Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Орытынды бақылау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында өткізіледі. 5 страница




Тестілеу әдісін мұғалімдер аяқтаған тұста, қайталау сабақтарында, күрделі тақырыптарды өткенде қолданады. Тестілеу бойншы мұғалім оқушылардың бөлімнен алған білімін бақылайды, баланың кейбір тақырыптан алған білімінің кем қалып жатқан жақтарын анықтайды. Бұл әдіс оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына қолайлы, оның білімін әділ бағалауға тиімді әдіс болып табылады. Сондықтанда оқулықтағы бөлімдер соңында тест үлгілері беріледі.

Бүгінгі мектептің бастауыш сатысындағы білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері ұлттық мүдденің жақындасуы білімнің мемлекет дамуындағы стратегиялық рөлін күшейте түседі.

Тәрбиелік қуаты берік білім халықтың болашақ даму бағытын айқындайды. Ал бұл ана тілінің оқытылу сапасы мен оның ұйымдастырылуының түпкі нәтижеге сәйкес деңгейіне тікелей қатысты.

Тіл – таным құралы, тіл арқылы адам дүниені танып біледі. Соған орай білім саласы әлемдік тенденцияға сәйкес өз бағыттарын белгілеу тиіс. Бұл жөнінде ғалым Ж. Дәулетбекова ойын былайша тұжырымдайды:

«1. Мәдени иммунитетті дамыту үшін тілді адам табиғатының бөлінбес саласы ретінде ұғындыру.

2. Толық мәніндегі тілдік білімнің мақсаты жалаң ережелерді жекелеген тілдік дағдыларды меңгерту емес, тілдің өмірлік процесінің интенсивтілігін ұйымдастыру арқылы баланың ана тіліндегі сөйлеуге деген мүдделілігін ояту, баланың ішкі сөйлеу тілінің пайда болуына алғы шарт жасау.

3. Тілдік білім жүйесін ана тілінің әр адам өмірінің табиғи нормасы екендігіне негіздеу».

Осы айтылған ғылыми тұжырымдар, әдістемелік ой пікірлер мұғалімдердің ана тілін оқытуға бағыт-бағдар алуына көмек жасайды деп ойлаймыз.

Қазіргі заманда оқыту технологияларын меңгерту өте күрделі де ұзақ үрдіс. Оқу ағарту ісін қайта құру жаңаша ойлау қабілетіміз бен ізденістерімізге байланысты. Ахмет Байтұрсынов: "Ең әуелі мектепке керегі - білімді, педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім" деген. "Ана тілі" оқулықтарындағы түрлі тақырыптық мәтіндерді қабылдату үшін көптеген жұмыстар жасалынады. Ол - жаңа әдістерді іздестіру, оларды дәлелдеу.

Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар. Алдын ала жүргізілген әңгімеде мұғалім оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын үғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оның мазмұнын ұғу балаларға қиынға соғады.Жаңа материалды түсініп қабылдау үшін сабақ үстінде мынадай жұмыстар жүргізіледі:

1. Кіріспе.

2. Мұғалімнің мәтінді тұтас баяндауы және оқып беруі.

3. Сөздік жұмысы.

4. Сұрақтар арқылы не түсінгенін, калай түсінгенін байқау.

5. Бөлімдер бойынша оқушыларға дауыстап оқыту.

6. Іштей оқу.

7. Қажетті жағдайда оқудың басқа түрлерін іске асыру. Мысалы, рөлге бөліп оқу, теріп оқу, бөлімге бөліп оқу.

8. Түсінгендері бойынша бөлімге ат қою, мазмұндық сурет салу, мақал-мәтел айту.

9. Осы әңгімеге ұқсас идеялық ойын аша түсетін қосымша әңгіме не өлең, т.б жазу, айту.

Осындай жұмыс түрлері жүйелі жүргенде ғана бала оқу материалын толық түсініп, өз бойына рухани азық алады.

