Түсініктемелік жазба
Тақырыбы: «АҚ КазАтомПром өндірістің жұмыс орындарын аттестатциялау»
5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және
қоршаған ортаны қорғау
Орындаған:
________________М.Қ.Бозмолдай
Жетекші
к.т.н., сеньор-лектор
____________Ф.К.Батесова
«____»_________2016 ж.
Норма бақылаушы
магстр., лектор
____________Е.Е.Садвакасов
«____»_________2016 ж.
Алматы 2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы
Курстық жұмысқа
Түсініктемелік жазба
Тақырыбы: «АҚ КазАтомПром өндірістің жұмыс орындарын аттестатциялау»
Курстық жұмыстың орындалуын бағалау
Жұмыстардың орындалу сапасы | Баға диапазоны | Алынған |
1 Орындалмады Сабақтарда себепсіз болмау | 0% | |
2 Білім алушының орындауы және белсенділігі | 0-50% | |
3 Жұмысты рәсімдеу | 0-20% | |
4 Анықтамаларды, техникалық әдебиеттерді, оқу- әдістемелік кешенді, дәрістерді пайдалану шеберлігі | 0-5% | |
5 Техникалық құралдарды пайдалану шеберлігі | 0-5% | |
6 Курстық жұмысты қорғау | 0-20% | |
Жалпы | 0-100% |
Білім алушы Т.А.Ә. Бозмолдай М.Қ.
Мамандық шифры 5В073100
Оқытушы Т.А.Ә. Батесова Ф.К.
Алматы 2016
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институты
Тіршілік қауіпсіздігі кафедрасы
5В073100 – Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
Курстық жұмысты орындауға
ТАПСЫРМА
Білім алушы Бозмолдай Марғұлан Қайырбекұлы
Жұмыс тақырыбы АҚ КазАтомПром өндірістің жұмыс орындарын аттестатциялау
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «» 2016 ж.
Есептік-түсініктемелік жазба мазмұны (қарастырылатын мәселелер тізімі)
Жұмыс орындарын аттестаттау. Жұмыс берушінің аттестаттауды өткізуге дайындығы. АҚ «ҚазАтомПром» өндірісінің қауіпті және зиянды факторлары. «ҚазАтомПром» өндірісінің қауіпті және зиянды факторларын бағалау. Зерттеу нәтижелері және оларды талдау
Сызбалық материалдар тізімі (міндетті сызбалар дәл көрсетілуі тиіс)Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1 Ордабаев А.А. Шығыс Қазақстан облысындағы өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткізу // Қазақстанда еңбекті қорғау. 2006. №7 (7). – С. 78-81.
2 Здоренко Т.П. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өткізу кезінде жұмыс орнын есепке алуды ұйымдастыру // Қазақстанда еңбекті қорғау. 2006. №10 (10). – С. 53-57.
3 Ганина С.А. Еңбек жағдайларын жақсарту бойынша алдын алу жұмыстары // Қазақстанда еңбекті қорғау. 2010. №1 (49). – С. 8-12.
4 Еңбек жағдайларын бағалаудың элмери жүйесі // http://www.goverment-nnov.ru. 2012. №3 (75). – С. 25-36.
Курстық жұмысты дайындау
ГРАФИГІ
Бөлімдер атауы, қарастырылатын мәселелер тізімі | Ғылыми жетекшіге көрсету мерзімдері | Ескерту |
Жұмыс орындарын аттестаттау | 19.09.2016 ж | Жоқ |
Жұмыс берушінің аттестаттауды өткізуге дайындығы | 26.09-18.10.2016 ж | Жоқ |
АҚ «ҚазАтомПром» өндірісінің қауіпті және зиянды факторлары | 21.10.2016ж | Жоқ |
«ҚазАтомПром» өндірісінің қауіпті және зиянды факторларын бағалау | 7.11.2016 ж | Жоқ |
Зерттеу нәтижелері және оларды талдау | 16.11.2016 ж | Жоқ |
Кафедра меңгерушісі _______________________ Е.Б.Утепов
Жұмыс жетекшісіФ.К.Батесова
Тапсырманы орындауға алған білім алушы_______________М.Қ.Бозмолдай
Күні «____»_______________2016 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ | ||
Жұмыс орындарын аттестаттау | ||
1.1 | Жұмыс берушінің аттестаттауды өткізуге дайындығы | |
АҚ «ҚазАтомПром» өндірісінің қауіпті және зиянды факторлары | ||
2.1 | «ҚазАтомПром» өндірісінің қауіпті және зиянды факторларын бағалау | |
2.2 | Шудан қорғану | |
Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау | ||
ҚОРЫТЫНДЫ | ||
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы жағдайларда еңбек медицинасы ерекше мәнге ие болып отыр. Қанағаттанарлықтай емес еңбек жағдайлары, өндірістегі жазатайым оқиғалар және кәсіби аурулар экономикалық шығындарға әкеп соқтырып қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің өздеріне және олардың отбасы мүшелеріне де ауыртпашылығын түсіреді.
