М.Мақатаев поэзиясындағы тұлғаның сипаттамасы. Ол 1931 ж. 8-ші наурызында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз.» Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».[1] Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали.[2] Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады("Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?"). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.
Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы қазақ халқының ұлттық мектептері мен дәстүрлерін жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі, ақынның өз сөзімен айтқанда:
...Ақынмын деп қалай мен айта аламын,
Халқымның өз айтқанын қайталадым.
Күпі киген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, —
деген ерен жырдың жаратушысы, Ұлы түлға, Ұлы ақын.
Поэзия!
Менімен егіз бе едің
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бүлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан
Сені іздедім жоғалған замандардан...
... Сені іздедім.
Ӏздеймін тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?
Осы өлең жолдарын оқыған кезде алып жырдың жаратылысын, жаңа қыры мен сипатын танығандай күй кешесіз... Ақын өзінің қысқа ғұмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.
О.Конттың социологиялық көзқарасы. Ол социологияның негізін қалаушы болып саналатын (ол социология терминін ғылымға енгізген) Огюст Конт (1798-1857)
ОГЮСТ КОНТ (August Conte) (1798 − 1857) − француз философы, әлеуметтанушысы, философиядағы позитивизм мектебінің негізін қалаушы. Ол «әлеуметтану» терминің ғылыми қолданысқан алғаш рет енгізген. Он ввел в употребление сам термин «социология». Әлеуметтану басқа да ғылымдар сияқты бақыланатын әлеуметтік құбылыстарды зерттеумен айналысады.
"Әлеуметтану" сөзін тұнғыш рет Огюст Конт озінің "Позитивтік философия курсында" позитивті философияның бір бөлігін құрайтын ауқымды әлеуметтік ғылымның атауы ретінде пайдаланды. Конт бірінші болып осы ғылым элементтерін көлденең материалдар, идеялар мен әдістер атаулыдан тазарту қажеттігін айқын көре біліп, бірінші болып барлық шынында да кажетті элементтерді бір уғымға біріктірді. Платон мен Аристотель саясатты этикадан немесе саясат ғылы-мын саясат өнеріен ешқашан ажыратқан емес. XVIII ғасырда саясат ғылымы революциялық рухпен біржола бытыстырылып жіберілді. Гоббс та, Монтескье де, экономистер де қоғамды оның барлык түрлерінде зерттеген жоқ, жэне, Конт: барышна қарыздар Юмның ықпалына қарамастан, оның себептілік уғымындағы ақиқат атаулы әлеуметтік түсіндірмелері әлі едәуір дәрежеде теологиялық және метафизикалық болып қала берді.
Сонымен, Конт бірінші болып осынау кемшіліктегре ұтымдылық сәүлесін септі, қоғам тұтас организм ретінде қарастырылуға тиіс деп кесіп айтып, және барлық байланыстарындағы әлеуметтікк құбылыстар туралы ғылымның фактыларды кеңінен байқап-бақылауға негізделген және саяси өнер мен революциялық мақсаттардан біржола арылған позитивтік ғылымның негізін қалауға тырысты. Әлеуметтану, Конт түсінігінде, әлеуметтік физикаға әбден сәйкес болуға тиіс, өйткені, әлеуметтанудың міндеті коғамның жаратылыстық себептреі мен жаратылыстық заңдарын ашу және тарихтан, саясат пен экономикадан метафизикалық және жаратылыстан тыс іздерді олар астрономия мен химиядан қалай қуылса, солай қуып тастау болуға тиіс. Конт, позитивтік әдіске сүйене отырып, әлеуметтану жеткілікті дәрежеде болашақты болжап, прогресс барысын көрсете алатын ғылым бола алады деп білді
Өзіндік және әлеуметтік идентификация. Әлеуметтік, саяси, діни, демографиялық, қандықтуыстық, экономикалық, кәсіби мәртебелер адамдардың әлеуметтік қатынастарының ұзақтығын, интенсивтігін, бағыты мен мазмұнын анықтайды. Ал әлеуметтік рөль болса,ол нақты мәртебеге арналған іс-әрекет. Роөдерді мәртебелердің динамикалық жағы дейді. Әр адамнан оның мәртебесіне сай іс-әрекетт күтіледі. Банкирден банкирге тән, ұстаздан ұстаздық және с.с. Сондықтан әлеуметтік рөль онымен функциональды байланысты топтардың мүшелерінің сол рөлді орындалуын күтуі болмаса және әлеуметтік нормалар, сол рөлге нақты талаптарды бекітпесе орындалмас еді. Рөлдік жиынтық әлеуметтік қатынастарды қалыптастырады, әлеуметтік мәртебелерді және соған тән рөлдерді орындауды талап етеді. Рөлдерге беріле ену рөлдік идентификациялану дейді.
