2.Мақсаты: Т.В. Виноградова бойынша жіктелуі, балалардағы тіс жегісі дамуына себеп тигізетін факторлар бойынша студенттерде теориялық білімдерді қалыптастыру.
3.Дәрістің тезисі:
Тісжегісі – тіс шықаннан кейін көрінетін, тістердің қатты тіндерінің ошақты деминерализациясымен, одан кейінгі қуыс ретінде дефектің түзілуімен сипатталатын, көп факторлы патологиялық үрдіс.
Балаларда тісжегісі – 2-3 жас аралығында анықталады. Негізінен жоғарғы жақ сүйектің сүтті орындарында вестибулярлы және мойындырық беткейінің аймағында, сондай ақ молярлардың шайнау бетінде байқалады.
Сүтті тістердің тісжегісінің дамуына себеп болатын факторлар эмбриогенез кезінде, антенаталды кезенде дамитын, әр түрлі этиологиялы ұрықтың гипоксиясын әкелетін ананың экстрагенитальды ауруларының әсерінен (ревматизм, гипертония, нефропатия, инфекционды және эндокринді аурулар.) дамитын, кейбір дәрілердің жүктілік кезінде келтіретін қатты тіндердің құрылымының бұзылыстары болып табылады. Токсикоздың маңызы өте зор.
Жоғарғы жастағыларда тіс жегісі қалыптасуына аталып кеткен факторларымен қоса, шамадан тыс көмірсуларды қолдану, минералды қосылыстардың және микроэлементтердің аз мөлшерде түсуі, сонымен қатар фтордың, ауыз қуысының нашар гигиенасы, тағамды дұрыс шайнамау, өмірдің медико географиялық және тұрмыстық жағдайы, ағзаның жағдайы, генетикалық бейімдеушілік жатады.
БДД (номенклатурасына сәйкес, тісжегімен зақымдалуды бағалаудың үш негізгі көрсеткіштері бар:
Аурудың таралуы, зақымдалу интенсивтілігі және интенсивтілігінің өсімталдығы.
Тісжегінің таралуы деп, тісжегілі, пломбаланған және жұлынған тістер, егер тұрақты тістесу болса, ал уақытша тістесуде бұл тісжегілі және пломбланған тістер және аралас тістесуде –КПЦ+КП қаралған балалардың жалпы санынан (%)
Зақымдалу интенсивтілігі – тісжегімен зақымдалған және оның асқынуларымен (К,к), пломбаланған (П,п) және жұлынған (У) тістердің орташа саны бір тексерілген балаға.
Балаларда тісжегінің интенсивтілік көрсеткішін сүт тістер тұрақты тістермен толық ауысқанша анықтайды және (КПУ+кп) индекстерінің қосындысымен белгіленеді, сүт тістесуде жұлынған тістер есептелмейді, өткені тіс жұлу физиологиялық ауысу нәтижесінде де жұлынуы мүмкін, тістен патологиялық үрдіссіз.
Интенсивтіліктің өсімталдығы- 1 жыл ішіндегі бірдей жас тобындағы балалардың КПУ, кп немесе КПУ+кп индекстерінің өсуі.
БДДҰ ұсыныстары бойынша балаларда тісжегінің интенсивтілігі әр жас тобындағы балаларда жеке анықталады.
Эпидемиологиялық тексеруде еңбір ақпараттық жас тобы болып 12 және 15 жас табылады. 12-жаста тістердің тісжегімен зақымдалуы, және 15 жаста пародонт жағдайы жүргізілген профилактикалық шаралардың тиімділігі жайында ақпарат береді. Тісжегі интенсивтілігінің инднексі (КПУ, кп, КПУ+кп) көбірек ақпарат береді, тісжегінің таралу көрсеткішіне қарағанда.
Тісжегімен науқастануға салыстырмалы баға беру үшін әлемнің әр регионында, 1980 ж. БДДҰ 12 жасқа дейінгі балаларда КПУ санына байланысты зақымдалудың 5 дәрежесін ұсынған:
өте төмен 0,0-1,1
төмен 1,2-2,6
бәсең 2,7-4,4
жоғары 4,5-6,5
өте жоғары 6,6 және жоғары.
Тісжегі үрдісінің белсенділік дәрежесін анықтайды. Тісжегінің санын, тісжегі қуысының санын, орналасуы тексерген кездегі анықталған, 1 жылдан кейінгі тісжегілі тістердің өсімталдығы.
Осыған байланысты, 1972 жылы Т.Ф. Виноградова тісжегінің 3-белсенділік дәрежесін ұсынды:
- компенсирленген
- субкомпенсирленген
- декомпенсирленген
Орналасуы бойынша:
- фиссуралық
- апроксималдыдық
- мойындық (ұрт, ерін, тіл жақ бетіндегі және аралас орналасқан)
Тіс тіндерінің зақымдалу тереңдігіне байланысты:
- бастапқы
- беткей
- ортаңғы
- терең
Пайда болу реті бойынша:
1. Біріншілік
2. екіншілік
Патоморфологиялық өзгерістер бойынша:
1. дақ түріндегі тісжегі (ақ дақ, сұр, ақшыл-қоңыр, қара дақ)
2. кіреуке тісжегісі (беткей тісжегі)
3. ортаңғы тісжегі
4. орташа тереңдіктегі тісжегі(терең тісжегінің клиникасына сәйкес)
5. терең перфоративті тісжегі.