Полимерлердің аққыштығы келесі қасиеттерімен сипатталынады: 1) жоғары тұтқырлығымен (полимердің жоғары молеклалық массасына байланысты); 2) өңдеу процессі кезіндегі тұтқырлықты төмендетуді қамтамассыз ететін кернеумен; 3) тұтқырлықтың темепратуралық коэффициентінің көптеген факторлардан тәуелсіздігімен (сонымен бірге ММ мен кернеуден); 4) полимердің тұтқыр ағынында пайда болатын жоғарыэластикалық деформациясымен
Полимерлердің аққыштығы - өңдеу процесінде полимерлердің сипаттамасын және алынатын бұйымдардың сапасын анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Аққыштығы төмен болатын полимерлі материалдар пресс формалардың және құю формалардың қуыстарын нашар толтырады, соған байланысты мұндай полимерлерді өңдегенде қалыптаудың жоғары температурасын және қысымын қажет етеді. Қалыптау температурасын арттыру өндіріс циклінің басым артуына, бұйымның отыруының өсуіне және энергия жұмсалуының артуына әкеледі. Қалыптаудың қысымын арттыру бұйымда бағытталған кернеудің өсуіне әкеледі, нәтижесінде механикалық қасиеттерінің анизотропиясы артады, шытынауға төзімділігі азаяды, қисаю (майысу, бүрісу, коробление) температурасы төмендейді және т.б. Аққыштығы төмен пластмасстарды қысыммен құюда қысымның жойылуын төмендету мақсатымен қалыпта құятын жүйе каналдарының көлденең қимасын арттырады, бұл қалдық түрінде материал шығынының артуына әкеледі.
Аққыштығы төмен материалдардың экструзия процесінде қалыптайтын бас ұшында жоғары қысым пайда болады, мұнда жоғары өнімділікті алу қиындайды. Полимерлі материалдың аққыштығы төмен жағдайда бұйым тегіс және жылтыр бетті болып шықпайды. Тұтқырлығы төмен композициялардан жабындыларды қалыптау кезінде де кейбір қиындықтар туындайды: үлдіртүзу уақыты өседі, жабындылардың адгезиялық тұрақтылығы төмендейді және олардың кеуектілігі артады.
Аққыштығы жоғары экструзионды және құюдан алынған материал бұйымдары беріктік қасиеттері нашар және тозуға бейім болады. Жоғары аққыш полимерлерден әр түрлі қалыңдықты бұйым алынады және бұйымдарда тесіктер түзіледі.
Егер полимердің аққыштығы тым жоғары болса, онда каналдағы кері ағынның артуының нәтижесінде экструзионды және құю қондырғысының пластикациялық өнімділігі төмендей береді. Сонымен қатар, шашыратқанда материалдың ағуы (утечка) өседі, ал ол максималды құю көлемі мен шашыратудың меншікті көлемінің азаюына алып келеді.
Аққыштығы жоғары материалдардан алынған құймалы және экструзионды бұйымдардың беріктік қасиеті төмен болады және қолданғанда төзімділігі нашар болып келеді. Полимерлердің жоғары аққышытығы әр түрлә қалыңдықты бұйым алуға алып келеді және бұйымдарда кедір бұдырлар ақаулықтар пайда болады.
Пластикациялық өнімділік бірінші очередь материалдың сапасы мен қасиеттеріне байланысты. Аз себілмелі және түйіршіктелген материалдар шнектың материал салынатын аумағын нашар толтырады, нәтижесінде, пластикатордың өнімділігі нашарлайды.
Пластикациялық өнімділік (кг / сағ) – бұл қыздырғыш цилиндрде немесе пластикациялайтын қондырғыда түйіршіктерден біртекті тұтқыр гомогенді жүйеге айналатын материалдың массасы. Яғни құю машинасының 1 сағаттың ішінде пластикалық күйге айналдыратын термопласттың максималды мөлшері.
Аққыштығы төмен немесе жоғары материалдарды өңдеуде ақауларды алдын алу. Аққыштығы төмен полимерлерді өңдегенде процестің өнімділігін және бұйымның сапасын арттыру мақсатында негізгі құрылғының және қалыптайтын аспаптың жеке түйінін жетілдіреді: Арнайы технологиялық аспаптарды қолданады, композицияны құрғанда пластифицирлейтін қоспаларды және майларды қолданады.
Мысалы аққыштығы төмен полимерлерді құюмен қалыптағанда қысымның жоғалуын азайту үшін каналының диаметрі үлкен ашық мүштік (мундштуки) қолданады. Құю қалыбында енін арттырады және каналдардың ұзындығын барынша қысқартады, ал үлкен габаритті бұйымдарды құйғанда енгізу санын арттырады. Сапалы құюды арнайы құю режимдерін қолданады: қысыммен сатылы құю (бір- немесе екісатылы), балқыманы алдын ала қысып құю немесе инжекционды престеу режимінде құю. Көрсетілген режимдерді қолданғанда құюдың жоғары қысымы және қалыпты толтыру сатысында жоғары бүрку жылдамдығы қолданылады және бір мезгілде қысыммен ұстау сатысында қалыптаудың аздаған қысымы жұмсалады, бұл алынатын бұйымның ішкі кернеуінде қалыпты толуын қамтамасыз етеді.
Жоғарытұтқырлықты полимерлерді қысымда құю немесе экструзиямен өңдегенде (көбінесе полистиролды пластиктер мен полиолефиндер) технологиялық қасиеттерін материалды алдын ала дискілі экструдерден өткізу арқылы жақсартуға болады. Бұнда қарқынды жылжымалы деформирленудің нәтижесінде полимердің механодеструкциясы болады, ал бұл төменмлекулалы фракцияның түзілуіне жіне молекула массалық таралудың төмендеуіне алып келеді.
Жақпаның қызметін атқаратын төменмолеклалы фракциялар полимерлі материалдың ағуын жақсартады, сәйкесінше бұл кезде бұйымның физика-механикалық қасиеттері нашарламайды.
При переработке полимеров с очень высокой текучестью методом литья под давлением желательно использовать червяки с малой глубиной нарезки, на концах которых устанавливается запорное кольцо или шариковый клапан для снижения утечек при впрыске. Мундштук должен иметь запорный клапан и быть хорошо притертым к литниковой втулке.