Мәтін – бірнеше сөйлемдерден құралған белгілі ойды, оқиғаны білдіреді. Мәтінге: әңгіме, өлең, жыр, ертегі сияқты жанрлар жатады. Мәтін оқушыларға: әңгімелесу, пайымдау, сипаттау түрінде беріледі. Әңгімелесу арқылы мәтінді бергенде тек мұғалімнің өзі емес оқушылар да қатысып, топта талқыланады.

Ал, сипаттау арқылы мысалы бір нәрсенің бейесін немесе табиғат көріністерін сипаттайды. Мысалы: Күзде жапырақтар сарғайып, айнала сары алтынға малынады.

Пайымдау дегеніміз – болжау дегенді білдіреді. Мәтін арқылы оқушылардың тіл байлығы жетіліп, ой-өрісі дамиды. Мәтін неше сөйлемнен құралса да, белгілі бір түйіні болады. Соны ажырата білу керек.

Мәтінмен жұмыс

Сабақтың мақсаты. Мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру. Оқушылардың сөйлеу, әңгімелесу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге баулу. Мысалы: Ақ бөкен қойға ұқсайды. Бірақ оның басы үлкен, тұмсығы жалпақтау. Артқы аяқтары қысқалау, көздері мөп мөлдір.

а) мәтінге ат кой;

ә) мәтіннің қай түріне жатады.

Оқушылар жауапты тақтада ілулі тұрған кестеден көрсетеді.

Өткенді бекіту сұрақтары:

Берілген сызбамен мәтін туралы қорытындылау.

 

а) қыс   а) әңгімелесу   а) ақбөкен
ә) көктем   ә) сипаттау   ә) қой
б) жаз   б) пайымдау   б) жануарлар әлемі

 

Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау

Көркем шығарма жазушының сөз арқылы жасаған көркем бейнесі - сурет арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыда елес туады. Бұл оқушының сезімін қозғайды. Мысалы: балалар қоянның қасқырдан қорыққаны туралы оқығанда күледі. Яғни, мәтінді әр түрлі қабылдайды (күледі, көзіне жас алады, қорқыныш сезімі туады, т. б.)

б) Мәтінді саналы түрде түсініп оқуға дағдыландыру.

Оқушылардың мәтінді саналы түрде түсініп оқығаны – оқушының дұрыс оқуы мен мазмүнын саналы түрде меңгергендігінен көрінеді. Мұндай жағдайда оқушыда Белгілі бір көзқарас қалыптасады. Ол оқығанының мазмұнын ұғып, ондағы суреттерден адамдардың өзара қарым-қатынасын, іс-әрекеттің болу себебін анықтайды. Автордың не айтқалы тұрғанын түсіне алады.

Бастауыш сыныптағы сауат ашу сабақтарында оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру негізінде оқығандарын қабылдау, түсіну мүмкіндіктерін арттыру мақсаты көзделгенімен, оны іске асыру әсіресе, 1-сыныпта өте қиын.

Мәтінді оқушылардың тезірек меңгеріп кетуі үшін мұгалім әрбір жеке сөздің мән-мағынасына баланың көңілін үнемі аударып, оған сөйлемдегі сөздердің ара қатынасын байланыстырып, мәтіндегі негізгі ой бағытын аңғартып отыруы керек. Дайындық оқылғалы отырған шығармадағы оқиғаға ұқсас баланың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі. Алдын ала жүргізілген әңгімеде мұғалімнің оқылған мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Бұларды біліп алмайынша әңгіменің негізгі идеясы мен мазмұнын ұғу балаларға қиынға соғады. Дайындық әңгіменің ұзақтығы оқылатын материалдың ауыр-жеңілдігіне байланысты.

Жұмыстың көздейтін мақсаты – балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызады. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады?

а) оқушының өзіне әңгіме айтқызу;

ә) мұғалімнің кіріспе әңгімесі;

б) ұжымдық түрде әңгіме айту.

Әңгіменің барысында оқушыларға қосымша материал беру, немесе бұрын өткен материалды қайталау тиімді.

