Әлеуметтік қатынастар субъекті әрі әлеуметтік мәнді қасиеттердің иегері ретінде әрбір адам - жеке адам болып сипатталады. «Жеке адам» түсінігімен қатар біздің қолдануымызда «адам», «дара адам», «даралық» терминдері бірге жүр. Бұл түсініктердің әрқайсысы өз ерекшеліктерімен ажыратылады, бірақ бір – бірімен тығыз байланысты. Осылардың ішінде ең жалпыланған, көп қасиеттердің бірігуін – «адам» түсінігі қамтиды. Адам - өмір дамуының ең жоғарғы деңгейінің көрінісі, қоғамдық еңбек барысының жемісі әрі табиғатпен әлеуметтік болмыс тұтастығын аңдататын тіршілік иесі. Алайда, адам әлеуметтік – тектік мәнге ие болғанымен, ол жалпы табиғат туындысы ретінде – дара адамдық сипаты жағынан жанды мақұлық дүниесінен бөлектенбейді. Дара адам – «homo sapiens» тектілерінің өкілі, адамдық даму нышандарының иесі – нақты адам. Даралық - нақты адамның табиғи және әлеуметтік қабылдаған қайталанбас ерекшеліктері мен қасиеттері «жеке адам» түсінігіне байланысты ең алдымен адамның қоғамдық мәнді сапалары еленеді. Кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс [53 бет, ]. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды – көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам – мұраты, бағыт – бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Тұлғаның әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктерін анықтау жолында негізінен Е. С. Кузьминнің, А. А. Свинецскийдің, К. Роджерстің, А. Маслоудың тағы басқа ғалымдардың тұжырымдаулары бойынша тұлғаның өзін - өзі бағалауы, өзіндік «Менін» бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті қабылдауы, әлеуметтік – психологиялық қасиеттерін қарастырудықң маңызы зор! Тұлғаның қоршаған ортамен қарым – қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында тұлғаның әлеуметтік есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына және дамытуына бағыттылы деп сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Адамдар өз жағдайларын өздері құрайды. Сонда әлеуметтік жағдайды қатысушылардың әрекеттері құрайды. Әлеуметтік орта өздігінеен өгеретін ауа – райынан өзгеше болып келеді. Ол үйі сияқты, біз оны өзіміз құраймыз.
Ш.Айтматовтың «Жәмилә» повестінің құндылықтары. "Жәмилә" повесі қарапайым жандардың ізгілікке толы кең жүрегін, асыл адамгершілік қасиеттерін ашып көрсетеді
Іріктеу. Негізгі талап-- іріктеп алынған жиынтық бас жалпы жиынтықтың құрылымының микромоделі болуы қажет.Іректеп алудың қазіргі кезеңде ғылымда қалыптасқан әдістері бар.Таңдаудың ең негізгі әдістері: 1) механикалық таңдау әдісі. Басты жиынтықтан бірдей аралықтар арқылы қажетті респонденттер саны анықталады (мысалы, әрбір 10-ыншы); 2) сериялық таңдау әдісі. Басты жиынтық бірнегізді бөліктерге бөлінеді және әрбір бөліктен анықтауға қажетті бірліктер пропорционалды түрде алынады; 3) ұялық /кластерлық/ таңдау әдісі. Таңдап алынатын объектілер кішігірім бірліктер ұялары /кластерлер/, немесе топ. 4) квотты таңдау әдісі. Респонденттер таңдауы бірнеше көрсеткіштер негізінде өтеді.Бұл көрсеткіштер жалпылай жиынтықтың әлеуметтік-демографиялық және де с.с. статисткалық көрсеткіштерден құрастырылады.