Өзіндік идентификация проблемасының өткірлігі, Орталық Азия елдерінің экономикалық, саяси – құқықтық жүйелері жағдайының транзиттік сипаты, жаңару үдерістерінің әртүрлі серпіні, бағыты және терендігі, осы процестер шеңберінде жүргізіліп жатқан реформалар өмірлік қажетті интеграцияны жүзеге асырудағы қиындықтарды анықтайды. Қазақстан көптеген өркениеттер, этностар және діндер тоғысына орналасқан. Сондыктанда оған интеграциялық үдерістердің деңгейімен және жағымды нәтижелерімен органикалық ұштасқан саяси тұрактылық, ұлтаралық келісім және аймактағы қауіпсіздік ауадай қажет.Сонымен қатар, дәл Казақстан ғана объективтік жағдайлары мен XX гасырдың аяғында басталған кайта қүрулардағы ішкі табыстарына байланысты интеграцияның басты козғаушысы әрі көшбасшысы рөлін атқара алды. «Дамудың Қазақстандық моделі» қазіргі кезеңде барлық ТМД елдеріне үлгі болуда.
П.Бурдьенің социологиялық көзқарасы. П.Бурдье /1930-2002/ өте көрнекті француз социологы. Әлемдік ғылыми бағалау өлшемі бойынша /табель о рангах/ ол бірінші орында тұр. Ол алғашында философия саласында, онан антропология, содан барып социологияға келген. Оның көзқарасының негізін іс-әрекет ұғымы құрайды. Теоретикалық концепцияларының негізгі идеалары- әлеуметтік кеңістік, әлеуметтік алаң /поле/, мәдени және әлеуметтік капитал, габитус. Соның ішінде габитус ұғымына тоқталайық. Бұл ұғым арқылы ол социология ғылымында қалыптасқан бір біріне қарама-қарсы /объективтік, яғни әлеуметтік құрылым және субьективтік, яғни жеке индивидтің практикасы/ екі теоретикалық ұстанымдардың біржақтылығы шеңберінен шықпақ болды.
Позитивті философия курсы» еңбегі Конт ұсынған адамзат тарихының үш кезеңін адамзат рұхы өтуі тиіс: - теологиялық немесе жалған (теологиялық кезеңінде адамзат ақылы әлемді немесе жан-жақта болып жатқан құбылыстарды тура немесе үнемі тылсым күштердің әрекетімен түсіндіреді); метафизикалық немесе абстрактілі (метафизикалық кезеңінде антропоморфты кереметтер абстрактлы күштермен алмастрылады.Олар әлемнің түрлі жаратылыстарына негізделеген сан алуан абстракциялар болуы мүмкін.); - ғылыми немесе позитивті (позитивті кезеңін Конт оны былайша сипаттайды: «адамзат ақылы- абсалютті білімді ала алмайтынын мойындап, құбылыстардың пайда болуының ішкі сұрақтарына жауап іздеуден бас тартады.Енді ол тек «пайымдаулардың бірлігімен және бұл құбылыстардың шынайы бақылауларының басқалай айтқанда реттілістіктің өзгермес қарым-қатынасымен өзара ұқсастықтарының көмегімен ғана жаңалық ашумен айналысады».) кезеңдер. Француз ғалымы Огюст Конт социологияны жеке дербес қоғам туралы ғылым ретінде негіздеуші – қоғамда тұтас бір әлеуметтік ағза ретінде қолданылуының мәселесін шешкен. О. Конт тарихқа позитивизмнің негізін қалаушы ретінде енді.