Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Инновациялық үрдіс және инновациялық менеджмент




 

Инновациялық үрдіс — кезең-кезеңмен өтетін процес. Яғни, жаңалықтардың басты ойларынан іске асыруға дейін, сатуға және сол жаңалықтың диффузиясына дейін апаратын іс-әрекеттер.

Инновациялық үрдіс — кез келген экономика субъектісінің инновациялық қызметі. Басты бағыты аяқталған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жаңа немесе жетілдірілген өнім түріне келтіріп, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процестің нарыққа сату.

Инновациялық процесстің маңызы – жаңалықтардың инициациялық мақсат бағытымен жүретін әрекеттер. Яғни жаңа өнімдерді өңдеп, оларды базарларға сату және әрі қарай диффузияландыру.

Инновациялық процестің құрылымына 7 элемент кіреді. Олардың бір жүйелілікке бірігу нәтижесінде инновациялық процестің құрылымын құрайды.

1. Инициация;

2. Инновацияның маркетингі;

3. Инновацияны өндіріп шығару;

4. Инновацияны сату;

5. Инновациялардың өтуі;

6. Инновацияның экономика тиімділігін бағалау;

7. Инновацияның диффузиясы.

Инициация — жаңалықтардың жасауларымен күнделікті тұрмысқа енгізу кезеңі. Оның негізі ғылым- новаторлар мен ұйымдастырушылар ұжымының жұмысынан тұрады. Олар түрлі творчестволық шешімдердің және дәстүрлі емес әдістерін қолдана отырып өмірге инновацияларды негіздеп, енгізеді.

Инновацияның маркетингі – стратегиялық және оның шапшаң құрастырушысынан тұратын кезең. Басты мақсаты базар конъюктурасының зерттеуінің нәтижесіне сүйене отырып, базардың сегменттерін құру, сұранысты ұйымдастырып, қалыптастыру, сатып алушының мінез — құлықтарын үлгіге алу, фирма қызметін шапшаңдату, жағдайға қарап нәтижелілікпен басқару, жаңалықтарға бәсеке стратегиясын қалыптастыру.

Инновацияны өндіріп шығару — өндіріс процесін жинақты орындау. Яғни, еңбек заттары мен еңбек құралын таңдау, өндірістік процесін керекті қорлармен, жабдықтармен, жұмыс аспаптарымен, бақылау құралдарымен қамтамасыз ету. Оларға келесі факторлар әсер етеді:

· механикаландырудың, автоматтандырудың, мамандандырудың деңгейі;

· технологиялық процестердің деңгейі;

· технологиялық процестердің және жабдықтаудың орта жасы;

· жабдықтау жұмысының ауысымдылық коэффициенті;

· фирманың штаттық кестесінің жинақылығы;

· қор қырағының еңбегі (негізгі қорлардың белсенді бөлім құнының

· қызметкерлер санына қатынасы);

· өндіріс құндылығының көрсеткіштері (кадрлардың тұрақсыздығы, еңбек өнімі, жұмыс уақытының бос өтуі, өндіріс процестердің пропорционалдығы, параллельдігі, ырғақтылығы).

Инновацияны сату- сату, нарық сегментациясын өткізуі арқылы пайда болған инновациялық партиялардың базарға шығуы (нарық сегментациясы: әлеуметтік–демографиядан, пайда, мінез — құлық, әлеуметтік–мәдениеттен және өнеркәсіп тауарларының сегментациясынан тұрады), мақсат сегментациясын таңдау (тұтынушылардың тобын анықтау); тауарлардың позиционерлеу (тауардың имиджін жасап шығару); тауарды сатуға арналған шапшаң маркетинг бағдарлама мен нәтижелі жарнама шығару; тауардың өтуіне байланысты ынталандыру әдісін ұйымдастыру.

Инновациялардың өтуі- инновациялардың өтуіне, өтім желілер (тарату каналдары) функциясының орындалуы көмектеседі:

· базар сегментациясының нәтижелерін зерттеу мен жарнаманы жоспарлау;

· тұтынушылар мен делдалдармен келісім-шарт орнату;

· клиенттерге келген тауарлардың түсіру жоспарын құру;

· өтім каналдарын анықтау (көтерме, бөлшектер, саудагерлер, агенттер, делдалдар, қызмет ететін сауда ұйымдар, меншікті өтім желілері);

· тауарлардың қабылдауын, сақтауын, қорабшасын, сорттарға бөліп және түсіруін ұйымдастыру;

· тауардың ақпараттық, қорлық және техникалық түрімен қамтамасыз етіп, оның өтімін ұйымдастыру;

· өтімнің жоғарлауына байланысты ынталандыру әдісін ұйымдастыру (тұтынушыларға, сауда желілеріне жеңілдіктер жасау);

· тұтынушылармен кері байланысты құру және оны ретке келтіру.

Инновацияның экономика тиімділігін бағалау — инновацияның шығындар мен табыстылығын, рентабельдік көрсеткішін, инвестицияның инновацияға есесін қайтару аралығын анықтайтын кезең.

Инновацияның диффузиясы — тауарларды сыртқы нарықтарға көпшілікке тарату кезеңі. Ол инновациялардың өту функциясына ұқсас, яғни қалаған тарату каналдарымен немесе басқа өтім желілері арқылы инновацияларды тұтынушыларға дейін жеткізіп салу қызметін атқарады.

