Әлеуметтік топтар. Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және үлттық қауымдастыктарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байла-ныстар мен кдтынастардан кұралады. Сонымен бірге, олар тек осы бай-ланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бүл болса когамның тұтастығына, оның біртүтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мүның мәнін өздерінін теорияларында О, Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді.іҚоғамның әлеуметтік қүрылы-мы — адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының ара-сындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайла-рының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы. Қоғамның әлеуметтік қүрылымынын даму негізіне: 1) қоғамның еңбек бөлінісі; 2) өндіріс құрал-жабдықтарына және оның ©німіне меншік қа-тынастары жатады. Қоғамдықеңбек бөлінісі - әлеуметтік топтардың, тап-тардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болды
Бақылау және оның түрлері.Нақты социологиялық зерттеу мынадай мүмкіндіктер бере алады:1)Қоғамдағы жағдайлардың анық бейнесін көрүге;2)Әлеуметтік қарым-қатынастардағы шиеленіс пен даму тенденцияларын бөліп қарау;3)Социологиялық ситуацияларды болжау;Қоғамның дамуының және шиеленістерді шешуінің ең тиімді жолдарын анықтау.
Баяндық зерттеу (описательное) - социологиялық талдаудың тереңдетілген түрі. Зерттеу нысаны болып, жетерліктей үлкен қоғам, яғни олардың сипаттарын анықтау мәселесі қойылады.Себебі бұл зерттеу оларды салыстыруға, не салғастырумаға көмектеседі. Зерттеу барысында ақпараттың масштабының үлкеніне байланысты, ақпаратты өңдеуге машиналар қолданылады.
Бұл зерттеу түрінде эксперимент те қолданылады. Мысалы: бұл ақпараттың түбіне жету үшін, социолог бір анық ситуацияны алады. Себебі, бұл арқылы байланыс факторларын таба алады. Бұл зерттеу түрін экспериментальды деп те атауға болады.Пилотаждық зерттеу-нақты социологиялық зерттеудің қарапайым түрі. Бұл зерттеудің түрі ұйымдасқан тапсырмаларды шешу үшін және кішкене ғана объектімен жұмыс істеу үшін арналған. Оны ажырататын белгілер: жеңілдетілген бағдарлама, әдіс және көлемі жағынан шағындығы.
Габитус-агенттердің түсініктерін, практикасын құрылымдастыратын және оларды тудыратын диспозициалар жүйесі. қабылдау матрицасы, мақсат қою, мәселелерді шешу, іс-әрект жасау ретінде жұмыс істейді. Габитус дегеніміз қабылдаудың, бағалаудың, топтастырудың және іс-әрекет жасаудың, практиканың нәтижесі мен индивидтің сана елегінен өтпеген /бессознательный/ әлеуметтік құрылымдарды интериоризациаландырудың біртұтас диспозициялық жүйесі.Бір жағынан габитус-бұл индивидтке тән қабылдау, бағалау, топтастыру және іс-әрекет жасаудың ішкі схемасы. Басқа жағынан- әлеуметтік агенттердің ұғынып және өзімденіп алған интериоризандылған әлеуметтік қатынастар. Габитус әлеуметтік институттарды ұдайы өндірілуіне жағдай тудырады, институт құрылымы индивидтің ішкі құрылымына сіңісіп болашақ практикада ұдайы өндіріліп /воспроизводство/ отырылады. Габитуста бір тап өкілдерінің, кәсіби мамандардың, ұлттардың бағалау және ойлау тәсілі, эстетикалық талғамы, сөйлеу және жүріс-тұрыс мәнері, өмір сүру қалпы басқалардан ерекшелендіріліп нақтыланған.Габитус әлеуметтік кеңістікте агенттің спонтанды үйренуіне және туындаған оқиғалар мен жағдайларға адекватты қыймылдауына мүмкіндік туғызады.Габитустың санадан өтпегедігі оның тәнділігімен /телесность/ анықталынады, денеге сіңілген ұстанымдар, сөйлеу мәнері, өзін ұстауы, жүрісі, стилі арнайы инкорпориаландырылған талаптарға бағыну арқылы көрінеді.
