Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Еңбек ресурстарын белсенді және белсенді емес бөліктерге бөлу қабылданған.




Белсенді бөлігі еңбекке қабілетті жастағы жұмысбастыларды, сонымен қатар, жұмыссыздар мен үй шаруашылығында жұмыспен қамтылған, еңбекке қабілетті жастағы тұлғалардың жалпы саны өсіп отыр.

Еңбек ресурстарының балансы - еңбек ресурстарының болуы мен олардың пайдаланылуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі. Мұндай баланс екі бөлімнен тұрады:

· біріншісінде - еңбек ресурстарының болуы, олардың саны, жастық-жыныстық құрамы,

Екіншісінде - еңбек ресурстарының еңбекпен қамтылу түрлері, халық шаруашылығының салалары және тұрғындардың қоғамдық топтары бойынша бөлінуі сипатталады.

Еңбек ресурстарының балансы олардың бүкіл республика бойынша да жағдайын сипаттайды. Еңбек ресурстарының болжамдық балансын жасау әсіресе жедел өсіп отырған жұмыссыздық және толық жұмыспен қамтамасыз ету қажеттілігі жағдайында аса маңызды.

Еңбек ресурстарын басқару келесі кезеңдерді құрайды:

· ресурстарды жоспарлау – адам ресурстарындағы болашақ қажеттіліктерді қанағаттандыру жоспарын дайындау;

· қызметкерлерді жинау – барлық мамандықтар бойынша қуатты үміткерлер қорын құру;

· іріктеу жинау барысында пайда болған еңбек күші қорынан бос жұмыс орнына үміткерлерді сынау және ең жақсысын іріктеу;

· еңбекақыны және жеңідіктерді анықтау қызметкерлер тұрақтылығын сақтау, оларды еңбек күшін жалдау және тарту мақсатында еңбекақы мен жеңілдіктер құрылымын дайындау;

· кәсіби бейімделу жалданушы жұмысшыларды ұйымға және оның бөлімшелеріне тиімді түрде енгізу, олардан ұйым қандай еңбек нәтижесін күтетіні туралы көзқарасты саналарында дамыту;

· оқыту жұмысты тиімді орныдау үшін талап етілетін жұмыс тәжірибелерін, жаңалықтарды оқытуға арналған бағдарламаларды дайындау;

· еңбекті бағалау – еңбекті бағалау әдістемесін дайындау және оны жұмысшыларға танстыру;

· жұмысшыларды жоғарлату, төмендету, ауыстыру, жұмыстан шығару – жауапкершілігі жоғары және төмен лауазымдыққа жұмысшыны тағайындау әдісін дайындау, басқа лауазымдыққа немесе жұмыс бөліміне ауыстыру жолымен кәсіби тәжірибелерін дамыту, жалдау келсімін тоқтату;

· басқарушы қызметкерлерді дайындау, қызмет сатысы бойынша өсуді басқару – басқарушы қызметкерлердің қабілеттерін дамыту және еңбектерінің тиімділіктерін жоғарлату үшін бағдарламалар дайындау.

Жұмысбастылық еңбекке қабілетті адамдардың толық жұмыспен қамтылуы. Жұмысбастылық ел экономикасының және халықтың тұрмыс жағдайының ең бір маңызды белгісі болып табылады. Елдегі экономиканың даму қарқыны, ЖІӨ көлемі мен халықтың табысы, төлем қабілеті бар сұраныс деңгейі, қоғамдық қажеттіліктер қоғам мүшелерінің еңбек үрдісіне қатысуы мен олардың еңбектерінің қаншалықты тиімді пайдалануына тәуелді. Сондықтан әрбір мемлекеттің экономиканы реттеудегі маңызды мақсаты – еңбекке қабілетті адамдарды толық және тиімді жұмыспен қамтамасыз ету.

Жұмысбастылық деп - адамдардың еңбектерінің нәтижесінде өзіне және қоғамға пайда әкелетін, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын іс-әрекеттердің жиынтығын атауға болады.

Адам іс-әрекеттерінің нәтижесін әр түрлі белгілері бойынша (бірнеше) ажыратуға болады. Осы белгілерге қарап жұмысбастылықты 3 топқа ажыратуға болады:

1) Экономикадағы ақылы түрдегі жұмысбастылар - олар қоғамның негізгі байлығын (рухани және заттық) құрайды. Осы іс-әрекеттерінің нәтижесінде алынған табыстың арқасында олар өздерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік алады, сонымен қоғамға пайда әкелетін аумақтардың дамуын қамтамасыз етеді.

2) Әскер қатарында жүргендер еңбек нәтижесіне қарай табыс алмайды, бірақ олар мемлекеттің қауіпсіздігін сақтайды, экономикада жұмыспен қамтылған халықтың бейбіт еңбек етуіне жағдай жасайды.

3) Өндірістен тыс оқып жүргендер еңбек қоры ретінде табиғат заңы бойынша жұмысқа қабілеті жоқ адамдардың орнын толтырады.

Экономикалық үрдістерге қатысуы бойынша жұмысбастылық 3 топқа бөлінеді:

1) Жалдамалы жұмыскерлер - еңбек күшін сатуға бағытталған адамдар.

2) Жұмыс берушілер - бұл қозғаушы күш. Оларға кәсіпкерлер, меншік иелері, өз кәсіпкерлік қабілетін жүзеге асырушылар жатады.

3) Өзіндік жұмысбастылар - өз есебінен жұмыс істейтіндер, жалдамалы жұмыс күшін пайдаланбайтын өндірістік кооператив мүшелері.

Мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі жұмысбастылықты реттеу болып табылады. Жұмысбастылықты мемлекет тарапынан реттеу бірнеше принциптерге негізделеді:

1) Адамдардың еңбекті өз еркімен таңдауы немесе қабілеттерін өз еркімен пайдалану. Әрбір адам кез келген жұмысты өздігінен таңдайды, оларды күштеп еңбекпен қамтуға жол берілмейді.

2) Мемлекеттің адамдардың еңбеккке деген жеке құқығын және еркін таңдауына тең жағдайлар жасап кепілдік беру.

3) Ұзақ мерзімді ұлттық қызығушылықтарды қамтамасыз ету. Мемлекет ұлттық қызығушылықтарға сәйкес келетін салалардағы жұмысбастылыққа ықпал жасауы тиіс.

4) Жұмыс орындарындағы аймақтық, ұлттық-этникалық, салалық ерекшеліктер мен қажеттіліктерді ескеру. Мемлекет елдің үлкен территориясы, тұрғындардың көп ұлтты құрамы, экономика субъектілерінің арасында ерекше бақылауды ескеруі қажет.

5) Мемлекеттің жалпы жұмыссыздық мәселесін шешуге араласуының қажеттілігі т.б.

Сонымен қатар мемлекет еңбекке жарамды жұмыс күшінің сапасын анықтау, жұмысбастылықтың перспективалық бағыттары мен оған қажет құрылымдық өзгерістерді даярлау, жұмыс күшінің ішкі және сыртқы еңбек нарығындағы бәсекелестік қабілетінің мүмкіндігін көтеру сияқты бірқатар қызметтерді атқарады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1309 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2313 - | 2041 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.