Ем бағдарламасы
І Подаграның жедел ұстамасын басу.
II. Ұзақ уақыт тұрақты жүргізілетін ем.
1. Емдік тәртіп.
2. Дене массасын жеңілдету.
3. Ішімдікті доғару.
4. Тағаммен емдеу.
5. Урикодепрессанттарды және урикоэлиминаторларды қолдану.
6. Физиотерапиялық ем.
7. Физиотерапия.
8. Санаторлық-курорттық ем.
9. Хирургиялық ем.
Жедел ұстаманы басу. Жедел ұстаманың кезінде ауыратын аяқтың астына жастық салып сәл биіктеу ұстайды. Қабыну күшті болса буынның бетіне мұз немесе қар салған салқын торсық қойылады, ал ауырсыну басылған соң жылы компресс салынады.
Ураттарды организмнен тез шығару үшін күніне 2-2,5 л сілтілі сусын (сүт, компот, лимон сөлі қосылған су т.б.) ішкізеді. Жедел ұстаманы тыюға қолданатын басты дәрмек - колхицин
Колхицин - 0,5 мг таблетка түріндегі өсімдік дәрмегі. Ол лсйкоциттердің жиналуына және кристалдардың фагоцитоздалуына жол бермейді және лизосомалардың дегрануляциясын тоқтатады. Осыдан қабыну ошағында ферменттердің, цитокиндердің бөлінуі азаяды.Сонымен бірге колхицин антигистаминдік, антикининдік әсер етеді. Дәрмекті неғұрлым ерте, әсіресе продромдық кезеңнен бастап қолданған жөн.
Колхицин - подагра ұстамасын басатын ең басты дәрмек. Буын ісінбей, криз жаңа басталған шақта колхициннің 2 таблеткасын (1мг) бірден ішкізіп, кейін 1 мг әр 2 сағат сайын немесе 0,5 мг сағат сайын беріп отырады. Бірақ бірінші тәулікте дозаны 8 таблеткадан (4 мг) асырмау керек. Кейін 2-ші, 3-ші күндері дозаны тәулігіне 1 мг және 1.5 мг азайтады; 4-ші, 5-ші күндері дозаны 2 мг және 2,5 мг азайтады.
Ұстама аяқталған соң емді әрі қарай (дозаны азайта отырып) 3-4 күнге созады. Подаграда колхицин, ем басынан 12 сағатта, тез әсер етеді Полиартриттің басқа түрлерінде дәрмектің мұндай әсері жоқ. Бұл жағдайды дифференциалдық диагностика үшін пайдалануға болады. Бірақ, подаграда колхицинді кештеу қолданса, оның әсері айтарлықтай айқын болмайды. Болуы мүмкін жанама әсерлері: ішті тоқтаусыз өткізу, жүрек айныту, кейде құстыру. Сондықтан колхицинменбірге іштің өтуін басатын дәрмектерді қосып ішкізеді: висмут дәрмектерін немесе колхимаксты (құрамына 1 мг колхицин, 15 мг фенобарбитал, 12,5 опий кіретін). Ұзақ қолданғанда анемия, лейкопениядамуы мүмкін.
Ауыр подагралық криздерде колхицинді венаға енгізеді (тәулігіне 5-6 мг).. Колхицин болмағанда подагра ұстамасын басуға стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектерді қолданады. Бұлардан подаградада ең жақсы әсер ететіні- бутадион. Бутадион қабынуды тез басады және зәр қышқылының экскрециясын көбейтеді.
Реопиринді (бутадион мен амидопириннің теңдес қоспасы) 1 таб күніне 4 рет ішкізеді. Аса күшті қабынуда оны 5 мл бұлшықетке енгізеді.Подаграның ұстамасында индометацинді (тәулігіне 150 мг) немесе бруфенді (1200-1400 мг тәулігіне), вольтаренді (150-200 мг тәулігіне) ішкізуте болады.
Стероидтық емес қабынуға қарсы дәрмектерді аз уақыт, қабыну басылғанша, 1 аптаның шамасында қолданады. Сондықтан бұлар жанама әсер етіп үлгермейді. Глюкокортикоидтар подаграның емінде қолданылмайды. Тек аса өткір қабынуда, егер өзге дәрмектердің қабынуды басуға шамасы келмесе, алғашқы 1-2 күн преднизолонды 20-30 мг ішкізеді, кейін дозасын біртіндеп азайтып, тоқтатады.
Қабынуды тез қайтару үшін буынға димексидпен (50% ерітіндісіне анальгинді, новакаинды, индометацинді қосып) аппликация жасайды. Подаграның ұзақ тұрақты жүргізетін емі. Науқастың үй тұрмысында, жұмысында психикалық-эмоциялық жағдай қолайлы болуы тиіс және ол дене қызметімен белсенді шұғылдануы керек. Дене толық болса міндетті түрде салмақты жеңілдеткен жөн. Жүдегенде қанның зәр қышқылы азаяды. Жүдеу үшін гипокалориялық диета, ауыз бекіту күндері, жалпы массаж және дене қызметі көмектеседі.
Науқас ішімдікті міндетті түрде доғаруы тиіс. Алкогольді ішкеннен болатын гиперлактацидемия ураттардың экскрециясын бөгейді. Подаграда ең зияндысы - шараптар (әсіресе портвейн, херес және қоңыр түсті сыра).
