Жоспар:
1.Бірінші концентрдің міндеттері, оның мазмұны
2.Он көлеміндегі сандардың нөмірленуін оқыту әдістемесі
3.Он шамасындағы сандармен қосу, алу амалдарды үйрету әдістемесі
Алғашқы ондық сандар мен оларды пайдаланып есептеулерді орындауды бірінші жыл бойына үйренеді. Оқушылар алғашқы ондықтағы сандардың әрқайсысымен жеке танысып, санның цифрмен белгіленуін, заттармен сәйкестенуін, натурал сандар қатарындағы орнымен жеке танысып шығады. Сандарды салыстыру, олардың құрамы, қосу мен азайтуға үйрету, барлығы мен қалғанын табуға арналған қарапайым арифметикалық амалдарды орындау жұмыстары жүргізіледі.
Сан, санау туралы ұғым беру, алғашқы матемитакалық түсініктермен таныстыру ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар үшін үлкен қиындықтар тудырады. Мұндай қиындықтарды шешудің жолы көрнекі құралдарды молынан пайдалану, әр оқушымен жеке жұмыс жасау болып табылады. Қиындықтардың себебі ойлаудың нақтылығы, қорытындылаудың әлсіздігі, сан туралы практикалық дағдылардың жай дамитыны, сандар қатарын сандық жағынан, сапалық жағынан, реттілігі жағынан сәйкестендіре алмаумен түсіндіріледі.
Оқушылар сан атауларымен таныс болғанымен оларды санауда, орындарын көрсетуде білмегендіктен бас тартады, соның әсерінен санау барысында қай саннан бастап санауға болатынын білмей, «Қанша?» сұрағына жауап бере алмай қиналады. Көп мөлшерде берілген түрлі заттарды санауда олардың барлығын басынан бастап санауға қалыптасады. Санаған заттың барлығы қанша деген сұраққа, келесі санды көрсету сияқты қателіктер көрсетеді.
Алғашқы ондықтармен жұмыс кезінде қолданылатын көрнекіліктер:
1. Заттық құралдар:
а) қоршаған ортаны бейелеуші заттар: сынып жиһазы, оқу құралдары, табиғи заттар, жемістер, көкөністер, ілгектер, ілмектер, ұсақ заттар.
б) санауға арналған арнайы заттар: таяқшалар, арифметикалық жәшік, сыныпқа арналған және жеке оқушыға арналған шоттар, шнурмен бекітілген шариктері (10 шарик болуы керек) бар рама.
в) Геометриялық фигуралар.
г) жемістердің, көкөністердің, саңырауқұлақтардың, аңдардың, құстардың сұлбалары берілген трафареттер.
2. Иллюстрациялық құралдар:
а)жемістер, көкөністер, аңдар, ұшақтар, машиналардың картиналар жинағы,
б)заттардың 1-ден 10-ға дейінгі бейнесі бар суреттер.
в)бір заттың, сол заттың бірнешеуі топтастырылған суреттер.
г)«Сан баспалдағы» кестесі.
д)қозғалмалы цифрлар мен заттардың суреттері (магнитті).
е)цифрлардың резиналы штамптары.
ж) цифрларды жазудың үлгісі.
з)1, 5, 10 т., 1, 5, 10 теңге түріндегі жинақтар.
и) «Алғашқы ондық сандардың нумерациясы» тақырыбындағы таблицалар сериясы. (авторлары М. И. Моро, С. В. Степанова, Н. А. Янковская).
Арнайы мектеп мұғалімдері көрнекі құралдардың көмегімен ғана емес, баланың математикалық түсініктерін аналы түрде игертудің жолдарын іздестіріп, материалдарды заттық-практикалық әрекетпен ұштастыра отырып пайдалануды мақсат етуі тиіс.
Алғашқы ондық сандармен танысудың реттілігі былайша құрылады:
Бірінші сабақта сан және цифр туралы жалпы ұғым беріледі. Бұл сабақтың мақсаты оқушыларды санның құрылуымен (санау арқылы) таныстыру, оның аталуымен, сандар қатарындағы орнымен таныстыру, затпен сәйкестенуін көрсету, білетін санмен ара-қатынасын түсіндіру болып табылады.