Позитивті философия қиял мен болжамдарға емес, ғылымның өзіне негізделеді. Конттың ойына сәйкес қоғамның дамуына адам санасының интелектуалды эмоциясы әсер етеді.Ғылым интелектуалды эволоюцияның жоғарғы көрінісі. Пьер Бурдьенің пікірінше, габитус (habitus) өмір сүру ортасын әлеуметтік пайдалану арқылы, өмір сүру кеңістігін қалыптастырады. Осылайша ол әлеуметтік кеңістектегі алшақтығы үлкен агенттерді кеңістікте жақындату әлеуметтік жақындастыру нәтижесін береді деген сенімді жоққа шығарады, Осылайша ол әлеуметтік кеңістіктегі алшақтығы үлкен агенттерді кеңістікте жақындату әлеуметтік жақындастыру нәтижесін береді деген сенімді жоққа шығарады, тіпті бұл әрекет ыдырауға соқтырады деп біледі. Шындығында, бір-бірінен әлеуметтік тұрғыдан алшақ амалдардың физикалық кеңістіктегі жақындағы өзара төзімсіздікке алып келеді. Кейбір кеңістіктер экономикалық және мәдени капиталдан басқа, шектеулі тұйықталған «таңдаулылардың» кеңістіктегі әлеуметтік капиталын да талап етеді. Олар өздеріне әлеуметтік және нышандық капиталды тек «клуб әсері» арқылы қамтамасыз ете алады. Бұлардың бірлесуінің негізінде бір кеңістікті мекендеуі, бір-біріне ұқсастығымен қатар, көпшіліктен оқшаулануы жатады. Гетто әсері клуб әсеріне мүлдем қарама-қайшы құбылыс. Клуб ретінде өмір сүретін бай-қуатты кварталдар жағымсыз жат адамдардан оқшауланып өз мүшелеріне капитал айналымына араласуына мүмкіндік беретін болса, оған қарама-қарсы Гетто өз мүшелерін нышандық жағынан ыдыратып, агенттерінің топтарын белгілі бір резервацияға біріктіреді. Олар әртүрлі әлеуметтік ойындарға араласу қабілетінің төмендігіне орай өзінің жоқтығымен ғана бөлісе алады. Бурьде тағы бір француз зерттеушісі Моник де Сен-Мартенмен бірлесіп, биліктің, әсіресе кеңістіктегі биліктің әр түрлі капиталдарын меңгере отырып, қайтадан физикалық кеңістікке, жеке және қоғамдық игіліктердің билеушісі ретінде оралуын көрсетуді мақсат етті. Ол үшін әрбір француз департаменті деңгейіндегі экономикалық, мәдени және әлеуметтік капиталдармен әрқайсысының деңгейіндегі игіліктер мен қызмет көрсетуге байланысты статистикалық деректерді бір жерге жинақтауға тырысты. Уақыттың тапшылығына байланысты зерттеу соңына жетпегенімен, Бурьде мынадай қортынды шығаруға мүмкіндік тапты. Аймақтық айырмашылықтардың бастысы көбінесе геграфиялық детерменизммен байланыстырылса, бұл тарих ағымындағы үздіксіз айналмалы толықтыру әсеріне байланысты. Өйткені, өмір сүру ортасы мен мәдени ортаны өзгертуге ұмтылыс негізінен физикалық кеңістіктегі игіліктер мен қызмет көрсету аясын игеру мен байланысты. Бұл қажеттілік қанағаттандырылуына сай өсуге де бейім. Сондай-ақ капиталдың негізгі үш түрінің қайсысы маңыздырақ екенін анықтауда қиын, әйтсе де әртүрлі уақыт, әр алуан өрісте капиталдың қайсыбір түрлері өзгеден басым түсіп билік және игілік бөлісінде шешуші рөл атқарады.