Дәстүрлі қоғамның сипаттары. Қауымдастық негізінде туысқандық, эмоционалдық, адамдардың саналық деңгейіне жетпеген, дәстүрлерге негізделген қатынастар жатады. Мұндай дәстүрлі және патриархалды әлеуметтік ұжым қоғамға қарағанда әлдеқайда архаикалық,яғни ежелгі. Дәстүрлі қазақ қоғамының құқықтық жүйесінде оның өміршеңдігін және әмбебаптығын қамтамасыз ете білген бірнеше құқықтық институттар қалыптасқан болатын. Солардың бірі қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым -салық қатынастары болып табылады. Алым – салық қатынастары осы уақытқа дейін отандық заң ғылымында арнайы қойылып зерттеле қоймаған, ақтаңдық мәселенің бірі. Оның басты себептерінің бірі, кеше өткен Кеңестік дәуірде қазақ қоғамында жалпы көшпелі қоғамда мемлекеттік құрылымдар болған жоқ. Олар жабайы рулық қатынастар деңгейінен аса қоймаған халықтар ретінде бағалануында еді. Дәстүрлі құқықтық жүйедегі алым-салық қатынастарының тамыры тереңде жатыр. Бұл қатынастар жүйесі Қазақстан аумағындағы көшпелі мемлекеттердің өмір сүруімен тікелей байланысты. Сондықтан да, оның бастаулары есте жоқ, ескі замандарға, яғни сол дәуірлерге барып тіреледі. Алым–салық қатынастарының дәстүрлі қазақ қоғамындағы бейнесі, ол осы замандарда қалыптасқан, тәжірибенің, былайша айтқанда дамыған шыңы. Сол үшін де, дәстүрлі қазақ қоғамындағы алым-салық қатынастарының құқықтық бейнесін, оның нысандарын және түрлерінің қалыптасуын осы кезеңдерден іздеуіміз қажет. Бұл қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарын зерттеудің, былайша айтқанда методологиялық ұстанымы. Алым–салық қатынастарының табиғатын ашуды осы ұстанымдар деңгейінде жүргізуіміз қажет. Дәстүрлі қазақ құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарының табиғатын ашу, оның мазмұны мен мәніне терең үңілу үшін, біз жалпы дәстүрлі қазақ құқығының ерекшеліктеріне, оның өмір сүру нысандарына және әрекет етуінің аясына тоқталып өтуіміз керек. Себебі, дәстүрлі қазақ құқығының негізін құрайтын көптеген мәселелер осы уақытқа дейін ғалымдар арасында талас тудырып келеді.
Соңғы кезеңдерде қазақ әдет құқығы жүйесін зерттеуде үлкен серпілістер болуда. Қазақ әдет құқығы жүйесіндегі алым-салық қатынастарында, осы жаңа тұжырымдар негізінде және сол бағытта қарастырып, ашып ұмтылатын болсақ қана, біз оның қоғамдағы рөлін көрсете аламыз.
Дж.Хоманстың социологияға енгізген үлесі. Джордж Каспар Хоманс /1910-1989/,амрикандық социолог, Гарвард университетінің профессоры. Ол алмасу теориясын өмірге әкелген ғалым. Хоманс әлеуметтік құрылым ұғымынан бас тартып, оның орнына алмасудың субмәдениеті ұғымын енгізді. Әлеуметтік іс-әрекетті материалды және материалдыемес құндылықтардың алмасуы ретінде қарастырды. Алмасудың дәрежесі мен сапасы әлеуметтік қатынастардың тұрақтылығына әсер етеді. Алмасу үдерісіне қатысушылардың әр қайсысы болмасын пайдаларын өсіріп, керісінше шығындарын азайтуға тырысады.