Екінші сабақта өтілгенді бекіту, тура және кері санауға үйрету жұмыстары жүргізіледі. Оқушылар берілген санды затпен сәйкестендіріп, теңестіру, артық, кем, тең ұғымдарымен салыстыруға үйренеді.
Келесі сабақтарда сан құрамымен танысады, мұндай сабақтарадың саны сынып оқушыларының санына, өтілген санға байланысты анықталады. (Әр санның таныстырылуын мысал ретінде көрсету)
1- сыныптың аяғында өтілген сандарды практикалық жаттығулардың көмегімен бекіту жұмыстары жүргізіледі. Мысалы: 4 сары таяқшаны, ал, барлығының саны 5 болу үшін шариктерді мүсінде деген сияқты тапсырмалар орындалады.
Санның цифрмен белгіленуі және оның жазылуын үйретуде цифрдың баспа және жазба түрлері көрсетіледі. Баланың цифрды жазуға үйренуі процесі өте күрделі, сондықтан цифрлардың трафареттері, лекалолар, пластмасса тақталар алдын ала дайын болуы керек.
Цифрлардың жазылуымен таныстыру жұмысының реттілігі:
1) Цифрдың баспа түрін көрсету, цифрдың элементтерін көрсету;
2) Мұғалімнің санды тақтада жазуы;
3) Цифрды саусақпен, указкамен қоршау;
4) Цифрды ауада жазу;
5) Цифрды бірнеше оқушының тақтада жазуы;
Цифрды жаза алмай қиналған оқушыларға екі тордың ішіне жазуға рұқсат беріледі. Цифрлардың жазылуын бекіту барысында оның сұлбасын трафареттен ою, ермексазбен жасау түріндегі жұмыстар жүргізіледі.
Цифрлармен заттарды сәйкестендіру барысында түрлі жұмыстар орындалады. Мысалы:
1.Берілген заттың санынан қажетті санды табу. «Мамаң дүкеннен 4 апельсин алды. Осының цифрмен көрсетіңіздерші». Балалар көрсетеді, оны тақтағы іліп 4 санын тұсына қоямыз.
2. Берілген цифрдың тұсына заттарды қойып шығу.
3. «Қажетті картинаны тап» оқушылар өздеріне берілген суреттер жинағына сәйкес санды, оның белгіленуін табулары керек.
4. Сызғыштың бойынан 4 санын тап, 4 қасық шекерді тәрелкеге сал деген сияқты тапсырмалар орындайды.
Санның сандар қатарындағы орны «Басқалдақ» ойынының көмегімен орындалады. (Пән аралық байланыстьың құрылуын айту)
Сандарды салыстыруға үйретуде артық, кем, тең ұғымдарымен қатар сандардың жазылуы арқылы таныстыру, белгілердің жазылуы көрсетіледі. Оқушыларға бір ондық он бірлік екендігі туралы ұғым беріледі. Таңбалармен таныстыру, қосу және азайту амалдарын сәйкестендіре отырып үйрету жұмыстары жүргізіледі.
Абак – Ежелгі Грекция мен Ежелгі Римде қолданылған есеп топтамасы. Тақта белгілі бір разрядтық білікті білдіретін жолақтарға әрбір разрядтық бірліктің санын білдіру үшін тастар қойылады.
1. Зияты зақымдалған оқушыларды ондықтармен 1 сыныпта және 2 сыныптың бірінші тоқсанында танысады.Осы кезеңнің соңында оқушылар келесідей білімді меңгеруі керек:
1. 1 –ден 10-ға дейін санауды
2. 10 шамасындағы сандардың қатарында әр санның орнын білуі.
3. Сандарды салыстыру
4. Әр санның құрамын білу
5. 10 шамасындағы сандармен қосу, алу амалдарын орындау
Екінші жылдың ортасында оқушылардың білім деңгейі бірдей болмайды. Мұғалім әр оқушының білім деңгейін білу керек сондықтан балаларға мінездеме құрылады. Ол алдағы уақытта оқыту барысында оқушыға жеке ықпал ету үшін қажетті.
