Кальцийдің жеткіліксіздігі кезінде:
ü гипертониялық криз дамиды,
ü жүкті әйелдердің токсикозы,
ü холестерин деңгейі жоғарылайды,
ü жүйке жүйесінің қозғыштығы күшейеді,
ü остеопороз дамиды.
Кальций көздері: сүт және сүт өнімдері;
МАГНИЙ – фосфор алмасуымен тығыз байланыста, сондықтан организмнен магний шықса, фосфор да бөлініп шығады. Магнийдің ішекте сіңуіне өт қышқылы қажет.
Магнийдің ролі:- көмірсу, фосфор алмасуына қатысады;
-құрысуға қарсы және тамыр кеңейткіш әсер береді;
-ішек перистальтикасын реттейді, өт бөлдіреді;
-нерв қозғыштығын төмендетеді;
Организмде магний жетіспесе артерия қабырғасында, жүректе, бұлшық етте кальций көп мөлшерде жиналып, тамыр серпімділігін төмендетеді. Сондықтан гипертония ауруында магнийге бай емдәм ұсынылады. Сонымен қатар магний жетіспеушілігінде бүйректе нефротикалық құбылыстармен дегенеративті өзгерістер дамиды.
Магнийдің негізгі көздері: дәнді-дақылдар, жармалар, бұршақ;
жануар текті азықтарда магний өте аз.
НАТРИЙ – клеткадан тыс және тін аралық алмасу процесіне қатысады;
- қышқыл-сілтілік тұрақтылықты, осмостық қысымдыұстап тұрады;
- бүйректен мочевинаның шығуына қатысады;
- асқазанда тұз қышқылының түзілуіне қатысады;
- су алмасуға қатысады;
- калий антагонисті болып табылады;
- хлормен бірге қан плазмасы және тіннің құрамдас бөлігі;
Натрий көзі: барлық азық-түлікте аз мөлшерде кездесіп, көбінесе организмге ас тұзымен түседі. Қалыпты жағдайда ересектер тәулігіне 4-6 грамм натрий қолданады, ол 10-15 грамм натрий хлоридіне сәйкес. Натрийге деген тәуліктік қажеттілік – іш өткенде, құсуда, көп терлегенде, ауыр жұмыспен айналысқанда, калийге бай өсімдік тағамдарын пайдаланғанда артады. Ал тұзға деген шектеу қанмен қамтамасыз етілуі бұзылыстарына байланысты ісіну, бүйрек ауруларында қойылады.
КАЛИЙ – организм тіршілігі үшін организмнен сұйықтықты
шығаруды күшейтеді;
клетка ішілік алмасу буфер жүйесінің түзілуіне қатысады;
бұлшық етке нервтік қозу өткізуіне қатысатын ацетилхолиннің түзілуіне қатысады;
Құрамында натриі аз, калиі мол емдәм жүрек жетіспеушілік ауруларында, организмде су жиналғанда беріледі.
Калий көздері: шабдалы жемісқағы – 2043 мг.
абрикос жемісқағы – 1717 мг.
кептірілген шие – 1280 мг;
қара өрік –864мг; мейіз-860мг; картоп-568;
ФОСФОР – кальций сияқты сүйек тіні қалыптасуына қатысады. Фосфор қосылыстары нерв жүйесі мен ми тіні қызметіне, бұлшықет пен бауырға әсері зор. Фосфор сіңімділігі тағам рационындағы белок, май, көмірсу, кальций мөлшеріне байланысты. Егер белок жеткіліксіз болса, фосфорға деген мұқтаждық күрт артады. Тағамдағы кальций мен фосфор үйлесімділігі 1:1,5. Кальцийге қарағанда фосфор жақсы сіңеді. Өйткені оның фитин қышқылымен байланысы сіңімділігін төмендетеді.
Фосфор көздері: сүт өнімдері, балық, жұмыртқа;
сырда – 600 мг; үрмебұршақ – 504 мг;
жұмыртқа сарыуызында – 470 мг;
Адамның тамақтануында микроэлементтердің маңызы
Мырыш
Мырыш- маңызды микроэлементтерге жатады, оның бойдың қалыпты өсуіне, өсу үстіндегі ағзаның дамуы мен жыныстық жетілуіне, репродуктивті жүйе мен төтемелікті қолдауда, қан өндірімі мен тіндік өң біту үрдістерін қамтамасыз етуде тікелей әсері бар. Мырыш дәм және иіс сезу рецепторларының қызметі үшін де қажет.
