Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кесте – Атом станциясындағы қызметкерлерлердің 1 жылда алатын дозалық шектері




Нормаланған шамалар Дозалық шектер
персонал (А тобы) халық
Эффективті доза 5 жыл ішіндегі жылына 20 мЗв, бірақ жылына 50 мЗв-тен аспауы қажет. 5 жыл ішіндегі жылына 1мЗв, бірақ жылына 5 мЗв-тен аспауы қажет
1 жылда көз шынысындағы эквивалентті доза 150 мЗв 15 мЗв
Терідегі 500 мЗв 50 мЗв
қол сүйегі мен табандағы 500 мЗв 50 мЗв

 

Зиянды заттар концентрациясы, оның ішінде химиялық қосылыстардың зияндылығы бәрімізге мәлім. Бұл өндіріс орнында бұл зиянды қосылыстардың келесідей түрлері кездесуі мүмкін.

Бром қосылыстары өте улы. Ауадағы концентрациясы 0,001 % болғанның өзінде сілекейлі қабықшалардың тітіркенуі, бас айналу, мұрыннан қан кету байқалады. Ал жоғары концентрацияда тыныс алу жолдарының тарылуы, тұншығу сияқты белгілер болуы мүмкін. Профпатолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, офтальмолог, аллерголог сияқты дәрігерлерден жылына 1 рет медициналық тексеруден өту қажет. Себебі бұл қосылыстардың әсерінен жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары, дистрофикалық бұзылулар, көздің созылмалы аурулары тууы мүмкін. Бериллий қосылыстары да улы болып табылады. Ұшқыш бериллий қосылыстары, соның ішінде шаңдарының улылығы жоғары. Бериллийдің анық көрінетін аллергиялық және канцерогенді әсері бар. Құрамында бериллий бар атмосфералық ауамен жұтыну тыныс алу органдарының ауруы – бериллиозға шалдықтыруы мүмкін. Сонымен қатар аллергиялық аурулар, гиперпластитті ларингит ауруына, жоғары тыныс алу жолдарының дистрофикалық ауруларына әкелуі мүмкін. Кремний қосылыстары, оның ішінде кремний диоксиді жалпы жағдайда шаң пайда болуына қолайлы жағдай жасайтын бионертті қатты зат болып табылады. Кремний диоксидінің зиянды әсері өкпе ұлпаларына жиналған заттарға негізделіп, ауыр кәсіби ауруға – силикозға әкеліп соғуы мүмкін. Жүйелі түрде кремний диоксидімен жұмыс істейтін адамдар жеке қорғаныс құралдарын қолданған жағдайда да, сілекейлі қабықшада әр түрлі процестер болуы мүмкін. Бұл қосылыстар шекті рұқсат етілген концентрациядан асатын болса, келесідей аурулар тудыруы мүмкін: жоғары тыныс алу жолдарының дистрофикалық, аллергиялық аурулары, өкпе-бронх жүйелерінің созылмалы аурулары, терінің созылмалы аурулары. Жылына рет келесідей дәрігерлерден медициналық тексерістен өту керек: профпатолог, терапевт, оториноларинголог, невропатолог, аллерголог, дерматовенеролог. Хлор – улы тұншықтырғыш газ. Хлормен жұмыс кезінде газқағар, қолғап, арнайы киім кию қажет. Натрий сульфиті немесе натрий тиосульфатына малынған дәкені де тыныс алу жолдарын қорғау мақсатында қолдануға болады. Профпатолог, терапевт, оториноларинголог, дерматовенеролог, офтальмолог, аллерголог сияқты дәрігерлерден жылына 1 рет медициналық тексеруден өту қажет. Себебі бұл қосылыстардың әсерінен жоғары тыныс алу жолдарының аллергиялық аурулары, дистрофикалық бұзылулар, көздің созылмалы аурулары тууы мүмкін.

Бұл қосылыстардың қасиеттерін атап кеткен себебіміз, атом компаниясында кездесетін зиянды факторлардың басым көпшілігі осы қосылыстардан келеді. Сондықтан бұлар адам ағзасына зиянды әсер келтірмеуі үшін ауадағы концентрациясы нормативтерге сай болуы тиіс.

