Лекции.Орг


Поиск:




Орытынды бақылау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында өткізіледі. 3 страница




1. Оқылатын әңгіме немесе ертегі тақырыбы туралы кіріспе немесе дайындық әңгіме жүргізіледі.

2. Әңгіме немесе ертегі қысқа-қысқа бөлімдерге бөлініп, оқушыларға оқытылады.

3. Әр бөлім оқылып болған соң мұғалім онда не жөнінде әңгіме болғанын қысқаша, ондағы басты-басты ойларға тоқталу арқылы оқушылар зейінін жинақтауды іске асырады. Қажет болса, сұраулар қояды.

4. Әңгіме мәнерленіп қайта оқылады (пауза, нүктеге жақындағанда дауысты бәсендету, басты ой айтылған жерлерде дауысты салмақтау т.б.).

5. Мәтіннің мазмұнындағы негізгі ойлар оқушыларға анықтатылады.

6. Мәтінмен жұмыс жасалады (мысалы, мәтіннен табиғатты суреттеген жерлерін тауып оқыңдар немесе көңіл-күйді суреттеген жерді табыңдар

т.б.).

7. Мәтіндегі негізгі ойларды оқушылар өздері табады.

8. Мәтін оқу дағдысы нашар оқушыларға оқытылады.

3.Сауат ашу кезеңінде балалардың жас ерекшелігіне қойылатын педагогикалық талаптар.

Оқу жұмысын ойдағыдай жүргізу үшін балалардың жас ерекшеліктері мен жеке ерекшеліктерін, олардың зейін, қабылдау, ес, ойлау, қиял ерекшеліктерін, сезім, ерік жақтары мен қабілет, темперамент, мінез сияқты жеке қасиеттерін жақсы білу керек. Бастауыш сынып баласының зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті мүлде жоқ десе де болғандай, келемі өте шағын болады. Сондықтан оқудың алғашқы күнінен бастап-ақ балаларды тыңдай білуге оңай тапсырмаларды орындап жүруге үйрету керек. Бүлардың зейіндері заттарды бақылай білу, олармен жүмыс жасау (әріптерден сөз құрау) арқылы тәрбиеленеді. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейіннің тұрақтылығы арта түседі. Сабақтарда пайдаланылатын ойын элементгері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту—балалар зейінін тәрбиелеуге көмектеседі.

1- сынып оқушыларының ес ерекшеліктері: логикалық сөздік байланыстардан гөрі көрнекі бейнелердің басым болуы. Сөздік материалды олар механикалық түрде, мағынасына түсінбестен жаттап алады. Мұғалім бұл ерекшелікке де көңіл аударуы тиіс.

Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауы мен ойлауында да толып жатқан ерекшеліктер бар: олар ажырата қабылдауды білмейді, тұтас қабылдайды. Осыған орай, мүғалім тапсырма бергенде дәлдеп, бөліктерге бөліп беру немесе заттар мен құбылыстардың құрамымен таныстыру т.б. ескергені жөн. Мысалы, олар алғашқы буын, дыбыс, сөз терминдерін шатастырады; мұғалім бірте-бірте бұл сөздердің әрқайсысының мағынасын ажыратып, мәнін аңғаруға үйретеді. Ажырата қабылдауға салыстыру арқылы да үйретуге болады. Мұнда тек әріптерді, дыбыстарды, буындарды, сөздерді ғана салыстырып қоймай, заттарды, құбылыстарды да салыстыруға болады. Мысалы, тауықты құстар қатарына қосуға бола ма? сұрағы арқылы, егер болса, қандай белгілеріне қарай құс дейміз? Егер болмаса, неліктен құстар қатарына жатпайды? т.б. салыстыруды іске асыруға болады. Оқытудың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуға тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл-желпі орындалатындай болуы қажет деген үғым тумаса керек. Оқыту процесінде шамасы жететін қиыншылықтарды өз күштерімен жойып отыруға оқушыларды мәжбүр жасаған жон. Өйткені қиындыққа кездеспейінше, ойлау белсенді қызмет атқара алмайды. Ал, екінші жағынан, шамасы жетпейтін қиындыққа кездессе, ой тежелуге ұшырайды, ерік күші мұқалады. Ендеше, бұдан шығатын қорытынды — сабақтың түсінікті болуы шарт.

