Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстандағы қосүкімет және оның ерекшеліктері 4 страница




Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия мүшелері Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты[1]. Төрағасы — Б.Құлманов.

Құрылтайға қазақ сахарасының әр аймақтарынан, Самарқан облысы мен Алтай губерниясындағы қазақтардың атынан — 58 делегат, әр түрлі қазақ ұйымдарының атынан — 8 делегат және арнайы шақырумен — 15 адам қатысып, барлық жиын-терісі 81 делегат келген. Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:

· Сібір автономиясы;

· Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;

· Қазақ-қырғыз автономиясы;

· Милиция туралы;

· Ұлт кеңесі;

· Ұлт қазынасы;

· Мүфтилік мәселесі;

· Халық соты;

· Ауылды басқару және

· азық-түлік мәселесі.

Алғашқы баяндаманы Ә. Бөкейхан жасап, ол жөнінде қаулы қабылданады. Қаулыда — қазақ аутономиясы, милиция (жасақ) және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кісілік комиссия құрылады. Құрылған комиссия атынан Халел Ғаббасов аутономия, милиция және Ұлт кеңесі туралы баяндама жасайды. Қазақ-қырғыз автономиясын жариялау мерзімі туралы қызу пікірталас туып, Ә. Бөкейханов бастаған топ: «ортамызда тұрған басқа халықтармен ақылдасып және милиция құрғанша тоқтата тұрайық» — десе, Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу жариялансын!» дейді. Артынан екі жақ ымыраға келіп, біраз шартпен автономияны жариялау Алаш Орда үкіметіне жүктеледі.

