Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Балалардың тісжегінің ағым ерекшелігі және диагностикасы. Балалардың тісжегісін емдеудің қазіргі замандағы әдістері




Балаларда тісжегі 2-3 жаста көрінеді. Әдетте, жоғарғы жақтағы сүт күрек тістердің вестибулярлы және мойын аймағында және азу тістердің шайнау бетінде.

Балалардағы 1-дәрежедегі белсенділік (компенсирленген түрі) тісжегі қуысы пигменттелген, шеті жазылған, патологиялық дентин құрғақ, зондтағанда тығыз. Пигменттелген фиссураларды ашу оңайға түспейді. Бор тәрізді дақтар болмайды. Ги-төмен, типтен тістерін үнемі тазаламайтын балаларда да. Тістері таза, жылтыр. Осы топтағы балаларды жылына 1-рет санациялайды. Бала 1-ші денсаулық тобына жатады.

Тісжегінің 2 дәрежедегі белсенділігі деп, балада аурудың клиникалық дамуы оптималды сипатта, патологияның субкомпенсирленген түрі. Тісжегі қуысы көбінесе азу тістердің шайнау бетінде орналасады. Жоғарғы және төменгі жақтағы тығыз орналасқан күрек тістердің апроксималды бетінің зақымдалуы мүмкін. Бор тәріздес тісжегі дақтары болмайды. Осы топтағы балаларды жылына 2 рет санациялайды, 6-ай сайын.

Балалардағы 3-дәрежедегі белсенділіктегі тісжегі қуысы (декомпенсирленген түрі) шеттері үшкір, жұмсақ және ашық түсті дентин өте көп, қуыс қабырғалары өңдеп болған соң да алына береді, кеппейді, ал пигменттелген фиссураларын ашса, тісжегі қуысы пайда болады. Бор тәріздес дақтары бұдырлы болады, бормен өңдегенде шашылып қалады. Бұрын қойылған пломбаларды тексергенде ақау және тісжегінің қайталануы байқалады.

Осы топтағы балаларды 3-4 ай сайын санациялайды

 

 

1. Дәрежедегі белсенділік (компенсирленген түрі)

2-6 жас - 2 тіске

7-10 жас – 4 тіске

11-14 жас – 2 тіске

15-18 жас – 3 тіске

 

2 Дәрежедегі белсенділік (субкомпенсирленген түрі)

2-6 жас – 3-6 тіске

7-10 жас – 4-7 тіске

11-14 жас – 2-5 тіске

15-18 жас – 3-6 тіске

 

3 Дәрежедегі белсенділік (декомпенсирленген түрі)

2-6 жас – 6 тістен көп

7-10 жас - 7 тістен көп

11-14 жас - 5 тістен көп

15-18 жас- 6 тістен көп

 

Сүт тістердегі тісжегінің өзіндік ағым ерекшеліктері бар:

1. патологиялық үрдістің жылдам дамуы. Үрдіс жылдам дамып дентинге жетеді, үлкен бөліктерді қамтиды.

Бұл байланысты:

  1. Сүт тістер кіреукесінің жұқа кіреуке жамылғысымен,
  2. дентиннің кіші көлемімен,
  3. аз минералданған дентин зонасы жалпақ жолақ интерглобулярлы дентин түрінде ұлпа шекарасына дейін жетіп, үрдістің өршеуіне ықпал етеді.
  4. кіреуке мен дентин органикалық заттардың үлкен пайызын құрайды да, жылдам таралу мүмкіндігін ұлғайтады
  5. кең дентин каналдары ұлпаға инфекцияның таралуына ықпал етеді
  6. сүт тістердің аздаған белсенділігінің мәні бар
  7. басқа эндогенді және экзогенді факторлар.

 

2,5 жасқа дейін тісжегі ошақтары көбінесе антенаталды ізбестеліну орындарында орналасады

- жоғарғы және төменгі жақ күрек тістерінің жазық бетінде. 3-жастан кейін тісжегі азу тістердің шайнау бетінде, 4-жастан соң уақытша азу тістердің контактілі бетінде орналасды.

 

Қазіргі жаңа ағым бойынша, балалардың тістерін емдеуге әрқайсысына жекеше қадам жасайды.

Осыған байланысты емінің көлемі мен мазмұны анықталады:

- зақымдалу белсенділігімен

- тістердің тісжегісінің клиникалық ағымымен

- организм жағдайымен

- науқастың жасыфна байланысты

- аузының гигиеналық жағдайына

 

Тісжегінің қазіргі заманғы емі.

 

- пломбалауды жүйелі қолдануҢ

- тіс тіндерінің резистентілігін зат алмасудың экзогендік стимуляциясын жоғарылайтын әдістер

- ауыздың гигиенасы

- ұтымды тамақтану

- эндогенді пайда болған тісжегіге қарсы заттарды қолдану

 

Жалпы патогенетикалық терапия

- жалпы патологияның қосымша ауруларын емдеу, тісжегі үрдісінің үдеуіне жағдай болып табылады

- ұтымды тамақтану

- күн тәртібі ережесін сақтау

- қатаң түрде жекеше ем тағайындау

- бала организмін әлсірететін және қарсы тұру қабілетін төмендететін факторларды анықтауға көңіл бөліну қажет

- осы мақсатпен ем педиатрда, невропатологта, отоларингологта, эндокринологта және т.б. жүргізілуі қажет

 

4. Көрнекі материал: презентациялар, слайдтар

Дебиет

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с.

2.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.

3.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев-Книга-плюс-2007г. 815 с.

4.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей.-М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 с.

5.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 с.

6.Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 с.

7.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Травмы челюстно-лицевой области у детей (учебное пособие). – М.: Медпрес, 2003. – 107 с.

8.Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 с.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

 

1. Тісжегінің анықтамасы

2. Балалардағы тісжегінің дамуына әкелетін факторлар

3. Балаларда тісжегінің қандай белсенділік дәрежесін анықтайды

4. Патоморфологиялық өзгерістері бойынша тісжегінің түрлері

5. Тісжегі тіндерінің тереңдігі бойынша түрлері.

ДӘРІСТІК КЕШЕН:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1725 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Чтобы получился студенческий борщ, его нужно варить также как и домашний, только без мяса и развести водой 1:10 © Неизвестно
==> читать все изречения...

2405 - | 2285 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.022 с.