в)экскурсияда білгендерін пайдалану (серуен, саяхат);

г) суреттерді қарау;

д) сұрақтар қою.

Мәтінді түсініп оқу үшін істелетін жүмыстар.

I. Оқылатын мәтінге дайындық ретінде алдын ала экскурсияларға шығару, әр түрлі тәжірбие жасату.

II. Өтілетін тақырып мазмұнын толықтай қосымша сабақтан тыс оқу материалдарымен беру.

III. Жұмбақтар, мақал-мәтелдер, тақырыптық суреттер істету.

IV. Ән, табиғаттану, бейнелеу өнері сабақтарында өтілетін мәтіндерге сәйкес жұмбақтар жасату.

Материал осы пәнмен байланысты болатын жағдайда, мысалы, наурыз мерекесі мен 8 наурыз мерекесі қарсаңында осы таңырыпта алдын ала әндер үйрету, жыл мезгілдеріне байланысты суреттер жинату.

Түсіндірмелі оқу сабақтарында оқушыларды қатесіз әрі мәнерлеп оқуға, саналы түрде түсініп оқуға жаттықтыру жүмыстары жүргізілуі тиіс. Бұл талап оқу сабақтарында оқушыларға дауыстап және іштен оқыту, мәтіннің мазмұнына байланысты ңойылған сүрақтарға толық жауап бергізу, әңгіменің мазмұнын жоспар бойынша баяндату, т.б. Осы сияқты жұмыстарды іске асыру оқытылады.

в) Дұрыс оқуға үйрету.

Оқу саласының бір түрі – шапшаң оқу. Шапшаң оқуға үйрету сауат ашудың әліппе сатысының соңына таман жүргізіле бастайды. Дұрыс оқуға төселген бала біртіндеп шапшаңдықты қосып отыруы керек. Шапшаң оқу – қалай болса, солай тез оқу деген сөз емес. Түсініп, мәнерлеп оқуды жүзеге асыра отырып оқу деген сөз. Сондықтан да оқу бағдарламасында оқушылардың, оқу шапшаңдығына, икемділігіне қойылатын талаптың бірі: Оқушылардың 1 минутта оқу жылдамдығының сөз санымен берілуі. Мысалы: 1-сыныпата - 15-20 сөз, 2-сыныпта -25-30 сөз, 3-сыныпта - 60-75 сөз, 4-сыныпта - 80-90 сөз.

Оқушыны дұрыс оқуға үйрету жүмысы 1-сыныпта басталып, әрбір жеке сөзді дыбыстап емес, буындап оқуға үйретіледі. I тоқсанда сөзді буындап оқып үйренген окушы II тоқсанда сөзді буынға бөлмей тұтас оқи алатын болады.

2-сыныпта сөйлемді бірден оқиды, 3-сыныпта сөйлемді сазына келтіріп дұрыс, мәнерлеп оқуға жаттыгады. 3-сыныпта дұрыс оқуға үйрету үшін алдымен мүғалім әр оқушыньң қалай оқитынын, әрқайсысының оқу машығын жетілдіретін жұмыстарды жүйелі жүргізу керек.

Түсініп, шапшаң оқуда назар негізінен оқушының оқу жылдамдығына аударылса, түсініп оқуда мәтіннің мазмұнын қаншалықты түсінгенін және оны қалай айтып бере алатындығы ескеріледі. Оқушы оқыған мәтіннің мазмұнын түсіну үшін оқығанның мазмұнын арттыру, сұрақ беру, бір окығанды қайта оқыту, бір оқушының мазмұндағанын басқаларына толықтыртып қорытынды шығару керек. Оқушы оқығанын түсіну үшін онда кездесетін жаңа сөздерді алдын ала түсіндіріп отыруы керек. Мұндай жұмыс оқушыға оқығанының мазмұнын жеңілірек түсінуіне көмектеседі. Оқушыларды оқу машығына үйрету мен бірге оларға білім, тәрбие беру мақсаты көзделеді. Білім мен тәрбиені оқушы тек оқығанын саналы түсінгенде ғана ала алады.

