Лекции.Орг


Поиск:




Орытынды бақылау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында өткізіледі. 2 страница




Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына жағдайларға сүйену керек: 1) Әрбір өтілетін жаңа дауысты дыбысты сөзден бөліп алып, мұқият зерттеу негізінде оқуға үйрету, онан әрі оның әрпі меңгертіледі және буыны, сөзі оқытылады.

Жалпы дыбыс пен әріпті үйретудің типтік схемасы мынадай: 1. Мәтіннен сөйлемді бөліп алу. 2. Сөйлемді сөзге бөлу. 3. Жаңа (үйретілген) дыбысы бар сөзді бөліп алу. 4. Жаңа дыбысты бөліп айтып үйрену. 5. Оның баспа әріпін көрсету. 6. Кеспе әліппеден сөзді құрастыру. 7. Ол сөзді оқу. 8. "Әліппеден" жаңа сөздер оқу. 9. "Әліппеден" тіркестер оқу. 10. Жаңа дыбыстың жаңа түрін көрсету және оның бөліктерін (әріптің) жазу, кейінірек сол әріппен сөз жазу.

Бұл схемадан сөзді оқуға құрамындағы дыбыстарын саналы ұғынып, буынды оқу арқылы үйренеді. Сөйтіп, дыбыстық талдау-жинақтау әдісіне үйренуде: 1) оқу бастамасы (единица) буын болып табылады; 2) Сөз көрсетілмейді. Ол сөйлеуден бөлінеді де, ауызша айтылады. Оқушылар сөздің әріпінен дыбысын емес, дыбысынан оның әріптерін тануға көшеді (керісінше емес).

1) Сауат ашу барысындағы негізгі міндет балаларды тура буынды оқуға үйрету. Әрбір жаңа үйренген дауыссыз дыбыс буыннан таныс, үйренген дауысты дыбыс арқылы беріледі.

Мұнда сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбысы бар буын анық естіліп, ал дыбыстың өзі ерекшеленіңкіреп, созылып айтылғаны дұрыс. Мысалы, "р" дыбысы үйретілуі қажет болғанда "ара" сөзіндегі "а-ра" буындары "а—рра" делініп, "р" дыбысы ерекшеленіп, біраз созылыңқырап айтылады.

2) Дыбыстың артикуляциясын байқату, яғни балаларды сөз құрамындағы үйретілуге тиісті дыбыстың айтылу процесімен таныстыру. Мысалы, мұғалім балаларға "р" дыбысын айтқызып көреді де, ол дыбысты айтуға тілдің қандай жағдайда болатынын байқаңдар дейді. Осы дыбысты қайта-қайта өздері айтып көру арқылы, олар тілдің ұшының дірілдеп тұратынын байқайды. Сонан кейін оқушылардың назары "р" дыбысын айтқанда тілдің қай жерге жуықтайтынына аударылады. Балалар тілдің ұшының тандайға жуықтауынан "р" дыбыс шығатынын аңғарады.

Сөйтіп, балаларға дыбыстың айтылуымен қатар, өзін де үйретеді. Бірақ мұнда есте болатын жай тіліміздегі барлық дыбыстың артикуляциясын білу керек деген ұғым тумауы тиіс. Жоғарыда айтылған тәсілмен тек еріндік және тіс пен тіл қатысы арқылы шығатын дыбыстарды ғана үйретуге болады. Ал ш, ж,к, ғ, г, й, и, щ, ц, дыбыстардың артикуляциясын аңғару, әрине, қиынға соғар еді. Сондықтан мұғалім дыбысты оқытуға кірісер алдында оны үйретудің төсілін жан-жақты ойластыруға тиіс.

3) Сөздің аяғындағы немесе басындағы дыбысты түсіріп айтып, балаларға тапқызу. Мысалы, мұғалім "Әліппедегі" тонның суретін көрсетіп, "он" дейді де, "мен сөзді дұрыс айттым ба?" — деп сұрайды. Балалар дыбысын қосады. "Т" дыбысын оқушыларға айтқызады. Сөйтіп, суреттегі киімнің аты мен айтылған буын (немесе сөз) құрамындағы дыбыстарды жинақтау арқылы қандай дыбысты қосу керектігін саналы ұғады.

4) Айтылуына қарай дыбыстарды, жазылуына қарай әріптерді салыстыру. Мысалы, кол-көл, тор-тор, от-от сияқты сөздер арқылы "о" дыбысы мен "ө" дыбысының айтылуындағы айырмашылық аңғартылады. Сонымен бірге жазылуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға көңіл бөлінеді. Осылайша, қ-к, с-з, а-ә, ы-і дыбыстар да жұпталып, салыстырып, сөздерді талдап-жинақтау арқылы үйретіледі.