Подаграда N6 емдәм беріледі. Бұл емдәм пуриндері, майы, тұзы аз тағамдардан құралады. Ауру адамға майлы ет (әсіресе жас малдың етін), семіз балық, ми, бүйрек, бауыр, тіл берілмейді. Еттің сорпасында да пуриндер мол. Сондықтан сорпа ішуге болмайды. Суға пісірілген ет пен балық аптасына 2 реттен артық берілмейді.
Ауыратын адам бұршақтан, қозықұйрықтан аулақ болғаны жөн. Подаграға шалдыққан науқасқа сүт, көкөніс, жеміс өнімдерінен дайындалған тағамдарды ішіп-жеуіне болады. Подагралық ұстаманың кезінде ет пен балық мүлдем берілмейді, тек сүт тағамдарын, жармадан жасалған ботқаны, жеміс шырындарын ұсынады. Зәр қышқылын айдап шығару үшін сусынның мөлшері 2-2,5 л кем болмауы тиіс.
Подаграның емінде жеңілдетілген антипуриндік диета күндерін қолданған жон. Күні бойы аш жүруге және аштықпен емделуге болмайды. Ашығудың бірінші күні-ақ урикемия күшейіп, подагралық кризге алып келуі мүмкін.
Подаграның базистік емі. Базистік емнің негізгі мақсаттары — арнайы дәрмектерді ұзақ қолдану арқылы зәр қышқылының синтезін азайту және оның бүйрек арқылы экскрециясын арттыру.Антиподагралық ем ұзақ, көптеген жылдар бойы мына жағдайларда жүргізіледі:
1) подагралық артрит ұстамалары жиіленсе (бір жылда 3 рет,одан да артық);
2) гиперурикемия 0,48 ммоль/л артық болса;
3) созылмалы подагралық артриттің меңдеуі, тофустардың жаңадан пайда болуы немесе ұлғаюы;
4) бүйректің зақымдануы, қуысында тас жиналуы (егер бүйрек шамасыздығы қосылып үлгермесе).
Подаграның жеңіл барысында және оның алғашкы 1-2 ұстамаларында антиподагралық емді ұзақ жүргізу қажетсіз. Егерде гиперурикемия анағұрлым биік болмаса немесе подаграның болуына көз толық жетпесе, онда базистік емнен бас тарту керек.
Гиперурикемияны төмендететін (антиподагралық) дәрмектерді қолданудың жалпы ережелері:
1) бұл дәрмектер ұстама кезінде емес, ұстама басылғаннан кейін қолданылады;
2) дәрмектерді ұзақ уақыт (жылдап) қабылдау қажет, тек зәр қышқылы қалыпты деңгейге келгенде ғана 2-4 апталық үзілістер жасайды;
3) пурин алмасу бұзылысының түрін ескеру керек (метаболизмдік, бүйректік, аралас); егер түрі белгісіз болса, тек урикоингибиторларды қолданып, урикозуриялық дәріден бас тартқан жөн;
4) тәуліктік диурез 2 л көлемінде ұсталуы тиіс (күніне 2,5 л сұйықтық ішкізіп) және несепті сілтілендіретін заттарды қолдану қажет (натрий гидрокарбонатын, уралитті, магурлитті, солуранды);
5) антиподагралық дәрмектерді қолданудың алғашқы күндерінде, подагралық кризді болдырмау үшін аз уақыт колхицинді (1 мг тәулікке) немесе индометацинді (75 мг тәулікке) қабылдаған жөн.
Антиподагралық дәрмектер үш топқа бөлінеді:
1) урикодепрессиялық (ксантиноксидазаны тежеу арқылы зәр қышқылының синтезін азайтатын);
2) урикозуриялық (бүйрек түтікшелерінде ураттардың секрециясын күшейтуі, реабсорбциясын азайтуы арқылы, зәр қышқылының
экскрециясын арттыратын);
3) аралас әсерлі (урикодепрессиялық және урикозуриялық қасиеттерге ие).
Дәрмектерді пурин алмасу бұзылысының түрін анықтағаннан кейін қолданады (кестеде).
Подаграның аралас түрінің, екі патогенездік механизммен дамуынан, барысы ауыр. Подаграның түрін мына сынамамен шамалап анықтайды. Науқасты 7 күн пуринсіз диетада ұстап, ішімдікті тоқтатады, Сынаманың 6-шы, 7-ші күндерінде тәуліктік несебін бөлек жинап. ондағы зәр қышқылының тәуліктік мөлшерін зерттейді. Егер 24 сағатта шығарылған несеп қышқылының мөлшері 600 мг (3,6 ммоль немесе одан артық болса, бұл метаболизмдік подагра болғаны (зәр қышқылының гиперпродукциясынан дамыған), ал оның мөлшері 30мг (1,8 ммоль) немесе одан кем болса, бұл бүйректік экскрецияның төмендеуін мәлімдейді, яғни бүйректік подаграның болуын дәлелдейді.
Гипоэкскрециялық подаграда урикозуриялық дәрмектерді, ал гипер-продукциялық подаграда пурин синтезінің антагонистерін қолданады. Несеп қышқылының экскрециясы қалыпты (1,8-3,6 ммоль немесе 300-600 мг тәулігіне) жағдайда дамыған подагра аралас типті болады-мыс. Мұндайда несеп қышқылының тәуліктік экскрециясы450 мг (2,7 ммоль) кем болса — урикозуриялық, ал 450 мг (2,7 ммоль) деңгейінде немесе одан артық болса - урикодепрессиялық дәрмектерді қолданады.