Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стафилококтарды дифференциациялау белгілері




 

Қасиеттері Зардапты Зардапты емес
Гемолитикалық + -  
Желатинді ыдырату + -  
Маниттің ферментациялануы + -  
Плазмокоагуляция + -  
Дермонекротикалық + -  
Лейкоцидиннің түзілуі + -  
Гиалуронидазаның түзілуі + -  
Фибринолизиннің түзілуі + -  
Трегалозаның ферментациясы + -  
а - токсин + -  
Пигменттерді түзу Көбінесе Көбінесе ақ
  алтын сияқты немесе лимонды
    сары  

 

 

Зардапты стафилококтар дифференциациялағанда 22 типті бактериофагтардың жиынтығымен стафилококтарды фаготиптейді пайдаланады, олар лизистық туыстығы бойынша төрт топқа


 


бөлінеді. Фаготиптеудің көмегімен әр түрлі көздерден бөлінген стафилококктарды идентификациялауға болады.

 

Иммунитет. Стафилококтык індеттерде иммунитет көбінесеантитоксикалық болып келеді. Стафилококтық індетімен ауырып жазылған жануарлардың қанында антитоксиндер жиналады, ол организмнің қайтадан ауруына төзімділігін арттыруға себепкер болады. Жануарлар қанында антитоксиндердің табылуы стафилококтарға иммунитеттің күштілігін көрсетеді.

 

Биопрепараттар. Стафилококтармен шақырылатынаурулардың профилактикасы бірнеше бағыттан тұрады. Оларға індет көзімен күрес шаралары, таратушыларды белсенді табу және емдеу. Індеттің көзі болып тек қана іріңді – қабынған процесті жануарлар ғана емес, таратушылар да болып табылады, оларды емдеу әбден қиынға соғады.

 

Стафилококтық індеттермен күресте биопрепарат ретінде стафилококтық антивирус және анатоксин, аутовакцинаны қолданады.

 

Аутовакцина 1–1,5 сағат 70 – 75ºC температурада жылытылған ауру жануардың мүшелерінен бөлінген агарлы өсіндінің шайындысы болып табылады. Аутовакцинаны негізінен шоқтықтың іріңді бурситтерін және өзге де ұзаққа созылған процестерді емдеу үшін ұсынады. Вакцинаны үдемелі дозаларда 5 – 7 күн аралықпен тері астына егеді.

 

Стафилококтың 2 – 3 апталық сорпалық өсіндісінің сүзбесі стафилококтық антивирусты және стафилококтық бактериофагтың қоспасы жергілікті іріңді – қабыну процестерін: абсцесс, іріңді коньюктивит, іріңді жарақаттарды (суландыру, таңғыштар, тампондар) емдеуге қолданылады.

 

Стафилококтық анатоксинді 0,3 – 0,5% -ті формалинмен 7 – 28 тәулік бойы әсер ету жолымен алады. Препаратты терінің стафилококктық зақымдануларын және фурункулездің алдын алу үшін, стафилококктық маститті емдеуге қолданады.

 

Емдеу. Стафилококктық этиологиялы–септикалық жарақаттыіндетті, абсцесстер, флегмоналар, дерматит, стафилококтық мастит сияқты әр түрлі ауруларды емдеу үшін кең спектрде әсер етуші антибиотиктер (тетрациклин, террамицин, новобицин, хлорамфеникол, эритромецин), сонымен қатар сульфаниламидтік және нитрофурандық препараттарды пайдаланады.


 


 

 

85 сурет. Staphylococcusaureus таза өсіндіде. Грам бойынша боялған.

 

 

86 сурет. S.aureus-тің сарыуыз-тұзды агарда өскен тізбектері (тізбектердің айналасында стафилококтың лецитовителлаза ферментінің әсерінен аймақтің пайда болуы)

 

 

87 сурет. S.aureus-тің қанды агарда өсуі (тізбектердің айналасында гемолиз аймағы)

 






Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1140 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2217 - | 2050 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.