Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Абайдың социологиялық көзқарасы. 1 страница




Абайдың әдеби мұрасын зерттеу тарихында ұлы ақынның дүниеге көзқарасының бір саласы-оның саяси әлеуметтік көзқарасы кеңестік дәуірдің 20 жылдардан бастап-ақ қызу таласқа түскен еді, бірақ соңғы жылдарға дейін бұл туралы көптеген мақалалар мен зерттеулер еңбектерінде жол жөнекей сөз етілсе де, арнайы түрде ғылыми зерттеу нысанасына алынбай келді. Әрі Абай шығармаларының әлеуметтік беті туралы дұрыс шешімін таппай, көп жылдар бойы өзекті талас- тартыстардың қайнар көзіне айналып келді. Абай мұрасының әлеуметтік беті, көбінесе, тұрпайы социологиялық таным шеңберінен шыға алмай келуіндегі басты кедергі тап күресідеген марксистік танымды қоғамдық пікірді ендіруінде жатыр. Яғни Абайдың әлеуметтік беті жасанды таным тұрғысынан қарайды. Оны бұзу ол тұста мүмкін емес болатын-ды. Әсіресе, бұған зерттеушілердің назары ақынның сатералық шығармаларын сөз еткенде көбірек ауды.
Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап-биік жартас...» дей келіп, оны билік, байлық, білі деңгейі т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның пікірінше адам: «Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.» Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивиттің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қзақ қоғамында байдық малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды.
Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтікмәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт араснда еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды.Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?» деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде «жинақылық керек, әрбір жинақылық кеніш болады» деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай:
Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған,-
деп, егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады. Баянды еңбекті ол материалдық игіліктерді өндірудің және адамның мұқтажын қанағаттандырудың маңызды көзі деп түсінді.
Қазақ қоғамында халықтың бәрі бірдей еңбекке тартылмай, оның белгілі бір бөлігі жұмыссыз болды. Абай оның жағымсы з салдарын ашып көрсетті.
Жұмысы жоқтық қазақты жаманшылыққа деп ескертті.
«Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына да әр түрлі бәлеге, ұрлық,зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселрге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе». Ұлы ойшыл жұмыссыздықтың материалдық жоқшылыққа әкеп соқтыратынын баяндай отырып, оның адам мінез-құлқын өзгертетінін айтып, адамды хайуандырып жіберетінін айтты. Адамның бәрінде жаманшылыққа қарсы тұра алатын күш қуат, жэігер такбылада бермейді.Сондықтан да Абай «Жаманшылыққа бір ілігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады» деп жазды. Жұмыссыздықты ел ішінде тоқтату жолдары мен қатар, сырт елдерге барып жұмысқа орналасу арқылы жоюға болатынына үмітпен қарады. Ол «малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?» деп армандады. Абайдың бұл пікірі бүгінгі қоғамдажұмыссыздықтың салдарынан қалыптасқан келеңсіз әлеуметтік жағдайларды:қылмыстың өршуін, қайыршылықтың,нашақорлық пен маскүнемдіктің, жезөкшеліктің, т.б. мәнін сол кезде-ақ көріп тұрғандай айтылғаны анық.
Абай қазақ қоғамын дамытудың халыққа білім беру, олардың ғылымға тарту деп есептеді. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайларды жақсартудың ғана бірден-бір құралы, деп қарай отырып, ғылымды игеру бүкіл прогреске жететін жол деп түсіндірді
Ұлы ойшылдың пікірінше, ғылымды біз жанымыздан шығара алмаймыз, жаралып, жасаалып қойылған нәрселерді сезбеппіз, көзбен көріп, ақылмен білеміз.

Абай саяси және құқықтық көзқарасында бюрократтық көріністерге талдау жасап, бюрократияны қалыптастыратын мотивтердің негізіне надандықты,білімсіздікті, өркөкіректікті және менмендікті алып, бұлардың келеңсіз құбылысқа соқтыратынын жасырмады.
Әлеуметтік ортаны, жалпы қоғамды ғұлама Абай адамды жан-жақты етіп қалыптастыратын негізгі социум және басты фактор ретінде қарастырады. Сонндықтан ол «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, замндасының бәрі виноват» деген ой түйіндейді. Бұл жерде Абай адамның қоғам мен қарым қатынасын, байланысын терең сараптай келіп, оны қоғамды құраушы элемент және белгілі бір рөлі атқарушы етіп көрсетеді. Бұл көзқарсын жалғыздық туралы ой-пікірмен тереңдете түседі. Оның тұжырымы бойынша, «Дүниеде жалғыз қалған адам –адамның өлгені».Ірі социум саналатын қоғамдық ортасыз адамның тыныс –тіршілігі болмайтыны анық. Адамсыз қоғам, қоғамсыз адам өмір сүрмейді.