Сауалнама.Сауалнама сұрақтарының түрлері. Сауалнама әдісінің екі түрі бар:анкеталық және сұхбат немесе сұхбатнама (интервью).Сауалға жауап алу ұжымдардың және жеке адамдардың кез келген проблема бойынша пікірін білуге мүмкіндік жасайды.Әсіресе бұл әдіс құжаттар арқылы зерттеу, бақылау т.б әдістерді қолдану үлкен қиыншылықтар туғызғанда пайдаланады. Анкеталық сауалнама көп жағдайда алдын ала дайындалған анкетамен жүргізіледі, респоденттің аты жөні көрсетілмей анонимді түрде болады. Анкетаны дайындау үшін зерттеуші сауалнаманың мақсаты мен міндеттерін анықтап біліп алады, Содан соң логикалық жүйеде сұрақтар қарастырылып, оның жауаптарының түрлері көрсетіледі. Анкетаның сұрақтары үш негізгі топқа бөлінеді: 1. Ашық түрдегі сұраулар, мұның жауаптары анкетада жазылмайды, оны жауапкерлер өз қолымен жазып қайтарады; 2. Жабық сұрақтар, мұның жауаптары мен варианттары анкетада жазылып тұрады. Жауап беруші жауаптардың астын сызып немесе дөңгелекшеге алып қайтарады; 3. Аралас сауалдар, бұл бірінші және екінші топтағы сұрақтардың элементтерінен құралып, белгілі мөлшерде жауаптары да жазылады, бұлармен қатар «Басқасы не екенін көрсетіңіз?» - деген сұрауларға жауап алу да белгіленеді.
Социология дегеніміз қандай ғылым. «Социология терминінің» этимологиясына үңілсек, ол латынның «societas» сөзінен шыққандығын және «қоғам» деген мағына беретінін, «logos» грекше «білім,ілім», яғни «қоғам туралы ілім» дегенді білдіретініне көз жеткіземіз. Социологияның объектісі-қоғам, ал пәні- қоғамның әлеуметтік өмірі, яғни адамдардың өз- ара қарым-қатынасы, тұлға мен қоғамның, мемлекеттің, әлеуметтік институттар арасындағы процестер.
Социология ғылымы “ұрының баласы — қашан да ұры, ал текті ата-анадан тек бейкүнә әрі тәртіпті бала туады” деген сыңаржақ тәмсілмен келісе алмайды. Өйткені, адам анасынан бірден мәдениетті болып жаралмайды, тәрбиелеу, білім алу және қоғамда ғұмыр кешу процестерінде ғана қалыптасады. Әлеуметтік-мәдени қасиеттер мен құндылықтарды мұралау өзгеше, биологиялық емес әдіппен, яки ұрпақтан ұрпаққа тарау тетігі арқылы әлеум. жолмен жүзеге асады; әрбір жеке адам (индивид), әр жаңа ұрпақ өздері туып, өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді. Осынау маңызды процесті ғылымда “жеке адамның әлеуметтенуі” деп атайды. Әлеуметтену тура мәнінде, жарық дүниеге келген, адамзат мәдениетін игеруге бағдарланған саналы биологиялық организмді, яки адам баласын дамытып, өзінің тұлғалық-психологиялық ерекше қасиеттерін, сондай-ақ, қоғамдық өмірге араласуына мүмкіндік беретін әлеуметтік тұрпаттық, әлеуметтік маңызды қасиеттерді, білім мен білікті бойына жинақтаған тең құқылы жеке тұлғаға айналдыру жолы. Сондықтан, әлеуметтену дегеніміз жеке адамның әлеуметтік ортамен диалектикалық (өзара) әрекеттесу процесі, оның барысында, бір жағынан — адам бойындағы табиғи, психологиялық өскін жетіліп, өркендей түседі, екінші жағынан — қоғам жеке тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, мәдениетке ұмтылдыру арқылы оған адами тұлғаға тән әлеуметтік мәні мол қасиеттерді сіңіреді. Әлеуметтену — қысқа мерзімді, бір мәртелік емес, іс жүзінде жеке адамның бүкіл ғұмырын қамтитын ұзаққа созылатын көп қырлы құбылыс. Соның арқасында жеке адам қоғамдық өмірге араласып қана қоймайды, сондай-ақ өзінің әлеуметтік статусы мен рөлін иелене және өзгерте алады. өйткені, әрбір жеке тұлға тиісті құқылар мен міндеттерді иелене отырып, қоғамдағы өзіне лайықты орынды еншілейді және нақты қызмет міндеттерін атқарады, яғни әлдебір әлеуметтік статусқа ие болады. Ол жеке тұлғаның жағдайын жан-жақты, әрі жинақтай бейнелейтін сипаттамаларды: мамандығын, кәсіби білігін, атқарып жүрген жұмыстарының сипатын, лауазымын, материалдық әл-ахуалын, саяси ықпалын, партияға және кәсіподаққа мүшелілігін, іскерлік байланыстарын, туыстық тарамдарын т.