Ж.Баласағұнның «Құтты білігін» социологиялық тұрғыдан түсіну. “Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуірде ұлан-ғайыр өлкені алып жатқан осы мемлекеттің басқару тәртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ, қоғам мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті заңдар жоқ еді. Міне, елдегі осы олқылықтың орнын толтыру мақсатымен Жүсіп Баласағүниөзінің “Құтты білік” дастанын жазды. Демек, дастан белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Жүсіп Баласағүни дастанда патшалар мен уәзірлердің, хан сарайы қызметкерлері мен елшілердің, әскербасылар мен нөкерлердің, тәуіптер мен аспаздардың, диқандар мен малшылардың, т.б. қоғам мүшелерінің мінез-құлқы, білім дәрежесі, ақыл-парасаты, құқықтары мен міндеттері қандай болу керектігін жеке-жеке баяндап шығады. Ақын мәселені әмірші-патшаның өзінен бастайды. Ел-жұртты басқаратын адам – ақыл-парасаты ұшан-теңіз, ниеті түзу, сөзі шырын, білім мен өнерге жетік, қолы ашық, пейілі кең, жүзі жарқын, ешкімге кек сақтамайтын жан болуы шарт екенін айтады. Ел басқарған әкімдерді күншілдік, ашкөздік, сауық-сайранға құштарлық, қатыгездік, кекшілдік сияқты жаман қылықтардан сақтандырады. Бұдан кейін ақын патшаның көрер көзі, естір құлағы “хас хажиб”, яғни бас уәзір міндеттерін тізбектеп, зор білгірлікпен айтып шығады. Бас уәзір халықтың талап-тілектерін патшаға, ал патшаның айтар ой-пікірін, жарлықтарын халыққа жеткізіп отыруы тиіс. “Құтты білікте” елшіге қойылатын талаптар егжей-тегжейлі сипатталып жазылған. Елші ерекше зерек, өзі көрікті, көп тіл білетін, шешен,жақсы аңшы, құсбегі, жұлдызшы (астролог), түс жори білетін, музыкант сияқты көптеген қасиеттерге ие жан болуы қажет. Ақын сөзімен айтқанда, “елші ердің төрт құбыласы тең болсын, елде – кісі, сыртта – бүтін ел болсын!” – дейді. Дастанда осылайша елдегі барлық лауазым, кәсіп иелеріне қойылатын моральдік-этик. талаптар сипатталып көрсетілген.
К.Маркстің социологиялық көзқарасы. Жан-жалдастық бағытты қалаушыладың бірі немістің саяси қайраткері, философ, социолог, тарихшы, экономист К.Маркс. Ол адамзат тарихын материалистік көзқарас тұрғысынан қарайтын теория жасап шығарды және де сол теорияны іске асыру үшін әлемдік деңгейде үлкен революциялық қозғалыстар жүрді. Соның нәтижесінде социалистік мемлекеттер, социалистік жүйе қалыптасқан еді. Сондай мемлекеттердің бірі КСРО болатын. Қоғамның даму негізінде таптардың күресі жатады және де ол күрестің негізгі мақсаты тапсыз қоғам орынату. Капиталистік қоғамдағы негізгі таптар болып буржуазия мен жұмысшы табы саналады, сондықтан негізгі күрес осылардың арасында жүреді. Жұмысшы табы міндетті түрде жеңіске жетеді, бірақ та олардың мақсаты билікті өздерінде мәңгілік сақтап қалу емес, керісінше таптық қоғамды жойып тапсыз, әлеуметтік біртекті әділетті қоғам орынату. Бірақта бұл теория іс жүзінде өміршең болмай небары 70 жылдай өмір сүрүге ғана жарады. Маркс капиталистік қоғамда иеліктен айырудың төрт түрлі ерекшелігін керсетеді. 1. Жүмысшы өз еңбегінің өнімінен айрылып отыр, себебі ол өндірген затты басқалар иемденеді, ал ол осы өнімнің кейінгі тағдырына бақылау жасай алмайды. 2. Жүмысшы өндіріс актісіне иелік жасаудан айырылған. Жүмыс іштей қанағаттандырмайтын нәрсеге айналады да, жүмысшыға сыртқы мәжбүрлеуші күш ретінде қысым жасайды. Бүл ретте еңбек өз аясына басқа біреу мәжбүрлеп үсынатын бағаны да қамтиды. Жүмыс іс жүзінде сауда түріне айналады, ол сатыладьг және жүмысшы үшін мүндағы бірден-бір қүндылық – өндіріс агенті ретіндегі оған деген сүраныс болып табылады. 