Лекции.Орг


Поиск:




Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау




 

1 «Қазатомпром» МАЭК-тегі қауіпті және зиянды факторларға талдау жасау.

«Қазатомпром» МАЭК-те қауіпті және зиянды факторларға аттестация қорытындылары бойынша сарапту жүргізілді.

Аттестациялауды жүргізу кезінде еңбекті қорғаудың келесідей сұрақтары талқыланды:

− Зиянды және қауіпті факторларды сараптау;

− Еңбектің ауырлығы мен қауырттылығын анықтау;

− Қондырғылар мен құрал-саймандардың қауіпсіздік нормасына сәйкестігін тексеру;

− Жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыздандырылуын бақылау.

Зиянды және қауіпті өндірістік факторларды сараптау еңбек процесіне сай, мемлекеттік реестрге енген арнайы өлшеу қондырғыларымен жүргізілді. Қорытынды нәтижелеріне келетін болсақ, зиянды және қауіпті факторлар деңгейі өлшеніп, өлшеу нәтижелері төмендегі кестелерде берілген.

 

Кесте – Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде (Iб) еңбек жағдай ын бақылау нәтижелері

Жұмыс орнының коды Жұмыс орындары саны Өндіріс орнындағы факторлар атауы, өлшем бірлігі Норма, рұқсат етілген шекті деңгей (РЕШД), ШРК Нақты деңгей Еңбек жағдайының класы
05 000 100 001 1 жұмыс орны температура, оС 21-23 оС 22 оС тиімді(1 класс)
06 000 100 001 2 жұмыс орны салыстырмалы ылғалдылық, % 40-60 % 65 % рұқсат етілген (2 класс)
07 000 100 001 2жұмыс орны ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с 0,1 м/с аспау керек 0,1 м/с тиімді(1 класс)
08 000 100 001 1жұмыс орны Зиянды заттар (газдар, аэрозольдер), мг/м3 Шаңдар 6,0 5,0 рұқсат етілген (2 класс)
09 000 100 001 1жұмыс орны Шу, дБА 80 дБА 50 дБА рұқсат етілген (2 класс)
10 000 100 001 1жұмыс орны Діріл 112 дБА
11 000 100 001 1жұмыс орны Иондалмаған сәулелену 500 В/м 5мкТл 450 В/м рұқсат етілген (2 класс)
12 000 100 001 1жұмыс орны Электростатикалық өріс 20 кВ/м 20кВ/м тиімді(1 класс)
13 000 100 001 1жұмыс орны Жарықтандыру, лк 100 лк 100 лк рұқсат етілген (2 класс)

 

Сурет - Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде (Iб) еңбек жағдайын бақылау нәтижелерінің арасындағы нормаға сәйкестік диаграммасы

 

 

Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде микроклимат деңгейі: температура 22оС-қа, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 %-ға, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с-ке тең болды. Бұл көрсеткіштер №1.02.006-94 СН сәйкес. Шу деңгейі нормаға сәйкес, яғни 50 дБА-ға тең. Иондалмаған сәулелену мен электростатикалқ өріс нормативтерге сәйкес. Жарықтандырудың іс жүзіндегі деңгейі 100 люкске тең. Нәтижесі бойынша бұл бөлімнің еңбек жағдайы рұқсат етілген класқа жатқызылды, яғни 2 класс.

Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде (Iб) еңбек жағдайын бақылау нәтижелерінің арасындағы нормаға сәйкестік диаграммасы.

 

Кесте – Компрессорлы цех (IIб) бөлімінде еңбек жағдайын бағалау нәтижелері

Жұмыс орнының коды Жұмыс орындары саны Өндіріс орнындағы факторлар атауы, өлшем бірлігі Норма, рұқсат етілген шекті деңгей (РЕШД), ШРК Нақты деңгей Шамадан асып кету
05 000 100 001 1 жұмыс орны температура, оС 17-19 оС 20 оС -1 оС
06 000 100 001 2 жұмыс орны салыстырмалы ылғалдылық, % 40-60 % 65 % -5 %

2-кестенің жалғасы

07 000 100 001 2 жұмыс орны ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с 0,2 м/с аспайды 0,1 м/с
08 000 100 001 1 жұмыс орны Зиянды заттар (газдар, аэрозольдер), мг/м3 Шаңдар 6,0 6,0
09 000 100 001 1 жұмыс орны Шу, дБА 80 дБА 75 дБА
10 000 100 001 1 жұмыс орны Діріл 112 дБА 70 дБА
11 000 100 001 1 жұмыс орны Иондалмаған сәулелену 500 В/м 5мкТл 500 В/м
12 000 100 001 1 жұмыс орны Электростатикалық өріс 20 кВ/м 20кВ/м
13 000 100 001 1 жұмыс орны Жарықтандыру, лк 200 лк 300 лк -100 лк

Сурет - Қоршаған ортаны және еңбекті қорғау департаментінің бөлімінде (Iб) еңбек жағдайын бақылау нәтижелерінің арасындағы нормаға сәйкестік диаграммасы

 

 

Компрессорлы цех бөлімінде микроклимат деңгейі: температура 20 оС-қа, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65 %-ға, ауа қозғалысының жылдамдығы 0,1 м/с-ке тең болды. Бұл көрсеткіштер №1.02.006-94 СН сәйкес, яғни еңбек жағдайының класы бойынша бұл көрсеткіштер рұқсат етілген (2) класқа жатады. Аэрозольдер көрсеткіші 6,0 мг/м3 тең болды. Бұл ШРК-дан аспайды. Шу деңгейі нормаға сәйкес, яғни 75 дБА-ға тең. Дірілдің деңгейі 70 дБА тең. Иондалмаған сәулелену мен электростатикалық өріс нормаға сәйкес. Жарықтандырудың іс жүзіндегі деңгейі 300 люкске тең. Нәтижесінде еңбек жағдайының класы рұқсат етілген класқа сай болып шықты. Кез келген авария кезінде санитарлық-қорғау зонасының шекарасындағы халықтың сәулеленуі 10 бэрден аспауы тиіс. Бұл нормативтер «Қазатомөнеркәсіп» МАЭК-те қатаң түрде сақталады.

Қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету, компания қызметкерлері мен компания жұмыс жүргізетін аймақ тұрғындарының денсаулығын қорғау, сондай-ақ қоршаған ортаға мүмкін болған радиологиялық және химиялық әсерді болдырмау Қазатомөнеркәсіптің басым міндеттері болып табылады. Сондықтан қызметкерлердің 1 жылда алатын дозалық шектері де нормативтерден аспайды.[4]

 

Өндірістік объектілерді еңбек

жағдайлары бойынша міндетті мерзімдік

аттестаттау қағидаларына

1-қосымша

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 785 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

783 - | 761 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.