Адам, жеке адам,кісі, тұлға ұғымдарының айырмашылықтары. Адам жер бетіндегі эволюциялық дамудың биологиялық және әлеуметтік қатынастарда біріктірілген күрделі түрі болып табылады. Әр жеке адам индивид, ол қайта тумайды. Индивид – адамзат ұрпағының бір өкілі деген түсінік биологиялық тұрғыда да қарастырады. Жекелік туралы сөз еткенде де осы қайталанбастығын алға тартамыз. Адамға әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, ең алдымен оны қоғам мүшесі, қоғамдық мүдделерді жеткізуші деп қарастырамыз. Адам мен әлеуметтік орта арасындағы қарым-қатынасты зерттегенде тұлға сыртқы қозғаушы күш ретінде ғана емес, әлеуметтік субъект, өзіндік қажеттіліктері мен қызығушылықтары қалыптасқан қоғамдық өмірдің белсенді мүшесі болып табылады.1.Тұлға қоғамдық қатынастардың субъектісі және саналы қоғам мүшесі.2.Қоғамдық жүйенің тұрақты белгісі индивидті қоғамдық қауым мүшесі деп сипаттайды. тұлға - әлеуметтік қатынасқа түскен индивид

Алаш партиясының ұлттық ұстанымдары. "Алаш" партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлi тұжырымға негiзделдi. Бiрiншi ұстаным: жер, жер және жер. Жерсiз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: "Қазақтың байырғы жерiн қашан қазақтар өз бетiнше ғылым мен техникаға сүйенiп толық игермейiнше, жер жеке меншiкке де, қоныстанушыларға да берiлмейдi". Яғни бұл ұстаным: Жер - Отан, ал Отанды сатуға да, жеке меншiкке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшiн әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың терi мен қаны төгiлген - деген тұжырымға саяды. Екiншi ұстаным: жердiң астындағы, үстiндегi, аспанындағы барлық игiлiк қазақ мемлекетiне қызмет етуi керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: "Оның әр бiр түйiр тасы әр қазақтың өңiрiне түйме болып қадалу керек" болатын. Яғни бұл - өз жерiнiң игiлiгiн - әуелi өз елi игiлiгiне айналдырсын, одан асса ғана жатқа салауат - деген емеуiрiндi танытады. Абай данышпанның: Өздерiңдi түзелер дей алмаймын, Өз қолыңнан кеткен соң Eндi өз ырқың, -
дегенiндегi "ырық" - осы ырық. Жердiң астына, үстiне, аспанына иелiк ете алмасаң - ырықтың кеткенi сол емес пе?!. Үшiншi ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, "Қазақтың жерiнде өндiрiлген "бiр уыс жүн сол мемлекеттiң азаматтарының үстiне тоқыма болып киiлуi" керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсiздiк пен бiрлiкке қол жеткiзуге ұмтылуы тиiс едi. Тағы да сол Абай: "Бiрлiк - ақылға бiрлiк, малға бiрлiк емес. Малыңды берiп отырсаң: атасы басқа, дiнi басқа, күнi басқалар да жалданып тiрлiк қылады. Бiрлiк сатылса - антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бiрлiк қылса керек", - дегендегi бiрлiк - осы экономикалық бiрлiк. Ал бiздегi сатылмайтын құндылық - тек "жалданып тiрлiк құру" ғана болып қалды. Төртiншi нысана: қазақ мемлекетiнде мемлекет құрушы ұлттың тiл, дiн, дiл үстемдiгi болуы керек, яғни Х.Досмхамедовтiң пайымдауына жүгiнсек, "ұлттық мәдениет үстемдiгi сақталуы" тиiс болатын. «Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнiм,» - деп Сара ақынның сал Бiржанға қарата айтқанындай, бұл үш мәселеге келгенде, бiздiң де үнiмiз шықпайды. Егер қоғамның дамуы осы бетiмен кете берсе, күнi ертең бiз "Құранды" да орыс тiлiнде оқитын боламыз. Бесiншi, түпкi мақсат: тәуелсiз ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негiзделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгiсiндегi ұлттық-демократиялық мемлекет құру едi. Яғни тағы да сол Х.Досмұхамедовтiң пайымдауына жүгiнсек: "тәуелсiз сот құрылымы болады, тең және туыстық қарым-қатынастарды қамтамасыз ететiн одақтық қағидаттар (заң) жасалады".

