АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Тұрысов атындағы Геология және мұнай-газ ісі институты
Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы кафедрасы
Селенова Б.С., Матаева З.Т.
СТУДЕНТТІҢ ПӘНДІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«МҰНАЙХИМИЯЛЫҚ КЕШЕННІҢ НЕГІЗГІ КӨМІРСУТЕК ШИКІЗАТЫ – АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕР ӨНДІРІСІ»
Пәні бойынша
5В072100–«Органикалық заттардың химиялық технологиясы»
Мамандығы үшін
Алматы 2012
Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 5В072100-«Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша «Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені.
Құрастырғандар: Селенова Б.С., Матаева З.Т. Алматы: ҚазҰТУ, 2012. -124 бет.
Құрастырушылар: Селенова Бағдат Саматқызы, химия ғылымдарының докторы, доцент, Матаева Зайра Тоқтарбекқызы, химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы.
Аңдатпа
«Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі» пәнінің оқу-әдістемелік кешені оқу бағдарламасынан («Syllabus») және негізгі таратылатын оқу-әдістемелік материалдан тұрады.
Оқу-әдістемелік кешен бағдарламадан (syllabys), дәрістердің қысқаша конспектісінен, тәжірибелік сабақтардың қажетті әдістемелік материалынан, студенттердің өздік жұмыстарының (СӨЖ, СОӨЖ) оқу-тәжірибелік материалдарынан, қажетті әдебиеттер тізімінен, глоссарийден тұрады.
«Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі»пәнінің оқу-әдістемелік кешенінде ароматты қосылыстардың құрылысы туралы заманауи көзқарастар, ароматты орын басу реакцияларының механизмі, мұнай шикізатынан бензол мен оның гомологтарын өндіру технологиясы дәрістік конспектілер түрінде берілген, әрі аталған пәннің негізгі бөлімдерін қамтитын 15 тәжірибелік сабақ келтірілген. Сонымен қатар білімдерін өздігінен тексеруге арналған тесттік, бақылау сұрақтары және курс бойынша емтихан сұрақтары берілген.
Оқу-әдістемелік кешен студенттердің танымдық және шығармашылық іс-әрекеттерін жандандырып, аудиториялық және аудиториядан тыс өздік жұмыстарын ұтымды ұйымдастыруға көмек береді.
Оқытушының көмегімен студенттер (СОӨЖ) кейбір мәселелерді тереңірек қарастырады, сұрақтарға жауап іздейді, тапсырмаларды орындайды. Оқу материалдарының кейбір жалпы мәселелерін студенттер (СӨЖ) өздігінен оқиды.
И. Сәтбаев атындағы
Азақ ұлттық техникалық университеті
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - Syllabus
1.1 Оқытушылар туралы мәліметтер:
Селенова Б.С. – доцент, химия ғылымдарының докторы, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, ғылыми-педагогикалық стажы 17 жыл. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Ірі тонналық мұнайхимиялық процестердің өндірістік реакторлары», «Көмірсутек шикізатын кешенді өңдеудің заманауи технологиясы» және «Мұнай өнімдерінің химмотологиясы» пәндерінен дәрістер оқиды, тәжірибелік және зертханалық сабақтар жүргізеді. 70 астам ғылыми басылымдары жарыққа шыққан және ССРО-ның 7 авторлық куәлігінің және Қазақстан Республикасының патент, алдын-ала патенттерінің авторы.
Матаева З.Т. – химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің химия факультетін бітірген, ғылыми-педагогикалық стажы 12 жыл. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша оқитын студенттерге дәрістер оқиды, тәжірибелік және зертханалық сабақтар жүргізеді. 30 астам ғылыми басылымдары жарыққа шыққан және Қазақстан Республикасының 2 алдын-ала патентінің авторы.
Байланыс ақпараты:
Офис: «Мұнай және газды өңдеудің химиялық технологиясы» кафедрасы
Мекен жайы: 480013, Алматы қ-сы, Сәтбаев к-сі 22а, БОҒ, 821 каб.
Тел.: 8(727) 257-71-88
е-mail: selen.b.s@mail.ru
zayra.mataeva.77@mail.ru
Кафедрада болу уақыты: сабақ кестесі бойынша 821 БОҒ
аудитория, уақыт
1.2 Пән туралы мәліметтер:
Пән атауы «Мұнайхимиялық кешеннің негізгі көмірсутек шикізаты – ароматты көмірсутектер өндірісі»
Кредит саны 3
Өткізу орны БОҒ, 702 ауд.
Кесте