Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 246
Стр. 248
Қазақстанның ашық кітапханасы
Қасымда келе жатқан Вася қолын шекесіне апарып, әлдекімге құрмет көрсетіп, әскерлік
сәлем берді.
—
Жетер, Костя, аш көзіңді! — деген дауысты да таныдым. Шегенді де көрдім.
Өзім келдім, қалқам,— деді Шеген азғана еңкейіп, күлімдей сөйлеп.— Армия
генералының әмірі бойынша саған арнаулы самолет жіберілді. Қай жерің өзі? — деді.
—
Бір аяғым ғана.... Болмашы бірдеме.
—
Аяқты жамай біледі біздің дәрігерлер. Әлі-ақ жүгіріп кетесің. Біреуі түгіл, төртеуі
жоқ болса да қаз бастырады. Түк емес...
Самолеттің қасында Ревякин, Вася, Володя... Енді бұлар да үшеу-ақ қалып бара жатқан
сияқтанады... Дір қағып, ұшқалы тұрған самолет ешкімнің даусын естіртпей жіберді. Не
айтып, не тапсырып жатқандарын көздерінен ғана танып:
—
Көріскенше қош болыңдар... Тез қайтармын. Қуып жетермін,— дей бердім.
Бұлармен қоштасып жатқанда Шеген де ұмытыла тұрған сияқты...
Мені көтеріп әкелген кенеп теңді самолеттің төбесіндегі бір ілгекке іліп, мені аспа-бесікке
салынған баладай асып қойып жатыр.
—
Бай, бай, бай!..— дегені Володяның ернінен танылады.
Қатарымда тағы бірнеше аспа-бесік... Бәріміз де шалқамыздан жатырмыз... Қатар тізіліп,
азғана теңселіп тұрған аспа-бесіктердің арасынан, әлдекімнің иегінің астынан ақ киінген
әйел денесі бір көрініп кетті. Шегеннің көздері әлденені жасырып тұрғандай, құбыла
күлімдейді.
—
Немене, Шеген аға? — деп, ернімді жыбырлаттым. Ақботаның хабарын айтқың
келіп тұр ғой деп ойладым.
Шеген естімеймін дегендей құлағын нұсқап, басын шайқады да, әрірек кетті. Айналамды
қоршап тұрған жолдастарым мен санитарлар өздерінен басқа еш нәрсені көрсетпей
жіберді. Вася мен Володя бетімнен тағы бір-бір сүйіп, асыға жүгіріп, темір баспалдақты
тық-тық басып, түсіп бара жатқандары сезіледі. Ойым өзімді тастап, сол екеуінің, артынан
қуып барады. Екеуінің даусы тағы бір естілер ме екен деп, көзімді жұмып, құлағымды
сыртқа тостым... Ешбір дауыс естілген жоқ.
Самолет қойқалаңдай қозғалып, жүгіре бастады. Артқы дөңгелегімен жерді бір-екі нұқып
қалып, жоғары көтеріле бергені сезіледі. Бесігің солқ етіп, самолет сықырлағандай
болады... Енді міне, тып-тыныш, жұп-жұмсақ... Анда-санда бір орғып қалып жоғарылап
алды да, самолет көлбей көсіліп, жөнін түзеп заулап кетті.
—
Қалай, Костя? —деп, бір жағымнан Шеген қасыма келген соң, мен жүзімді соған
қарай бұрып ем, екінші жағымнан келген біреу жұмсақ қана салқын саусақтарын менің
маңдайыма басты...
Жұмыр ақ саусақтардың арасынан қызғылттанып қана жарық сәулесі көрінеді. Өзге
саусақтардан жігін ашып, бөлегірек тұрған шынашақ сөйлеп жібергісі келіп тұрғандай...
Жоқ, сөйлеген жоқ... Сырғып келіп көзімді бір сипап өтті.
Стр. 248 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 247
Стр. 249
Қазақстанның ашық кітапханасы
Бұл Ақботаның саусақтары екенін Шегеннің жүзінен танып, сол қолыммен жұмсақ
саусақтарды маңдайыма жапсыра қатты-қатты қысып жібермедім. Енді ол саусақтар
өздері де кететін емес...
