Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Клиникалық. көрінісі.




Подаграның 1000 адамға шаққандағы жиілігі 0,2-0,35-де құрайды, 95% ер адамдарда пайда болады. Подаграның белгілері пайда болғанға дейін адам ұзақ уақыт симптомсыз гиперурикемиямен жүреді. Гиперурикемияның жиілігі 2-18%.

Гиперурикемия жасөспірім шақта анықталады, ал подаграның белгілері көбіне 40-50 жаста пайда болады. Подагра семіздікпен, артериялық гипертензиямен жиі қабаттасады.

Г.А.Захарьинің айтуы бойынша подаграға "дене бітімі келбетті, толық, ас қорытуы жақсы, тамаққа құмар және дене қимылымен аса шұғылданбайтын адамдар" шалдығады.

Подаграның клиникалық көрінісі үш синдромнан құралады:

1) буындық;

2) тофустар түзілу;

3) бүйрек зақымдануы.

Подагра полиартриттен басталады. Алғашқы 5-6 жылында буын синдромы рецидивтеуші жедел моно-, олиго-,полиартрит түрінде жүреді, ал кейін (екіншілік остеоартроз бен деформацияның қосылуынан) жедел артрит созылмалыға ауысады.

Подаграның классикалық белгісінің бірі — "подагралық криз" аталатын жедел артриттің кенет ұстамалары. Әдетте, ұстаманың дамуына алкогольді ішімдік, тамақты тоя ішу, травма, сорығу (моншада, ыстықклиматта), суықтау, диуретиктерді, т.б. дәрмектерді қабылдау түрткі болады.

Алғашқы ұстамаларда көбіне бас бақайдың табан-фалангалық буыны зақымданады, бірақ өзге буындар да (тілерсек, тізе т.б.) қабынуы мүмкін. Бас бақай буындарының қабынуы подаграның индикаторы болып табылады.

Подагралық артриттің ерекшелігі — таң ата "әтештер шақыруы-мен" буынның кенет ұстамалы ауыруы. Ағылшын клиницисті Т.Сиденхем жедел подагралық артрит ұстамасының клиникалық көрінісін өте айқын сипаттаған: "Буын шығып кеткендей қатты батып ауырады... Кейін адам қалтырап, дірілдей бастайды, қызуы көтеріледі... Бара-бара ауыру күшейіп, қысып, сығып, кеміргендей болады... Еденнің сәл сілкінісі, төсек жабдығының буынға тиіп кетуі ауыруды онан сайын күшейте түседі. Наукас жанын қоятын жер таппай, түнді ұйқысыз өткізіп азап шегеді".

Қабынған буын ісініп, беті қызарады. Қызарған терінің түсі өте қызыл болғандықтан, тілмеге немесе флегмонаға ұқсайды. Буынныңөткір қабынуы 7-10 күнге созылып барып басылады. Қабыну басылған соң буын бетіндегі тері шамалы қабыршықтанып, түлей бастайды.

IІодагралық криз "сап-сау" жүрген кезде кенет "жай түскендей" басталады, бірақ кейде алдын-ала продромдық белгілер болады (жүрек айнуы қыжылдау, эпигастрий маңының ауыруы, дәм сезудің бұзылысы). Бұл кезде кей адамдардың басы ауырады, құлағы шуылдайды, тынысы тарылады, жүректің тұсы шаншиды, бүйректік колика, фурункулез пайда болады. Бір қатар жағдайда болар криздің алдында і конъюнктивит, терінің қышынуы, миалгия байқалады.

Бір басталған артрит бір жылдың ішінде қайталана береді, бірақ ұстамалардың арасы сирек болатын кездер де бар. Жүре-бара ұстамалар жиіленеді. Ұстама сайын зақымданатын буындардың саны көбейеді. IІодаградаұршық, иықжәне төс-бұғана буындары сирек зақымданады.

Шамамен 5-6 жыл өткен соң, ураттардың жинақталуынан, буындарбұзыла бастайды, деформацияланады, яғни созылмалы подагралық полиартрит қалыптасады. Бас бақайдың табан-фалангалық буыны деструкцияға ерте ұшырайды. Қол ұшының ұсақ буындары зақымданғанда, оның клиникалық көрінісі ревматоидтық артритке біршама ұқсайды.

Подаграға тән тағы бір белгі — тофустар. Тофустар деп ураттан тұратын шорларды айтады. Тофустың ураттық заты дәнекер тінімен қоршалып қапталады. Әдетте түйіндер 5-6 жыл өткен соң пайда болады, олардың көлемі әртүрлі (тарының, алманың көлеміндей).

