәртебелінің кеңсесіне қарасты қырғыздардың пайдалануына берілген жерлер сол қырғыздарға ата қонысы ретінде мәңгілікке берілсін. 16) Қырғыздардың қыстаулары және жаз жайлаулары бұрынғы салт бойынша олардың меншігінде қалуы тиісті. 17) Қырғыздың таулы даласында ашылған қазба байлықтары олардың өз меншігі болуы, ол жерде салынатын заводтар қырғыздардың өзінікі болып есептеледі. Егер де олар өздері оны өндіруден бас тартса, сонда ғана басқа адамдарға жалға беруге болады. Бірақ олар әр десятинасына жалдау ақысын төлеулері тиіс. 18) Қырғыздар ағаштарды қажетке жарату, балық аулау тағы басқада құқықтарға рұқсат етуді талап етеді. 19) Қырғыздар тұрған жерлерге таяу орналасқан тұзды және балығы бар көлде солардың меншігіне қалдырылсын. Ол көлдерді жалға беру уездің өкілдерінің сенімділерінің біріне тапсырылсын. 20) Тұзды және балық аулайтын көлдердегі жалға беруден түсетін қаржыны бүкіл уездің қажетіне жұмсау үшін арнаулы салым-қаржы депозит есепшотын ашу керек. Қоғамның келісіміне сәйкес, бұл қаржы астық қорын дайындауға жұмсалады. 21) Қырғыз халқының діни адамдарын қамтамасыз ету қазан мұсылмандарымен теңелуі тиіс. 22) Қажылыққа баруға шек қойылмасын, еркіндік берілсін. 23) Қажылыққа барған кезде билет-паспортпен пайдалану тәртібі православдықтармен бірдей дәрежеде болсын. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. 24) Қырғыз халқының ішіне миссионерлердің баруына тыйым салынсын. 25) Қырғыздардың, әсіресе, кәмелетке толмаған жастардың басқа дінге өтуіне тыйым салу керек. Ал басқа діннен мұсылман дініне өтемін деушілерге егер олар сауатты болса рұқсат ету керек. Христиан дініне өткендер болса ескі салтты орындауға мәжбүр етілмесің. 26) Некеге отыру немесе айырылысу мәселесін губернатор мен уез бастықтарының қарамағынан шығару керек. 27) Әкімшілік мұндай іске кіріспесін, ешқандай мәлімет сұрамасын. 28) Мешіт пен медресенің пайдасына «Вакуф»қа рұқсат етілсін. 29) – 30) Қырғыздар православниктер сияқты империяның қай уезінен, облысынан, губерниясынан болмасын жер алуға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерде істеуге құқығы болсын. 31) Діни адамдар православяндар сияқты құрметті болсын. 32) Мектептерде міндетті түрде мынадай шарт орындалуы керек: Алдымен, қырғыз оқушыларына мұсылманның діни сабақтары оқытылады, кәмелетке жеткендерге діннің бес негізгі шартынан сабақ беріледі, ал одан кейін ғана орыс тілінен сауатын ашу сабағы жүреді. Мектепті бітіргенге дейін мұсылман діні сабағы негізгі болып есептеледі. 33) Мектептерде христиан діні туралы сабақ оқытылмасын. 34) Таяудағы бастықтардың қоластындағы қырғыздар туралы жоғарғы бастықтарына өсек, мәлімет жеткізу олардың ісіне қарсылық көрсете алатын қырғыздарға хабарлау міндеттелсін. Өйткені осыған дейін қырғыздар туралы мәліметтерде: қырғыз – ұры, қырғыз – пәлеқор, қырғыз – өтірікші, қырғыз – жалқау тағы басқада теріс ой тудыратын өсектер арқылы қазақтың байлары мен кедейлерінің арасына от жақты. Шындығында, патшаның қоластындағы – халықтың ішінде қырғыз халқы көнбіс-күй талғамайтын, шыдамды, бәрін кешіре білетін, кек сақтамайтын, өте жоғары дәрежеде қарапайым шын ықыласымен патшаға бағынған, әркезде оның діни әрекеттеріне ғана қарсы шығатын халық. 