Зерттеуге арналған материалдар: жас өлексе немесежекеленген паренхиматозды мүшелер немесе жарылмаған консервіленген түрдегі (30% глицерин ерітіндісі) немесе балауса буындар (зақымданған).
Зерттеу тәртібі: жағындыларды микроскопиялау;патологиялық материалдан қоректік орталарға себінді жасау; бөлінген өсінділерді зертханалық жануарларға сынау.
Қоздырушының морфологиясы және биологиясы. Қысқастрептококк (3 – 5 мүшесі бар), ең жиі зақымданған буынның эксудатында кездеседі. Кейде жұп болып орналасады. Кәдімгі анелин бояуларымен жақсы боялады, грам бойынша оң. Қанды (сарысулы) және глюкозалы орталарда (агар және сорпа, pH=7,4 – 7,6) жақсы өседі. Қанды агарда гемолиз түзеді (кейде әлсіз). Қатты орталарда ұсақ дөңгелек тізбектер түрінде өседі, ЕПС-да тұнба түзіледі, ал кейбір штаммдар ортаның бұлдырлануынсыз мақталық тұнба түзеді. Желатинаны сұйылтпайды, сүтті ұйытады. Зертханалық жануарлардан ең бейімі ақ тышқандар, сонымен қатар қояндар.
Балауды клиникалық мәліметтердің және бактериологиялық зерттеу нәтижелерінің негізінде қойады.
Маңызды індеттанулық мәліметтер және жұғу көздері:
Құлындардың жұқтыру әдетте өмірінің алғашқы күндері кіндік арқылы өтеді, ол әлі құрғамаған және дұрысында ашық жарақат болып саналады. Бұл мерзімде құлын жерге жатқанда кіндігі лас төсеніштен жұқтыруы мүмкін; туу кезінде көмектесетін қызмет көтсетушілердің қолымен ластануы мүмкін. Сирек жағдайларда
жатыр ішінде жұғуы мүмкін. Жұқтыруға айтарлықтай құлынның әлсіздігі, жетілмегендігі, енесінде сүттің жетіспеушілігі, ат қорадағы ылғалдылық пен былғаныш, өйткені осының бәрі құлын ағзасынан резистенттілігін әлсіретіп аурудың пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Аурудың өтуі:
Құлынның суставоломасының өтуі, ережеге сәкес жіті. Індет бірнеше күнге созылады, сирек 1 – 2 аптаға және антибиотиктермен емдеусіз көптеген жағдайда жануардың өлімімен аяқталады.
Маңызды клиникалық белгілер:
Аурудың бірінші белгілерінің бірі болып кіндіктің іріңді қабынуы қызмет етеді. Ол ісінеді, ауырсынады және тығыз болады. Кіндік қанатынан басқан кезде ірің бөлінеді. Бір мезгілде буындар қабынады. Олар ісінеді, ыстық болады, ауырсынады, қатты ақсау байқалады. Буынның қатты ауырсуыны құлынды көп жатуға мәжбүрлейді. Бұл жергілікті белгілер септикалық көріністермен өтеді. Жоғары қызба, жабырқанқылық, әлсіздік, сүт емуден бас тарту, клегей қабықтарының геперемиясы, жиіленген тыныс алу, жиі және әлсіз пульс байқалады. Кейде осының бәріне іш өту қосылып, мал тез арықтап өлімге ұшырайды. Кейбір жағдайларда ауырсыну көріністері басылып, құлын ақырын оңалады, бірақ жиі жақсару тек уақытша болады, ауру қайтадан қайталанады; басқа буындар зақымданады, пневмония пайда болады. Бұл кезде жөтел, мұрыннан клегейлі іріңді ағу пайда болады, тыныс алу жиілеп қиындайды. Тыңдағанда сырыл естіледі: температура қайтадан көтеріледі. өкпе асқынады, сондай – ақ болжағанда жағымсыз, өйткені көпшілік жағдайда мал өледі.