Мырыш ағзада барлық тіндер мен сұйықтықтарда болады. Бағалауларға сай ағзадағы мырыштың мөлшері - 30 ммоль (2 г). Бұлшық етте ағзадағы мырыштың 60% шоғырланған, ал сүйектегі мөлшері - 1.5-3 ммоль/г (100-200 мг/г) - 30% таяу. Аз салмақты денеде мырыштың мөлшері шамамен - 0.46 ммоль/г (30 мг/г). Мырыш қан сарысуында тез алмасатындықтан онда минералдың жалпы көлемінің 0,l% ғана болады. Бұл деңгей гомеостатикалық бақылауда болуы керек. Мырыштың жоғары мөлшері көздің тамырлы қабығында (4,2 ммоль/г или 274 мг/г) және қуық асты безінде (4,6-7,7 ммоль/л или 300-500 мг/л) шоғырланған [1].
Мырыш көмірсулардың, майлардың, нуклеин қышқылының түзілуі мен ыдырауында қатысатын 300 ферменттердің маңызды құрамбөлігі, әрі басқа да микронутриенттердің алмасуына қатысады. Мырыш жасушаның құрамбөліктері мен жарғақшаларының молекулалық құрылымын тұрақтандырып, жасушалар мен мүшелердің тұтастығын қолдауға үлес қосады. Мырыш полинуклеотидтердің түзілуі мен генетиклық айқындалу үрдісінде маңызды роль атқарады. Осындай негіздік әрекеттерге қатыстығы мырыштың тіршіліктің барлық саласында алмастырылмайтындығын білдіреді. Мырыш төтемеліктің жасушалық және гуморальдық жағына әсер етуімен төтемелік жүйеде орталық роль атқарады.
Адамдардағы ауыр мырыш тапшылығының клиникалық ерекшеліктері бойдың өсуінің, жыныстық денсаулық пен сүйектің жетілуінің кешеуілдеуімен, терінің зақымдануымен, іш өтумен, шаштың мол түсуімен, тәбеттің төмендеуімен, төтемелік жүйедегі ақауларға байланысты жұқпаларға бейімдікпен, мінез-құлықтың өзгеруімен сипатталады. Мырыштың тапшылығының жеңіл түрі мен шегіне таяу жағдайлардағы әсері аса айқын емес. Адамдардағы мырыш жеткіліксіздігінің жеңіл түрі бойдың өсуі мен төтемелік қорғаныстың нашарлауынан білінеді.
Мырыштың тағамдық көздері
Адам мырышты негізінен тағаммен алады. Мырыш әсіресе, теңіз өнімдерінде (устрицаларда, моллюскілерде, майшабақтарда), сиыр етінде, сорпалық өнімдерде, сыра ашытқысында, бидай дәнінде, асқабақ тұқымында, қаражидекте, т.б. көп мөлшерде болады. Мырыштың биомүмкінділігі жоғары болуы үшін А және В6 дәрумендері қажет, ал тежеуіштері – мыс, марганец, темір және кальцийдің көп мөлшері.
Селен
Селеннің биологиялық ролі туралы айтылғанда, оған тән қасиеттер анық көрінеді.
Селен – көптеген гормондар мен ферменттердің құрамына кіретін биологиялық белсенді микроэлемент болғандықтан, адамның барлық мүшелері мен жүйелерімен байланысты. Селеннің электрофизикалық қасиеттері – табиғаттың оған тұқым қуалау қызметінің бір бөлігін артуы. Оның ағзаға басқа микроэлементтермен бірге түсуі ағзаның қалыпты қызмет атқаруы үшін қажет. Ұрпақ әкелу, даму, қартаю – бұл табиғаттың селенге артқан тұқым қуалау жөніндегі қызметтері, селен бұл үрдістердің бәрінде қатысады.
Бос, сілтілік, ауаны жақсы өткізетін топырақта селен жақсы еритін, өсімдіктермен жақсы сіңірілетін селенаттар түрінде болады. Қышқыл, батпақты топырақта селен аз еритін, төмен биомүмкіндікті кешендер түрінде болады.
Ерлердің селенге қажеттілігі әйелдердегіден гөрі жоғары, ал жүктілік пен бала емізу (әсіресе, босанғаннан кейінгі 7-12 айда) кезеңінде бұл микроэлементке қажеттілік едәуір артады. Ал кейбір авторлардың айтуынша, ересек адамның селенді тұтынуы әр геохимиялық өңірде әр түрлі, 11 - 5000 мкг/күн шамасының арасында өзгереді, ал оны тұтынудың ең төмен қауіпсіз деңгейі күніне - 20-40 мг.
Селеннің тағамдық көздері.