Шығарманың мазмұнын айту. Мұғалім өзі жатқа айтқан, не оқып берген мәтіннің мазмұнын оқушылардың түсінген-түсінбегенін білу ушін сұрақтар қоюға болады. Ол сұрақтар өтілген шығарманың мазмұнын беретіндей болуға тиіс. Егер оқушылар қойылған сұрақтарға жауап берсе, онда олардың әңгіме мазмұнын түсінгені. Міне, осындай жұмыстар жүргізу арқылы мұғалім оқыған мәтінді оқушылардың қаншалықты ұққанын байқауына болады.

Оқыған мәтіннің мазмұнын айтудың екі түрлі жолы болады: оқығанның мазмұнын мұғалімнің қалауына, тыңдауына қарай айту, даяр жоспар бойынша айту, толық және қысқаша айту. Мұғалім шығарма мазмұнын олардың қай түрімен айтқызамын десе де ерікті, тақырыпты мұғалімнің жатқа айтуы немесе оқуы оқушыларға үлкен әсер етеді. Бұдан оқушылар ләззат алуға жаттығады.

г) Шығармаға жоспар жасау. Оқушылар бөлім-бөлімге бөліп оқып, мазмұнын айтқан соң осы бөлімдерге ат қоюға, жоспар жасауға көрсетуге болады. Мысалы: " Сауысқан мен көкек " ертегісін алатын болсақ, оқушылар оқып алады да, бөлім-бөлімге бөліп, әр бөлімде не жайында айтылғанын ұғып, оған орай бөлімге ат қояды.

Шығарманы бөлімге бөліп оқыту күн сайын сабақта іске асқанымен, бөлімдерге үнемі ат қойғыза беруге болмайды. Мұның өзі – қиын жұмыс. Сондықтан мұғалім оқулықтағы жоспар жасап, бөлімдерге ат қою қолайлы материалдарды ғана ұсыну керек. Сонымен, бірінші рет бөлімге бөліп оқытқанда, оқушылар материалды саналы түсінгеніне көз жеткізсек, екінші рет оқығанда, оған жоспар жасау жағын қарастырамыз.

Жоспар шығарма мазмұн көрсететін оқығанын білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады.

1. Әңгімені бөлімге бөлу.

2. Бөлімдерге ат қою. Оны тәртіптеп жазу.

Оқушылар әңгімені бөлімге болу үшін ондағы ойды және қосымша мәселелерді анықтайды. Оқу жылының басында істелетін жұмыстарды жос­пар жасауға дайындық деуге болады. Мұнда суретті жос­пар жасалады. Ол үшін мына сияқты жұмыстар жүргізіледі.

1. Оқулықта берілген суреттердің қайсысы мәтіннің қай бөліміне жататынын анықтау және оған ат қою. Егер еуреттер оқығаны толық қамтйтын болса, тағы қандай суреттер салуға болатынын ойлау, қиялындағы суреттерге ат қою.

2. Мұғалім әңгімеге, не ертегіге бірнеше сурет береді. Оны оқушылар шығарманың желісі бойынша реттейді

3. Берілген бөлімдерге қандай суреттер салуға бола­тынын оқушылардың өздері айтады, оған ат қояды.

4. Берілген тақырыптарды шығармалардың желісі бойынша реттейді.

5. Мұғалімнің берген тақырыптары бойынша шығарманы әр бөлікке бөледі.

6. Мұғалімнің берген жоспарын дайындайды.

Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы. Оқу сабақтарында сөздік жұмысына арнайы кезең бөлінбейді. Ол сабақтың өн бойында жүреді. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Сөздік жұмысын үш кезең бойынша жүргізуге бо­лады.

1. Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде.

2. Шығарманы оқу барысында.

3. Оқып болған соң.

Мәтінді оқуға дайындық кезеңінде шығарманың мазмүнын үғынуға қиындық келтіреді, сөздер түсіндіріледі. Оның түрлері мынадай:

- термин;

- мағынасын түрлендіретін сөздер;

- грамматикалық емлесі қиын сөздер;

- кейбір тіркестер;

- мақал-мәтелдер;

- мәтіннің қоршалған түрі;

- сұрақтар мен тапсырмалар.