Маңызды патологоанатомиялық белгілер:
Кіндік қанаты ісінген, тығыз, іріңді фокустармен өтіп кеткен. Кіндік тамырлары кеңейген, олардың қабырғалары ісікті – іркілген, ал тамырдағы қан тромбтары бірен – саран немесе толықтай іріңге айналған. Іріңді үрдістің кіндік сақинасынан іш пердеге өтудің кейбір жағдайларында, құрсақ қуысында сірі - фибринозды немесе іріңді – фибринозды экссудат табуға болады, ішперденің сірлі беті бұлыңғыр, қан талаулар бар, фибринозды түктермен және жұқа қабықтармен жабылған, фибринозды дәнекер ішек ілектерін жабыстырады. Паренхиматозды мүшелер ақуызды майлы дегенерация жағдайында. Сірлі жабындылар астында – бүйрек, көк бауыр капсуласы астында, сонымен қатар эпикард, эндокард
астында көптеген қан талаулар байқалады. Бауырда, өкпеде, сирек бүйректе, көк бауырда және өзге мүшелерде метастатикалық іріңдіктер болады. Ішектің клегей қабықтарының кейбір жерлерінде ісінген, гиперемияланған, қан талаулар бар, әсіресе бүктесіндер де байқалады. Қабынған буынды айнала қоршаған дәнекер ұлпалық клетчатка іркілген. Буын капсуласында іріңді фибринозды экссудаттың мөлшері болады. Буын қапшығы жуандаған. Буын беткейлерінің кейбір жерлері бұлыңғыр, кедір – бұдырлы.
Диагноз қойғанда неге көңіл аудару қажет:
Балау негізінен клиникалық, патологоанатомиялық мәліметтермен және бактериологиялық зерттеулердің нәтижесімен негізделеді. Жаңа туғандарда кіндік баудың ісінуі, буындардың зақымдануы, ақсау, жоғары температура, жабырқау, және созылған жағдайларда жөтел, ал сойып қарағанда паренхиматозды мүшелерде метастатикалық абсцесстер, кейде перитонит – барлығы суставоломаға тән. Бірақ та, осы белгілер әрқашан толық көріне бермейді, кейбіреулері болмауы мүмкін, мысалы буындардың қабынуы, метастатикалық абсцесстер, перитонит және бұндай жағдайларда шешуші роль бактериологиялық зерттеуге қатысты. Ажыратып балағанда қылауды еске алған жөн. Қылау әдетте кіндіктің іріңді қабынуымен өтпейді. Қылаумен тек жаңа туған құлындар ғана емес, сонымен бірге ересек жастағылар да 6-айға дейінгі және одан үлкендері ауырады. Соңында құлындардың арасында қылаудың пайда болуы әдетте биелердің қылаулық абортымен байланысты. Күдікті жағдайларда диагнозды өлексені бактериологиялық зерттеу немесе қан сарысуын қылау антигенімен серологиялық зерттеу шешеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Стрептококтардың морфологиялық және тинкториалдық қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
2. Стрептококтардың жіктелуі.
3. Стрептококтарды өсіру үшін қандай қоректік орталар және қандай жағдай қажет.
4. Стрептококтардың негізгі патогенді факторлары қандай?
5. Стрептококтар малда қандай аурулар тудыраты?
6. Жылқының сақау ауруын қандай қоздырушы тудырады?
7. Сақау қандай формада өтеді? Клиникалық белгілері қандай?
8. Диплококкозға қандай жануар бейім?
9. Диплококкоздің патогенезі және негізгі клиникалық белгілері?
9. Стрептококктар тудыратын аурулардың бактериологиялық диагностикасы?
10. Бактериологиялық зерттеуге қандай патологиялық материал алынады?
88 сурет. Streptococcuspyogenes (метилен көгімен боялған)
89 сурет. Сақау стрептококтары (іріңде, Романовский – Гимза бойынша боялған)
90 сурет. Стрептококктардың тізбектері (қанды агардағы гемолиз)
91 сурет. Diplococcuspneumonia (Грам әдісімен боялған)