Э.Гидденстің социологияға қосқан негізгі үлесі. Энтони Гидденс /1938/ қазіргі заманның көрнекті британ социологы. Ол социологияда қалыптасқан құрылым мен іс-әрекет деп бөлінетін біржақты дәстүрді үйлестірмек болды. Оның тұжырымынша құрылым іс-әрекетсіз, іс-әрекет құрылымсыз өмір сүре алмайды. Әлеуметтік іс-әрекет құрылымдарды тудырады және де оларды жаңадан өндіріп отырады. Ол осы мәселені теориялық деңгейде шешу үшін «структурация» ұғымын ойлап тапты. Оның тұжырымынша құрылым әлеуметтік іс-әрекеттің іске араласуын қамтамасыз етеді, ал әлеуметтік іс-әрекет болса осы құрылымды тудырады. Осыған дәлел ретінде ол мысал ретінде тілді алады. Тіл-бұл әлуметтік құрылым, ол жеке индивиттерге тәуелді емес секілді көрінеді және оған негіз де бар. Өйткені жеке индивидтер өмірге келген кезде олар міндетті түрде қалыптасқан ережеге байланысты сөйлеп, жазып отырады. Бірақта өмірдің талабына сай тіл де өзгеріске ұшырайды. Ескі сөздер ұмытылып жаңа сөздер өмірге келеді. Ал оларды өмірге алып келген адамдар, яғни басында олар тілдің ережесіне бағынса, енді олар тілді тәуелді жағдай дәрежесіне түсіреді.Гидденстің пайымдауынша адамдар туғанынан әлеуметтік өмірдің тұрақтылығын қалайды. Оларда табиғат пен әлеуметтік әлемнің тұрақтылығына деген тұтыным туғанан қалыптасқан. Бұл мүмкін тәннің өз физиологиялық қасиеттерін қорғап қалу үшін қалыптасқан жағдай шығар. Сонымен қатар адамдардың арасынан қоғамдағы қалыптасқан жағдайға келіспейтіндері де кездеседі. Олар көп ойланады, өз іс-әрекеттерінің қойған мақсаттарына жеттіме, жоқ жете алмады ма соны қарастырады. Егер де қол жеткізбесе, онда олар өздерінің іс-әрекеттерін өзгертеді. Ал ол дегеніміз қоғамдағы қалыптасқан қарым-қатынастарды өзгетрту. Гидденстің тұжырымынша адамдардың қоғамдағы жүріс-тұрыстары билік қатынастарына байланысты.
Э.Дюркгеймнің социологиялық көзқарасы. Дау жан-жалдық бағыттағылар қоғамның даму негізінде ішкі қарама-қарсылықтар және солардың иелері топтар, таптар арасындағы күрес жатады деген тұжырым жасайды.«Әлеуметтік факт» бағытын қолдаушы Э.Дюркгеймнің (1858-1917) ұғымынша қоғам жеке индивидтердің ынытазарлығы арқылы өмірге келіп, өмір сүреді. Әлеуметтік фактілер адамдардың бірігүін, қоғамның тұтастығын сақтап тұрады. Олар әлеуметтік нормалар, қоғамдық моралдің қарапайым ақиқаты, отбасы өмірінің үлгісі, діни ритуалдар мен ырымдар, әдет-ғұрыптар. Эмиль Дюргеймнің (1858-1917)- француз социялогы, сологияны ғылым, мамандық және оқу пәні ретінде қалыптастырушылардың бірі. Францияның солтүстік-шығысындағы Эпинал қаласында 1858 жылы 15 сәуірде Раввин әулетінің отбасында дүниеге келді. Париждегі Жоғары қалыпты мектепті тамамдаған кейін,провинциалды лицейлерге бірнеше жыл бойы сабақ берді.1887 жылы Бордо қаласындағы университетте әлеуметтік ғылым және педагогикаоқытушысы қызметіне тағайындалды.Он жылдан соң ол бұл жерде Фрациядағы ең алғашқы әллеуметтік кафедрасын басқарды. Дюркгейм өзінің әлеуметтік көзқарастар жүйесін құрған теориялық-методологиялық база “социологизм” деп аталды. Ол социологиялық реализмнің бір түрі деп есептеледі.Бұл бағыттың басты ерекшелігі номинализмге қарама-қарсы қойылуына болды. Социологиялық реализм өзінің парадигмасыретінде адамзат қоғамын ерекше шындық ретінде мойындау қажеттілігі мен міндеттілігін көрсетті. Социология пайда болғанға дейін арнайы оқу пән ретінде мұндай әлеуметтік шындықты зерттеумен бірде-бір ғылым саласы айналысқан емес. Социологиялық әдіс ережелерінде Дюркгейм қоғамның психологиялық фактілерге сәйкес келмейтін өзінің жеке шындығы. Әлеуметтік шындықтың мұндай ерекше сипатын мына фактіден көруге болады, біз бұл шындықты қалауымыз бойынша жойып жібере алмаймыз.Қоғам біздің ойларымыз бен тілектерімізге қарама-қарсы тұрады, себебі ол табиғат объективттілігімен салыстыруға болатындай объевтивтілігімен ие, алайда ол екеуі бірдей емес. Дәлме-дәл айтсақ, социологизм дербес жалпы социологиялық теория ретінде әлеуметтік өмірге қандай-да бір ерекше анықтама беруге немесе түсіндіруге талпынбайды.