Әлеуметтену процесі,28.Әлеуметтенудің негізгі агенттері. Eger 27,28 surak kop bop korinse, 1euin gana okyndar, ekeui de birdie1)Әлеуметтену дегеніміз – үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс. Адам туылғаннан бастап, өмірден өткенге дейін жүреді. Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан немесе жаңа әлеуметтік нормаларды игерген адам қоғамда тұлғалық дамуға, жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді. Әлеуметтену алғашқы реттік, және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы реттік әлеуметтену отбасыда жүреді. Одан кейінгі әлеуметтену бала-бақша, мектеп, әлеуметтік ортада, т.б. жалғасын табады. Негізінен әлеуметтену үдерісінің негізгі агенттеріне отбасы, білім, неке сияқты әлеуметтік институттардың әсері мол (Кесте-1). Отбасыда алған – тәрбие, білім беру мекемелерінде алған – білімі және тағы басқа институттардан алған түрлі оң құндылықтар адамның өмір бойы дұрыс, сапалы өмір сүруінің кепілі болады. Дегенмен, бұл – әлеуметтенудің қалыпты түрі. Ал қоғамда отбасыда туылмаған, отбасы институтынан тыс адамдар да бар (жетім балалар, көше адамдары, т.б.). Немесе белгілі бір объективті, субъективті факторларға байланысты білім беру институттарынан тыс қалғандар да бар (орта немесе жоғарғы білімі жоқ азаматтар). Сондықтан да қоғамда адамдардың әлеуметтену үдерісі өте күрделі және өзекті мәселелердің біріне жатады. Адам өмірінің циклдік қарастырғанда өсу, өрлеу шағы болып табылатын жастық шағының негізгі субъектілері болып табылатын жастардың дұрыс бағдарлануы олардың келесі өмірінің жартылай іргетасы болады десек қателеспейміз. Жартылай деп айтуымыздың бір себебі, адам бойындағы біршама құндылықтардың негізгісі балалық шақта қалыптасатыны жасырын емес.2)Енді әлеумттену түсінігінің мағынасын ашсақ - бұл барлық мәдени дәстүрлерге тән, сонымен қатар индивидтің білімін, құндылығын және нормаларын іске асыратын процесс. Әлеуметтену түсінігін философия, социология, әлеуметтік психология, психология, педагогика, тарих, этнография ғылымдары оқытады. Әлеуметтену философиялық қиындық ретінде тек әлеуметтік философия бағытында, әлеуметтік реализм дегендей қиындықтарға жолығады, тарихи категорияларда түрленбейді. Әлеуметтенудің философиялық негізгі дәстүрін әлеуметтік психология Тардтан бастау алады; ол белсенді түрде классикалық психанализде дамыды; интеракционизммен, марксизммен, жүйелі-функционалды талдаумен, бүгінгі күндегі әлеуметтенудің зерттелуі бойынша символикалық интеракционизм мен психодраманың бағыттарымен т.б. Әлеуметтену процесінде адамды мәдениетке қосу, сонымен қатар ол үшін автохтонды түрде болатын белгілі бір халық дәстүрінің мәдениетіне қосу болады.