5) Үйретіліп отырған дыбыстың сөздің басында, ортасында, аяғында келетіні де сөздерді талдау жөне жинақтау барысында ұғындырылады. Мысалы, "қ" дыбысын үйрету керек делік. Мұғалім бұл дыбысты балаларға айтқызып, таныстырғаннан кейін қар, ақ, оқушы сияқты сөздерді өзі айтып, буынға, дыбысқа талдатады; "қ" дыбысының қай буында, нешінші буында тұрғаны анықталады; қайта жинақтау барысында "қ" дыбысының қай жерде тұрғанына көңіл бөлінеді. Осыдан кейін бұл дыбысқа балалардың өздері сөз ойлап табады.

6) Буынды немесе сөзді есте сақтау арқылы оқу. Бұған, мысалы қала сөзін алайық - Оқушылар оны дыбысқа-буынға ажыратып талдағаннан кейін, жинақтап, кеспе әліппеден құрастырады; енді оқуға келгенде іркіліп қиналады немесе әр әріпті ежіктеп "қ-а"... деп айта бастайды. Сол кезде мұғалім: "құрастырған сөзіміз қандай еді?" — деген сияқты сұрақтар арқылы бастапқы сөз (оқушылардың құрастырған сөзін) еске түсіртеді. "Ол сөзді қалай айтатын едік? (мысалы, қа-ла). Міне, осылайша оқыңдар, " — дейді. Оқушылар кеспе әліппеден құрастырған сөзді бірден оқып береді.

7) Дыбыс алмастырып оқу. Мысалы, балалар талдау-жинақтау арқылы "қара" сөзін құрастырып, оқыды делік. Енді бірінші буындағы "п" әрпінің орнына мұғалім "о"әрпін қояды, "қора" деп оқиды.

2.Сауат ашу жұмыстары.

Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді: 1) әліппеге дейінгі дайындық кезеңі; 2) әліппе кезеңі; 3) әліппеден кейінгі кезең.

Дайындық кезеңде балаларды бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6-7 жасар баланың мектепте оқуға түсуімен байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамдарға (мұғалімге, балаларға) үйренуге, олармен қарым-қатынасқа түсуге бастапқы кезде әжептәуір салмақ түсіреді. Мүнда балалардың барлығы бірігіп, әсіресе бір-бірінен сұрап, анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше рөл атқарады (мысалы, шеберхана ойыны).

Бұл кезде, әсіресе, 1-2 сынып оқушыларының жетекші әрекеті әлі де ойын болып табылады.

Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады. Мұғалім балалардың білім дәрежесімен танысады; қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпактар білетіндіктері анықталады.

Бұл кезеңде мынадай жүмыстарға баса көңіл аударылады:

1. Сынып ішімен танысу, дұрыс отыру ережесімен, "Әліппемен" танысу.

2. Балалардың сөздік қорын анықтау.

3. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.

4. Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.

5. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.

6. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, бұл терминдердің мағынасын ұғындыру. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық.

7. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.

Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т.б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; 1-сынып оқушылары бір нәрсені зейін қойып, тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасында айырмашылык көп болады (мысалы, балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады).

Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі — балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әр түрлілігі. Осыған орай,' жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. "Партаға түзу отыр", "Қаламды дұрыс ұста" сияқты плакаттарды көрсетіп (егер мектепте жоқ болса, онда плакаттар алдын ала дайындалуға тиіс), соған сай әңгімелер өткізіледі. Өйткені балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттыққанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі.

Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығармалар оқу, ауыз әдебиеті үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т.б.) жатқа айту, өлеңдер жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады.

Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4-6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалім сөзінің логикалық жүйелілігінде, мәнерлілігінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өміріне қабысып келуінде.

Кеспе әріптердің кассасын пайдалану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн. Өйткені әріп таныту кезеңінде балаларға қойылатын талап тым көбейіп кетеді де, олар үлгере алмай қалады.

Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады:

"Сөйлем және сөз" тақырыбына арналған сабақ (ауызша)

1. Мүғалімнің ертегі айтып беруі (немесе әңгіме оқып беруі).

2. Айтылған ертегі (немесе окылған әңгіме) бойынша сұрак-жауап түрінде әңгімелесу.

3. Тындағандарын оқушылардың өздеріне айтқызу.

4. Әңгімені сөйлемге ажырату.

5. Сөйлемдегі сөздерді табу.

