Китт-Тароцци ортасын даярлау (анаэробты бактериялар өсіруүшін).
1) Ірі қара мал немесе жылқының бауырын көлемі 1-1,5 г болатындай бөліктерге турап, кеседі, оған 1:3 қатынасында ЕПС қосылады.
2) 30 мин қайнатқаннан кейін осы бауыр бөліктері қосылған ЕПБС-ын қағаздан жасалған сүзгішпен сүзіп, рН-ын анықтайды (ол 7,4-7,6 болу керек).
3) Сүзіліп алынған бауыр бөліктерін сумен шайып, сүзгіш қағаз арқылы құрғатады.
4) Стерильді пробиркаларға бауырдың бірнеше құрғатылған бөліктерін қайтадан салып, әр пробиркаға жоғарыдағы сүзіліп, мөлдірленген ЕПБС-нан 8-10 мл қосады. Оның бетіне қалыңдығы 1
см болатындай етіп вазелин майын құйған соң автоклавтан өткізеді (0,5 атм қысымда 30 мин).
Ет-пептонды желатин (ЕПЖ). ЕПС-ға10-20℅желатинқосады, ерітеді және ыстық күйінде ортаның реакциясын келтіріп алады, мақталы-дәкелі сүзгіден сүзіп, стерилденген пробиркаларға құйылып залалсыздандырылады.
Қантты (глюкозалы) ЕПС. Кәдімгі ЕПС-ға1-2℅глюкозанықосады. Залалсыздандырылған пробиркалар мен колбаларға құйып 0,5 атм 20минут автоклавтан өткізеді.
Қантты ЕПА. Еріген және ыстығы басылған ЕПА-ға1-2℅глюкозаны қосады, ыстық күйде құйып, глюкозалы ЕПС секілді залалсыздандырады.
Қан сарысулы ЕПС және қан сарысулы ЕПА. Жылқының
(қойдың, қоянның) қанынан стерильді қан сарысуы асептикалық түрде стерильді колбадағы ЕПС-ға 5-10℅ қосылады. Сосын стерильді пробиркаларға құйылады, егер қан сарысуын осындай мөлшерде еріген және салқындатылған 50-45○С ЕПА-ға құйсақ, онда қан сарысулы агар аламыз. Агарды Петри аяқшасына немесе пробиркаларға құяды.
Қан сарысуын алу. Ірі малдан қанды әйнек цилиндргеасептикалық түрде алады. Цилиндр де колба секілді (құрастырылады) монтаждалады. Мөлдір қан сарысуын алу үшін қанды таңертең малды азықтандырғанға дейін алады. Қан ыдыстың қабырғасына құйылғанда көбіксіз болуы керек. Қанды алып болған соң, цилиндрді эритроциттер тұнғанша 30-60 минутқа термостатқа қояды, сосын цилиндрдің тығынын мақталы-дәкелі тығынмен ауыстырады. Егер жиналған қан ыдыс қабырғасына жабысса, онда стерильді әйнек таяқшамен түсіреді.
Қан сарысуы тұнуы үшін тоңазытқышқа ұстайды. Таңертең қансарысуын стерильді 5-10 мл-лік түтікшемен сорып алады, оған эритроциттердің тұнғаны немесе қанның қоюлығы тимес үшін резеңкелі грушаны немесе әйнек мүштікті резеңкелі түтік қолданылады. Егер қансарысуын бөліп алу ақырын жүрсе, оны келесі күні қайтадан сорады.
Қансарысуының қызыл түсін (эритроциттер қоспасы) 10-15 минут аралығында 2000-3000 об/мин. айналдырады. Барлық қансарысуын «СФ» сүзгі табақшаларынан Зейтца аппаратымен сүзіліп залалсыздандырылады, стерильді түрде пробиркаларға 10 мл-ден құйылып, резеңкелі тығынмен жабылып және қағазбен
байланады. Осы түрінде 2-4○С қансарысуын ұзақ уақытқа сақтауға болады.
Қанды ЕПА. Жылқының(немесе қойдың)стерильді фибринненажыратылған қанын алып еріген және ыстығы басылған ЕПА-ға қосады, оны колбаны ақырындап айналдырып араластырады, сосын стерильді Петри аяқшасына құяды (сурет 39). Агарды суытып, қатырған соң, аяқшаның түбін жоғары қаратып термостатқа кебу үшін қояды. Фибриннен ажыратылған қан алу үшін стерильді әйнек (фарфорлы) флаконға (немесе колбаға) моншақ немесе шарик салып күре тамырдан қан алады, ыдысты 15-20 минут ақырындап сілкіп (дөңгелетіп) айналдырады. Фибрин моншаққа тұнады.
Қанды сорпа. Тексерілетін микробқа сорпа сәйкес болу үшінпробиркадағы 5 мл құйылған сорпаға стерильді 2-3 тамшы фибриннен ажыраған қан қосылады және ақырындап араластырылады. Оны суыққа екі аптаға сақтауға болады. Себінді жасар алдында оның гемолизге ұшырамауына тексереді.
Мартен сорпасы және агары. Мартен ортасын даярлау үшіншошқаның қарнын (не ірі қараның жүмыршақ қарны немесе ұлтабар) қайнатып қолданады. Қарынды майдан, шандырдан ажыратып ет тартқыштан өткізіп 1:4 ара қатынаста су құйып, жалпы көлеміне қарай 1℅ тұз қышқылын қосады. Қоспаны 50○С тәулікке ұстайды, 20℅ NaОН ерітіндісін сілтілі ортаға дейін бейтараптайды (лакмус қағазы көгереді), 120○С 15 минут автоклавтан өткізеді. Сосын алынған қайнаған ет сорпасымен теңдей қосылыста араластырып, 10 минут қайнатып, 20℅ NaОН-пен рН-7,9 дейін сілтілейді, сосын қағаз сүзгімен сүзіп, пробирка, колбаға құйып 0,5 атм 30 минут залалсыздандырады. Қатты орта даярлау үшін алынған Мартен сорпасына 2-3℅ агар қосып, рН анықтап, сүзіп, кәдімгі ЕПА секілді 0,5 атм 30 минут залалсыздандырады.
Хоттингер (піскен) сорпасы. Оны ет қалдықтарының үш реткісудағы иондарға ыдырауы жолымен дайындайды. Май, шандыр, сіңірді ұсақ етіп турап, қайнаған суды1:2 есебінде құйып, қайнатып 45○С суытып, панкреатин (ұйкы без ферменті) қосып, рН 7,8-8,0 дейін натрийдің көмірқышқылы ерітіндісімен сілтілейді де, 1л-ге 10 мл хлороформ қосады да тығыз жауып, жылы жерде 10 күн ұстайды, сөйтіп судағы иондарға ыдыраған азықты алады. Тұз қышқылы рН-5,5 дейін қосылады. Хоттингер сорпасын даярлау үшін 100-200 мл алынған сорпаға 1 л су құйып қайнатады, сілтілейді, сүзеді, сөйтіп
пробиркаға құйып автоклавтан өткізеді. 2℅ агар қосады, сонда орта қатып, ары қарай кәдімгі ЕПА секілді дайындалады.