Қазақстан дамыған өнеркәсіптік өндіріс республикасы болып табылады. Республикада зиянды және қауіпті еңбек жағдайындағы өндірістер аз емес. Еңбекті ұйымдастырудың негізгі критерийі – ең алдымен, жұмыс орнында жағымды және қауіпсіз жағдай туғызу. Халықтың денсаулығы жағдайына қамқорлық жасау – мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігінің деңгейін айқындайтын қоғамның басты міндеттерінің бірі.
Кәсіби аурулардың басқа негізгі ауруларға қарағанда сирек талданатындығы анық. Дегенмен олардың әлеуметтік маңызы зор. Өйткені олар еңбекке жарамды жастағы адамдардың денсаулығына айтарлықтай зиян келтіреді және еңбекке жарамдылықты жоғалтуға әкеп соқтырады. Сондықтан дамып келе жатқан мемлекетіміздің одан әрі гүлденуіне үлес қосу үшін мамандарымыздың денсаулығына көп көңіл бөлінуі тиіс.
Кәсіби ауруға шалдығудың негізгі себептерінің бірі – адамға ол еңбек қызметі кезінде кез болатын зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың ұзақ уақыт бойы әсер етуі. Сонымен қатар тұрақты дәрігерлік комиссияда қызмет ететін кәсіби дәрігерлердің және белгілі бір сала дәрігерлерінің біліктілік деңгейінің төмендігі, медицина мекемелерінің бәрінің бірдей толығымен диагностикалық жабдықтармен жабдықталмауы. Айтарлықтай себептің бірі – медициналық мекемелердің өнеркәсіп кәсіпорындары жетегінде кетуі. Өйткені жұмыс беруші келісім-шарт жасаған кезде: егер кәсіби сырқаттарды анықтайтын болсаңыз, сізбен келісім-шарт күшін жояды деп ескертеді.
Статистика растағандай, біздің елдегі 8 миллионнан астам адам (53%) белсенді жұмыс істейтін халықты құрайды. Олардың 690 мыңға жуығы зиянды және ерекше қауіпті өндірісте жұмыс істейді. Кәсіпорындардағы кәсіби ауруға шалдыққан қызметкерлер саны жылдан жылға көбеюде. Бірақ соңғы жылдарда акционерлік қоғамдардың, қауымдастықтардың, концерндердің, өнеркәсіптерді басқарудың құрылымдық жүйелерінің өзгеруіне байланысты кәсіби ауруларды есепке алу мен есептеу мәселелері қиындай түсіп отыр.
Қазіргі таңда санитарлық-эпидемиологиялық станциясының мәліметі бойынша, республикада кәсіби патологиямен диспансерлік тізімде 8 225 науқас тіркелген. Салыстырсақ, Жапон мемлекетінде жылына 15 000, АҚШ-та – 190 000 кәсіби аурумен ауыратындар тіркеледі. Бұл көрсеткіштер біздің мемлекетімізде өндіріс орындарында қолайлы жағдайдың артықшылығын емес, кәсіби аурулар толық зерттелмей, диагностика жүйелерінің жетіспеушілігін көрсетеді.
Бүгінгі күні жұмыс беруші біздің азаматтар заңнамамен сенімді қорғалған болса да өз жұмысшыларының денсаулығының жай-күйі үшін жауапкершіліктен оңай құтылып келеді. Медициналық тексерулер тиісті мерзімдерінде өткізілсе де, әрқашан ойдағыдай өткізілмейді. Қызметкерлердің көпшілігі денсаулығының нашар жай-күйін жұмыс орнынан айырылудан қорқып, өздері жасырады.