6. Ертегідегі (немесе әңгімедегі) ең қызық суреттелген жерлерді балаларға айтқызу.

Ертегіні (немесе әңгімені) диалог түрінде ролге бөліп айтқызу.

"Сөз және буын" тақырыбы бойынша сабақ (ауызша)

1. Әліппенің алғашқы беттеріндегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу.

2. Оқушылардың айтқандарын сөйлемге талдау.

3. Сөйлемдерді сөзге талдау.

4. Сөздерді буынға талдау.

5. Сөздің бастапқы немесе соңғы буындарын жауып қойып, оны оқушыларға тапқызу.

6. Әңгімелеген заттардың суреттерін салу немесе пластиллиннен жасау.

Дыбыспен таныстыру сабағы

І.Жұмбақ жасырып, оқушыларға шешкізу; осы жұмбақ пен оның шешуі бойынша әңгімелесу.

2.Әңгімені сөйлемдерге, сөйлемдерді сөздерге, сөздерді буынға, буынды дыбыстарға талдатқызу.

З.Дыбыспен ауызша таныстыру (а-ра, ал-ма, а-та, т.б. сөздерді талдай отырып, "а" дыбысына көңіл аударылады).

4.Таныс дыбыстардан басталатын сөздерді ойлату.

5.Айтылған кейбір сөздердің суретін салғызу.

Әріп элементтерін жазуға үйрену сабағы

1. Балалардың қарындаштарын, дәптерлерін дайындау.

2. Оқушыларды жазуға дайындау. Қарындашты, қаламды қалай ұстау керектігін көрсетіп, саусақтарын бүгу, жазу, ауаға жазып жаттықтыру.

3. Бүгін дәптердің бір бетіне жалауша салатындарын айту.

4. Тақтаға жазып көрсету және оны қайта ауаға жазып көрсету.

5. Балалардың дәптерлеріне жазғызу.

Сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жаттығу сабағының үлгісі

Тақырыбы: сөйлемді сөзге, сөзді буынға ажыратуға жатгығу (ауызша).

Көрнекі кұрал: "Әліппе" кітабының алғашқы беттеріндегі жеке суреттер.

Сабақтың барысы: Жеке сурттерді қарап, оларды атау. Сұрақ жауап арқылы суретте көрсетілген заттардың әрқайсысына лайықты сөйлемдер құрату. Мысалы, — Үйрек қайтеді? — Үйрек ұшады деген сөйлемде неше сөз бар? — Үйрек ұшады деген екі сөз бар. Бірінші сөз қайсы? — Бірінші сөз — үйрек. — Жақсылап тыңдап отырыңдар, мен бірінші сөзді нешеге бөліп айтар екенмін. Үй-рек. Нешеге бөліп айттым? — Екі бөліп айттыңыз. — Бірінші бөлігі қалай? — Бірінші бөлігі — "үй". — Екінші бөлігі ше? — Екінші бөлігі "рек".

Осылайша екінші сөз (ұшады) де талданады. Енді бұл сөздерді балалардың оздері айтады. Сонан кейін буынның мәнісі, әр буынды айтқан сайын ауыздың ашылуымен бірге иектің ілгері қарай қозғалатындығы түсіндіріледі. Иектің қозғалысын байқату үшін сөзді буынға бөліп айтқанда алақанды иектің астына ұстау арқылы тәжірибе жасатып көруге болады. Иек екі буынды сөзде алақанға екі рет, бір буынды сөзде бір рет тиетініне олардың көздері жетеді.

— Сонымен, бүгінгі сабақта не үйрендік? — Сөйлем құрастырдык, сөйлемдегі сөздерді буынға бөліп үйрендік.

— Енді суретке қарап, жақсылап тындап отырыңдар. Мен сөздің бірінші буынын айтамын, сендер қалған буынды жалғастырып айтып тұрыңдар: би-дай, үй-рек, та-уық т.б.

— Біз өткен сабақта не туралы әңгімелесіп едік? — Өткен сабақта біз "Бақша өсімдіктері" туралы әңгімелескенбіз.

— Бақшада не өсірілетін еді?

— Бақшада қауын, қарбыз, сәбіз т.с.с. өсіріледі.

— "Бақшада қарбыз өседі" деген сөйлемде неше сөз бар?

— "Бақшада қарбыз өседі" деген сөйлемде үш сөз бар.

Олардың қандай сөздер екені қайталанып айтқызылады және сол сөздер буынға талданады.

Үйге екі-үш буыннан құралған сөздер ауызша ойлап келу және бақшада істеген жұмыстары туралы әңгіме айтуға дайындалып келуді тапсыруға болады.