Сөздік жұмысын оқып келе жатқан материалды үзіп тастап жүргізу оқушылардың көңілін алаңдатады. Сондықтан да оқу барысында түсіндіруге көп әуес болмау керек. Өлең оқу барысында қиын сөздерді түсіндіруден аулақ болған дұрыс. Өйткені, бүдан өлең ырғағы бұзылады. Сөздік жұмысы тек қиын сөздермен шектелмейді. Бақа да баланың тілін, ойын дамыту үшін жұмыстардың түрлері берілуі қажет. Олар:

1. Мәтінде синоним сөздер бар ма? болса оны қалай ұғындыру керек? Қалай қолданамыз?

2. Синонимдері болмаса архаизм, истаризм секілді басқа да сөз түрлері кездеседі. Осыларды ұғындыру жұмыстары баланың сөздік қорын дамытады. Мұғалім мәтінді оқымас бұрын шығармадағы мазмұнын түсіну қиын және көркем сөздерді қарап алады да, шығарманы оқушыларға жеткізу барысында қай кезеңде қай сөздерді түсіну керектігін анықтайды. Сөздік жұмысын жүргізу оқушының мәтін мазмұнын жете түсінуіне әрі тілдік корын байытуға игі ықпал етеді.

Оқушылар мен мұғалім әңгімесінің қай-қайсысын да байланыстыру өте тиімді. Осы эксурсияда көрген-білгендерін оқушыларға оқулықтағы шығармалармен танысу жұмыстарында пайдаланып, үйретудің маңызы зор. Алдын ала сұрақ берудің қажеті жоқ. Шығарма оқылатын жағдайда ғана оның мазмұны бойынша 2-3 сұрақ қоюғаболады.

1. Мәтінді оқуға дайындың кезінде.

2. Шығарманы оқу барысында.

3. Оқып болған соң мәтінді оқуға дайындың кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуда дайындау.

4. Затты табиғи жағдайда бақылау және оны экскур­сия кезінде.

5. Түрлі суреттер арқылы сөздердің мағынасын ашып көрсету кезінде.

Мұғалім ең алдымен дұрыс мәнерлеп оқуға көп көңіл бөлу керек. Оқушылардың дұрыс білім алуы – ең алдымен мәтінді қабылдауы болып табылады.

Тақырып 8. Орфографияны оқыту әдістемесі

Дәріс жоспары:

1. Орфографиялық жұмыстың мазмұны.

2.Орфографиялық іскерлік пен дағдыларды қалыптастырудың психологиялық негіздері.

Орфографиялық ережені түсіндіруден бұрын балалардың алдына олар шешуге тиісті мәселе қойылуы керек (мысалы, отпен ойнама, от пен судан сақтан мысалдарының арасында кандай айырмашылық бар? "пен" к,айсысында болек, қайсысында бірге жазулыға тиіс? сиякты). Мұндай жұмыс балалардың зейінін сабаққа жұмылдырып, бұрын оқығандарын еске түсіруге көмектеседі.

Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторларға негізделеді:

1. Көру, қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.

2. Есту арқылы кабылдауына сүйенетін мәтінді жазу (мұғалім оқып берген немесе оқушы оқыған мәтінді жазу. Бұған диктант, мазмүндама жұмыстарын алуға болады).

3. Орфографиялық тапсырмалар бар жаттығулар: қалдырып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу т.б.

Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылынсыз іске аспайды т.б. Сондықтан, жағарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде негізгі мәселенің қайсысы екендігіне мүғалімдер коңілін аудару мақсатында ғана корсетіліп отыр.