3. Жүмысшы өзінің табиғи болмысынан немесе “әлеуметтік болмысынан” алшақтайды, себебі осы екі нәрсе оны жануарлардан ерекшелендіріп түратын өндірістік белсенділігінен айырады. 4. Жүмысшы басқа адамдардан оқшаулана береді, себебі капитализм оның басқа адамдармен қатынастарын нарықтық қатынастарға айналдырып жібереді. Ғылыми социализмнің теориялық ерекшелігі негізінен Маркстің социализмге немістің классикалық философиясы арқылы келуімен түсіндіріледі. Маркс пен Энгельс оқшауланудың жойылуы (дәлірек айтқанда, қүрып кетуі) коммунизмнің материалдық алғышарты ретіндегі өндіргіш күштердің орасан дамуымен тығыз байланысты деп санады. Маркс өзінің зерттеулерінде қолданған әлеуметтану әдісі тарихи материализм деп аталады. Оның мәні мынада: К.Маркс тарихтың материалистік түсіндірмесін үсынады, ол бойыңша әлеуметтік, мәдени және саяси қүбылыстар кез келген қоғамда материалдық күндылықтарды өндіру әдісімен анықталады (“табиғи-тарихи даму”). Тарихи процестерді түсіндіруде бүл түжырымдама қоғамдық санадағы басқа идеялар сайьгп келгенде экономикалық түрмыс-тіршілік шартьшың туындысы деп есептеп, ең алдымен экономикаға себепті басымдық береді. Басқаша айтқанда, адамдар араласатын барлық қарым-қатынастардың ішінде Маркс материалдық игіліктер өндіру, тарату және түтыну жөніндегі қарым-қатынастарды бірінші орынға қояды. Сөйтіп, оның ойынша, адамдар ғылыми пікірталас жүргізбес бүрын, қүлшылық етпес бүрын, өлең жазып, гимн айтпас бүрын өздеріне тамақ, киім, баспана жасаулары керек. Осы үлгінің көмегімен Маркс қоғамның әлеуметтік өмірі мен басқа әлеуметтік институттар арасында тым бір жақты және тәптіштеп түсіндірілген байланыс орнатады. Маркс заманынан бері әлеуметтануда “материализм” үғымының барлық әлеуметтік қүбылыстардың негізгі себебі экономикалық қатынастар болып табылатын теорияларға қатысты ерекше мәні бар.
Контент- талдау. Құжаттарды талдау тәсілдері. Контент-ана́лиз(англ.: contents - мазмұн, содержимое) немесе мазмұнның саралаy-зерттеу стандартты әдістемесі қоғамдық ғылымның облысында саралау пәнімен мәтіндік алаптың және коммуникативті хат-хабардың мазмұны болып табылады. Құжаттардың саралау әдiстерi. Зерттеу қолданылатын зерттеушi қабылдауларды барлық алуантүрлiкте құжаттар, екi негiзгi түрлердi ерекшелейдi: кейде ол салалық талдау дәстүрлi деп атайды) және атау формализацияланған, алып жүрген әлi контент-талдау. Бiр жағынан екi бұл құжатты мәлiметтiң зерттеуiне жолдар көпшiлiгiнде өзгешеленедi, дегенмен биiк дәрежеде дос толықтыруға жеткiлiкти алады дос, өйткенi екiсi бұл әдiстер мәселеге жан-жақты көзқарастар бiрге бередi. Салалық талдау келесi алғышартпен көбiнесе қызмет көрсетедi құжаттардың формализацияланған зерттеулерi. Дербес әдiс қалай ерекше мән оны бiрегей құжаттардың зерттеуiнде алады: олардың саны әрдайым өте аз және сондықтан сандық ақпаратты өңдеуiндегi керектiктерi жоқ. Дәстүрлi жолдың мәнi сондықтан терең логикалық болады зерттеу құжаттардың мазмұниды. Максимал дәрежедегi талпынысы субъективизм, қажеттiк құтылу мәлiметтер, бағыт социологиялық зерттеу және үлкен көлемнiң жалпылауы мазмұндарды өңдеудiң жанында қолдану қазiргi есептеушi техника мәтiндер әдiсiнiң пайда болуына формализацияланған келтiрдi, (контент-талдау) құжаттардың сапалы - сандық зерттеуi. Бұл әдiсте мәтiннiң мазмұныды жиынтығы бар сияқты анықталады мәлiметтердiң оны, бiртұтас тұжырымдамамен белгiсiз