Лекции.Орг


Поиск:




Азақстан Республикасының шикізат базасы және оны дамыту бағыттары




 

Шикізат, материалдар, отын және энергия кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады.

Шикізат, материалдар, отын, энергия - бұлар еңбек затына жатады, яғни олар еңбек құралымен адами еңбегінің әсеріне тап болады, соның арқасында олар адамның өндірістік және жеке қажеттілігін өтеу үшін өздерінің түрлерін мен қасиеттерін өзгертеді. Олар өнеркәсіптің материалды техникалық базасының заттық элементі болып табылады. Олар айналым қорының құрамына кіріп, толығымен өзінің құнын дайын өнімге өткізеді.

Экономикалық тұрғыдан қарағанда халықшаруашылығында пайдаланатын шикізаттың барлық түрі екі үлкен топқа бөлінеді:

 

 

 

 


Сурет 11 – Халық шаруашылығында пайдаланылатын шикізаттың түрлері

 

Шикізат кей уақытта негізгі материал болып саналып, ал одан басқа уақытта көмекші материал болуы мүмкін. Сондықтан көрсетілген саралану белгілі бір дәрежеде шартты сипаттама болып саналуы мүмкін, ол саланың ерекшелігіне, есеп-қисабына, жоспарлау және экономикалық талдауына байланысты болады. Сол себепті отын мен энергияның маңыздылығын ескере отырып, көп салада оны көмекші материалдардың құрамынан алып, жеке бөліп қарайды.

Өнеркәсіпте өндірілген өнімнің сапасы және өндірістің экономикасын арттыруда шикізат маңызды рөл атқарады. Олар төмендегіше болып сараланады:

ШИКІЗАТ
Өндіріс үдерісінде рөлі бойынша   негізгі
    көмекші
    қосымша
Экономикалық нышаны бойынша   еңбек заты
    дайын өнім
Алу әдісі бойынша   өндірістік
    ауылшаруашылық
Шыққан тегі бойынша   мал
    өсімдік
    кен қазбасы
Өндіріс уақыты бойынша   маусымды
    маусымды емес
Өңдеу әдісі бойынша   алғашқы
    қайталама (қалдықтар, көмекші өнімдер).

 

Сурет 12 – Шикізаттың саралануы

 

Тамақ өнеркәсібінде негізінен ауылшаруашылығының шикізатын пайдаланады. Қазақстанда әртүрлі табиғи ауа-райының өзгешелілгіне байланысты бірнеше түрлі ауылшаруашылық өнімдері шығарылады. Халықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге толықтай жетеді. Ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттырудың бірден-бір шарты – аймақтық мамандандыру болып табылады. Елдің аймақтарына қай өсімдікті өсіруге болатынын көрсететін көрсеткіш - шығымдылық пен сапа болып саналады.

 

Кесте 11 – Шикізат ресурсты өңдеуіне байланысты

 

Пайдалану дәрежесіне байланысты шикізат ресурстары өңдегенде
Негізгі шикізат Көмекші шикізат
Негізгі шикізатқа жаңа дайындалған өнімнің материалдық негізін қалайтын еңбек заттары жатады. Дайын өнімді дайындауға мүмкіндік жасайтын бұйымдар көмекші шикізатқа жатады.

 

Табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады және олардың Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі және маңызды құрауышы болып табылады. Жалпы мемлекеттік басқару реформасы шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.
Табиғи ресурстар экономиканың өсуін, ауқымды сыртқы экономикалық және сыртқы саяси уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Олар қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне пайдаланылуы тиіс.
Табиғи ресурстарды басқару, оларды есепке алу, қорғау, жалпы мүдделерде пайдалану мемлекеттік басқаруды дамытудың жалпы бағыттарына сәйкес, сол сияқты озық халықаралық практикаларды, әлемдік және өңірлік талаптарды ескере отырып, тиімді жүзеге асырылуы тиіс.
Минералдық ресурстар, өз кезегінде, аса маңызды табиғи ресурстар түрі, әлемдік өнеркәсіп өндірісінің, ғаламдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жасампаз негізі болып табылады. Кез келген мемлекеттің, әсіресе Қазақстанның тұрақты дамуының шарттары бірнеше макроэкономикалық міндеттерді алға тартады, олардың арасында бірінші кезектегісі ұлттық резервтің негізі, ұлттық экономиканың барлық салаларының жеделдете дамуы үшін маңызды база - минералдық шикізат кешенінің жоғары әлеуетін қолдау және дамыту болып табылады.

Көмірсутек шикізаты. Қазақстан Орталық Азия аймағында ірі шикі мұнай жеткізушілерінің бірі болып табылады. Мұнай қорының расталған деректері бойынша Қазақстан әлем елдерінің арасында 9-орынды иеленеді. Қазақстан көмірсутек шикізатының айтарлықтай қорына - әлемдік қордың 3,3 %-ына ие. Өндірілетін мұнайдың болжалды ресурстары 17 млрд. тонна мөлшерінде бағаланады. Қазақстан Республикасының аумағында 172 мұнай және 42 конденсатты кен орны тіркелген, олардың басым бөлігі (шамамен 70 %-ы) Қазақстанның батыс облыстарында шоғырланған. Қазақстандағы мұнайдың негізгі қоры ірі 11 кен орнында шоғырланған, олардың арасында - Теңіз бен Қашаған (елдің барлық қорларының жартысы), Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Қаламқас және т.б. Қашағанның геологиялық қорында 6,4 млрд. тонна мұнай бар деп бағалануда. Қашағанда 1 трлн. шаршы метрден асатын табиғи газдың ірі қоры бар. Тағы бір ірі кен орны Теңізде геологиялық қордың болжалды көлемі 3,1 млрд. тонна мұнайды құрайды. Кен орнының өндірілетін қоры 750 миллионнан бастап 1 млрд. 125 млн. тонна мұнайға дейін бағаланады.

Қазақстанда мұнай және газ конденсатын өндіру есебі 1911 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Осы кезеңнен бастап 2012 жылға дейін 1,5 млрд. тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген.

2012 жылы Қазақстан тәулігіне 216 мың тонна мұнай өндірді.
Қазақстан бұрынғы кеңес республикалары арасында мұнай қоры бойынша Ресейден кейінгі екінші және мұнай өндіру бойынша екінші орын алып отыр. Елімізде табиғи газ қоры да қомақты және мұнай мен газ өндірісі ұдайы өсуде.

Өзінің негізгі кен орындарын толық игеру Қазақстанды келесі онжылдықта әлемнің ең ірі 5 мұнай өндірушісінің біріне айналдыруы мүмкін.
2015 жылға қарай өндіру көлемі жылына 95 млн. тоннаға дейінгі деңгейде болады деп болжалануда, бұл болжам негізінен экспорттық әлеуетті қатар кеңейтумен бірге Теңіз кен орнында жүргізілетін жұмыстардың қарқынына байланысты.

Қазақстанның мұнай өңдеу өнеркәсібі үш мұнай өндеу зауытын (бұдан әрі - МӨЗ) қамтиды: Атырау мұнай өңдеу зауыты (бұдан әрі - АМӨЗ), Павлодар мұнай-химия зауыты (бұдан әрі - ПМХЗ) және Шымкент мұнай өңдеу зауыты («Петро Қазақстан Ойл Продактс»). Көрсетілген кәсіпорындар қызметінің республиканың экономикасы мен тұтынушылардың мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін өтеудегі маңызы зор. Бүгінгі таңда барлық үш зауытта Жаңғырту бағдарламасы бар және олар оны біртіндеп іске асыруда.