Жазу дағдысын нығайта, жетілдіре түсетін, сонымен бірге іс жүзінде сыналған жаттығулардың негізгі түрлері мынадай:

1) грамматикалық-орфографиялық талдау ("граммати-калық талдауды" қараңыз). Бүл—оқушыларды грамматикалық жоне орфографиялық күбылыстардың ара қатынасын түсінуге, орфографиялық киыншылықтарды таба білуге, басқалардың арасынан оқыған қүбылыстарын таба білуге дағдыландырады. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немесе баска жаттығулардың элементі ретінде де жүргізіледі (мысалы, кошіоіп жазуда, диктантта т.б.).

Оқушылардың белсенділігін көтеру мақсатында карточка жүргізіледі. Бұл үшін әр оқушы алдын ала карточка дайындайды. Мысалы, зат есімнің септік жалғауларын талдау барысында мұғалім бір септік жалғауыныңы қалай жазылатынын сұрағанда окушы тиісті карточканы көтереді. Сонан кейін жазады. Бұл мұғалімге оқушылардың білімі жөнінде біраз мәлімет береді.

2) Көшіру. Алғашқы, I сыныпта, II сыныпта сөзбе-сөз, механикалық көшіру іске асырылады. Кейін бірте-бірте: деформаланған мәтінді (картинадағы рет бойынша) кешіру, сез теріп көшіру, қалдырылған сездерді қойып кошіру, толық өошіру т.с.с. үйымдастырылады. Көшіру жүмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, сөз табын анықтау, қосымшасын, жағын, шағын анықтау, жақшаға көрсету т.с.с белгіленеді.

Балалар көшіру техникасына үйретіледі (әуелі оқып шық, буындап оқы, ойлан, мағынасына түсінесің бе, қалай жазылатынын байқа, есіңде сақта, жазып болған соң тексер т.б.)- Жазғандарын түпнүсқамен салыстырып, қатесі болса, түзейді. Көшіруге алынатын материал қызықты, түсінікті болуға тиіс.

Есте ұстау арқылы көшіру. Мұнда тақтаға жазылған мәтін оқылады, талданады, сонан соң жазылады. Оқушы есінде қалғандарын жазады. Кейде мәтін талданғаннан кейін үйге беріледі. Жазып болған соң мұғалім мәтінді ашып, жазғандарын салыстырып, тексеруге мүмкіндік береді.

Оқушылардың сауатты жазу дағдысының қалыптасуына грамматиканың теориясы мен орфография ережелерін меңгерулері негіз қалайды. Орфография ережелері жеке сөздердің жазылуын қарастырмайды, ол қандай да болса грамматикалық жалпы бірлігі бар сөздер тобының жазылуын бағыттап отырады. Сөйтіп көптеген сөздерді белгіленген орфографиялық норма бойынша жазып үйренуге қолайлы жағдай жасалады. Орфографиялық ережелер сайып келгенде, грамматика, фонетика және сөз түрлендіруші материалдарды білу деңгейіне қарай меңгеріледі. Демек грамматикалық теория емле ережелеріне негіз болып саналады. Сондықтан бастауыш сыныптарда орфография ережелері грамматикалық не сөз жасау тақырыптарының құрамды бөлігі ретінде солармен бірге өтіледі. Мәселен, бірінші сыныпта «Сөйлем» тақырыбын өткенде оқулықта берілген тапсырмадағы әрбір сөйлемнің не туралы айтылғанын сұрау арқылы сөйлемнің ойды білдіретіні, әр сөйлемде неше сөз бар екені анықталып, сөйлемнің сөздерден құралатыны жөнінде түсінік беру грамматикалық білімге жатса, ал сөйлемнің бірінші сөзінің бас әріппен жазылатынын және сөйлем құрамындағы әр сөздің бөлек-бөлек жазылатынын таныту орфографиялық ережелерді меңгерткендік болады. Үндестік заңының емле ережелері «Сөз құрамы» тақырыбын оқытқанда түбірге қосымшалардың жалғануына байланысты, ал зат есімнің септік жалғауларын өткенде олардың сөзге жалғануына орай қолданылады. Яғни түбір сөз жуан не жіңішке болып жалғанады деген бір ғана емле пайдаланылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 899 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2194 - | 2031 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.