Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Кәсіпорын шығындардың жіктелуі




Кәсіпорын бойынша өзіндік құнды есептеу кезінде шығындардың экономикалық элементтері бойынша оларды саралау қолданылады. Экономикалық элементтері бойынша шығындар дегеніміз қай жерде және не мақсатпен жұмсалғанына байланысты болмайтын біртекті шығындар түрі.

Шығындарды саралау төмендегі түрде жүргізіледі:

· материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құнын шегеріп тастағанда);

· еңбекақыға кеткен шығындар:

· әлеуметтік салықтарға аударымдар;

· негізгі қорлардың амортизациясы;

· басқа да шығындар.

Экономикалық элементтері бойынша шығындарды саралау өндіріске қажетті шығындардың сметасын жасауға негіз болады, оның көмегімен өндірістің жұмысы талданылады, оның ішінде өндірістің техникалық деңгейі, еңбексыйымдылығы, еңбек өнімділігі анықталады; кәсіпорынның негізгі және айнымалы қорларға деген қажеттілігі белгіленеді.

Бірақта экономикалық элементтері бойынша шығындарды саралау өнім бірлігінің өзіндік құнын және кәсіпорынның жекеленген бөлімшелерінің шығын мөлшерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл үшін баптары бойынша калькуляциялау атты шығындарды басқаша саралау қолданылады.

Яғни, кәсіпорын шығындары өндірістің міндетіне қарай топтастырылады, бір түрлі шығындар әртүрлі пайдалануы мүмкін. Калькуляцияның баптары бойынша шығындарды саралау өзінің ерекшіліктеріне байланысты әрбір өндіріс саласында бір-бірінен айырмашылықтары болуы мүмкін. Сонда да болса қазіргі кезде төменгі баптар бойынша жіктеледі:

· шикізат пен материалдар;

· қайтарылатын қалдықтар (шегеріліп тасталады);

· сатып алынған бұйымдар, жартылай фабрикаттар және сыртқы мекемелердің өндірістік сипаттағы қызметтері;

· технологиялық мақсатта қолданатын отын мен энергия;

· өндіріс жұмыскерлеріның еңбекақысы;

· әлеуметтік салыққа аударымдар;

· үстеме шығындар;

· жалпы және әкімшілік шығындар;

· тауар-материалдық қорларды өткізу жөніндегі шығындар;

· пайыздарды төлеу жөніндегі шығындар.

Шығындарды баптар бойынша саралау пайда болған орны және әрбір өнім түрлеріне жұмсалған шығындарды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Кезеңді шығындар. «Тауар-материалдық қорларды есепке алу» БЕС -7 тауар-материалдық қорлардың өндірістік өзіндік құнына кірмейтін шығындарды кезеңнің шығындары деп танылады.

Осы әдістемелік нұсқаулардың мақсаты тауар-материалдық қорлардың өндірістік өзіндік құнына кірмейтін және кезеңнің шығындары (есепті кезеңдегі шығындар) деп танылатын шығындарды анықтау болып табылады, әдетте оларға мыналар жатады:

· әкімшілік шығындар;

· өнімді өткізу және қызмет көрсету шығындары;

· қаржыландыру шығындары.

Өнім өндіруге кеткен шығындардан айырмашылығы бұл шығындар өндіріс көлеміне байланысты емес және өткізілген өнімнің немесе қызметтің нақты түріне қатысты емес тұрақты шығындар ретінде айқындалады, сондықтан оларды өнім көлемі негізінде емес, уақыт мерзімі бойынша есептеген дұрыс.

Әкімшілік шығындар. Жалпы басқарумен байланысты, жалпы шаруашылық және әкімшілік мақсаттағы шығындарға, әдетте мыналарды жатқызу керек:

· әкімшілік персоналына жататын қызметкерлердің еңбекақысы;

· қызмет көрсететін өндірістер мен шаруашылықтарда жұмыс істейтін персоналдың еңбекақысы.

Өнімді өткізу және қызмет көрсетушығындары. Өнімді өткізу және қызмет көрсетубарысында жұмсалған шығындарға жататындар:

· өткізу (сату) бөлімінің жұмыскерлерінің еңбекақысы, өткізу (сату) бөлімінің жұмыскерлерінің еңбекақысынан төлемдер, меншікті сақтандыру шығындары, іс-сапар шығындары, амортизациялық аударымдар және қорларды сату барысында пайдаланылатын негізгі қорларды күту шығындары және басқалары;

· жүкті жөнелту, орнына дейін тасымалдау, тиеу-түсіру шығындары;

· өткізу нарығын зерттеу және тауарды нарыққа жылжыту шығындары (маркетинг, жарнамалық өнімдерді дайындау және басып шығару, көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу, келісімдерге және басқа да құжаттарға сәйкес тікелей сатып алушыларға немесе делдалдық ұйымдарға тегін берілетін және қайтарылмайтын тауар үлгілерінің құны және басқа да осы іспеттес шығындар.

Қаржыландыру шығындары. Мұндай шығындарға жататындар:

· банк несиелері бойынша пайыздар төлеу;

· жабдықтаушылар несиесі бойынша пайыздар төлеу;

· мүлікті жалға алу бойынша пайыздар төлеу шығындары және басқалары.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2650 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

2307 - | 2069 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.