жиынтық бiрiккен баға, ниетпен. Формализацияланған құжаттарды талдауды процедура ерекшелеуден екi бастайды талдаудың бiрлiктерi: (сапалы) мағыналы және есептiң бiрлiктерi. Зерттеудiң мақсаты үшiн тақырыптың құжатындағы бар болу көрсетушi индикаторлар мағыналы iздеп табу талдау, және мәтiндiк мәлiметтiң ашатын мазмұндары. Жемiстi өйткенi мәселенiң жолы мәтiндердiң талдауында. Осы жағдайда барлық мәтiн нақты мәселенiң ахуалының сипаттамасын сияқты қаралады олардың арасындағы субъекттер және қатынастың қатары қай барып тұр. Формализацияланған күйiнде құжаттарды талдау өздiң қызметтерiн жан-жақты қарайды, сонымен бiрге оның субъекттерiн ерекшелейдi, мақсат және ол жасалатын қаракеттердiң себептерi; қызмет қажеттiк не бiр тудырған жағдай, себептер (әрекетсiздiк - бұл қызметтiң ол да түрi); оның бағытының объектi.Құжатты мәлiметтiң талдауы артықшылықтардың қатары салыстырғанда аладыбасқа әдiстермен:1. Құжаттарды талдау туралы график түрiнде мәлiметтер айғақты алуға жедел мүмкiндiк бередiкәсiпорын негiзiнен және оның жұмыс және қызметшiлерi.2. Бұл мәлiметтер нақты сипатты тасысады.Сонымен бiрге бiрақ сапаға қатысты шектеулер туралы ұмытуға болмайдыосы талдау алынатын мәлiметтер:) есептiк және есеп беру мәлiметi достоверде әрдайым болады тасы және қажетсiнедiбақылау сұраулары бақылаулары арқылы;) бұл мәлiметтiң бөлiгi ескiрер едi;) құжаттардың жасауының мақсаттары сол қай есептермен қай жиiрек дәл келмейдiөз зерттеуiндегi социологтi шешедi, сондықтан болатын мәлiметқайта өңдеу тиiстi құжаттар қайта өңдеу тиiстi, қайта мағынала;г) мәлiметтердiң ментацияның мекемелiк догiндегi басым көпшiлiгiнде болмайдықызметкерлердiң санасының күйi туралы мәлiметтер. Құжаттарды талдау сондықтанесептiң шешiмдерi үшiн жеткiлiктi жағдайлар тек қана жеткiлiктiфактограф мәлiметi.
Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың өзекті әлеуметтік мәселелері. Бүгінгі кезде «қоғам» ұғымы бүкіл әлемдік қауымдастықты қамтиды, өйткені жаһандану процесі жершарының қандай мемлекеті болмасын басқаларымен тағыз байланыста екенінін дәлелдеп отыр. Қайсыбір елге төнген қауіпке басқа елдерде көмекке келүге тырысу тенденциясы да бет түзеп келеді. Әрине бұған қарама-қарсы бағытта да болып жатқан процестер жоқ емес. Оның көпшілігінің негізінде бұрынғы империалық амбицияның жатқаны сөзсіз. Соның бір мысалы ресейдің қазіргі Оңтүстік Оссетия мен Абхазияны әлемдіқ халықаралық шарттарға қарамыстан дербес мемлекеттер деп жариялауы. Әлемдік қауымдастықтың орталық басқару органы болып Біріккен Ұлттар Одағы есептеледі. Бүгінгі кезде Еуропа Одағы өз қатарына 28 мемлекеттерді құрап 500 млн адамдардан турады. Бұқаралық ақпарат құралдары бүкіл әлемдегі жағдайды бір уақытта тарату арқылы адамдардың санасын, ой сезімудін жаңа планетарлық деңгейге сай қасиеттерге тәрибелеуде. Әлемдік валюта-қаржы жүйесінің тығырыққа тиелүі әләмдік экономикалық дағдарысқа алып келді. Қазақстан посттоталитарлық қоғамға тән сипаттармен белгілі. Оның негізгі көріністері жарияланған демократиялық қағидалар, заңдар іске баяу асырылуында, мемлекет пен азаматтық қоғамның арасында мемлекеттің басымдылығы, азаматтық қоғамның әлі де кенжелеп қалыптаса алмауы, керісінше мемлекеттің, атқарушы биліктің шексіз билікке ие болуға ұмтылуында, жемқорлық, соның ішінде жоғары деңгейдегі мемлекеттік шенеүніктердің үлесінің өсүі және т.б. Қазақстан қоғамы қазіргі дәүірдің талабына сай даму үшін ең алдыменен өнім шығаратын секторларды дамытуы тиісті.