Бұл философиялық-социологиялық тұжырымдаманың мәні белгілі бір бастапқы позицияны тұжырымдауға саяды: яғни,адам болмысындағы әлеметтік шындықтың басты жән ерекше маңызын мойындау және де бұ болмысты түсіндіруде социологиялық әдістерді қолдану. Қоғам қарапайым өзіне тән ерекшелік ғана емес, сонымен біге доминантты, жоғарғы шындық деп мойындалғандықтан, қоршаған әлемде болып жатқаның бәрін түсіндірудін социологиялық әдісі ең дұрысы деп жарияланадыюОл өзге әдістерді не жоққа шығаруы не жеке оқиға ретінде өзіне қосып алуы тиіс. Социологизмнің онтологиялық жағы, әлеуметтік шындықтың басқа да- физикалық биологиялық, психологиялық шындықтарға қатысты автономия орнатуы болып табылады.Ол негізделген, тұрақты және белгілі бір заңдар әрекетіне бағынады. Осылайша,социялогияны өзге ғылымдардан ерекшелейтін, сондай-ақ өзінің жеке зерттеу пәні бар ғылым салалары айналысатын фактілер түсіндірілетін және бағыланатын болғаны сияқты, оның да пәні бағыланатын және түсіндірілетін болуы тиіс. Осыдан келіп “әлеуметтік факт теориясы” шығады. Әлеуметтік шындықтың мазмұнын, Дюркгейм бойынша болмыстың не экономикалық,не құқықтықтық және басқа да фактілерін жатқызуға болмайтын әлеуметтік фактілер құрайды.Бұл әлеуметтік фактілердің мынадай өз алдына дербес сипаттамалары бар: Ғылым мен дін арасындағы қарым-қатынас осы ғылым саласы дамуының “классикалык” кезеңдегі барлық социологтардын дерлік зерттеу тақырыптар ішінен негізгілерінің бірі болады (бұған билік етуші таптың ұстемдігі мен ол құрған меншік формасын нығайта отырып,діни идеология әлеуметтік кұрылымнан келіп шығады деген тұжырыммен шектелген Марксті қосуға болмайды). XIX ғасырдын аяғындағы әлеуметтік ғылымдарда діни наным мен ғылым арасындағы ымыраға келмейтін қарама-қайшылық туралы идея күш ала бастады,онын үстіне қоғамдық прогрестің дамуына қарай екіншісі біріншініңәлеуметтік әмірдегі маңызын тәмәндетіп дәйекті түрде ығыстырып шығарады. Дюркгеймге келетін болсақ ол негізінен бүл қайшылықты мойындайды,сонымен бірге,егер қоғамның барлық мүшелерін біріктіруші қандай да бір ортақ сенйм болған қоғам өз құрылымы мен оны құрайтын бөлшектер арасында жеткілікті түрде мықты байланысты сақтап қалуға болатындығына кәміл сенді.
Эксперимент. Аналитикалық зерттеу-социологиялық зерттеудің ең қиын және ең терең түрі. Баяндық зерттеу түрімен салыстырғанда, бұл зерттеудің түрі шиеленістің шешу жолын ғана іздеп қоймай, оның неден шыққанын, қалай пайда болғанында зерттеуге де шамасы жетерлік. Бұл зерттеу түрі өте үлкен қоғамдарды зерттеуге көмектеседі. Мәселен, қала, аудан, республика, мемлекет көлемінде жүргізіле береді. Бұл зерттеу түрінде эксперимент те қолданылады. Мысалы: бұл ақпараттың түбіне жету үшін, социолог бір анық ситуацияны алады. Себебі, бұл арқылы байланыс факторларын таба алады. Бұл зерттеу түрін экспериментальды деп те атауға болады. Эксперимент (лат. experіmentum – сынама, тәжірибе), Тергеу эксперименті – Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 203-бабының ережелері бойынша жүргізілетін тергеу әрекеті, іске қатысты мәні бар деректерді тексеру және нақтылау үшін арнайы жасалатын тәжірибе. Э. жүргізу кезінде, атап айтқанда, әлдебір фактілерді қабылдау, жекелеген әрекеттердің жасалу, әлдебір оқиғаның болу ықтималдығының тексерілуі, сондай-ақ болған оқиғаның реті және іздерінің пайда болу тетігі анықталуы мүмкін. Э. куәгерлердің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Қажет болған жағдайда Э-ке өздерінің келісімі бойынша сезікті, айыпталушы, жәбірленуші, куә, маман, сарапшы және тәжірибелік іс-қимылдарды жүргізетін адамдар қатыстырылуы мүмкін. Э. қайта жаңғыртылып отырған оқиғалар немесе әрекеттер болған жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізіледі. Психология жөнінде ғылыми-зерттеу жүргізуде Эксперимент кеңінен көлданылады. Эксперименттің артықтылығы, бізге керекті үрдіс пен құбылыс кашан көрінеді деп күтіп отырудың қажеті жоқ. Эксперимент жасағанда психикалық үрдістерді неғүрлым дәлме-дәл көрсететін олардың уақытын, өту шапшандығын т.б. өлшейтін арнаулы аспаптар, аппараттар қолданылады.