LinCAD кітапханасынан FREQCHAR "жиіліктік сипаттамасы (Частотные характеристики)" (4-сурет) бағдарламасын және алдыңғы жұмыста есептелінген e кірісіне қатысты a, b, c, d шығыстары бойынша сүзгінің беріліс функцияларын қолдана отырып, ЭЕМ арқылы (жиіліктің өзгеруінің логарифмдік масштабы үшін) әрбір беріліс функциясы үшін АЖС мен ФЖС салу керек.
4 - сурет
Жиіліктердің бастапқы мен соңғы мәндері тәжірибелі түрде алынады, яғни АЖС өзгеруі шамамен графиктің ортасына келетіндей етіп, ал графиктің сол және оң жақ бөлігінде АЖС көлденең болатындай (таңдауды 0.01 және 100 жиілігінде бастауға болады) етіп аламыз.
Нақты сипаттамалары бойынша асимптотты (түзусызықты) сипаттамасын салып, сүзгінің әр типі үшін жіберу және кідіру жолақтарын табу қажет, сонымен қатар кесінділердің қиылысу нүктелері бойынша түйіндесу жиіліктерін (жолақтардың шекаралық жиілігі) анықтап, әрбір беріліс функциясы мен графиктің сүзгінің қай типіне сәйкес келетіндігін көрсету керек. АЖС - ның көлденең және көлбеу бөліктеріне жанаманы (асимптоталар), алынған графиктермен сызғышты үйлестіре отырып, монитор экранында салуға болады. Жұмыс өрісі бойынша курсор бағытын кесінділердің (жанама) түйіндесу орындарына қарай ауыстыра отырып, көрсеткіш терезесінен белгілі нүкте үшін сипаттамалардың мәнін алу қажет [4].
Дістемелік мысал
а - шығысы бойынша e кірісіне қатысты сүзгінің беріліс функциясы:
Алынған амплитудалық және фазалық жиілікті сипаттамалар кідіру жолағы ωк = 0.697 рад/с жиілікте, жіберу жолағы ω1 = 0.032 рад/с жиілігінен кем және ω2 = 1.462 рад/с жиілігінен артық, бөгеуші сүзгіге (РС) сәйкес келеді. АЖС бастапқы мәні bm / an = 1.6/1 = 1.6, соңғы мәні b 0/ a 0 = 3.2/2 = 1.6 тең.
Есептің мазмұны
Зертханалық жұмыс бойынша есепте жұмыстың тақырыбы, мақсаты, әрбір төрт сүзгі үшін беріліс функциялары және сәйкес нүктелердегі амплитуданың өлшенген мәндерімен, жіберу/кідіру жиіліктері, сонымен қатар басқа да қажетті белгіленулермен толықтырылған, масштабтағы алынған сипаттамасы болуы керек.
Бақылау сұрақтары
- барлық жиіліктік сипаттамалардың түрлері, олардың мағынасы, есептеу және салу әдістері;
- сүзгілердің типі мен олардың сипаттамаларының түрлері;
- беріліс функцияларының түрлері мен сәйкес амплитудалы жиіліктік сипаттамаларының байланысын түсіндіру, яғни беріліс функциясының түрі бойынша сәйкес масштабта сүзгінің АЖС салу;
- АЖС көмегімен, берілген жиілік пен сүзгінің түрі үшін кіріс сигналы бойынша шығыс сигналын анықтай білу;
- жіберу және кідіру жолағы терминін түсіндіру [3].
Зертханалық жұмыс
Михайлов критерийі бойынша жүйе орнықтылығын зерттеу
Жұмыстың мақсаты
АРЖ орнықтылығын бағалау әдістерін оқып үйрену, Михайловтың жиіліктік критерийі арқылы жүйенің орнықтылығын зерттеу