 

Кесте – Зиянды және қауіпті өндірістік факторларға жүргізілген аттестация қорытындысы

Өндірістегі қолайсыз факторлар Пайдаланылатын стандарт Шекті рұқсат етілген концентрациясы (ШРК) Тексеру нәтижесі
  Кремний қосылыстары СН 245-71 және МЕСТ 12.1.007-76 1 мг/м3 0,5 мг/м3
  Бром қосылыстары СН 245-71 және МЕСТ 12.1.007-76 0,5 мг/м3 0,1мг/м3
  Бериллий қосылыстары СН 245-71 және МЕСТ 12.1.007-76 0,001 мг/м³ 0,001 мг/м³
  Хлор (қауіптілігі жоғары) СН 245-71 және МЕСТ 12.1.007-76 1мг/м3 1 мг/м3

 

Өндіріс орнының метереологиялық жағдайымен қатар еңбек жағдайын бағалағанда, еңбек процесінің ауырлығы мен қауырттылығы бағаланды. Келесі кестелерде осы параметрлер бойынша бағалау қорытындылары берілген.

Кесте – Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде еңбек процесінің ауырлығының көрсеткіші бойынша еңбек жағдайын бағалау қорытындылары

Еңбек процесінің ауырлығының көрсеткіші Еңбек жағдайының кластары
Тиімді (жеңіл физикалық жүктеме) Рұқсат етілген (орташа физикалық жүктеме) Зиянды (ауыр еңбек)
1 дәреже 2 дәреже
    3,1 3,2
Физикалық динамикалық жүктеме (ауысым ішінде сыртқы механикалық жұмыстың бірлігі, кг*м)
Аумақтық жүктеме кезінде 1 м-ге дейінгі қашықтыққа жүктің орын ауыстырылуы +      
Жалпы жүктеме кезінде (қол-аяқ, дене қатысымен) +      
1-ден 5 метрге дейінгі аралықта жүктің орын ауыстырылуы +      
5 метрден асатын аралықта жүктің орын ауыстырылуы +      
Қолмен орын ауыстыратын және көтеретін жүктің массасы (кг)
Басқа жұмыспен кезектестіріп жүкті көтеру мен орын ауыстыру (бір реттік) +      
Бір ауысым ішінде тұрақты түрде жүкті көтеру мен орын ауыстыру (бір реттік) +      
Стереотипті жұмыс қимылдары (бір ауысымдағы саны)
Локальді жүктеме кезінде (қолдың шынтаққа дейінгі бөлігі мен саусақтардың күшімен)   +    
Аймақтық жүктеме кезінде (көбінесе иық пен қол бұлшық-еттерінің күшімен) +      
Статикалық жүктеме – жүкті ұстау кезіндегі бір ауысымның статикалық жүктемесінің өлшемі (кгс*с)
Бір қолмен   +    
Екі қолмен   +    
Дене қозғалысы мен аяқтың күшімен   +    
Жұмыс қалпы (поза)
Жұмыс қалпы (поза) +      
Дене қалпының еңкеюі деңгейі
Дене қалпының еңкеюі (30о артық еңкеюге мәжбүрлік) +      
Технологиялық процеспен байланысты кеңістікте орын ауыстыру, км
Көлбеуінен   +    
Әр кластағы көрсеткіштердің саны        

 

Физикалық күш адамның шаршауы мен қажуына әкеледі. Сондықтан жұмыс процесі кезінде физикалық жүктеменің нормаға сәйкес болуы өте маңызды. Физикалық жүктемелер нормативке сәйкес болмаса, еңбек өнімділігі төмендейді. Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде 5 кестеден көріп отырғанымыздай, еңбек ауырлығына байланысты барлық параметрлер тиімді немесе рұқсат етілген еңбек жағдайына сәйкес. Бұл кестенің толықтай нұсқасын Қосымша Б-дан көруге болады. Нәтижелері бойынша физикалық динамикалық жүктеме ер адамдар үшін 2500 кг*м-ге, ал әйел адамдар үшін 1500 кг*м-ге тең. Бұл тиімді еңбек класына сәйкес. Қолмен орын ауыстыратын және көтеретін жүктің массасы ер адамдар үшін 15 кг-ға, әйел адамдар үшін 5 кг-ға тең. Бұл тиімді еңбек класына сәйкес.