Балалар оқып үйренетін "Әліппе" кітабында жекелеген суреттер, сюжетгі суреттер, түрлі түсті бояумен әдемі салынған схемалар, жұмбақтар және жатығулар берілген. Бұл кезде балалар, жоғарыда көрсетілгендей, сөз, дыбыс, буын, сөйлем деген сияқты дерексіз ұғымдармен алғаш рет кездеседі. Бұл ұғымдардың мәнін нақтылап түсіндіру үшін көрнекі құралдардың (схема, сурет, кеспе әліппе, таблицалар т.б.) пайдасы мол. Көрнекіліктерді ойын ретінде пайдалануға болады. Оның барлығы сабақтың нақты мақсатына байланыстырылып беріледі. Мұнда тағы да ескерілетін жай — бірден бірнеше көрнекілік ұсынуға немесе керегі болсын-болмасын, кез келген көрнекілікті (олар тіпті ашық түрлі түспен боялған, әдемі әшекейленген болса да) ұсына берудің қажеті жоқ. Себебі: басы артық, тым көп көрнекілік те балалардың зейінін жинақтау, тұрақтандыру емес, керісінше, аландатып, зиянын тигізуі мүмкін.

Мұғалім балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас жасау барысында олардың жауап беру ерекшелігін, белсенділік көрсету қарқынын, жүріп-тұру қалпын, қиналған жерлері мен жіберген қателіктерін есепке ала жүріп, әрқайсысына сұрақ қойғанда баланы жігерлендіретіндей, өз күшін байқай алатындай, анағұрлым бір пайдалы жұмыс болу жағын мұқият іздестіреді.

Сауат ашу кезінде оқушыларды сөз бен сөйлемдерді саналы, дұрыс оқуға дағдыландырумен қатар, әріп элементтері мен жекелеген әріптерді түзу жазып дағдыландыру барысында балаларға табиғат, адамдардың өмір сүруі жөнінде мағлұматтар беріліп, олардың айналадағы заттар мен құбылыстар туралы түсінігі кеңейе түседі.

Педагогиканың талабы бойынша, сауат ашудың бірінші күнінен бастап-ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді.

Оқыту мен тәрбие, жеке тұлғаның дамуы — бір-бірінен ажыратуға келмейтін, тұтас бір процесс болғандықтан, оқытудың тәрбиелік мәнінің өзі ақыл-ой тәрбиесіне жатады.

Балалардың эстетикалық талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка т.б. арқылы іске асырылады.

Баланың бастаған істі аяқтап шығу, көздеген игі мақсатына жету, ұқыптылық, уақытты дұрыс пайдалану т.б. мінез-құлық сапалары да сауат ашу кезеңінде тәрбиелене бастайды.

Сөйтіп, рухани-адамгершілік, достык, ұлттық дәстүрді сақтау, Отанын, халқын шын жүректен сүю, эстетикалық, еңбек тәрбиесі т.б. жұмыстардың негізі сауат ашу кезеңінде-ақ қалана бастайды.

Сауат ашу әдістемесіне қойылатын талаптар

1) Сабақтың мақсаты мен тақырыбы балаларға бірден тұтас айтылмайды: Сабақтың әрбір кезеңінде бөліп-бөліп айтылады. Сабақтың соңында бүгінгі сабақта не білгені, не үйренгені туралы оның қорытындысы шығарылады.

2) Тапсырма бөлшектеліп, мазмұны бойынша қысқа-қысқа сөйлеммен (сұрақтармен) беріледі.

3) Сабақтың әрбір кезеңінде (түсіндіру, сұрау, тексеру) бүкіл балалар белсенді болу керек (тыңдау, жеке тапсырма орындау т.б.). "Балалардың жұмыстың көптігінен емес, жұмыссыздықтан шаршайтындығын естен шығармау керек" (К.Д.Ушинский).

4) Сабақта көрнекілік пен дидактикалық материалдар тым өрескел көп болмау керек. Оларды әрбір кезеңнің мақсаты мен міндетіне сай келетіндей, бұрынырақ іріктеп пайдаланған дұрыс.

5) Оқу сабақтарында тақтадан, кеспе әліппеден, таблицадан, Әліппеден т.б. көп оқытуға көңіл бөлінуі қажет. Мұнда тіл дамыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету, сын пікір білдіруге үйретіп отырған жөн.

6) Жазу сабақтарында дыбыстық талдауға көңіл бөлінеді. Ұқсас дыбыстарды салыстыру және жазылуы ұқсас әріптердің сызығын салыстыру т.б.

4.Бастауыш мектеп оқушыларының оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру

Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда керсеткеніміздей, бала оку-жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды.

Атақты физик М.Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: "Білім — бүкіл оқығандарың үмытылып қалғанда, бойында сақталатыны", — дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол — әдет, сенім, бағыт, дағды жөне қабілет — міне, нағыз білім — осылар! "Дағды, — деп көрсетеді психолог С.Л.Рубинштейн, — саналы түрде автоматталған қимыл-әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады".

Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әркеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, балалар оның орындалуын бақылайды. Осы процесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы — интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру саласында психолог П.Я.Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бүл зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны дәледденді. Мұнда дағды мен біліктіліктің калыптасу ұзақтығы да, оның нәтижесі де (беріктігі, саналылығы, жинақтылығы т.б.) ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін үйымдастыруға байланысты екені көрсетіледі. Ендеше мүнда да басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап өтелік:

1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни қандай да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі; 2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл өлі сыртқы, материалдық формада (мысалы, оқушының таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл денесін бір жағына қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының барлығын бүгіп, бар күшін жұмсауы); 3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады). Бүл кезенде күрделі әрекеттер бөліп-бөліп орындалады (мысалы, сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрену үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп жазып жаттығады); 4) әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлікке саналы үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады; 5) дағды мен біліктіліктің толық қалыптасып бітуі оны басқа ситуацияларда өздіктерінен қолдана алуларынан көрінеді.

Сауат ашу кезеңінде мұғалімдер балаларды оқу-жазу әрекетіне үйретуде осы көрсетілген "сатылы қалыптастыру" жүйесін сақтауға тиіс.

 

5-тақырып. Әдебиеттік оқудың түрлері.

Дәріс жоспары:

1.Әдебиеттік оқудың маңызы мен мақсаты, ұстанымдары

2.Оқулыққа енген материалдар, оларды оқыту туралы

3. Әдебиеттік оқудың түрлері

 

1.Әдебиеттік оқудың маңызы мен мақсаты, ұстанымдары

Бүгінгі бөбек — ертеңгі азамат — қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші — бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек, балғын бөбектерге білім мен тербие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке тұлғасын қалыптастыру негізі — бастауышта қаланады.

Егеменді еліміздің даму кезеңінде бөбектердің жеке тұлғасын қалыптастыру ісін тиянақты жолға қоюға баса назар аударылуда.

Балалар мектепке келген алғашқы күннен бастап, еліміздің өмірімен, халыктың тұрмыс-тіршілігімен танысады. Отанымыз күшейе түсу үшін, халықтың тұрмысы жақсара түсу үшін іске асырылып жатқан сан алуан жағдайларды ұғынады. Үлкен адамдардың оларға қандай үміт артып отырғанын аңғарады.

Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз жас балдырған алғаш рет мектеп табалдырығын агтағаннан бастап-ақ, оқыту, тәрбиелеу және даму процестерін тығыз ұштастыра жүргізіп, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі сырларын ашып береді, оларды білімнің бай қазынасын терең меңгеруге, қоғамның белсенді азаматы болуға баулиды. Осы түрғыдан қарағанда, бастауыш сыныптардағы әдебиеттік оқу сабағының түбегейлі мақсаты-оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу, рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету.

Осы мақсатты орындау үшін оқу пәнінің алдына мынадай міндеттер жүктеледі:

- оқушылардың дұрыс, түсініп, шапшаң жоне мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

- оқушылардын көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын ояту;

- оқушылардың шығарманың түпкі мазмүн-мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну-сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;

- оқушыларға мәтіндердің сөздер мен сөз тіркестерін, сөйлем мен сөйлеу үлгілерін үйрете отырып, олардың ана тіліміздегі сөз машиналарының түрленуіне көңілін аудару;

- оқушыларды шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

- оқушылардың ауызша жөне жазбаша байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді, түсінікті жаза білу) дамыту;

- оқушыларды өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

- балалардың бойында оларды жас өспірім мен үлкендердің үлгілі, ерлік істерімен еңбектерімен таныстыру арқылы қоғам игілігіне адал ниетпен еңбек ету, адамгершілік, бір-бірін сыйлаушылық, адалдық пен шыншылдық, кішіпейідділік, ізгілік пен имандылық қасиеттерін дарыту;

сүйікті Отанымыздың мейлінше бай, көркем де сұлу табиғаты жайлы метариалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен құбылыстарды байқай біліп, тендесі жоқ сұлулық пен көркемдікті бағалай білуге, елін, жерін қадір түтып, сүюге тәрбиелеу;

- бағдарлама көлемінде ғылым негіздерінен ең қарапайым білім беру;

- оқушылардың сынып сайын алған білімдері мен оқу дағдыларын, біліктерін жетілдіру, тілін онан сайын дамыта түсу; сыни түрғыдан пікір айтуға үйрету;

- халқымыздың бостандық, бейбітшілік үшін жүргізген қаһармандық күрестерімен таныстыра отырып (әдеби шығармалар, кинофильмдер т.б.), балалардың сана-сезімін Отанды сүю, бейбітшілік пен халықтар достығы рухында қалыптастыру;

- саналы тәртіпке, дұрыс мінез-құлық нормаларына үйрету;

- еңбекке қызығу, еңбекқорлыққа, еңбек адамдарын жоғары бағалауға тәрбиелеу.

