Шикізатты ұтымды пайдаланудың әр түрлі әдістері бар өнеркәсіпте. Олардың ең маңызды болып табылады: шикізатты дұрыс таңдау және оның кешенді қайта өңдеу, қайта пайдалану, жоғары сапалы бастапқы байыту және қайта өңдеу, барынша өндірістік қалдықтарды пайдалану.
Шикізат таңдауда пайдаланылатын жабдықтардың түрлері, технологиясы, өндірістік циклдар ұзындығы мен жүзеге асыру әсері анықталады. Кәсіпорындардың техникалық және экономикалық көрсеткіштері өндірістің ағымдағы деңгейі әр түрлі шикізаттан бірдей өнімді өндіруге мүмкіндік береді. Мысалы, жеке механикалық машина металдан жасалған бөлшектер, пластмасса, ағаш. Оның сапасын арттыруға кезінде материалдардың дұрыс таңдау өндіру құнының төмендеуімен сипатталады. Шикізатты кешенді қайта өңдеу тек жоғары өндірістік ұйыммен мүмкін. Ол сол кәсіпорында өнім ассортиментін кеңейту, әр түрлі технологиялық процестерді пайдалануды көздейді. Бұл өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайда арттыру көлік шығындарын, өндірістік шығындарды, азайтады. Сондықтан, шикізатты кешенді пайдалану маңызды ұлттық экономикалық проблема болып табылады.
Шикізатты кешенді пайдалану проблемасын шешудегі маңызды бағыттардың бірі құрамындағы бағалы компоненттерді максималды түрде алу мен қолдануды қамтамасыз ететін кендерді игерудің тиімді тәсілдері мен жүйесі және минералды шикізатты өңдеудің технологиялық схемасын жасап енгізу болып табылады. Жоғары техника экономикалық көрсеткіштерге ие қалдықсыз өндірісті ұйымдастыруда принципиалды жаңа технологиялық үрдістерді жасап шығаруда ерекше рөл беріледі.
ҚР үкіметі шикізатты кешенді пайдалану проблемасын мемлекеттік техникалық саясат деңгейіне көтерді.
Бірқатар күрделі ғылыми техникалық міндеттерді шешуге жаңа технологиялық үрдістерді сынақтан өткізуге және енгізуге ескірген жабдықтарды жаңаландырып және ауыстыру керектігін ескеру қажет. Бұл міндеттерді сәтті орындау үшін ғылыми және жобалық зерттемелердің тиімділігін арттыру олардың нәтижесін өндіріске енгізуін жеделдету қажет болады.
Қалдықтарды қосымша шикізат ретінде тиімді пайдалану көптеген проблемалардың шешу жолдарын ашуға мүмкіндік туғызады. Қалдықтарды қайтадан колдану қоршаған ортаны қорғаумен, бастапкы материалдарды, электрэнергияны үнемдеумен, еңбек ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады.
Кейде ойланбастан көптеген заттектер мен материалдар қалдықтарға жатқызыла береді, шын мәнінде оларды әр түрлі қажеттілікке немесе баска өндірістсрге шикізат ретінде қолдануға болады. Кезінде Д.И. Менделеев «Химияда қалдықтар болмайды, тек қана қолданылмаған шикізат болады» деп айтқан. Сонымен катар ол озат технологияның басты мақсаты пайдасыздан пайдалы өнім алуға бағытталған болу қажет деп те ескерткен. Сондықтан ішінара немесе толығымен кайта өндеу арқылы қажетке жаратылатын өндіріс пен тұтыну қалдықтарын екінші реттік материалдық ресурстар ретінде қарауға болады.