Қазақстандағы социология ғылымының қалыптасуы. Қазақстанда социология гылымының негізі КСРО аясында қалыптасты. ХХ ғасырдың 30-жылдары социология ғылымы қуғынға ұшырап 50-жылдарың екінші жартысында марксистік-лениндік идеологияның тұрғысынан өмірге келген болатын. Егеменді мемлекет құрылып топталитарлық жүйе ыдыраған соң социология әлемдік социологияның даму аясында дамуға бет бұрыс жасауда. Қазақстанда социология ғылымдары тек қана алғашқы қадамдарын жасауда. Әзірше өзімдік жасампаздық ғылым қалыптасқан жоқ. Көбіне шетелдік еңбектердегі теориялар мен ұстанымдар негізінде жазылған «көшірмелер» десек те болады. Социологияның ғылым болып дамуының материалды техникалық базасы, қажетті қаражаты да жоқтың қасы. Жоғарғы оқу орындарында жүретін социология пәні негізінен ақпарат беру, ағартушылық деңгейінде тіршілік етуде. Қазақстан қоғамы үшін әлеуметтану ғылымының берері көп. Қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік процестер, т.б. зерттейтін әлеуметтану мемлекеттің дамуына да әсерін тигізбей қоймайды.
М.Әуезовтің Абай жолы романындағы қазақ қоғамының сипаттары. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті.Осы төрт томнан тұратын «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы тұтас галерея жасалды. Онда қазақ халқының этнографиялық, діни, жалпы мәдени-танымдық дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, құдалыққа бару мен той жасау, кісі өлімі мен аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлауы, дауға билік айту, аң аулау мен табиғат көріністері, т.б. бәрі бар.
Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының жарты ғасырлық әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық, ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Оқиғалар жыл маусымдарының төрт мезгіліне бірдей, тәуліктің әртүрлі сәттерінде, күн демей, түн демей, толассыз өтіп жатады. Аталар буыны Құнанбайлар өмірінің соңғы кезеңі, орта буын Абайлар өмірі түгелдей дерлік, жаңа буын Әзімбайлар өмірінің тал түсі, жас төл Рахымдар өмірінің басы – бірімен-бірі жалғас, үзілмейтін тіршілік көшінің керуені іспеттес, бірін-бірі қуалай жосыған дария толқындары секілді сабақтас, жалғас қалпында көрініс табады. Бұл бір мәңгілік толас таппас жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат, әділет пен зұлымдық шайқасы ретінде бейнеленеді.
Романдағы негізгі соқталы оқиға, бас майдан өтетін орта – тобықты рулары мекендеген Шыңғыстау аймағы. Көршілес елдер қаракесек, уақ, керей, матай авторлық баяндау барысында, кейбір тартыс, дау-дамай кезінде ғана айтылып отырады. Шыңғыстаудың айналасы, іші-сырты, Хан, Орда, Машан, Доғалаң, Семейтау секілді әйгілі биіктер, Шаған, Ащысу, Қарауыл, Бақанас, Ертіс өзендері, белгілі күзеу, көктеу, жайлау, қыстаулар, толып жатқан адыр, шоқы, бел, асу, төбе, құдық, бастау-бұлақ, көл, ши, қорық, зират, қорым, шатқал, сай, аңғар, тоғай, үңгір, сүрлеу-соқпақ, жолдар алақанға салғандай ап-айқын көркем суретке айналған. Роман бірінші бетінен бастап соңғы жолына дейін сұсты өмірдің қатал шындығына суарылған. Әдемі, таза шаһарда үлкен ұстаздардан білім алып жатқан он үш жасар шәкірттің оқуын еріксіз үзіп, қырдағы күрес майданына салмақшы әке әрекеті зорлық емей немене? Ауылға деген сағыныш тағы бар. Қодар-Қамқа трагедиясының үстінен шыққан соң, екіұдай көңілдегі Абайдың мұрттай ұшуы тән жарасы ғана емес, жан жарасы болып бейнеленеді.
Жас жүректі отқа қарығандай болған осы қанды өлімнен кейін бала көңіл айнала қоршаған ортаға, үлкендер әрекетіне шошынған көзбен қарап, бірте-бірте суық та қатал шындықтарды сезіп қана қоймай, олардың әлеуметтік, философиялық астарлы мәндерін ұға бастайды.
Содан барып, әуелгі үнсіз қарсылық, ішкі наразылық ұлғая келіп, саналы күрес жолына қарай беттетеді. Абайдың азамат, қайраткер ретіндегі өсіп-толығуы ақындық дарынының түйін тастап, бүршік атып, гүл шашып, жапырақ жаюымен қатар егіз отырады.