Осы негізгі себептерді талдай отырып, тақырыптың өзектілігіне көз жеткізуге болады. Себебі зиянды және қауіпті өндіріс факторларын жоймасақ, білікті медицина мамандарын дайындамасақ, медицина мекемелерін диагностикалық жабдықтармен жабдықтамасақ кәсіби аурулар көрсеткіші төмендемейді. Бұл жағдайда жұмыстың өнімділігіне қол жеткізу қиын. Жұмысшылардың денсаулығының нашарлауы мемлекетіміздің дамуына да кедергі болады.
Жұмыс орындарын аттестатциялау
Жұмыс орындарын аттестациялау Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1457 қаулысымен жүргізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – оларда орындалатын жұмыстың қауіпсіздігі, зияндылығы, ауырлығы, қауырттығы, еңбек гигиенасының жай-күйін бағалау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында өндірістік объектілерді (цехтарды, учаскелерді, жұмыс орындарын, сондай-ақ өзге, өндірістік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың жеке тұрған бөлімшелерін) бағалау жөніндегі қызмет.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар немесе өзінің ұйымында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі мен өндірістік орта факторларын зертханалық және аспаптық зерттеулер жөніндегі зертханасы бар жұмыс беруші бес жылда кемінде бір рет мерзімді түрде жүргізеді.
Өндірістік объектілерді аттестаттау:
1) ұйымның өндірістік объектілері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкес аттестаттауды;
2) ұйымның өндірістік объектілерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданылып жүрген нормативтерге сәйкестігін кешенді бағалауды:
3) еңбек зияндылығының және қауіптілігінің дәрежесін бағалауды;
4) жарақат қауіпсіздігінің дәрежесін және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін бағалауды;
5) қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамсыздандырылуын бағалауды қамтиды.
Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері:
1) өндірістік объектілерді қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарымен сәйкестікке келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдық-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
2) өндірістік орта мен жұмыс орындарындағы қауіпсіздік жағдайла- рының нақты жай-күйін бағалау;
3) қызметкерлердің қажетті жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау;
4) кәсіптік ауруға күдік туғанда және кәсіптік аурудың диагнозын айқындаған кезде, оның ішінде даулар мен өзге де келіспеушіліктерді сот тәртібімен шешкен кезде аурудың кәсіппен және орындайтын жұмысымен байланысын айқындау үшін зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларындағы жұмыс фактісін растау;
5) өндірістік объектінің немесе жабдықтың пайдаланылуын тоқтату (тоқтата тұру) туралы шешім қабылдау, сондай-ақ технологияны өзгерту;
6) еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;
7) еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандырған кезде сақтандырушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін белгілеу;
8) еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктер мен кепілдіктер беруді негіздеу;
9) қызметкерлердің еңбек жағдайлары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың жай-күйі, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғану шаралары туралы шынайы ақпарат алу мақсатында пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық ұйымдардың өндірістік объектілері аттестаттауға жатады.
Аттестаттауды өткізу мерзімін ұйым, еңбек жағдайларының өзгеруіне орай, бірақ өндірістік объектілердің соңғы аттестаттаудан өткізілген сәттен бастап 5 жылда кемінде бір рет белгілейді.
Өндірістік объектілерді кезектен тыс аттестаттау еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу тәртібінің бұзылғаны анықталған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды мемлекеттік қадағалау және бақылау органының талабы бойынша жүргізіледі.
Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша кезектен тыс аттестаттау нәтижелері өндірістік объектіні еңбек жағдайлары бойынша алдыңғы аттестаттау материалдарына қосымша түрінде ресімделеді.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар туралы ақпаратты (атауы, заңды мекенжайы, байланыс телефоны, білікті кадрлары туралы мәлімет, зертханалардың болуы немесе қызметтің осындай түрлерін жүзеге асырушы зертханалармен шарттарының болуы) интернет-ресурста орналастырады.
Өндірістік объектілерге аттестаттау жүргізудің уақтылылығы мен сапасын бақылауды мемлекеттік еңбек инспекторлары жүзеге асырады.[1]