Біздің халық шаруашылығымыздан жыл сайын шығатын қалдықтардың көлемі 1 миллиард тоннадай. Статистикалық мәліметтсрге сүйенсек біздің елде жиналған қатты өндіріс калдықтарының көлемі 20 млрд. т шамасында. Оның ішінде 5,2 млрд. т түсті металлургия өндірісінің меншігіне жатады (4 млрд. т — тау-кен өндірісінікі, 1,1 млрд. т байыту фабрикаларыныкі және 105 млн. т металлургиялық өндеу процестерінен шыққан қалдыктар). Сонымен қатар әр түрлі қоймалар мен кен байыту фабрикаларының түндырғыштарында көп мөлшерде сұйык қалдыктар жинақталған. Қалдыктардың 70-75%-і тау-кен өнді-рістерінен, 20%-і байыту және қалғандары металлургия көәіпорындарынан пайда болады.
Қалдықтардың негізгі көлемі тау-кен қазбаларынан, металлургия, химия, мүнай және газ, ағаш, қағаз, қүрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіптерден және ауылшаруашылығы мен үй-жай шаруашылықтарынан шығып отырады.
Өнеркәсіп қалдықтарының көбісінің құндылығы едәуір, оны оларды дүрыс пайдаланғанда білуте болады. Өндіріс қалдықтарын пайдаға асыру мәселесі шешілетін болса, ауылшаруашылығында пайдалануға жататын біраз жерлерді босатуға мүмкіншілік туады.
Егерде қалдықтар шаруашылық айналымға түсірілсе, олар қоршаған ортаны жақсартумен қатар, жердегі шикізат корын да үнемдейтіні сөзсіз. Өнеркәсіп өндірістері дүниежүзілік шикізат корының күрт елсулі азаюына әкелді. Ғалымдардың болжауы бойынша, қазіргі пайдалану деңгейі сақталған жағдайда, мұнай мен газдың коры 80-170 жылға, мырыш, никель, мыс коры 100 жылға, көмір кенін 1700 жылдай уакыт бойы ғана шығаруға жетеді. Табиғи ресурстардын коры шексіз еместігіне байланысты оларды кешенді түрде пайдалануға ерекше көңіл аударып, атап айтқанда, аз қалдықты немесе калдықсыз тсхнологияларды жасау және халықшаруашылығының әртүрлі салаларыида шикізат базасын қалдықтарды кеңінсн пайдалану арқылы көбейту қажет. Түсті металлургияда негізінде пайдалы элемснттердіц 2-3% ғана алынып, 97-98% пайдасыз нәрсе ретінде тасталынады.
Маңызды шикізат қорына қалдықтардың ішінде күл мен қокысты жатқызуга болады. Осы күнды материалдың казіргі кезде 20%-тен аспайтын бөлігі ғана өңделінеді. Кул негізінде цементке толтырғыш ретіндс қолданыдады. Түтін газдарынан алынған 1,3 т қоңыр көмірдің күлі 1т цемснттің орнын толтырады. Қоңыр көмір күлінің күрамында 5-30% темірдің оксиді, 30% әк жөне едәуір мөлшерде коксталған көмірдің қалдығы бар екендігіне байланысты металлургияда оны темір концентратын алу үшін пайдалануға мүмкіндік бар.
Қазақстанның түсті металлургиясының шикізат базасы ретінде тек күлді ғана емес, өндірілетін руданың құрамында бірқатар металдардың мөлшері көптеген жылдар бойы мол жинақталган жүздеген миллион тонна шлактарды да пайдалану кеңінен қарастырылуда. Геологиялык. барлау жасауға, тасымалдауга, рудниктер және байыту фабрикаларын салуға қаражат жұмсалмайтынына байланысты шлактардан алынғап металдардың өзіндік құны рудадан алынғаннан бірнеше есе төмен болады.
Қазақстанның тусті жәнс кара металлургия саласындағы көптеген өнеркәсіптерден бөлініп шығатын газдар күкірт қышқылын алуға шикізат ретінде пайдаланылып келеді. Металлургия өнеркәсіптерінің құрамында күкірті бар газдардан алынған қышқылдың өзіндік кұны, сонымсн катар, 1 т өнімге жүмсалған қаржының үлсс салмағы табиғи шикізаттан өндірілген күкірт қышқылына қарағанда 2 еседей төмен.