Съез әр аймақтан келген өкілдердің өз елдерінде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат берулерінен басталды. Одан соң Құрылтай жиналысына сайлау жөнінде айтылды. Съез жұмысына Башқұртстаннан Ахмет Зәки Уәлиди бастаған бірнеше қонақтар тілектестіктерін білдіріп, құттықтаулар айтты. Съез Қазақ автономиясы мен милиция туралы Х.Ғаббасов жасаған баяндаманы тыңдап, осы мәселе бойынша «Алаш Орда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз билігін өз қолына алады» деген қаулы шығарды. М.Дулатов оқу мәселесі туралы арнайы баяндама жасап, комиссия құруды ұсынды. Съездегі ең басты мәселе автономия мәселесі жөнінде Ғ.Ғаббасовпен бірге Түркістан автономиясы жөнінде М.Шоқай сөз сөйледі. Осы негізгі мәселеге байланысты съез аса маңызды тарихи қаулы қабылдады. Онда: «Қазақ-қырғыз автономиясы — «Алаш» деп аталсын», «Алаш автономиясының жері, үстіндегі түгі, суы, астындағы кені — «Алаш» мүлкі болсын», «Алаш облыстарын қазіргі бүліншіліктен қорғау мақсатымен Уақытша Ұлт Кеңесін құруға, мұның аты «Алашорда» болсын. Алашорданың ағзасы - 25 болып, он орын қазақ-қырғыз арасындағы басқа халықтарға қалдырылды. Алаш Орданың уақытша тұратын орны — Семей қаласы. Алашорда бүгіннен бастап қазақ-қырғыз халқының билігін өз қолына алды» деген тарихи шешімдер болды. Бұдан соң Алаш автономиясын жариялау мәселесі көтерілді. Ол бойынша делегаттардың пікірінде келіспеушілік байқалды. Ресми жариялауды жақтаушылар: Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, А.Кенжин, У.Танашев, Ғ.Қараш, С.Досжанұлы және т.б. барлығы — 33 адам; ресми жариялауды тоқтата тұралық деушілер: Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, Е.Омаров, О.Алмасов, Х.Ғаббасов және т.б. барлығы — 42 адам, қалыс қалғандар — А.Шегіров, М.Шоқай, Ә.Кенесарин болды. Нәтижесінде, «ресми жариялауды съез атынан сайланған қазақ-қырғыз ісін басқарушы 15 кісіге тапсыралық. Олар біздің Уақытша үкіметіміз (Алаш Орда) болсын» деген тоқтамға келді. Съез Сырдария облысы қазақтарының съезін шақыруды қажет деп тауып, өз араларынан Б.Құлманов, Т.Құнанбаев, М.Дулатовты өкілдер ретінде жіберу туралы шешім қабылдады.
Нәтижесінде Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады. Бұл идеяны Алашорда үкіметінің мүшесі Ж.Ақпаев ұсынды. Әскер құру ісіне қажетті қаражатты 6 облыстың қазақтары есебінен алатын болды. Алашорда үкіметі Ұлт кеңесіне мүшелер сайланған соң (қосымшаны қараңыз), Алашорданың төрағасын сайлау мәселесі өткізілді. Оған Ә.Бөкейхан, Б.Құлманов, А.Тұрлыханов түсті. Сайлау қорытындысы бойынша 79 дауыстан 40 дауыс жинаған Ә.Бөкейхан Алашорданың төрағасы болып сайланды. Бұдан соң оқу комиссиясының құрамына А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Е.Омаров, Б.Сәрсенов, Т.Шонанов сайланды. Бұл съез ғасыр басынан бергі ұлт-азаттық қозғалысының ұлы қорытындысы болды. Ол өзінің тарихи маңызы жағынан ұлтымыздың сан ғасырлық өміріндеғі аса маңызды оқиғалардың қатарынан орын алады.
41«Алаш Орда»:азаматтық қарсыластықтағы орны мен рөлі
Азамат соғысы жылдарында Антанта елдерінің қолдауына сүйенген үкіметтер құрылғаны белгілі. Солардың қатарында Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметі, 1918 жылы маусымда Самарада құрылған Құрылтай жиналысы мүшелерінің Комитеті (Комуч) және 1918 жылы қыркүйекте құрылған Уфа директориясы («Уақытша Бүкілресейлік үкімет»), сондай-ақ Башқұрт үкіметі мен Алашорда үкіметі де болды. Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаман Дутовпен, Самардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч), Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды. Алаш көсемдері Кеңестерге қарсы күресте биліктің жергілікті органдарымен байланыс орнатуға тырысты, ал олар Ә.Н. Бөкейхановтың ұлттық идеясына мүлде салқындық танытты. Алашорда үкіметі Омбыдан да, Уездерден де қолдау таппады. Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды. Азамат соғысының барысы саяси шешімдерді қарулы күштердің қимылымен бекітіп отырмаса, олар сөз жүзінде қала беретіндігін көрсетті. II Бүкілқазақ съезінің шешіміне сәйкес Алаш басшылығы жалпы саяси мәселелер — Құрылтай жиналысы мен ұлттық автономия мәселесін жүзеге асырумен қатар, аймақтық үкіметтермен байланыс орнату үшін тездетіп ұлттық қарулы күштерді құруы тиіс болды.1918 жылы маусымда Алашорда үкіметі жергілікті жерлерде нақты билікке қол жеткізу үшін біркатар декреттер қабылдады, соған сәйкес Алаш автономиясының аумағында Кеңес өкіметі шығарған барлық құжаттар мен заң актілері жарамсыз деп танылды. Алашорданың жанынан «большевиктермен күресу үшін жігіттерді әскерге шақыру» міндетін орындайтын «әскери министрліктің қызметін» атқаратын үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылды. Екі оттың (Кеңестер мен ақтар қозғалысының) ортасында қалған Қазақстан мен Татарстан және Башқұртстан ұлттық-демократиялық қозғалысының көсемдері 1919 жылдың басынан бастап Кеңес өкіметі жағына амалсыз өту туралы шешімге келді. Ол туралы башқұрт ұлттық-демократиялық қозғалысының басшысы, Азамат соғысы кезінде көрнекті мемлекет қайраткері болған, кейін көрнекті шығыстанушы-ғалым атанған Зәки Валиди Тоған былай дейді: «... 1919 жылы ақпанның басында, Күлгін ауылына тоқтағанымызда, бізге Қазақстаннан екі өкіл келді... Бұл екеуі Торғайдағы Ахмет Байтұрсыновтан хат алып келді және Кеңестер жағына өтумен байланысты іс қалай болып жатқаны жайында келіссөз жүргізді...
Мен Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановқа хат жаздым... Онда мына төмендегілерді айттым: «Жақын күндері кеңестер жағына өтпекпіз... Сіздер олардың жағына өту амалсыз шара екенін білуге тиіссіздер. Оған бізді Колчакка деген шексіз өшпенділік итермелеп отыр... Біз өзіміздің ұлттық принциптерімізге, Алашорда үкіметімен келісімдерімізге адал күйімізде қаламыз. Өздеріңіз білесіздер, Кеңестермен бейбіт келісімге қол жеткізуге сенім жоқ, олардын айтқан сөзіне сенуге болмайды».
Алашорда көсемдерінің амалсыз Кеңес өкіметі жағына шығу қажеттігі жөнінде Зәки Валидимен ниеттес болғаны айқын байқалады. Азамат соғысының ең соңғы майданы — Солтүстік Жетісу майданы 1920 жылы наурызда жойылды. Қазақстан аумағында біртіндеп Кеңес билігі қалпына келтіріле бастады. Осындай жағдайда, әсіресе 1919 жылдың ортасынан бастап жекелеген қайраткерлер, олардың қатарында Алашорда қосемдері де Кеңес өкіметі жағына өте бастады, оған Кеңес өкіметінің Алаш қозғалысына қатысушыларға кең көлемде қайырымдылық жасағаны өз әсерін тигізді, алаш полктерінде толқу туғызып, ондағы жігіттер «халық милициясы» қатарынан кете бастады. Бұл үрдіс Кеңес өкіметі жағына А. Байтұрсынов пен оның жақтастары өткеннен кейін жаппай сипаталды. Алаш белсенділерінің Кеңес өкіметі жағына шығуымен оларды алда тағы бір трагедиялы белес күтіп тұрды. 1920 жылы қаңтарда 59-дивизияның ерекше бөлімі Семейде Ә.Н. Бөкейханов пен Алаштың облыстық басшыларының үш мүшесін тұтқынға алды. Тұтқындау Ақмола облысының бірқатар қаласында да орын алды. Казревком басшылығы Алашорда белсенділеріне күш қолдануды тоқтатуды өқтініп Омбыға бірнеше рет хат жолдауға мәжбүр болды. Қазақстанның батысында да іс оңды болмады. Казревком құрған комиссия (С. Мендешев, Иванов) Алаш белсенділерінін жағдайын зерттеп шығып, қызыл қазақтар мен алашордашылар бірігіп жұмыс істей алмайды деген қорытындыға келді. Комиссия мүшелері Досмұхамедовтер мен олардың серіктестері шындыкқты айтпай отыр деп күдіктенді. «Алашорданың Батыс бөлімшесінің кеңестер жағына өтудегі ойы Кеңес өкіметінің идеясына қолдау көрсету емес, оның одақтасы оралдық қазақтар жағдайының тығырыққа тірелуі, сондай-ақ Орал облысынан қашып кету жоспарын іске асыру мүмкін еместігінен» деп есептеді. Қазақтар арасында «Кеңес өкіметі ханды (Досмұхамедов Жанша) мойындапты, Орал облысын басқаруды Батыс бөлімшесінің мүшелеріне беретін көрінеді, халық бұған риза емес екен» деген кауесеттарайды.[31]. Шын мәнінде Батыс бөлімше туралы мұндай қорытындыға келу — саяси рақымшылық жасау принципін сақтай отырып, Алаш белсенділері Ә. Бөкейханов пен оның жақтастарын Қазақстанның саяси аренасынан кетіру еді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1728 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2533 - | 2192 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.