Дыбыспен таныстыру сабағының үлгісі

Көрнекі құрал: аттың, алманың, ағаштың суреті жөне "Әліппедегі" суреттер.

Сабақтың барысы: оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін, балаларға көздерін жұмып, аз уақыт не естілетініне құлақ салып отыру тапсырылады. Балалар машинаның дүрілі, біреудің даусы т.б. дыбыстар естігенін айтады. Біздің сөйлейтін сөздеріміз де осы сияқты дыбыстардан құралатыны түсіндіріліп, Ажар, апа, Асыл т.б. сөздер мысалға келтіріледі, буынға бөлінеді (А-жар, а-па, А-сыл). Бүл сөздердің басында қандай дыбыс естілетінін айтады. — Осы дыбысты бәрің де айтып көріңдерші. Әлия, сен де, Асқар, сен де — барлығымыз айтайық.

Суреттерді қарау жөне олардың атын атау; атауларды буынға бөлу. Ішінде "а" дыбысы бар сөздер ойлату. "А" дыбысының таңбасымен таныстыру. Кеспе әліппеден "а" әрпін алып, оның екі тік сызықтан және бір көлденең сызықтан құралғанын ажыратып, қосып көрсету. Оқушылар бұл әріпті таяқшадан өздері құрастырады және оқиды.

"А" әрпінің кіші таңбасымен таныстыру. Оны да талдау (сопақшалау келген дөңгелек пен имек таяқшадан тұрады). Әріп кассасынан бұл таңбаны табады.

— өткен сабақта балалардың өздері атын айтып, буынға бөлген еді; бүгін сол сөздерді тағы қайталайық, — деп, мұғалім оқушылар айтқан создерді талдау арқылы оның құрамында "а" дыбысының бар-жоғына көңіл аудартады.

Үйге құрамында "а" дыбысы бар 3-4 сөз ойлап келу тапысырылады.

Бұл — сауат ашудың басты, негізгі кезеңі. Әліппе кезеңінде дыбыстар оқушыларға алфавит ретімен үйретілмейді, алғашқы кезде балаға естілуі, айтылуы ең оңай дауысты және дауыссыз дыбыстар үйретіледі. Әр дыбыстың тұсындағы суретке байланысты әңгіме өткізіледі.

Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат ашу жұмысын зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөледі.

Бірінші кезеңде жуан дауысты дыбыстар мен созылымды дауыссыздар және олардың таңбалары таныстырылады. Грамматикадан: сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс практикалық жолмен ұғындырылады.

Жалпы мектептегі мұғалімдер мен әдістемеші ғалымдар жазу оқудан кейін қалмауға тиіс екенін, яғни балалар сауат ашу барысында дыбыстарды оқып, олардың таңбаларын танып қана қоймай, әріптерді де жазып үйренулері қажет екенін көрсетеді.

Ендеше алғашқы кезеңнен бастап-ақ оқушылар үлкен және кіші әріптерді бірден жазып үйренеді. Екі дыбысты сөздерді оқи біледі, сондай-ақ көшіріп те, жатқа да жазып үйренеді.

Оқуда да, жазуда да сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлу сияқты талдау-жинақтау әдісі, сонымен қатар үдету амалдарымен (ат, ат-а-ата т.б.) жасалған сөздерді және бір ғана әрпі немесе дыбысы өзгеше сөздерді (ана, ара т.б.) оқу-жазу әдістері кең колданылады.

Екінші кезеңде негізінен қысаң дауыстылардың жуаны және қалған сонар, ұяң, қатаң дауыссыздар таныстырылады. Бүл кезеңдегі дыбыстармен танысу жолдары да бірінші кезендегідей әдістер арқылы өтеді. Мұндағы айырмашылық — ұқсас дыбыстар салыстырыла оқытылады. Танылатын әріп санының көбейе түсуіне байланысты бұл кезеңнің жазу материалында қысқа-қысқа сөйлемдер кездеседі.

Үшінші кезеңде жіңішке дауысты дыбыстар мен к, г, п, б, ж, з, ң сияқты дауыссыздар танытылады. Бұл кезеңде оқушыларға үйретілетін буын саны да арта түседі.

Әліппені оқытудың төртінші кезеңінде тілімізде сирек кездесетін "һ" сияқты дыбыстар мен солардың таңбалары таныстырылады. Сонымен қатар бұл кезеңнің мақсаты — орыс алфавитінен қосылған әріптерді және олардың дыбыстарын саналы түрде таныту.

Жазу жұмыстары, сондай-ақ басқа жұмыс түрлері де алдыңғы, дайындық кезеңіндегі сияқты болып келеді.