35) Жаңа ереженің жобасын жасап жатқан жиынға қырғыздардың өкілетті депутаты қатынасуы керек. 36) Қырғыздар туралы мәселе мемлекеттік кеңесте қаралғанда қырғыздың депутаты қатынасуы шарт. 37) Жоспарланған жоба 100 жылға бекітілсін. 38) Соңғы 20 жылда қырғыздардан тартып алынып, жер аударылғандарға берілген жерлер қырғыздардың басшыларына қайтарылсын. 39) Ал олар салған құрылыстардың құны Земствоның қаржысынан қайтарылсын. 40) Өткен патшалар сыйлаған, кейіннен тартып алынған жерлер ата қоныстардың иесіне қайтарылсын. Бұл жерлер қазынаныкі немесе жекеменшіктікі болады. 41) Ұлы – тақсыр император салғызған бұрынғы мешіттер мен медреселер ескірді. Оларды жөндеуден өткізу керек немесе жаңадан салу қажет. Сол арқылы біздің ұлы монархқа деген құрметті күшейтеміз. 42) Түземдік әкімшіліктерде өзара қырғыздардың арасында жауласу болмас үшін төмендегілер орындалсын: «Егер бір болыстың партиясына қарсы жағы ашуланса, онда сайлауға түсетін жаңа қызметкерді басқа көршілес болыстың адамымен ауыстыруы қажет. Сайлану құқығынан айырылғандармен сайланушының саны теңелсін. Сайлауға түсетіндер жеребеге сәйкес тең мөлшерде әрбір болыстан шақырылсын. Бұл съезде партияға бөлінген болыстан ешкімді кіргізбеу қажет. Сайлауға шақырылғандарға жұмсалған шығынды партияға бөлінген жақтарына төлетуді бастығы шешсін. Сайлауға түсетіндердің ісімен бастығы ол сайлауға түспей тұрып, танысуы керек. Съезге ол партияның жақтаушылары да қатыстырылмасын. Мұндай бөлінгендерді болдырмау бөлімшенің бастықтарының және Ахунның міндеті. Сайлау кезінде Ахундарда қатынасулары қажет. 43) Ұрлық және тағы басқа да лайықсыз істерді халық сотының төтенше съезінде қарауға жүктеген дұрыс. Оны түрмеге жабу құқығын азайтып, жер аудару құқығын көбірек қолданатын құқық берілсін. 44) Төтенше съезді жылына бір рет шақыру құқығы берілсін. Съезді өткізетін жері, уақыты және қанша күні бөлімшелердің бастықтарының жиналысында белгіленсін. Бұл съезде бастықтары және Ахуны қатынассын. 45) Бидің, болыстың съезді 100 рубльге дейінгі істі шешсін, үш айға дейін тұтқындау құқығы болсын. Өйткені келіспейтін жағы істі төтенше съезге беруіне уақыт керек. 46) Әр болыста алымды жинайтын адамдар сайлануы тиіс, шариғатқа сәйкес, қозғалыстағы дүние мүлкінен алынатын процентті белгілі (зекет, готур, бітір) басқада міндетті алымдар, кедей отбасының оқушыларына төленеді. 47) Кісі өлтіргені үшін заңды соттаудан басқа олардан салт бойынша кұн өндіру (төлету) қажет. Егерде өлген адамның (каторыға жіберген) туыстарының тұрмыстары нашар тұрса, онда оған көмек қазына есебінен беріледі. Қол қойғандар: Семей облысының Павлодар уезінің Атағозы болысының қырғызы Омархан молда Мұсафыров, Семей уезінің Сейтенев болысының қырғызы Темірғали Нороконов, Қарқаралы уезінің қырғызы Едрей болысы Апық Жолшарин[1]





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3657 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2329 - | 2084 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.