Саусақ буындарының зақымдануы —көбіне климакс шағындағы әйелдерде байқалады. Басым зақымданатын —саусақтың дистальді және ортаңғы фалангааралық буындары. Остеофиттер буынның сыртында түйін тәрізді көрінеді. Дистальді буындардың түйіндері - Геберден, ал ортаңғы фалангааралық буындардікі - Бушар түйіндері аталады. Түйіндер шығар алдында буындар біраз уақыт ашып, шаншып, ұйып ауырады. Бірақ түйіндер шыққан соң, бұл белгілер басылады. Саусақтарда түйіндердің бар-жоғына қарай остеартроздың туйінді және түйінсіз түрлерін айырады.
Түйінді остеоартроз тұқым қуалауға бейім, әсіресе әйел жағының бірнеше ұрпағында (әжесінен немересіне дейін) таралады. Түйіндер остеоартроздың нашар белгісіне жатады. Қол ұшымен, әсіресе суық суда, көп қызмет жасағанда буындар ісініп қызарады. Аурудың кештеу сатысында саусақтың ұштары қисаяды, кейде остеофиттер тек түйін сияқты болып қоймай, буынды жағалай өсіп, сақина тәрізденеді.
Үй шаруасымен немесе кейбір кәсіптермен айналысатын адамдардың бас бармақтың білезік-алақан буыны жиі зақымданады. Мұндай Науқас бармағын алақанына қарай бүгіп жүруге мәжбүр болады.
Гоноартроз — әйелдерде жиілеу кездеседі. Тізелер баспалдықпен түскенде немесе көтерілгенде көбірек ауырады. Әдетте екіншілік синовиитпен жүреді. Ақырында аяқтың варустық "X", сиректеу - вальгустық "О" тәрізді деформациясы қалыптасады.
Рентгенограммада үлкен жіліншектің айдаршықтық өсіндісі биіктеп, сүйірленуі, буын саңылауының тарылуы, көптеген остеофиттердің болуы анықталады,
сурет. Тізе буындары остеоартрозыныц рентгендік көрінісі (буын саңылауының тарылуы, шеттік остеосклероз, буындардың шетінде құс мүрнына ұксайтын остеофиттер).
кесте. Кеllgrеп, LаWrепсе бойынша остеоартроздың рентгендік сатылары:
Сатылары | Рентгендік көріністері |
Рентгендік өзгерістері жоқ | |
I | Сүйек құрылымының кисталық өзгерісі, шеміршек астының жиекшелік остеосклерозы, кішкене ғана шеттік остеофиттер |
II | Iсатының белгілері + айқын остеосклероз, буын жігінің тарылуы |
III | Айқын дамыған субхондралық остеосклероз, ірі остеофиттер, буын жігінің аса тарылуы; |
IV | Аса ірі остеофиттер, буынның жігі жоққа жақын, буындық эпифиздердің тығыздығы және буын пішінінің едәуір бұзылысы. |
Синовий қабының биопсиясы; жамылғы жасушалардың бірқатар орналасуы, бүрлердің атрофиясы, тамырлардың азаюы, май басқан аймақтар.
Синовий сұйықтығын зерттеу: сұйықтық мөлдір немесе сәл бұлыңғыр, тұтқыр, муцин іртігі тығыз. Жасушалар көп емес (1 мм' -3000-5000 шамасында), нейтрофилдердің саны барлық жасушалардың 50%-ға кем, шеміршектің қиқымдары табылуы мүмкін.
Диагноз және дифференциалдық диагноз. Жасы 40-тан асқан адамдардың, қабынудың лабораториялық белгілері жоқ бола тұра, буындары зақымданғанда — остеоартроздан күдіктену қажет.
Оның болуын Геберден, Бушар түйіндері, бірінші білезік-алақан және бас бақайдың табан-фалангалық буындарының зақымдануы дәлелдейді.
Диагнозды қойғанда науқастың -жасын, остеоартроздың дамуына септігін тигізетін факторларды еске алу қажет.
Ұпайлар саны 8 немесе одан артық болса остеоартроз диагнозы "күдіксіз", 4-7 ұпай - "болуы мүмкін" саналады. Бірақ бұл жағдайлардың екеуінде де алғашқы үш белгілердің біреуі міндетті түрде болуы тиіс. Егер ұпайлардың саны 3 немесе одан аз болса - остеоартроз диагнозы жоққа шығарылады.
кесте. остеоартроздың диагностикалық критерийлері
N | Критерийлер У Ұпайлар | Ұпайлар |
1. | Буындардың жұмыстан кейінгі кешкілікте және түннің алғашқы жартысында ауыруы | |
2. | Ауырсынудың күш түскенде күшеюі және тыныш қалыпта басылуы | |
3. | Сүйек өсінділерінің дамуынан (Геберден, Бушар түйіндерінің салдарынан) буындардың деформациясы | |
4. | Рентгенологиялық белгілер: а) буын жігінің тарылуы; б) остеосклероз; в) остеофитоз. |
кесте. Ревматоидтық артриттің және остеоартроздың
айрықша белгілері
Белгілері | Остеоартроз | Ревматоидтық артрит |
Кесел басталатын жас | 40-тан асқан шақта | 40 жаста |
Дене бітімі | Көбіне гиперстениялық | Көбіне астениялық |
Басталар алдындағы ықпалдар | Жарақаттар, дене қызметі | Тыныс жолдарының инфекциясы |
Аурудың басталу сипаты | Баяу | Көбіне жедел немесе жеделдеу |
Дене қызуы | Қалыпты | Кейде субфебрильдік қызба |
Ертеңгілік сіресу | Тән емес | Тән белгі |
Буындарды зақымдау ерекшелігі | Көбінедистальды (Геберден, Бушар түйіндері) | Көбіне проксимальды |
Тері асты түйіндер | Болмайды | 25%-да болады |
Басталу шағындағы қабыну процессінің түрі | Пролиферация процесі басым | Экссудация процессі басым |
Ауырсыну | Механикалық типті | Қабыну типті |
Рентгендік өзгерістер | Остеосклероз және остеофитоз | Остеопороз, эрозия, ос-теолиз және анкилоздар |
Қанда және синовий сұйықтығында РФ табылуы | Болмайды | Науқастардың 80-90%-да табылады |
Синовий сұйықтығы | қабыну типті емес | қабыну типті |
Емі.
Емнің негізгі мақсаты – ауыр.
сынуды басу,шеміршектің бұзылысына жол бермеу және зақымданған буынға күш түсуін жеңілдету.
Ем бағдарлары:
1. шеміршекте дегенерациялық процестің өрістеуіне жол бермеу «базистік ем»
2. буындардың ауруын және синовиитті басу
3. буындарлың функциясын жақсарту.
Базистік емнің шаралары