1 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Ароматты көмірсутектер алу көздерін сипаттаңыз.
2. Ароматты қосылыстардың құрылымын квант-механикалық тұрғыдан түсіндіру. Ароматтылық критерийі. Энергетикалық критерийлер.
3. Ароматты электрофильді орын басу реакцияларының элементар сатылары.
4. Ароматты нуклеофильді орын басу реакцияларының элементар сатылары.
5. Ароматты бос радикалды орын басу реакциялары. Арилді, алкилді және басқа топтарды енгізу.
6. Ароматты қосылыстардың бүйір тізбектеріндегі және функционалдық топтарындағы сутектің орын басуы.
7. Ароматты сақина мен функционалдық топтардағы тотықсыздандыру реакциялары.
8. Бүйір тізбектерді, ароматты сақиналарды және функционалдық топтарды тотықтыру.
9. Ароматты көмірсутектер фракциясын алу технологиясы.
10. Риформинг катализатынан арендерді бөліп алу.
11. Бензолды бөліп алу және тазалау.
12. Ароматты көмірсутектерді экстракциялау технологиясы.
13. Октенар процесі. Ксилолдарды алу және бөліп алу.
14. п -ксилол алу. Параксилолды адсорбциялау технологиясы.
15. Ксилолдарды изомерлеу технологиясы.
16. С8+ көмірсутектерін гидродеалкилдеу технологиясы.
2 модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Толуолды диспропорционирлеу технологиясы.
2. Толуол /С9 трансалкилдеу технологиясы.
3. С9 және С10 арендерін бөліп алу.
4. Нафталин мен полициклоарендердің қолданылуы.
5. Арендер мен олардың маңызды туындылары өндірісінің өнеркәсіптік процестерінің принципиалды технологиялық схемалары.
6. Ароматты көмірсутектер сапасына қойылатын талаптар.
7. Талдау және сапаны бақылау әдістері.
8. Ароматты көмірсутектер өндірісінің қалдықтары мен ағын суларды тазалау.
9. Арендер мен олардың маңызды туындыларының рыногы.
10. Ароматты көмірсутектер өндірісіндегі технологиялық процестердің жабдықтары.
11. Техникалық азот өндірісі.
Аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:
1. Мұнайхимиялық өнеркәсіптерде ароматты көмірсутектерге сұраныс қалай анықталады?
2. Ароматты көмірсутектерді алудың негізгі көздерін атаңыз. Ароматты шикізатты әр түрлі жолдармен алуды блок-схема түрінде сипаттаңыз.
3. Қазақстандағы негізгі ароматты көмірсутектер өндірісінің жобаланған қуаттылығын сипаттаңыз. Қазақстанда риформинг өнімдерінен бензолды көмірсутектер өндіру қандай принципке негізделген?
4. Ароматты көмірсутектердің жіктелуі. Моноциклді және конденсирленген ароматты қосылыстардың дәстүрлі атаулары қалай құралады?
5. Ароматты көмірсутектердің молекулалық массасы бірдей алкандар мен циклоалкандардан ерекше өзгешеліктері. Олар қалай түсіндіріледі?
6. Ароматтылық ұғымына анықтама беріңіз. Ароматтылықтың физикалық критерийлері.
7. Ароматты электрофильді орын басу реакцияларына мысал келтіріңіз.
8. Ароматты нуклеофильді орын басу реакцияларына мысал келтіріңіз.
9. Бос радикалды орын басу реакцияларының қандай топтары ароматты қосылыстарға енуге мүмкіндік туғызады?
10. Ароматты көмірсутектерді тотықсыздандырудың негізгі әдісі. Ароматты қосылыстарды тотықсыздандыру реакцияларының механизмдері.
11. Алкилароматты қосылыстарды тотықтыру. Мақсатты өнімдер.
12. Алкилароматты қосылыстарды тотықтырып аммонолиздеу процесінің мақсаты. Реакцияның жүру механизмі.
13. Бензинді каталитикалық риформинглеу процесінің қандай түрлері қазіргі кезде бар? Оларды схема түрінде сипаттаңыз.
14. Каталитикалық риформинг процесінің шикізатына қандай талаптар қойылады?
15. Бензинді риформинглеу катализаторларын атаңыз. Өндірістік қондырғыларда риформинг катализаторларын регенерациялау қалай жүргізіледі?
16. Бензинді риформинглеу процесінің химизмі қандай реакцияға жатады?
17. Бензинді стационарлы катализаторда риформинглеу процесінің негізгі параметрлері. Процестің принципиалды схемасын сипаттаңыз.
18. Катализатордың қозғалмалы қабаты бар қондырғылардың артықшылықтары. ЛФ-35-11/1000 қондырғысының принципиалды схемасын сипаттаңыз. Бұл қондырғы қандай блоктардан тұрады?
19. ЛГ-35-8/300Б қондырғысында риформаттан арендерді экстракциялау блогының технологиялық схемасын сипаттаңыз. Қолданылатын экстрагенттер.
20. «Institut Francais du Petrole» процесінің мақсаты мен сипаттамасы.
21. Катализатордың қозғалмалы қабаты бар риформинг қондырғыларында катализаторлардың қандай түрлері қолданылады? Катализаторды регенерациялау қалай жүргізіледі?
22. Риформаттан ароматты көмірсутектерді бөліп алу қандай жолмен жүзеге асырылады?
23. Риформаттан арендерді экстракциялау кезінде қандай экстрагенттер қолданылады?
24. С8 изомерлерін бөліп алу қандай принципке негізделген?
25. Орташа дистиллятты мұнай фракцияларынан арендерді экстракциялау қандай мақсатта жүргізіледі? Басқа әдістермен салыстырғанда экстракциялық әдістердің артықшылықтары.
26. Экстрактілі дистилдеудің сұйықтықты дистилдеуден артықшылығы.
27. Риформаттан бензолды бөліп алу. Морфилейн процесі. Процестің технологиялық схемасын сипаттау.
28. «Октенар» процесінің ерекшеліктері.
29. Толуолды диспропорционирлеу және трансалкилдеу технологиясы.
30. Арендер өндірісінің технологиялық процестерінің жабдықтары.
1.9 Курстың саясаты мен процедурасы. Оқытушы студентке мынадай талаптар қоя алады: міндетті түрде сабаққа қатысуы, бақылаудың барлық түріне өз уақытымен есеп беру, келмеген сабақтарына қайтадан жауап беру. Бақылау түрлерін тапсыру барысында оқытылатын пәннің бірізділігін сақтау қажет.
Бақылаудың барлық түрін көрсетілген уақыт бойынша орындап тапсыру қажет. Кезекті тапсырмасын өткізбеген студент, сол тапсырмасын келесі сабақта тапсыруға мүмкіндігі бар, бірақ ол үшін семестрдің басында оқытушымен келісілген айып балын алады.
Бақылаудың барлық түрін орындамаған студент емтиханға жіберілмейді.