Барлық жердегі сияқты, мұнай-газ саласында да оның дамуына әсер ететін оң және теріс факторлары бар. Оң факторларға мұнайдың айтарлықтай қорлары мен өндіру көлемінің өсу мүмкіндіктерін, теңізде және тұзасты геологиялық барлау жұмыстарын (бұдан әрі - ГБЖ) жүргізу мүмкіндіктерін, МӨЗ-ді өз мұнайымызбен қамтамасыз етуді (Павлодарға реверс) және ішкі нарықты сапалы отандық мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді, мұнай химиясын дамыту мүмкіндігін жатқызуға болады.
Алайда, мұнымен қатар кейбір теріс факторлар да бар. Мысалы, экспорттық бағаға елдің мұнай мен газдың негізгі тұтынушыларынан қашықтығы қатты әсер етеді; әлемдік мұнай нарығындағы жоғары бәсекелестік, анағұрлым ықпалды экспорттаушылардың болуы; Қазақстан Республикасында өндірілген мұнайдың жоғары өзіндік құны мен ерекшелігі; қорлардың Қазақстан Республикасы бойынша әркелкі бөлінуі; үлкен көліктік ауыртпалық (ПМХЗ-ға жеткізу).

Теріс факторларға қиындықпен шығарылатын қорлары бар кендер санының көп болуын, минералдық шикізат базасының орны толмайтынын, қазақстандық компаниялар игеретін кен орындарында мұнай және газды өндіру қорлары мен өңделетін көлемі үлесінің мардымсыз болуын, ішкі өңдеуді қамтамасыз етумен салыстырғанда, мұнай экспортының басымдығын, ГБЖ-дегі инвестициялардың төмен тартымдылығын, негізгі жобаларды іске асыруда артта қалуын жатқызуға болады.

Қатты пайдалы қазбалар. Қазақстан аумағы бойынша тоғызыншы орын ала отырып, өз тіршілігін қамтамасыз ету және экономикасын дамыту үшін елеулі табиғи ресурстар базасына ие. Қорғасын, мырыш, мыс, мұнай, хром, темір, марганец, қалайы, алтын, фосфориттер, бор және калий тұздарының қоры бойынша Қазақстан әлем елдерінің озық ондығына кіреді. Сонымен бірге, нарық жағдайында минералды шикізат қорларының бір бөлігі бәсекеге қабілетсіз болып табылады. Мысалы, алтын бойынша кен қорларының 86 %-ы, қорғасын мен мырыш бойынша 68 %-ы, мыс бойынша 58 %-ы бәсекеге қабілетті. Марганец және хромит өнеркәсібінің шикізат базасы анағұрлым бәсекеге қабілетті болып табылады.

Бүгінгі таңда, экспортталатын тау-кен металлургиялық саласының концентрат, металл түріндегі шикізат экспорты шамамен 90 %-ды құрайды. Ал машина жасау, құрылыс индустриясы және басқа да экономика салаларына арналған металл бұйымдары, керісінше, импортталады.

Табиғатты пайдалану процесін тиімді басқарудың маңызды шарты минералдық шикізат базасының озық қарқынмен өндірілуі болып табылады. Қазіргі уақытта пайдалы қазбалардың стратегиялық түрлерінің басым бөлігі бойынша өндіріс көлемдері өсімнен айтарлықтай асады. Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша бұдан бұрын барланған кен орындарының қоры іс жүзінде таусылған. Қазақстандағы қара, түсті металлургияның минералдық шикізат базасы үшін кен орындарын игерудің тау-геологиялық жағдайының нашарлауы, кендегі негізгі пайдалы компоненттердің азаюы, олардың минералдық құрамының күрделенуі, қиын байытылатын кендер үлесінің артуы тән.