Әлеуметтену процесі мәдени ортаға бейімделу процесі секілді индивидтің бүкіл ғұмырында жүріп отырады. Бірақ оның функционалы-мазмұнды экстремумы баланың екі жас пен алты жас аралығына ғана тиесілі. Ал бұл жастан өтіп кеткен homo sapiens үшін бұл мүмкін емес. Қасқырлардың ортасында өскен әйгілі Амал және Кемал, бүркіт ұясындағы Гоимед баланы әлеуметтендірудің олардың жағдайында мүмкін емесігін көрсетеді. Әлеуметтену мәдени әдет-ғұрыптар сияқты жеке тұлғаның қалыптасуы болып табылады. Бұл мағынада әлеуметтену нәтижесі ретінде бұрыннан қалыптасқан жеке тұлғаның варияциялары көрінеді. Олардың вариаттылығы нақты бір жекелеген әлеуметтік жағдайлардың және туа пайда болатын психологиялық жағдайлардың көптүрлілігімен шартталған.Олардың интегралдық қауымдастығы мәдениетте стандартталған тәуелділікке ие және белгілі бір орта түзетін матрицалардың парадигмалық бірлігі болады. Бұл жекелеген мінез-құлықтардың қоғам мақұлдамайтын жағдайларға әкелуімен аяқталады. Осындай бекітулерге операциялы түрде ие болу марапаттауға немесе жазалауға әкеп соқтыратын мынандай қағидалар арқылы жүзеге асады: «сүйсінушілік-қайғыру» (Фрейд) немесе «тежеуіштік-субстанция» (Парсонс).Әлеуметтенудің психологиялық механизмі тұлғаның мына рольдердің бірін қабылдауы арқылы көрінеді: «еліктеу» (Тард), өзін басқа біреуге теңдестіру (Фрейд), «басқа біреудің ролін қабылдау» (Дж. Г. Мид), «еліктеушілік және теңдестірушілік» (Парсонс). Осындай контекстерде әлеуметтену агенттері қиыншылықтарға тап болады, олар бұл жағдайда үлгі ретінде кім көрсетілуі тиіс деген сұрауға жауап іздейді. Бұл жерде әлеуметтену таным сапасының тұлға қалыптасуындағы мақсатталан ықпалы ретінде қарастыратыны сияқты, тұлғаның мәдени-әлеуметтік контекске сәйкес объективті ұйымдасқан процесстің маңыздылығын есте ұстау қажет. Фрейд концепйиясында бұндай үлгі болатын модель ретінде отбасы алынған (алдыменен ата-ана); ал Т. Тернердің көрсетуінше әлеуметтік агенттің референті ретінде отбсылық жағдайы жоқ топ қана қатыса алады делінген. Дегенмен, әртүрлі нұсқаларға қарамастан әлеуметтену біріншіден «басқа-басқалар» деп, екіншіден «мағыналы басқа-басқалар» деп түрленеді. Бұған мысал «мұғалім-оқушы» (Тард) принципіне негізделген тікелей қатынас бола алады. Жеке тұлға «өзіне жалпы құндылықтарды» басқа бір білікті адаммен қарым-қатынас жасау барысында алады. (Парсонс) Мидтің айтуынша субъект үшін басқа бір тұлғаның рөлін қабылдау сатылай жүзеге асады. Алдымен өзі үшін беделді адамдардың роліне кіру (ата-ана, үлгі тұтар достары, әдеби немесе кино кейіпкерлері), содан кейінгісі басқаны максималды түрде танитын абстрактілі «негізделген басқа» рөлінде. Негізделген басқа жағдайына жеткенде жаңағы әлеуметтенудің агенттері (ата-ана, топ) өзіндік бағалауға айналады.Бақылау жекелеген танымға кіреді де, физиологиялық организм рефлекстік таным «менге» айналады.(Мид)