Селен барлық дерлік тағам өнімдерінде болады, ал көп көлемі кокоста, пістеде, шошқа майында, сарымсақта, теңіз өнімдері мен астық дақылдарында кездеседі. Зәйтүн майында, сыра ашытқысында, бұршақ тұқымдастарда, зәйтүн жемістерінде де мөлшері мол. Астық дақылдары - Қазақстан халқының басым көпшілігі үшін селеннің негізгі тағамдық көзі.
Е дәрумені селеннің сіңуіне әсері бар.
Физиологиялық деңгейде селеннің негізгі қызметтері:
ü Бұлшық еттердің қалыпты қызметтік жағдайы;
ü Төтемелік сәйкес жауап;
ü сперматогенез;
ü эндрокиндік қалыпты қызмет (қалқанша, ұйқы және жыныстық бездер);
ü ісікке қарсы механизмдер;
ü сәулеге қарсы механизмдер.
Селеннің тапшылығы - эндемиялық аудандардағы балалар мен жасөспірімдерде пайда болатын қос ерекше әйгіленімдер кешенінің дамуының негізгі этиологиялық ықпалы: Кешан ауруы (жасөспірімдік кардиомиопатия) мен Кашин-Бек ауруы (эпизифарлық және буындық шеміршектің остеоартропатиясы).
Селеннің тапшылығы жүрек-қантамыр дерттері мен қатерлі ісіктердің дамуының қауіпті ықпалдарының бірі саналады. Шашыраңқы склероз бен түрлі миопатияларды селеннің тапшылығымен байланыстырған пікірлер бар.
Марганец. Бұл микроэлемент бауырда, бүйректе, ұйқы безі және бас миында болады. Марганец майлар мен көмірсулардың алмасуына, сүйек және дәнекер тінінің түзілуіне, өсу мен өрбітудің қалыпты қызметіне қатысады. Марганец әртүрлі ферменттердің активаторы болып табылады.
Марганецтің жеткіліксіз түсуінен жүрек айну, құсу, дене салмағының және қандағы холестерин деңгейінің төмендеуі болады. Ересек адам үшін бұл микроэлементтің тәуліктік қажеттілігі 3—5 мг. Жармалар, бұршақ тұқымдастар және жаңғақтарда марганецтің мөлшері жоғары. Кофе мен шайда марганецке бай.
Хром. Сүйек, бұлшық ет, эпителий тіндерінде жоғары концентрациясы кездеседі. Жас ұлғайған сайын организмдегі мөлшері азаяды. Хром ащы ішекте сіңіріледі. Хром организмде екі түрде кездеседі: үшвалентті және алтывалентті. Үшвалентті хром өте маңызды физиологиялық рөл атқарады. Хром май және көмірсулар алмасуын реттеуге қатысады, қандағы холестерин деңгейін азайтады. Хром глюкозаға деген толеранттылық дұрыс ұстауына қатысады, ол егде жастағы және қант диабетімен ауыратын науқастарда маңызды рөл атқарады. Хромның организмге жеткіліксіз түсуінен перифериялық нейропатия дамиды. Ересек адам үшін хромның тәуліктік қажеттілігі 150—200 мкг. Хром азық түліктерде аз мөлшерде кездеседі. Сиырдың бауыры, құс еті, бұршақ тұқымдастар және жармалардың құрамында бұл микроэлементтің максималды мөлшері кездеседі.
Фтор өте маңызды микроэлемент болып табылады. Максимальды мөлшері тісте және дәнекер тінінде кездеседі. Фтор организмге түскенде тез сіңірледі (хлоридтерге ұқсас). Фтор сүйек тінінің түзілуінде және тіс тінінің дентинасы және эмалдың түзілуіне қатысады. Бұл микроэлементтің организмге жеткіліксіз түсуі кезінде остеопороз және кариес дамиды. Ересек адам үшін фтордың тәуліктік қажеттілігі 3-5 мг. Организмге фтордың артық түсуінен флюороз дамиды. Ол тіс эмалінің қараюымен байқалады. Организм үшін фтордың көзі су болып табылады. Суда фтордың жеткіліксіздігі болса - суды фторлау қажет, ал артық болуында – дефторлау байқалады. Фтор көп мөлшерде балық, бауыр, жаңғақ, қой еті және сұлы жармасында кездеседі.
БИОМИКРОЭЛЕМЕНТТЕР
ТЕМІР ролі: қан түзуге, қан құрамын қалыптандыруға, тотығу-тотықсыздану реакциясына қатысып, тіндік тыныс алу процесін жылдамдатады.
Темір жеткіліксіз түссе анемия дамиды. Темір организмде жинала алады, ал балаларда темір қоры шектелген.