Бастауыш мектептегі оқуды өмірмен байланыстыру, білімді жүйелі саналы да берік меңгерту, балалардың белсенділігін арттыру т.с.с. дидактикалык, принциптерге сүйенеді.

3.Әдебиеттік оқудың түрлері

Оқудың екі түрі бар: дауыстап оқу, іштен оқу. Оқудың бұл екі тұрі де бастауыш сыныпта қолданылып, дамытылады.

Сауат ашу кезеңінде дауыстап оқу жүзеге асырылады, өйткені балаларға іштен оқытсақ, оның оқу деңгейін тексере алмаймыз. Дауыстап оқыту арқылы оқуға енді төселіп отырған оқушылардың оқу сапасын дұрыс, яғни түсініп, мәнерлеп оқуын, оқуға шапшаңдығын байқауға болады.

Әліппеден кейінгі кезең материалдарын оқыту кезеңінде іштен оқуға дағдыландыра бастаймыз. Іштен оқуға үйретудің маңызы зор. Тек дауыстап оқуға үйренген бала мектептің негізгі білім жүйесіне көшкен кезде көп қиыншылыққа кездеседі. Біріншіден, оқушы сабаққа дайындалу үшін жеке өзі ғана болуы керек. Дауыстап оқып отырса, қалған окушыларға зияны тиеді. оқу залдарында сабаққа дайындалу қиынға түседі. Екіншіден, оқу шапшаңдығы дамымайды. Дауыстап оқығаннан гөрі іштей оқу жылдамдығы артады. Мысалы: 2-сыныпта дауыстап оқығанда, оқу шапшаңдығы минутына 35-50 сөз болса, іштен оқығанда, оқу шапшаңдығы 45-60 сөз болады. 3-сыныпта дауыстап оқығанда, минутына 60-75 сөз болса, іштей оқығанда 80-100 болады. 2,3,4 сыныптарда оқудың екі түрі де кабаттаса жүргізіледі. 3,4 сы­ныпта дауыстап оқудан гөрі іштей оқуға баса назар аударған жөн. Оқушыларға жаңа материалды өздігінен іштей оқып түсіну қиын. Сондықтан тексті ішітен оқуға тапсырмас бұрын саналы, түсініп оқуға дайындық жүмыстары жүргізіледі. Жаңа тексті алдымен дауыстап оқытып, содан соң ғана іштен оқуға нұсқау беруге бо­лады.

Оқушының іштен оқуға қаншалықты теселгенін байқау үшін, түсінуге жеңіл материалдарды іштен оқуға беріп, оқып шыққан соң, әр түрлі әдіс-тәсілмен түсінігін байқау жұмыстарын жүргізген дұрыс. Мүғалім оқудың бұл екі түрін де іске асыру кезінде оқу сапаларына назар аударуы керек. оқу сапаларына жататындар: дүрыс оқу, түсініп оқу, мәнерлеп оқу, шапшаң оқу.

Мәтінді дұрыс оқу жеке сөйлемді дұрыс оқудан тұрады. Дұрыс оқу үшін оқушылар төмендегідей талаптарды орындауы керек:

1. Сөзді оқығанда әріптеп оқымай, буындап, буындарды жалғастырып оқу, ша-на-лар, то-қу.

2. Оқып тұрған сөздің алдынан не артынан, не ортасына артық дыбыс қоспай, не түсірмей оқу, ұқсас дыбыспен ауыстырмай оқу.

3. Бір дыбысты не буынды ұзақ созып, не екі рет айтпау аа, на, ба- ла, а-на,, ба-ба-ла, т.б.

4. Бір сөз орнына екінші бір сөзді, мағынасына сәйкес келетінін айтпау, сөйлем соңындағы сөзді, буынды жұтып қоймау.

5.Ұқсас дыбыстарды, тілі келмейтін дыбыстарды ауыстырмау.

