Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 242
Стр. 244
Қазақстанның ашық кітапханасы
—
Жоқ, бара беріңдер...
Төбенің басына басқалардан бұрын Ревякин шықты. Қырандарым, сұңқарларым деп,
қатты айғайлап келеді. Жарқын жүзі күлгенмен көзінде жас бар... Ревякин қасына келіп
тұрған Вася мен Володяны бір-бір құшақтап:
—
Өзгелерің қайда? —деді.
Володя мені нұсқады.
Ревякин балапанының үстіне келіп қонған ақиықтай қарғып кеп қасыма түсті де қанатын
жая құшақтай алды:
—
Қырандарым! Ерлерім!..
Ревякиннің көзі әлдекімдерді іздеп, айнала қарайды. Бұл минутта кезіңе ілікпеген
жолдастарың жоқ болғаны да, капитан... Мирошник, Самед, Петр, Егор, Зонин тағы
басқаларымыз жоқ енді... Қалғанымыз осы-ақ, үшеу-ақпыз, жолдас капитан...
—
Қай жерің, Костя? —деді Ревякин.
—
Аяғым...
—
Ештеңе етпейді!
—
Өзім де солай ойлаймын...
—
Өзге жаралыларың қайда? —деді Ревякин, көзіне түспей тұрған жолдастардың
жайын сұрамауға шыдай алмай.
—
Басқа жаралымыз жоқ... Жаралы жалғыз мен ғана...— дедім.
Ревякин біресе туымызға, біресе өзімізге қарап тұрып:
—
Отан бұйрығын орындадыңдар. Рахмет, достарым! Төбенің айналасы неміс бейітіне
айналыпты. Рахмет, ерлерім! — деді.
Біз келіп бекінген төбенің айналасы бірте-бірте өзіміздің қолға ауа бастады. Біздің жаяу
әскерлер алғашқы кезде төбенің етегіндегі окоптарда еді, қазір жылжып әрірек кетті.
Кейбір түндерде отыз метр, кейбір түндерде елу метр әрірек барып қонады. Совет жерінің
өз иесі келіп, күн санап іргесін бекіте түсіп жатыр.
Босанған жері әлі де кең емес. Кей күндері кеміп те қалады. Бірақ қазығымыз берік
қағылып, орныға түсеміз. Қазір біздің екі қорған бар. Бірінде десант дивизиясының
штабы, бірінде біздің полктың штабы. Екі қорғанның арасы да біздікі. Теңіз бетіне
кемелерін тізіп, су жолын немістер бекітіп тастағанмен жаға біздің қолда. «Егор бұлағы»
әлдеқашан ішкі аудан болып қалды.
Азық-түлікті аспаннан күтетін күндер де өтіп барады. Теңіз кемелері жау шебін бұзып-
жарып келіп, әскер де түсіріп кетеді, азық-түлік, қару-құрал да түсіреді. Теңіздегі «темір
қақпа» біздің кемелер келе жатқанда оңай ашылып кететін болды.
Төбенің айналасына жеңіл самолеттер де келіп қонып жүр. Ұзақ отыра алмаса да, тал
түсте қонып, тал түсте ұшып кетеді.
Стр. 244 - Ғ. Мүсірепов Қазақ солдаты
Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 243
Стр. 245
Қазақстанның ашық кітапханасы
Қорғанның асты көше-көше... Штаб, госпиталь, электр станциясы, азық-түлік, қару-құрал
қоймалары түгел жер астында. Тебенің ірге жақтары түгел пулемет, миномет ұялары
деседі. Бұрын бір ғана бекініс болған биік қорған қазір айқыш-ұйқыш салынған араң
алдырмас қамалға айналған. Газет те шығады, радио да сөйлейді. Ыстық шай сұрауыңа да
болады.
Жер астындағы госпиталь бөлмесінде біз жеті жаралы жатырмыз. Тыншу да, ыстық та...
Дәрі-дәрмектің, терлеген дененің иістері араласып, іштегі аз ауаны ауырлата түседі. Орыс
тілінде «ергежейлі» аталып кеткен кішкене ғана электр шамы біресе қызарып, біресе көзі
шығып кеткелі тұрғандай шатынай жарқырап, мазаңды алады. Ең үлкен ермегіміз радио.
Құлағыңа жапсырып алған екі қара дөңгелек Москва хабарын сыбырлайды.
— Қырық төртінші жылы, апрельдің бесі күні Керчь қаласының сыртынан...
Бұл әрине, біздің жай. Біз оны ең әдемі салынған әндей тыңдаймыз. Алдыңғы күні
берілген бір хабардың тұсында мен ұйқтап жатыппын. Сол хабар басылған «Правда»
газетін бүгін жүзінші рет оқыған шығармын... бір оқып шығып, шинелімнің қалтасына
саларын да, қайта суырып алам...
Совет Одағының Батыры деген атақ алған жігіттердің тізімі Абдоллаев Самедтен
басталыпты... Жарлықтың барлық сөзін жатқа біліп алғандай болсам да, көзім қайта-қайта
сүзіп шығады. Төрт жыл бірге соғысқан жолдастарымның аттарын көргенде, көз алдыма
өздері де бірге келеді.
Үлкен қара көздерінде әр кезде бір ой тұратын капитан Мирошник, қазір кіріп келіп, неге
жатырсың, жаралану ұят емес пе дейтіндей көрінеді. Кейбір адамның өлгенін көзіңмен
көрсең де, ойың біржола көнбей қоятыны да болады екен!
Андрей Мирошник бізді жас демей, үлкен істердің тізгінін өз қолымызға беріп, сеніп
қалушы еді. Шыжымсыз, арзан ақыл — ұсақ кіжіңсіз, қанатың болса, еркін сермеп өсіп
едік.
Самедтің атына көзің ұзақ тоқтап, оралып соға береді. Самед қасыңда жүрсе, соғысу да
жеңіл, елу де орынсыз сияқты көрінуші еді. Жаның жүдеген бір жайды байқап қалса,
Самед бір қалжың айтып, ұмыттырып жіберер еді...
—
Алла тағаланың екі жамағаты болыпты...—дегені еске түседі. Таманьнан аттанар
алдында, еркек-әйелдің жайын айтысып қалжыңдасып отырғанымызда, Самед:
—
Адам атаң мен Хауа анаң да қу болған!..— деді...
—
Неге, неге? — деп ортаға алғанымызда:
—
Бүкіл ғаламдағы ең үлкен двигательді — жүрек моторын сол екеуі ашқан ғой, екеуі
де орысша, қазақша хат танымайтын неграмотный надан болған...— дейді күлдіру үшін,
жарым-жартысын әдейі орысша айтып.
Петр Ушаковтың аты жаныңа ерекше батады. Мен оған «Берлин төбесіне мына туды
шанышқан Совет Одағының Батыры Петр Ушаков!» деймін дегенде:
—
Е, ойың әлдеқайда екен ғой! —деп, ысқырып жіберіп еді.
Дәл сол жерде қалжың ретінде айтсам да, Петяның ер жауынгер екеніне әлдеқашан көзім
жеткен болатын. Шынында, біздің ішіміздегі нағыз соғыс адамы сол Петр еді. Батыр аты
бір адамға жарасса, Петрға жарасатынына өз қара басым ертеден сенулі едім.