Маңызды эпизоотологиялық мәліметтер және жұғу көздері.
Жұғу жиі аэрогенді жолмен өтеді. Сонымен қатар сүтпен, азықпен, сумен – ауыз арқылы жұғу мүмкіндігі бар. Кіндік арқылы
жұғу ерекшк сирек байқалады. Індеттің таралуының негізгі қоймасы және көзі ауру жануар болып табылады, ол сыртқы ортаға қоздырғышты мұрын шырышымен, зәрмен және ағзанның басқа да экскреттерімен көп бөлінеді. Көбінесе сүттік бұзаулар ауырады. Ауру жылдың кез келген мезгілінде пайда болуы мүмкін және жиі жекеленген кездейсоқ пайда болатын споралы жағдайлар түрінде өтеді, сирек энзоотияға өтеді. Бұзауларды азықтандырудың, күтімнің және бағудың жағдайы үлкен маңызға ие, себебі ағза резистенттігінің әлсіреуі диплококктық індеттің пайда болуына және оның таралуына мүмкіндік туғызады.
Аурудың өтуі:
Жасырын кезең бірнеше күнге созылады. Кейбір жағдайларда ауру барынша жіті өтіп, 1 – 2 күннен кейін өліммен аяқталады. Созылмалы жағдайларда ауру апталап жалғасады және ересек бұзауларда жиі жазылуымен аяқталады.
Маңызды клиникалық белгілер:
Температураның 40 – 42ºC-қа дейін жоғарлауы, конъюнктивит, жабырқаңқылық, сүттен бас тарту, кейбір жағдайларда ішектің ішектің бұзылуы пайда болуы мүмкін: күшейген перистальтика, іш өту. Бірақ іш өту диплококктық індеттің әдеттегі белгісі болып табылмайды. Жіті жағдайларда ауру белгілері тек жалпы қалтырау көріністерімен шектеледі. Жітілеу жағдайларда оларға артриттер қосылады: буындар ісінеді, ыстық болады, ауырсынады, буындардың қабынуы қатты ақсаумен бірге жүреді. Жиі секіретін буындар, сирек жіліншік тізе, шынтақ буындары ауырады. Көбінесе қабыну көріністері бір аумағында жоғалып келесіде пайда болады. Жітілеу және созылмалы жағдайларда сірлі – клегейлі ринит, басында құрғақ және сирек, кейіннен жиі және ауырсынатын жөтел пайда болады. Тыңдағанда сырыл және бронхтық тыныс алу, перкуссиялағанда – мұқалу ошақтары естіледі. Бізде бар мәліметтер бойынша, диплококктық індет кезінде аурулардың 25% көбісінде пневмония кездеседі. Пневмониямен байланысты созылмалы өту ересек бұзауларда байқалады; ауру бұл кезде зиянсыз өтеді, жиі сауығумен аяқталады.
Маңызды патологоанатомиялық белгілер:
Диплококтың індеті жіті өткенде өлексе әдетте арықтамаған. Көрінетін клегей қабықтары қан талаған немесе циондалған. Егер буындардың зақымдануы бар болса буын қапшығын тілгенде азғана мөлшерде фибринозды жіпшелермен және жұқа қабықпен
араласқан сарылау немесе сары – қызыл мөлдір эксудатты табамыз. Көкірекперделі қуыста өкпелік және қабырғалық көкірекпердеде сары – қызыл эксудат және фибринозды байламдар болуы мүмкін. Фибринозды жұқа қабықшаларды алғанда көкірекперденің кедір – бұдырлы гиперимияланған аумақтары көрінеді, жиі бұл жерде қан құйылударды байқауға болады. Жіті жағдайларда өкпелік ұлпа қалыпты немесе ісінген: жітілеу немесе созылмалы жағдайларда пневмонияны байқауға болады. Әдетте өкпенің алдынғы және ортаңғы бөліктері зақымданады. Олар ұйқы безінің консистенциясына дейін тығыздалған, қара – қызыл немесе сұр – қызыл түсті. Осындай ошақшалардың болуы зақымданған бөліктерге дөңесті түр және шұбар түс береді. Трахея мен бронхылардың клегейлі қабықтары гиперемияланған, кей жерлер клегейлі – іріңді эксудатпен жабылған. Аралық перденің лимфа түйіндері ұлғайған. Көк бауырға тән белгі: ол қызыл – қошқыл – қара түсті, кенет ұлғайған. Капсула ширыққан, шеті дөңгелектенген. Капсуланың астында нүктелі және дақты қан талаған. Тамырлар капсуланың астынан тармақтанып қара түсті салмақтана шығады. Көк бауыр өте тығыз және консистенциясы бойынша каучукты еске түсіреді. Жұмыршақ пен ішектің клегейлі қабығы катаралды қабыну жағдайында: клегейлі қабығы кейбір жерде гиперемияланған, аздап ісінген, жабысқақ клегеймен жабылған қан құйылулар байқалады.
Диагноз қойғанда неге көңіл бөлу қажет:
Эпизоотологиялық мәліметтер – сирек кездесуі споралық немесе сирек жағдайда аурудың эпизоотологиялық диагноз қойғанда ескерілуі қажет. Диплококтың індеттің септикалық, жіті түрлерін тірі кезде клиникалық балау едәуір қиын іс болып табылады. Мұнда ауру малдың 3 – 5 мл қанын 100 мл сарысулық сорпаға себу маңызды қызмет атқарады. Аурудың алғашқы күндері ауру бұзаудың қанында барлық уақытта дерлік диплококктар болады, оларды қан себіндісінен табамыз. Жітілеу және созылмалы жағдайларда ұстамалы артриттер аурудың нақты өтуіне кейбір нұсқаулар бере алады. Диагностикалық маңызға сондай – ақ сульфамидті препараттармен және пиницилинмен ойдағыдай емдеуге ие, өйткені бұл дәрілер диплококктық індет кезіне тән. Созылмалы жағдайларда созылмалы қылаудан ажыратып балау, қылауды ажырату антигенмен агглютинация реакциясының көмегімен жеңілдетілуі мүмкін.
Геморрагиялық диатездің (көптеген қан құйылулар) «каучукты» көк бауырмен үлесе көрінуі патологоанатомиялық маңызға ие. Көк бауырдың осындай өзгерістері бұзаудың өзге ауруларында байқалмайды. Егер қылауда көкбауырдың ұлғаюы кездесетін болса, онда оның консистенциясы диплококктық септицемия кезіндегідей «каучуктық» тығыздықта ешқашан болмайды. Геморрагиялық септицемияда (пастереллез) дәл осындай «каучукты» көк бауыр болмайды. Дұрыс балау үшін өлгеннен кейінгі өлексенің мүшелерін бактериологиялық зерттеу және керек десеңіз көк бауырдан жағындыларды микроскопиялау өте маңызды.