Урикемия неғүрлым биік болса, соғүрлым тофустар ерте байланады, мәселен 2-3 жылдан кейін де пайда болуы мүмкін. Тофустаркөбіне кұлақ қалқанында, буын айналасында (әсіресе шынтақтың сыртқыбетінде), өкше сіңірінде (Ахилл) орналасады. Көз қабақтарының,склераның, танаулардың тофустары сирек кездеседі. Кейде тофустарбір- бірімен тұтасып, ірі тастарға ұқсайтын құрылымдар түзеді. Тофустың бетіндегі тері жұқарып, астынан ақшыл заты көрініп тұруы мүмкін.Тері сәл жарақаттан тесілсе, жыланкөзден ақшыл, тіс пастасы тәрізді, қоймалжың зат шығады. Сонымен, тофустардың болуы подаграның ауырлығын және көптен бері келе жатқанын дәлелдейді.

Диагностикасы. Подаграны анықтау үшін қанда зәр қышқыныңдеңгейін, несеп қышқылының тәуліктік экскрециясыныңбүйректікклиренсінтексерген маңызды. Ұстама кезінде қабыну тесттердің көрсеткіштері жоғарылайды (ЭТЖ, лейкоцитоз, серомукоид, СРБ, а2-, g-глобулиндер, фибриноген, гаптоглобин т.б.)

синовий сұйықтығында зәр • қышқылы кристалдарының және цитоздың көбеюі анытталады.

с урет. Iтабан-фалангалықбуындардың подаграға байланыстыі.і өзгерістері.

 

Буындардың рентгендік өзгерісі подаграның артриттік сатысында анықталады. Сүйек эпифиздерінде көлемі 3-4 мм-ден 2-3 см-ге дейін "тесіктер" (дөңгелек дақтар) пайда болады (суретте).

Дақтар — тофустардың жиналған ошақтары. Кейде беткей орналасатын түйіндер "сүйек шетінің томпаюы" белгісін береді немесе сүйектің қабын тесіп шығады. Аса ауыр жағдайларда сүйек эпифиздері толық жойылып, ураттық затқа алмасады.

Ресейдің МҒА-ның ревматология институты подаграның белгілерін ұпаймен бағалайтын диагностикалық критерийлерді ұсынған (кесте).

кесте. Подаграның диагностикалық критерийлері

Критерийлер Ұпайлар
1) бұдан бұрын (ең кеміндс 2 рет) немесс осы кездегі аяқ буындарының ісінуі немесе қызарып қатты ауыруы және оның 1-2 аптадан кейін басылуы  
2) бас бақайдың табан-фалангалық буынының жедел артриті (бұдан бұрын немесе осы кездегі)  
3) тофустардың болуы  
4) қан құрамында зәр қышқылының жоғары деңгейі — ер кісілерде 7 мг/100 мл, әйелдерде 6 мг/100 мл немесе 0,24-0,36 ммоль/л артықтығы  
5) несеп тас ауруының болуы  
1) "тесілген сүйек" белгісі (эпифиздегі ірі кисталар)  
 

Ұпайлар саны 8 немесе одан артық болса — диагноз "сенімді", 4 ұпай жиналғанда — подагра диагнозы сенімсіз саналады.

Подаграның ең нақты белгілеріне жедел немесе сирек — жеделдеу артрит, синовий сұйықтығында ураттық кристалдардың табылуы және дәлелденген тофустар жатады. Ураттық кристалдар — ұзындығы 10 мкм шамасындағы ұшы сынған жіңішке инеге ұксайды. Синовий сұйықтығында микрокристалдар бос жатады немесе нейтрофильдердің ішінде анықталады.

Дифференциалдық диагноз. Егер подаграда бас бақай буыны емес, өзге буындар зақымданса оны жедел инфекциялық артриттен айыру қажет. Жедел инфекциялық артритте ауру кенеттен басталады — буын ауырады, бетінің терісі қызарады және температурасы көтеріледі. Бұл жағдайда анамнез мәліметтері көмектеседі — жарақаттың, инфекцияның болуы және антибиотиктердің жақсы әсер етуі.

Кейде подаграда қол ұшының ұсақ буындарының зақымдануы рев-матоидтық артритке ұқсайды. Гиперурикемияның болуы, артриттің жіті дамуы, буын терісінің қатты қызарып, кейін түлеуі подаграны бұдан айыруға көмектеседі. Осы салада, ревматоидтық артритке қарағанда, подагралық полиартриттің тез қайтуын ескеру кажет.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 742 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2318 - | 2273 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.