Шығындар түсінігімен бірдей өнімнің өзіндік құны көрсеткіші қолданылады. Өнімнің өзіндік құны – ақшалай түрдегі кәсіпорынның өнім өндірісі мен оны өткізудегі ағымдық шығындары.
Нарықтық экономика жағдайында өнімнің өзіндік құны кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің басты көрсеткіші болып табылады.
Кәсіпорынның іс әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі –өнімнің өзіндік құны. Бұл өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілген шығындардың жиынтығы. Сөйтіп жылпы өндірістік жиынтығын анықтайды.
Өзіндік құнның құрылымы – бұл жекелеген шығындардың өзара қатынасы, кәсіпорынның өнімді өндіру, басқару және өткізу шығындарының жалпы сомасындағы олардың үлес салмағы.
Өзіндік құнның құрылымы шығындардың экономикалық біртекті элементтері және калькуляция баптары бойынша топтастырылуы негізінде анықталуы мүмкін.
Экономикалық элементтер бойынша өзіндік құнның жалпылама құрылымы нақты және затқа айналған еңбектің қарым-қатынасын білдіреді.
Сонымен қатар бірінші түрі өзіндік құнда еңбекақы қоры мен әлеуметтік мақсаттарға арналған төлемдер арқылы байқалса, ал екіншісі материалдық шығындар мен негізгі қорлардың амортизация шығындарының ара-қатынасы арқылы көрінеді.
Өнімнің өзіндік құнының элементтік құрылымы әр өнеркәсіп салалары бойынша әртүрлі ерекшеленеді. Бұл айырмашылықтар шығындардың жеке түрлерінің үлес салмағына байланысты өнеркәсіп өндірісін сипаттайды. Мысалы, жалпы өнеркәсіп бойынша материалдық шығындары (70 пайызға жуық) мен еңбек шығындарының (15 пайызға жуық) үлесі бәрінен де үлкен. Осы уақытта ауыр өнеркәсіпте бұл шығындар сәйкесінше 63 және 18 пайыз, машинажасау кешенінде – 61 және 24 пайыз, жеңіл өнеркәсіпте – 86 және 10 пайыз, ауылшаруашылық өндіру кешенінің өңдеу салаларында – 85 және 8 пайыз және т.с.с.
Осыған байланысты өнеркәсіп салаларының келесі топтарын материалсыйымды, еңбексыйымды, энергиясыйымды және қорсыйымды деп бөліп көрсетуге болады.
Өнеркәсіптің материалсыйымды салаларына өнімнің өзіндік құнында материалдық шығындардың үлесі басым болатын салалар жатады. Бұл, негізінен, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары.
Еңбексыйымды - өзіндік құн құрылымының негізгі бөлігін еңбек шығындары мен әлеуметтік қажеттіліктерге төлемдер құрайды. Бұларға негізінен көмір, таукен салалары жатады.
Машинажасау кешенін ерекше атау қажет, себебі өзіндік құнның құрамында материалдық шығындардың да, еңбек шығындарының да үлесі үлкен. Сондықтан да машинажасау кешені материалсыйымды және еңбек сыйымды өндіріс ретінде сипатталады.
Түсті металлургия, жеңіл металлдар өндірісі, химия өнеркәсібінің бірқатар салалары энергиясыйымды болып табылады. Бұлардың өнімінің өзіндік құнында электроэнергия шығындарының үлесі зор.
Қорсыйымды салаларда амортизация төлемдерінің үлесі үлкен. Бұл топқа мұнай және газ өнеркәсібі, сондай-ақ гидроэнергетика салалары кіреді.
Енді калькуляция баптары бойынша өзіндік құнның құрылымына тоқталайық. Оның көмегімен шығындардың әр түрлі талдамалық топтарына кіретін барлық шығын түрлері анықталады (негізгі мен үстеме, тікелей мен жанама, және т.с.с.). Бұдан басқа, бұл құрылым жеке өнімдердің өзіндік құнын есептеуге керек, сондай-ақ өзіндік құнын төмендетудің негізгі жолдарын нақтылау үшін қажет.
Қорыта келе, өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуге байланысты өнімнің өзіндік құнының құрылымының өзгеру заңдылықтарының негізгілерін атап өтейік: материалдық шығындардың үлесі көтерілсе, әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталған төлемдермен бірге еңбек шығындары төмендейді. Өндірістің техникалық жабдықталуының артуына байланысты өзіндік құнның құрамындағы амортизацияның үлесі көтерілуге тиісті және осы уақытта жеке өнімге шаққанда амортизациялық аударымдардың абсолюттік сомасы төмендейді.
Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорынның өзіндік құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық ресурстардың құны, еңбекақы бұл шығындардың басты баптары.
Сонымен қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өздерінің қызметкерлеріне сыйлық, банктік несиеге пайыз төлеу т.б. бұл кәсіпорын шығындарының қосымша шығындарын құрайды.
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері: пайда және пайдалығының денгейі мен серпінін анықтайды.
Кесте 17 - Кәсіпорынның өзіндік құны, жалпы табысы және пайдасы
Жалпы табыс | ||
Материалдық шығындар | Еңбекақы | Пайда |
Өндірістің шығындары (өзіндік құн) | Таза табыс | |
Ө т к і з у к ө л е м і |
Өзіндік құнның маңызы оның орындалу функцияларымен анықталады.
· Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәнісі, өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз етеді.
· Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола алмайды.
· Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын, яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу.
Бұл айтылғандардан өнімнің өзіндік құнына деген көзқарасты төмендетуге болмайтындығын көруге болмайды.
Өзіндік құнның деңгейіне кәсіпорынға қатысы бар және қатысы жоқ факторлар ықпал етеді. Мысалы, кәсіпорынға табиғи жағдайлар, оның ішінде шикізат көздерін және өнім тұтынушыларда территориялық қашықтығы, шикізатқа баға денгейі, отын, жабдықтар, электроэнергия, көлік тарифтері және т.б. жатады.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен топтастырылады:
· шығындардың бастапқы элементтерімен;
· пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.
Экономикалық элементтердің шығыстарын топтастыру өндіріс шығындар сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл топтастырудың мәні –әрбір шығынның элементі өнімнің өзіндік құнының жиынтығына қосылады.
Сонымен, мына төмендегі шығын элементтері бөлінеді:
· материалдық шығындар;
· еңбекақыға жұмсалған шығындар;
· әлеуметтік сақтандыруға аударым;
· зейнетақы қорына аударым;
· жұмыспен қамтылу қорына аударым;
· амортизация;
· басқа да шығындар.
Шығындарды жүйелі түрде төмендету- кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:
· ғылыми –техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
· өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
· экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми- техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру- бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету- шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізатпен материалдарды жұмсау отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалан отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарын бұйымдардың өзіндіктік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін аттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұйымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндіріс қорларының пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындардың нәтижелігінен жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығы да тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді.
Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:
· өндірістің техникалық денгейін көтеру;
· өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылықтарын төмендету;
· басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
· технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту т.б.