б. қамтиды. Бұлардың барлығын белгілі социолог Р. Мертон (1910 жылы туылған) “статустық жиым” деп атаған. Оның өзі туа бітті (немесе маңдайға жазылған), яки субъектіге тәуелсіз күйде, көбінесе жаратылысынан дамитын (мысалы, жынысы, жасы, ұлты, туыстары) статустар және қол жеткен (немесе қолы жететін), яғни жеке тұлғаның өзінің күш-жігерін жұмсауы арқылы алған статустары болып бөлінеді. Кей реттерде осы аталған екеуінің қасиеттерін тоғыстыратын аралас әлеуметтік статустар да (мысалы, өз еркінен тыс жұмыссыз қалғандардың, мүгедектікке ұшырағандардың, босқыншылыққа ұшырағандардың, т.б. статусы), кездеседі. Әлеуметтік статус пен жеке бастың статусты ажырата білу қажет. Мәселен, әлеуметтік статусты, яғни жеке тұлғаның бүкіл қоғам ауқымындағы не ірі әлеум. топ ішіндегі жай-жағдайын айқындар сәтте, алдымен оның қызмет істейтін саласы, лауазымы не ғыл. атақ-дәрежесі т.б. ауызға ілігеді. Былайша айтқанда, кез келген адамның әлдебір әлеуметтік топқа (әлеум.-топтық, әлеум.-кәсіби, әлеум.-этникалық, т.б.) жататындығы дәйектеледі. Ал жеке тұлғаның шағын (бастауыш) әлеуметтік топтағы (отбасындағы, бригададағы, студенттік топтағы т.б.) беделі, көбінесе, оның мәртебелік басымдығына емес, жеке бастың, даралық қасиеттеріне, оған ағайын-туыстарының, жұмыстас не курстас жора-жолдастарының, таныстарының, көршілерінің т.б. субъективті қарым-қатынастарына байланысты қалыптасады.
Социологиялық зерттеудің түрлері. Жоспарының күрделілігіне байланысты және зерттеу көлеміне байланысты үш түрлі зерттеудің түрлерін айта аламыз:пилотаждық, баяндық, аналитикалық. Аналитикалық зерттеу-социологиялық зерттеудің ең қиын және ең терең түрі. Баяндық зерттеу түрімен салыстырғанда, бұл зерттеудің түрі шиеленістің шешу жолын ғана іздеп қоймай, оның неден шыққанын, қалай пайда болғанында зерттеуге де шамасы жетерлік. Бұл зерттеу түрі өте үлкен қоғамдарды зерттеуге көмектеседі. Мәселен, қала, аудан, республика, мемлекет көлемінде жүргізіле береді. Барлау зерттеу – социологиялық зертеулердің ең қарапайым түрі. Ол шағын зерттеу жиынтығын қамтиды және қарапайым бағдарлама мен көлемі қысылған инструментарийге негізделеді. Барлау зерттеу терең және көлемді зерттеудің алдын ала сатысы ретінде қолданылуы мүмкін (егер қиындық аз немесе мүлде зерттелмеген жағдайда). Бастапқы ақпарат жинаудың ең қарапайым әдісі қолданылады (әдейі әдебиеттің анализі, эксперттерді сұрау). Суреттеу зерттеу. Мақсаты мен міндеті бойынша, ол зерттеу құбылысы және оның құрылымдық кезеңдері жөнінде біршама тұтас түсінік беретін эмпирикалық мағлұматтарды алуды көздейді. Толық өңделген бағдарлама бойынша жүргізіледі. Суреттеу зерттеу түрі талдау объектісі — үлкен адамдар қауымдастығы (қала, аудан, облыс, аумақ халқы) болған кезде қолданылады. Аналитикалық зерттеу – зерттелетін құбылыстың құрылымдық элементтерін бейнелеуді ғана мақсат қоймайды, сондай–ақ тәжірибелік құндылығы жоғары болып келетін негізінің себептерін айқындауға бағытталған, социологиялық зерттеудің тереңдетілген түрі болып табылады. Аналитикалық зерттеу дайындығы біршама уақыт талап ететін, мұқият құрастырылған бағдарлама мен инстументарийды талап етеді. Зерттеу объекті жөнінде көрініс алу үшін, барлау және бейнелеу зерттеу түрлерін қолданады.