Әлеуметтік құрылым ұғымы. Қоғамның әлеуметтік құрылымын оның анатомиялық скелеті десек те болады. Құрылым деп қоғамның ішкі құрылысын құрайтын функционалды бір-бірімен арақатынастағы элементтердің жиынтығын айтамыз. Әлеуметтік құрылымның элементтері болып әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер саналады. Олардың сандары, реттері, бір- біріне тәуелділігі нақты қоғамның нақты құрылымына байланысты.

Қоғамның құрылымы өте күрделі. әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар. Әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне: а) өзара тығыз байланыста, қарым-қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтікқоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады. Бұл айтылғандарды сызбанұсқа түрінде былайша бейнелеуге болады. Әлеуметтік құрылымның басты элементтері Әлеуметтік қоғадастықтар деп, белгілі бір отақ белгілері бар, яғнм мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс-әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз. Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады. І. Тұрақтылық дәрежесіне қарай: 1) қысқа мерзімдік байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп е атайды. Мәселен, бұл топқп театрдегі спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады. 2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы) 3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар) ІІ. Көлеміне қарай: 1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топртар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат-мүдделері де жақын болады. ІІІ. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар: 1) әлеуметтік-экономикалық (касталар, сословиелар, таптар); 2) әлеуметтік-этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік-демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер); 4) әлеуметтік-кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер); 5) әлеуметтік-территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.
Әлеуметтік құрылым концепциялары. Әлеуметтік құрылым туралы түрлі концепциялар бар. Негізінен оларды екіге бөлуге болады. Біріншісі, Э.Дюркгеймнен бастау алатын әлеуметтік факт, яғни безен тыс, тәуелсіз болмыс. Сондықтан, әлеуметтік құрылым біздің іс-әрекетімізді шектеп, олардың белгілі бағытта жүруіне мәжбүрлейді. Қарым-қатынастар теориясы бойынша қоғам мен әлеуметтік қатынастарда ешқандай тұрақтылық жоқ. Ол индивидтардың қарым-қатынасы негізінде минут сайын туып тұратын динамикалық процесс. Оның сыртында, онан басқа ешқандай құрылым жоқ. Осы екі бір-біріне қарсы концепцияларды ағылшын социологы Э.Гидденс біріктіріп қарастырды. Оның тұжырымынша іс-әрекет құрылымсыз болуы мүмкін емес. Құрылымдар адамдардың іс-әрекеттері арқылы ғана болуы мүмкін, яғни құрылымдар тек іс-әрекеттер арқылы ғана өмір сүреді.Маркстік, кейінен маркстік-лениндік құрылым концепциясы бойынша социализмде «екі жарым таптар» концепциясы қалыптасты. Екі жарым дейтін себебі социализмнің әлеуметтік құрылымын екі тап-жұмысшы мен колхозшы және тап болып есетелмейтін интеллегенция құрайды. Жетекші рөлді жұмысшы табы атқарады. Мақсат коммунизм құрылғанда таптардың барлығы да жойылып тапсыз қоғам құру. Бұл концепция іс жүзінде тек қиял екені анықталды.

Әлеуметтік мәртебе. «Әлеуметтік мәртебе» деп міндет пен құқық жүйесі арқылы басқа позицияларменен байланысты қоғамдағы немесе әлеуметтік топтағы нақты позицияны айтамыз. Мысалы «ұстаз» мәртебесінің мәні тек қана «шәкірт» мәртебесі арқылы мағналы, ал «саудагер» немесе «инженер» ұғымдарына байланысты мүлдем мағнасыз. Ұстаз өз білімін шәкіртіне үйретуге, оның білімін, тәртібін тексеріп, қадағалауға міндетті. Егерде шәкіртінің білім деңгейі қанағатырмайтын болса, онда оны аттестаттамай қоюға құқы бар. Ал ол дегеніміз шәкірттің тағыдырына өз тиісті әсер ететіні сөзсіз. Шәкірт болса сабаққа қалмай үнемі қатынасып, берілген тапсырмаларды орындап, қойған сұрақтарға жауап беруге тиісті. Яғни ұстаз пен шәкірт екі үлкен әлеуметтік топ өкілі, екі әлеуметтік мәртебе иелері ретінді бір бірлеріменен әлеуметтік қатынасқа түседі.

Әлеуметтік роль. 1 version) Ал әлеуметтік рөль болса,ол нақты мәртебеге арналған іс-әрекет. Роөдерді мәртебелердің динамикалық жағы дейді. Әр адамнан оның мәртебесіне сай іс-әрекетт күтіледі. Банкирден банкирге тән, ұстаздан ұстаздық және с.с. Сондықтан әлеуметтік рөль онымен функциональды байланысты топтардың мүшелерінің сол рөлді орындалуын күтуі болмаса және әлеуметтік нормалар, сол рөлге нақты талаптарды бекітпесе орындалмас еді. Рөлдік жиынтық әлеуметтік қатынастарды қалыптастырады, әлеуметтік мәртебелерді және соған тән рөлдерді орындауды талап етеді. Рөлдерге беріле ену рөлдік идентификациялану дейді. 2 version) әлеуметтік рольдер тұлғаның өзін-өзі көрсетуі мен дамуының формасы болып табылады, ал олардың сәтті өтуі адамзат бақытының кепілі болады. Шындығында, бақытты адамдардың жақсы отбасылары болып, өздерінің іскерлік міндеттерін жақсы атқарып, қоғам өміріне, мемлекеттік істерге белсенді қатысып отыратынын байқау қиын емес. Алайда адамның өмір сүру кезіндегі әлеуметтік рөльдердің қажеттілігін табу оңай шаруа емес. Ол үшін күш-жігер, уақыт және қабілет керек, сонымен қатар әлеуметтік рөльдерді орындау барысында келіспеушілік бола қалған жағдайда соны шеше білу керек. Ол келіспеушіліктер ішкі, аралық және тұлғалық-рөльдік болуы мүмкін.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 629 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2645 - | 2219 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.