Сауат ашу кезеңінде оқушылар бұл талаптарды орындамай, оқу кезінде көптеген қателер жібереді. Сон­дықтан мүғалім оқудың қалған сапаларын жүзеге асырып, оқу дағдысын жетілдіру үшін, оқу сапасыныда негізі болып табылатын дұрыс оқу түріне баса назар аудару керек. Егер бала оқуға үйрету кезінде қате оқыса, мұғалім дереу дүрыс оқуға үйрету керек. Бұл жұмыстарды темендегіше топтап көрсетуге болады. 1. Әр оқушының оқу дағдысын мұғалімнің жеке есепке алып, сол бойынша жұмыс жүргізуі. 2. Қате оқыған сөзін оқыту, сөзді дұрыс оқымағанына көз жеткізу. Мысалы, тон деген сөзді оң деп оқыса, сан мен сандық ұғымды қарапайым тілмен түсіндіріп, кеспе әріп, буынмен жұмыс жасату

доп-топ, ас-аш. 3. Сөздің, сөйлемнің мағынасын түсіндіру арқылы дұрыс оқуға үйрету.

4. Ұқсас дыбыстарды артикуляциялық жаттығулар арқылы дұрыс дыбыстауға үйрету. Мысалы, «ш» дыбысы тіл алдынан жасалса, «с» дыбысы тістің бір-біріне тиюінен жасалады. 5. Жаңылтпаштар айтқызып, тілін сындыру. 6. Орфоэпиялық талаптарға сай оқыту. 7. Оқушының өзіндік ерекшеліктерімен санасу, көзі нашар, құлағы нашар еститін, қабылдауы төмен олармен жеке жұмыс түрін ойластыру. 8. Мәтіндегі сөздің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын, интонациясын сақтап оқуға үйрету. Дұрыс оқымаса, мұғалім дұрыс оқып беріп, оқушыға кайталаттырады, немесе жақсы оқитын оқушыға оқыттырады.

Оқудың сапалық қасиетінің екінші бір түрі - түсініп оқу. Түсініп оқу дегеніміз – оқушыға оқыған сөз не сөйлемнің мағынасын, ондағы айтылған ойды дұрыс түсініп, оны екінші бөлімдегі айтылған оймен байланыстыруы. Сондай ақ, тұтас мәтіндегі негізгі ойды айырып, оған өзінің көзқарасын білдіру.

Түсініп оқу дұрыс оқу сапасы арқылы іске асады.

Егер бала оқыған материалын дұрыс оқымаса, онда айтылғалы тұрған ойды аңғармай, сөйлемдер арасындағы логикалың, психологиялық байланысты дұрыс қабылдай алмайды.

Егер оқушы оқыған материалдарының мазмұнын саналы түрде меңгермесе, оқушыда белгілі бір икемділік, өмір, зат, құбылыс табиғат, адам, олардың іс-әрекеті туралы өзіндік көзқарасы болмайды. Мүндай жағдайда оқу сабағы өзінің алдында түрған негізгі мақсат-міндетін де шешпейді, сондықтан, бастауыш сынып мұғалімі дұрыс оқыта отырып, оқығанын түсіну, саналы меңгерту жұмыстарына да ерекше мән беруі керек.

Өз бетінше мәтінді оқуы, оның мазмұнын өз сөзімен айтып беру - бастауыш сынып балалары үшін киынға соғады. Бүған қарағанда, олар ауызша айтылған әңгімені тез қабылдап, өз сөздерімен жеткізе алатынын байқатады. Өйткені ауызша айтылған сөзді қабылдауда бала үннің, дауыс ырғағының қалай естілетініне көңіл бөлед! Айтылудағы дауыс интонациясы мәтін мазмұнын дұрыс түсінуге көмектеседі.

Мәтінді өз бетінше оқығанда оқудың түрі мен техникасын (сапасын) жақсы меңгерген, сөздік қоры мол бала тез түсініп, түсінігін айтуы мүмкін. Ал керісінше жағдайда мұндай іс-әрекет жүзеге аспайды.

Оқушы оқығанын саналы түрде түсініп, толық қабылдауы үшін мұғалімге келтірілетін жұмыс түрлерін ойластырып, әдіс-тәсілдерді іріктеуіне тура келеді. Мұндай жұмыс түрлерін шамамен төмендегідей бағытта топтап көрсетуге болады:

I. Оқытылатын мәтінге байланысты мұғалімнің өз дайындығы.

1. Оқушыға оқытылатын мәтіннің қашан оқытылатынын, оның мазмұнын, ондағы айтылатын негізгі идеялық ойды мұғалімнің күні бұрын толық білуі.

2. Оқу материалының көлемін, ауыр-жеңілдігін, өткен материалмен байланыстылығын ескеріп, саналы түрде түсініп оқуға итермелейтін әдіс-тәсілдерді іріктеуі.

3. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен образды ой оралымдарын бала лексикологиясына ендіру, мағынасын түсіндіру жұмыстарын ойластыруы.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 715 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

996 - | 759 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.