Ақботаның азғана жасқа шыланған қара көздері, тотықса да ажары сынбаған жүзі, балғын
қызыл ерні енді тура менің бетіме төніп қалды... Жар жүзін бір ғана көрдім де, көзімді
жұмдым. Енді айрылмаймын дегендей, қолым мойнына асылғалы кетіп барады. Аузым
кебіржіп, үнім шықпай қалыпты. Ыстық ернінің лебі бар денеме шымырлап жайылып бара
жатқандай...
—
Қайрош...
—
Ботам... Қозғалма... тұр осылай...
Аспанда көріп келе жатқан сағынышты түсім бұзылып кете ме деп қорыққандай, үн
шығарғым келмейді. Жаңағы үш ауыз сөзді де ойыммен айтып, қимылыммен аңғарттым.
Дыбысым шықса, көзімді ашсам, оянып кететіндей, тынып қалдым...
...Ақбота екі қолымен менің «бесігіме» асыла, қасымда ғана отыр. Бар жайды екі көзімен
айтып, екі көзімен сұрап болғандай, қуанышты жүзі ығыспай құлдырады. О да үндемейді,
мен де үндемеймін. Айтар сөз, сұрар жай кеп те, осы телміріскен қалпымызды бұзғымыз
келмейтін сияқты.
—
Жоқ, бәрі де кейін айтылар, бәрі де түгел ақтарылар. Бір әңгімені бастап, аяқтай
алмай айрылысар болсақ, басталмағаны жақсы. Кім біледі, самолет қазір жерге шүйер де,
түсе сала қош десерміз... Енді мен жаралы да, сен жауынгерсің ғой...
Аспан айқын ашық. Манадан бері бір оқтың дыбысы естілген жоқ. Бұл бейбіт өмірдің
белгісі де. Соғыс ұзамай ұшып шыққан ұясына барып орнайды. Сол ұя өртенгеннен кейін
екеуміз осы бейбіт өмірде ұзақ жылдар қол ұстасып, бірге жасаймыз... Мынадан гөрі
кішірек бесікке тап осылай асылып та отырарсың, Ақбота... Әзір ол жайды айтыспай-ақ
қояйық...
Шынында біз қол ұстасып бірге жүргелі кеп жылдар өтті, Ақботам. Екеуміз екі жерде
болсақ, оқасы не, бір жаумен алыстық. Бір жерде болмағанымыз жақсы да болған шығар.
Мен көргенді сен көрсең, менің самайымдағы екі тал ақ шаш сенің, самайыңда да болар
еді... Жоқ, әзір мұны да айтыспайық... Соғыс жолының шеті әлі алыста, іркілмей,
ойланбай жетіп қайт. Мүмкін, сол жерде тағы бір кездесерміз... Сонда айтысармыз...
Жаралы жауынгерлер екеумізге қызыға қарасып қояды. Аға ғой, Шеген алысырақ кетіп,
газет оқып отыр... Басыңды кеудемнен алмашы, Ақбота. Өріп, жинап қойған бұрымыңның
астынан ағараңдап қана мойның көрініп қалды. Көре тұрайын, басыңды көтеріп әкетпеші.
Жоқ, Ақбота, балғын жүзіңді иек жаққа жақындата көрме... Иегім кірпідей шығар. Сақал
алу жайын білсем де, кептен бері ұстара көргенім жоқ.
Кірпігің неге шыланып кетті, серігім? Ақ шапанның астынан иығыңда погоның барлығы
көрініп тұр. Әлде қолыма қатаңдау тиіп еді, сен өзің дардай офицер болып шығып
жүрме!.. Офицер жылағаны ұят болар, қой, Ақботам. Мен сенің жылау түгіл, қабақ
шытқан көзіңді көргім келмейді. Мұны аузым айтпағанмен жан-тәнім түгел айтып
жатқанын көретін шығарсың!..
Әлде, маған «жаным, сәулем, күнім» деп айтпадың деп, кезіңе жас алдың ба?.. Жоқ,
Ботам, оны да айтыспай тұра тұрайық. Соғыс үні өшкен жоқ әлі. Ол құлағыңа жат естілер.