Стереотипті жұмыс қимылдарының локальді жүктемесінің бір ауысымдағы саны 40 000-ға дейін жетеді, ал аймақтық жүктеме кезінде 20 000-ға дейін жетеді. Бұл жағдайда еңбек кластары, сәйкесінше рұқсат етілген және тиімді еңбек кластарына жатқызылды. Статикалық жүктеме – жүкті ұстау кезіндегі бір ауысымның статикалық жүктемесінің өлшемі – бір қолмен, екі қолмен және дене қозғалысы мен аяқ күшімен істелінген жұмыс нормалары рұқсат етілген еңбек класына жатқызылды. Жұмыс қалпы ерікті және ыңғайлы болып есептелді. Қызметкердің қалауы бойынша «отырып-тұру» қалпына сәйкес. Дене қалпының еңкеюі бір ауысымда 50 ретке дейін. Технологиялық процеспен байланысты кеңістікте орын ауыстыру 4 км-ге дейін болуы мүмкін. Нәтижесінде қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде еңбек процесінің ауырлығының көрсеткіші бойынша еңбек жағдайын бағалау қорытындылары рұқсат етілген еңбек жағдайын көрсетті.[4]

 

 

ОРЫТЫНДЫ

 

«Қазатомөнеркәсіп» МАЭК-те қызметкерлерінің еңбек жағдайын тексеру кезінде барлық талаптардың орындалып, қызметкерлердің қолайлы еңбек етуіне жағдайдың жасалғандығы берілген көрсеткіштерден-ақ көрініп тұр. Жыл сайынғы медициналық тексерулер, медицина қызметкерлерінің жоғары дәрежедегі жұмысы, сонымен қатар басшылығының қызметкерлер денсаулығына салғырт қарамауы – бұл өндіріс орнындағы еңбек жағдайын жоғары дәрежеде ұстауының нәтижесі деуге болады.

Дегенмен, кәсіпорындардың сараптама зертханасы мекеменің ішінде болмағаны дұрыс. Себебі бұл жағдайда әділ баға берілмеу мүмкіндігі бар. Мемлекетімізде кәсіби аурулардың тіркелмей, жалпы аурулардың көлеңкесінде қалып қоюының себебі де осы болар. Республикамыздағы кәсіби аурулардың жағдайын басқа мемлекеттермен салыстырған кезде, біздің көрсеткіштердің басқаларға қарағанда әлдеқайда төмен екендігін байқадық. Бұл дамыған мемлекеттердегі еңбек жағдайының бізге қарағанда төмен екендігін білдірмейді. Керісінше, біздің елімізде өндіріс орындарының басшылары өз дәрежесін түсірмеу мақсатында кәсіби ауруларды тіркемей, қызметкерлерді жеңіл жұмысқа ауыстыруынан болады. Себебі дамыған мемлекеттерде, мысалы Финляндияда қызметкер ауырған жағдайда оның жеңілдіктер мен сақтандыру алатынын әрбір қызметкер біледі. Ал біздің республикамыздың жекелеген кәсіпорындарындағы үнемі және тұрақты жалақы алатын жұмысшылар зауытта немесе бұрғылауда қалу үшін барлық күшін салады.

Кәсіби ауруды жасыруға міндетті периодтық тексерулерде көмектеседі. Себебі қазір мекемелерде дәрігерлердің қызметін ақылы түрде пайдаланатын қызметкерлер аз емес. Бұл адамдардың өз уақытын үнемдеген түрі болар. Бірақ бұлай өз денсаулығына немқұрайлы қарап, болашақта ауруға шалдығатын болса, өздерінің жапа шегетіндігін қазір ешкім ойламайды.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 584 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2216 - | 2044 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.