Қазіргі кезеңде Қазақстандағы пайдалы қазбаларды толық және кешенді түрде өндіру міндеті аса өткір күйінде қалып отыр. Қазақстанның тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының басым бөлігінде бейінді металдарға ілеспелі құнды компоненттер (платина, алтын, палладий, рений, осмий, таллий, ниобий және т.б.) шикізаттан толық көлемде ажыратылмай, қалдық ретінде кетеді. Кен орындарының қорлары бекітілген кезде ілеспелі пайдалы компоненттер бағаланбаған және теңгерімге қойылмаған. Жер қойнауын пайдаланушыларға сирек кездесетін металдарды ажырату жөнінде қатаң талаптар қойылмаған және осы күнге дейін де қойылмай тұр. Кәсіпорындарда минералдық шикізаттың ілеспе түрлерін алудың төмен коэффициенті сақталып отыр.

Практика пайдаланылатын орташа статистикалық түсті, асыл және сирек кездесетін металдар кен орындарының кенінде мынадай құрамдағы 17 пайдалы компонент бар екенін көрсетіп отыр: мыс - 0,7 %, молибден -0,05 %, мырыш - 2,0 %, қорғасын - 0,1 %, алтын - 0,1 г/т, күміс - 15 г/т, висмут - 0,05 %, платина - 0,05 %, палладий - 0,05 %, кобальт - 0,05 %, селен - 2,8 г/т, теллур - 0,26 г/т, кадмий - 0,04 г/т, рений 0,25 г/т, индий - 20 г/т, осмий - 0,02 г/т, таллий - 0,01 %.

Есептер бойынша түсті металлургия кәсіпорындарында кеннен концентратқа (0,6-0,95), концентраттан металға (0,85-0,98) қол жеткізілген алу коэффициенттерімен орташа статистикалық кәсіпорын үшін бейінді металдарды (мыс, молибден, мырыш және қорғасын) өткізуден түсетін жиынтық кірістің үлесі 1,5 %-ды құрайды (барлық 17 элемент алынған жағдайда).
Негізгі, сол сияқты ілеспелі өнімді өткізуден түскен табысты сақтай, тіпті көбейте отырып, өндірілетін кеннің көлемін қысқартуға болады. Бұдан басқа, бұл кен орындарын пайдалану мерзімін ұзартып, қоршаған ортаға түсетін геоэкологиялық жүктемені айтарлықтай төмендететін болады.
Кен шикізатынан ілеспелі, әсіресе жоғары бағалы компоненттерді кен шикізатынан барынша алу, кендегі барлық компоненттердің тауар өніміне анағұрлым толық ажыратылуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды, процестер мен техникалық құралдарды әзірлеу және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын тездету сияқты маңызды мәселелер шешуді талап етеді.
Қазақстандық минералдық шикізаттың табиғи қасиеттеріне және технологиялық ерекшеліктеріне барынша сәйкес келетін қайта өңдеудің озық және нәтижелі технологиялары қажет. Әрбір кен орны бойынша концентрат пен металға ажырату коэффициенттерінің ең төменгі мәнін көрсете отырып, пайдалы компоненттердің алынуға жататын тізбесін бекіту қажет.
Құрамындағы пайдалы компоненттерді өндіру көлемінің жүйелі түрде қысқартылуын және оларды пайдаланудың толықтығы мен кешенділігін арттыруды көздейтін минералдық ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін белсенді түрде енгізу қажет. Жүйе геологиялық барлау, тау-кен өндіру жұмыстарының, шикізатты байытуды және уақыты мен пішімі бойынша (кіріс және шығыс операцияларының келісілгендігі) металлургиялық бөліністің өзара тығыз байланысын талап етеді. Мұны кен сапасын және «жобалау - жоспарлау - өндіру - қайта өңдеу» циклінің барлық кезеңдерін қамтитын және тау-кен металлургиялық кәсіпорынды басқарудың сатылы табиғатына сәйкес келетін минералдық шикізатты кешенді пайдалануды басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі негізінде ғана құруға болады, тиісті кадрлар қажет.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3213 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

1328 - | 1158 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.