Инновациялық менеджмент – инновациялық процестерді басқаруға бағытталған және жүйелі әрекеттерден құралған ғылым. Олар: иницияция, инновацияның маркетингі, өндіріс, нарыққа шығу, диффузия. Сонымен қатар олар жүйелік, жинақтылық және қозғалыстық принциптерді қолданады.

Инновациялық менеджмент – ұйым мен өңдеу процестерін жоспарлау (дәлел мен бақылауды ала отырып) және әртүрлі деңгейдегі объектілерге жаңалықтар еңгізу мен осы объектілердің инновациялық мақсаттарының орындалуын қадағалайтын шама. (Аньшин В.М., Дагаев А.A. анықтамасы)

Инновациялық менеджмент- функционалдық менеджметтің бір түрі. Оның негізгі объектісі- бүкіл ауылшаруашылық саласындағы болып жатқан инновациондық процестер (Л.Н. Оголева).

Инновациялық менеджмент — ғылым және инновациялық қызметті басқару өнері; қызметтің бір түрі және инновацияда басқару шешімдердің қабылдау процесі; инновациялардың басқару аппараты (П.Н Завлин).

Инновациялық менеджмент- инновациялық қызметтің басқару процесі. Жүйе құрылымында олар мына эллементерден тұрады: жүйенің кіруі мен шығуы, кері байланыс, фирманың сыртқы және микроортасы, жүйенің элементтері, яғни ғылыми қосталған ішкі жүйе, басқарылатын және басқарушы ішкі жүйе, қамтамалы және мақсаттық ішкі жүйе (Р.Фатхутдинов).

Инновациялық менеджмент жүйе түрінде формалды әрі формалды емес ережелерінен, принциптерінен, мөлшерлерінен, орнатулардан, құнды ақпараттардан тұратын және түрлі инновациялық қызметтерін реттейді.

Оның мағыналары:

1.Әлеуметтік — экономикалық институт- кәсіпкерлік қызметке және өмір салтқа, қоғам қызметінің инновациондық, инвестициялық, әлеуметтік – экономикалық, саяси сфераларының белсенді дамуына әсер етеді;

2.Менеджерлердің әлеуметтік тобына, қоғамдық және жеке кәсіпкерлік сферадағы басқару түрімен айналысатын бос емес кәсіпшіліктерді, сонымен қатар творчестволық, педагогикалық және ғылыми қызметтерге;

3.Ғылыми тәртібіне, өндірісті басқаруды техника- ұйымдық және әлеуметтік-экономикалық аспектілерін оқып және үйретеді.

Функционалдық инновация менеджменті өңдеу процесін, еңгізулерді, өндірістерді және жаңалықтарды сатуды нәтижелі басқаруға бағытталған.

Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологаянық жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады.

Процесстік инновация- бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тəсілін жəне технологаяны едəуір жетілдіру, жабдықтарды жəне өндірісті ұйымдастыруды өзгерту.

«Жаңалық» дəрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық жəне шетелдік практикада ұқсастығы жоқ жəне жаңа нəрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлер технологиясы жəне қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаалықтарға ие болады жəне үлгінің түп нұсқасы болып табылады.

Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің жəне жаңалыңтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт араылғы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде аныңталады.

Кəсіпорынның инновациялық қызметін əзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды пайдалануда қосылатындары:

· жаңалық идеяны əзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің жаңа зертханалық үлгілерін техниканың жаңа түрлерін, жаңа конструкцияның жəне бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу жəне конструкциялық жүмыетарды жүргізу;

· өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;

· жаңа өнімді дайындауда технологиялық прогресті əзірлеу;

· қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу жəне жаңа техниканың үлгілерін енгізу;

· жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық -басқарушылық шешімдерді əзірлеу жəне енгізу;

· қажетті ақпараттық ресурстарды жəне инновацияны аңпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу жəне əзірлеу;

· қажетті ғылыми-зерттеу жəне конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру жəне қызметкерлерді арнайы əдіспен іріктеу;

· лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;

· инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру жəне маркетингтік зерттеулерді жүргізу.

Қазіргі күнгі əдебиеттерге сай инновацияларды жалпы үш түрге жіктейміз:

1. Инновация -өнім - өнімдік инновация)

2. Инновация –процесс (технологиялық инновация)

3. Ұйымдастырушы - басқару саласындағы инновация

 

 

Сурет 21 - Инновациялық процесстің сыртқы ортамен қарым-қатынасы

 

Инновацияны жүзеге асыру үшін, компания міндетті түрде сыртқы орта факторларын ескеруі қажет. Ұйымға сыртқы ортадан жанама жəне тікелей əсер етуші факторлар болады. Ал егер компания инновациялық қызметпен айналысатын болса, көбіне төменде көрсетілген суреттегі факторлар əсер етуі мүмкін. 21-ші суреттен көріп отырғанымыздай, инновациялық процессті дамытуда сыртқы орталармен тығыз байланыста. Сондықтан, инновацияны дамыту үшін, осы сыртқы орталарды да жетілдіруіміз, оларды инновациялық қызметке ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ өнеркəсіп саласын дамыту барысында кластерлік желілерді дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан Экономикалық технология Ұйымды басқару Инновациялық процесс Құқықтық жəне саяси жағдай Əлеуметтік, психологиялық кəсіпорындарды бір орталыққа шоғырландыра отырып, тізбектелген технология бойынша соңғы өнім шығаруға қол жеткізудің бірегей тəжірибесі болып табылады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2936 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Своим успехом я обязана тому, что никогда не оправдывалась и не принимала оправданий от других. © Флоренс Найтингейл
==> читать все изречения...

2351 - | 2156 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.