Престеу әдісімен өңделетін пресс-ұнтақтарды және талшықтарды массасы бойынша тұрақты, берілген қалыпты қабылдайтын берік таблеткалар алу үшін алдын ала таблеттейді. Таблеттелген материалды қолдану дозалау дәлдігін жоғарылатады, шикізаттың шығынын азайтады, қыздыру уақытын қысқартады. Пресс-ұнтақтарды жоғары өнімділікті машина-автоматтарда, ал талшықты материалдарды негізінен гидравлткалық престерде таблеттейді. Таблеткалар берік болуы керек және тасымалдау және бункерге енгізу кезінде байқалатын әр түрлі соққылы және вибрациялық әсерлерден пішінін өзгертпеуі керек.
Таблеттелу – материалдың сығатын күш әсерінен шағын таблеткаға престелу қабілеті. Таблеттелу көптеген факторларға тәуелді:гранулометрлік құрам, материалдың ылғалдылығы мен температурасы, майлағыш заттардың болуы, таблеттеу жылдамдығы, бұйымды қысым астында ұстау уақыты және т.б.
Қазіргі таңда пресс-материалдың таблеттелуін бағалайтын стандарты әдістеме жоқ. Өндірісте, мысалы, берілген тығыздықты таблетка алу үшін қажет қысымды өлшеу әдісі, немесе керісінше, берілген меншікті престеу қысымында алынған таблекалардың тығыздығын анықтау әдісі қолданылады. Сонымен қатар таблеттелуді таблетканың механикалық қасиеттері (беріктілік, қаттылық, серпімділік) және таблетканы пресс-формадан итеріп шығару күші бойынша бағалау да кең қолданылады.
Таблетканың беріктілігін оны бұзуға қажет күшпен сипаттауға болады. Сынауды қолмен жұмыс жасайтын винтті пресс пен динамометрден тұратын құрылғыда жүргізеді. Пресс-материал таблеткасын (2) динамометрдің (1) жоғарғы серпімді доғасына бекітілген сынақ аймағына (7) орнатады. Штурвалды (3) айналдырғанда винт (4) ползунды (5) жылжытады, оның төменгі шетінде шарикті сүйеу (6) бекітілген. Динамометр стрелкасы бұзушы күшті өлшейді. Құрылғының кейбір жаңартылған тұрлерінде шариктің орнында үшкір конус болады.
Сынақтарға арналған таблеткаларды екі жақты престейтін, қыздырылмайтын таблека машинасының пресс-формасында немесе ең төменгі күші 49-98 кН болатын гидравликалық престерде дайындайды. Сынақтарға арналған пресс-ұнтақ таблеткаларының өлшемдері: диметр 20мм, биіктігі 12,15мм. Берілген меншікті қысым 8-10МПа-да аланыған пресс-ұнтақ таблеткаларын беріктілікке тексереді. Егер таблетканың беріктілігі 0,78-0,83кН-нан төмен болмаса материалдың таблетелуі жақсы деп табылады. Ал тқмн беріктілік көрсетсе таблеттеудің меншікті қысымын 120МПа-ға дейін көтеру керек.
Таблеттелуді таблетканы пресс-формадан итеріп шығару күші бойынша бағалау әдісі жеңіл және арнайы құрылғыны қажет етпейді. Итеру күшін кез-келген стандартты машинада өлшеуге болады. Итеру күші бойынша таблетканың форма қабырғасына меншікті үйкелу күшін есептейді. Меншікті үйкелі күші қаншылықты жоғары болса, ұнтақтың таблеттелуі соншалықты төмен болады. Мысалы, егер меншікті үйкелу күші 0,7-3,3 МПа болса ұнтақтың таблеттелуі жақсы, ал егер меншікті үйкелу күші 3,3-8,3МПа болса нашар.
Пресс-материалдардың таблеттелуіне гранулометрлік құрам қатты әсер етеді. Мысалы, бөлшектренің өлшемдері әр түрлі пресс-ұнтақтан беріктілігі 1,12кН болатын таблетка алу үшін басқа жағдайлармен қоса келесі қысымды қолдану керек екендігі орнатылған:
Бөлшек өлшемі, мм | - 0,25 | 0,25-0,5 | 0,5-1,0 | 1,0 -.. |
Престеу қысымы, МПа | 8,25 | 162,5 |
Бұл құбылыс майда түйіршікті материалдың меншікті тұйісу беті үлкен болуымен түсіндіріледі. Сондықтан тадлеттеу кезінде үлкен түйіршікті материалды алдын-ала майдалау керек.
Пресс-материалдардың ылғалдылығының артуымен таблеттелу де жақсарады. Мысалы АГ-4В маркалы шынталшықты бумен, спирпен немесе ацетонмен өңдесе таблеттеу қысымын 250-ден 50-70 МПа-ға дейін төмендетуге болады.