Социологиялық зерттеу-процедуралар жүйесі. Социологиялық зерттеу — методологиялық, методикалық және ұйымдастырмалы – техникалық процедуралардың логикалық жалғастырмалы жүйесі, бір-бірімен ортақ мақсатпен байланысты: зерттеу құбылысы немесе үрдісі жөнінде мәлімет алу және оны әлеуметтік басқару тәжірибесінде қолдану. Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан кезеңнен тұрады:- зерттеуге дайындық;- бастапқы ақпаратты жинақтау; - жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау;- өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау. Нақты социологиялық зерттеуді өткізудің себебіне әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылығы болып табылады. Осылай, мысалы тұлға дамуының қажетті деңгейі мен оқу орын түлектерінің жалпы дамуының шын деңгейі арасында қайшылықтар әлеуметтік мәселені құрайды. Объективті қарама-қайшылықтың сипаты, әлеуметтік мәселенің негізінде жататын, зерттеу түрін айқындайды. (оның теоретикалық немесе қолданбалы бағытын) Әдетте, эмпирикалық социологиялық зерттеу аралас болып табылады: ол тек тәжірибелік ғана емес, сондай-ақ ғылыми мәселелерді шешеді. Мәселелік әлеуметтік жағдай ғылыми мәселеде нақты бейнеленеді, онда ол қоғам сұранысы мен білімі арасындағы қарама-қайшылық ретінде және оны белгілі әрекеттер негізінде ұйымдастыруда іске асырудың жолдарын мен амалдарын білмеуден тұрады. Егер әлеуметтік мәселені белгілі құралдармен шешуге болса, онда бұл тәжірибелік мәселе болып табылады. Ғылыми мәселелерді шешудің ерекшелігіне жаңа білім алу, сондай-ақ мәселенің тәжірибе аспектісін ғылымимен ұштастыру жатады. Зерттеу мәселесін тұжырымдау үрдісінде едәуір толық және айқынды көрініс алуға тырысады. Шын әлеуметтік жағдайды көрсетпейтін немесе бұрын шешілеген қиындықтарды алға мақсат етіп қоюдан бас тарту керек. Кең жоспарлы мәселелерді қоюдан да бас тартқан жөн, себебі бір зерттеу шеңберінде бірнеше мәселерді шешу мақсатсыз болып келеді. Социологиялық зерттеулерге кіретін процедуралар:1)Техникалық-ұйымдастырушылық2)Методологиялық 3)Әдістемелік.Социологиялық зерттеудің кезеңдері: a) Аналитикалық зерттеу b) Пилотаждық зерттеу c) Баяндық зерттеу. Социологиялық зерттеудің түрлері: 1) Толықтырулар мен қорытындысын шығару 2) Дайындық 3) Бастапқы ақпаратты жинақтау 4) Ақпаратты қорытуға және ЭЕМ-да өңдеуге дайындау 5) Қорытылған ақпаратты талдау 6) Ғылыми қорытындысын дайындау