Әліппе кезеңінде қолданылатын негізгі кұрал (Әліппе және әліппе серігімен қатар) — кеспе әліппе. Кеспе әліппеден балалар сөз құрастырады, сөздерді буынға, дыбысқа талдайды, құрастырған сөздерін оқып жаттығады. Балалар оқыған немесе жазған сөздерінің мағынасына жете түсінетіндей, қате жібермейтіндей дәрежеге жеткенге дейін талданады.

Балалар әліппені өтудің бірінші кезеңінде алдын ала буынға, дыбысқа талдап, кеспе әліппеден құрастырған сөздерін оқитын болса, екінші кезеңде үдету амалымен жасалған сөздерді және бір дыбысы өзгеше сөздерді оқиды. Бір дыбысты өзгеше сөздер мен үдету амалы арқылы жасалған сөздерді оқыту жұмысы кеспе әліппені пайдалану жұмысымен байланыстырыла жүргізілгенде ғана тиімді және нәтижелі болып шығады.

Үшінші кезенде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре түсу мақсатында "Әліппе" кітабының соңғы жағындағы материалдар пайдаланылады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың әліппеден алған білімін бекіту ғана емес, сонымен қатар бааларды оқу кітабы мен грамматикадағы материалдарды үйренуге дайындау болғандықтан әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезендегі сабақтар едәуір ерекшеленеді.

Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын, қарапайым қысқа-қысқа сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппемен жұмыс бұл кезенде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп отырады.

Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей, бір-біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезенде де қатты қадағаланады. Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерді мұғалімнің айтуы бойынша жатқа жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады. Сөйлемдердегі қалдырылып кеткен сөздерді өздері тауып, қосу немесе сөйлемді аяқтау жұмыстары, әрине оқушылар бұрыннан оқып талдап, танысқан сөйлемдері бойынша жүргізіледі.

Әліппе кезеңінде жаңа дыбыс пен әріпті үйрету сабағының жүйесі Оқу сабағы:

1. Оқылған ертегі немесе жұмбақ бойынша әңгіме.

2. Әңгіме барысындла қолданылған сөйлемдердің ішінен үйретілгелі отырған жаңа дыбыстан басталатын немесе аяқталатын сөзі бар сөйлемді бөліп алып, оған оқушылардың назарын аудару.

3. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы үйретілетін дыбысты бөліп алу; осы дыбыстан басталатын немесе аяқталатын жаңа сөздер ойлап табу.

4. Талдауда балалар іштен сөйлеп талдап алмаса, бір сөзді де дұрыс жаза алмайды (әріп тастап кетеді). Мұның өзін өзі тексеру үшін маңызды екенін Н.И.Жинкин керсетеді.

5. Сол әріптің баспа түрін көрсету, оның суретін таяқшалардан, қағаз қиындыларынан жасап көрсету, басқа әріптердің ішінен табу.

6. Кеспе әліппеден сөз құрастыру және оны оқу.

7. Бір буынын немесе әрпін ауыстыру аркылы жаңа сөз жасау; буынның немесе сөздің басына, соңына әріптер қосып, жаңа сөз жасау,оларды оқу.

8. Әліппедегі бағанада берілген сөздерді оқу.

Жазу сабағы:

1. Жазуға дайындық (оқушылардың дұрыс отыруы, қаламдарын дұрыс ұстауы, дәптерлерінің партаға дұрыс қойылуы) тексеріледі.

2. Сөзді буынға, дыбысқа талдау арқылы жаңа әріп бөлінеді.

3. Жаңа әріптің элементтері бөлшектеліп керсетіледі, мүғалім оны тақтаға жазып тұрады, оқушылар дәптерлеріне жазады.

4. Мұғалім жаңа оріпті тақтаға жазады; оқушылар осы өріптен басталатын создер ойлап табады, сонан соң олар эріпті дәптерлеріне жазып алады.

5. Оқушылар тапқан сөздерін буынға, дыбысқа талдайды; оқиды.

6. Талданған сөздердің ішінен барлық әрпі түгел өтілген сөздерді оқушылар дәптерлеріне жазады.

7. Суретпен немесе пластилинмен жұмыс.

Әліппенің алғашқы кезеңдеріндегі сабақтар осындай жүйеде ұйымдастырылады. Ал әліппенің екінші, үшінші кезеңдерінде жаңадан үйретілетін әріпке (әсіресе баспа түріне) жаттығу жұмысы көбірек жүргізіледі.

Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ жүйелері Әңгіме немесе ертегі оқу сабағы





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 978 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

974 - | 884 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.