Упрощенная HTML-версия
К полной версии
Содержание
Стр. 195
Стр. 197
Қазақстанның ашық кітапханасы
екендігін енді ғана ұғынып тұрғандай, бәріміз де сол жайды сөйлесіп кеттік. Қашан болар
екен қалай болар екен?.. Өзі суға балықтай жүзетін, кеудесінен жоғарғы жағына су
тигізбейтін Володя бәрімізді де мазақтап қояды.Құрметті геолог, осы батпақтың астында
да бірдеме болу керек қой, сіз құлағанда мұрныңызды батырыңқырай түссеңізші,— дейді
Васяға.
Қалжыңға олақ Вася, жауапты оңай таба алмай қалып:
—
Әрине, бірдеме бар... Тексерілген де шығар,— дей салады.
-—• Сен Таманды суретке түсіргенде, Петяны осы күйінде түсіріп жүрме... Өзіңнің
тістерің сақылдап тұрғаны да көрінбесін... Сені біреу судан жаурап шыққан арық теке
екен деп қалар,— деп, Володя енді Сергейді айналдырып тұр. Су азабы өзгемізден гөрі
қаттырақ батқан жұқалау жігіт Сергей, тырс-тырс етіп тұрған тістерін қанша қатты
басқанмен тырсылдағың қойдыра алар емес. Жақсы қалжыңға ыржия бергенде-ақ тістері
бой бермей кетеді.
Орал тауынан келіп қосылған ұзын бойлы, Семен Зониннан аз-ақ аласа, Егор дейтін
қартаңдау жауынгерім бар еді. Оны бәріміз де үлкен тұтып, құрметтеп жүреміз. Қатарға
тұра қалғанда, оң жағымызда ылғи Егор одан кейін Самед тұрады. Володя өзгемізді
түйрей қалжыңдап, аяғында Егорды да сипай жанап қойып тұр:
—
Сіз, Самед ағай екеуіңіз қандай теңізге кездессеңіздер де батып кетеміз деп
қорықпаңыздар... Бұл маңда сіздің бойыңыздан асар терең, су жоқ...— дейді.
Ақкөңіл Егор бұған сене қоймаса да бойының ұзындығына сенетіндей кеңкілдей күліп:
—
Біраз жерге дейін аяқтап-ақ, көрерміз...— дейді.
—
Ие, ие!.. Аяқтарың түбіне тимесе де, бастарың судан жоғары жүрсе болғаны,
байтпайсыңдар...
Володяның қалжыңы ешкімге де жәбір емес, бәріміз де күлісіп жатырмыз. Жалғыз-ақ
Петр теріс қарап тұрған бойы, бірдемені жаратпай күңкілдеп жүр.
Петя қазір қойын дәптерін батпақтан тазалап жатыр. Дәптерінің әр тарағын үрлеп қана
ашып, ішкі көйлегінің арт жағын тартып алдына әкеліп, таза жерімен сүртеді. Петр
дәптерін пилоткасының қайырмасына қыстырып, суға тигізбей ұстайтын. Снаряд түсерде
өзі жерге алып қойған пилоткасының үстіне қулап, батпаққа батырып алыпты. Енді соны
тазалап жатыр.
Петрдің дәптерінде соғыс басталғалы өз қолынан өлтірген жаудың есебі бар. Неше солдат,
неше офицер өлтірді, неше танкы, неше машинаны ертеді, бәрінің есебі айырым-айырым
жазулы тұр. Әрбір айқастан кейін, Петр өз қолынан құртқан жау күштерін бәрімізге бір
анықтатып алады да дәптеріне жазады. Оның өлтірген «адам» күштері әлдеқашан екі
жүзден асып кетті. Ростов, Новороссийск сияқты үлкен қалаларда болған айқастан Петр өз
атына жаудың бір солдатын да қоспады. Ол түгіл, машинадан теуіп түсіріп, өзі атып
тастаған офицерді де қосқан жоқ ол ортақ офицер дейді.
Үлкен айқастарда, әсіресе, түнгі айқастарда жауынгер өз қолынан құртқан жауын көре де
алмайды. Ал, бүкіл бір қаланы өз есебіне қосу, әрине, ыңғайсыз... Босатылған қалалар
қолбасыларымыз бен генералдарымыздың есебінде болады дейді Петр.