Кені бар шикізатты кешенді түрде пайдалануды мақсатқа ала отырып, Орталық жәнс Солтүстік Қазақстанда металлургиялык өндірістерінің калдықтарын колдану аркылы азот, фосфор жоне баска да минералдық тыңайткыштарды өндіруге бағытталған химия өнеркәсібі дамуда.
Азот тыңайтқыштарын алуға оттекті өндіргенде шыққан металлургиялық өнеркәсіп қалдықтары пайдаланылады. Сульфитті рудаларды күйдіргенде бөлінген газдардан алынған күкірт қышқылы аммоний суперфосфатын, сульфатын және гидросульфатын алуға қолданылады.
Металл сынықтары өнеркәсіп калдықтарының ішінде ерекше назар аударуға тұратын калдыққа жатады. Өндіріс процестерінен шығатын металл сынықтарының жалпы көлемінің 67% кесінділерден, металл ұнтақтарынан, жоңқадан, табақша үлгілерден, 31%-ті амортизациялык сынықтардан, қалған 2%-ті қоқыстан алынғап металл қалдықтарынан түрады.
Амортизациялық сынықтарға шығынға жіберген, істен шыққан жабдықтар, саймандар, бұйымдар және т. б. инвентарлар жатады. Мысалы, вагондар мен рельстердің 30 жыл, кемелердің 25 жыл, көпірлердің 100 жыл, автомобильдердің 10 жыл, электр қуатын жүргізу жолының қолдану мерзімі 50 жыл ғана.
Машина жасайтын өнеркәсіптерде амортизациялык сынықтардың 55% технологиялық жабдықтар мен саймандарды ауыстырған кезде шығады. Өндірістегі металл қалдықтарыныи өңдеуге жататын көлемі металдар мен ерітпе қоспаларының мөлшеріне байланысты келеді. Қалдықтардың шығатын негізгі көздерінс мсталдарды механикалық өндеу, түрлі формаларға келтіру, құю процестері жатады.
Металлургиялық өнеркәсіптер тек металл сынықтары мен қалдықтар шығаратын көз ғана емес, сонымсн қатар олар негізгі пайдаланушының қатарына жатады. 1 тонна электрлік болат өндіруде 940 кг, 1 т мартен болатына 500 кг, 1 т шойын алуға 20 кг-нан 700 кг-ға дейін металл сыныктары пайдаланылады. Металл сынықтарынан алынған болаттың құны рудадан алғаннан 60-70%-тей арзанға түссді.
Шет елдерде ерекше назар алюминий жәие қаңылтыр банкілерін жинау мен өндеуге аударылады. АҚШ-та кайтадан өнделіп шығарылған алғашқы өнімдер алюминий ыдыстары болған. 1990 жылы жасалған 88 млрд. банкілердің 55 миллиарды, яғни 62,5% қайтадан өндеу арқылы қалдыктардан алынған. Қалдықтарды өндеу арқылы алынатын алюминий мен қаңылтыр банкілерінің мөлшері Ұлыбританияда 5%-тен, ал Батыс Еуропа елдерінде 25% тен асқан емес, экономикалық түрғыдан карағанда, қолданылған банкілерді өңдеп, кайтадан өнім алу арзан түсетініне байланысты болашақта осы жол кеңінен пайдаланылатынына күмән жоқ деуге болады, себебі бастапқы шикізаттан өндіргеннен гөрі қалдыктардан банкілср шығарғанда 10 еседей аз мөлшерде энергия жүмсалады.
Өте қиын және де кідіртуге болмайтын проблемаларға пластмасса мен әртүрлі полимерлі материалдарды өңдеу және қайтадан пайдалану жатады. Бұл проблемалар жарым-жартылай шешілген, себебі оларды өңдеуден өткізу үшін алдымен ұқыпты түрде сұрыптау және бөлектеу қажет.