Мінездемеде көрсетіледі:
1. Оқушы сандық қатарды біле ме, барлық сандарды ретімен атап бере ала ма, кері санай ала ма, берілген саннан берілген санға дейін санай ала ма. Алдыңғы және кейінгі сандарды біле ме, сандық қатарды біле ме?
2. Оқушы санды салыстыра ала ма: заттарға сүйеніп, сандық қатарға сүйеніп, ойша.
3. Оқушы санды жаза ала ма: үлгі бойынша, нүктелер бойынша, өздігімен.
4. Санап шыға ала ма: затты қозғалту арқылы, саусағын санау арқылы, көзбен.
5. Сомма мен қалдықты қалай шығарады: әр санның құрамын біле ме, нөлдің маңызын түсіне ме.
Он шамасындағы сандарды оқыту барысында қолданатын көрнекіліктер:
- Санауға арналған әр түрлі ұсақ заттар, ойыншықтар, санау таяқшалары, геометриялық фигуралар, кубиктер т.б.
- Иллюстрациялар – бір түрлі және әр түрлі заттардың суреттері, цифрлар, цифрлық кассалар, есепшоттар.
2. Он шамасындағы сандардың әрқайсысына бірнеше сағат беріледі. Әр санның нөмірлеуін оқытуында келесі әдістемелік кезеңдер қарастырылады:
I.Санның құрылуы. Екі түрлі қарастырылады:
- алдыңғы санға бірді қосу
- артқы санға бірді қосу
II.Санды цифрмен белгілеу. Цифрды жазу.
III.Санды және көптіктерді сәйкестендіру.
IV.Сандық қатарындағы санның орны.
V.Берілген санға дейін санау.
VI.Сандарды салыстыру.
VII.Сандардың құрамы.екі түрлі қарастырылады:
- Бірден және басқа сандардан
- Екі кіші саннан құрылады.
Мысалы: «5 саны» тақырыбының бірінші сабақтың алдында келесі міндеттер қойылуы мүмкін.
Білім беру міндеттері: 4-ке дейін санауды қайталау; төртке бірді қосу арқылы бес санының құрылуымен таныстыру; 5 цифрын жазуды үйрету; сан қатарындағы орнын бекіту; 5 көптігімен 5 санын сәйкестендіру.
Келесі сабақта келесі міндеттер қойылуы мүмкін төртке бірді қосу арқылы бес санының құрылуын бекіту. 5-ке дейін тура, теріс санауды үйрету. Бестен бірді алу арқылы төрт санының құрылуының екінші тәсілімен таныстыру. 5-ке дейін сандарды салыстыруды үйрету.
3-ші, 4-ші, 5-ші сабақтарда алдыңғы материалды бекітеміз және санның құрамымен таныстырамыз.
I.Санның құрылуы. Екі жолы қарастырылады
1.Алдыңғы санға бірді қосу.
2. Артқы саннан бірді алу.
Барлық жұмыс заттық тәжірбиелік іс-әрекетте ұйымдастырылады. Мұғалім балаларға бірнеше затты ұсынып, тағы бір затты қолданып, сөйтіп 5 саны пайда болғанын көрсетеді.
Мысалы:
- бізде бірнеше алма бар?
- санаңдар қанша?
- Дұрыс 4
- Енді оған тағы алма қосамын
- Қанша алма болды?
Осындай жұмысты бірнеше көрнекіліктерде көрсеткен жөн:
- Алматта бірнеше дәптер бар. Қанша?
- Оған Сания бір дәптер сыйлады.
- Енді Алматта дәптердің саны қанша?
Содан кейін балалардың заттық – тәжірбиелік іс - әрекетін ұйымдастыру керек:
Партаға 4 қызыл шеңбер қойып шық, тағы бір шеңбер қос. Саны қанша болды?
Қорытынды:
- 5 саны қалай пайда болды?
- Қай санға бірді қостық?
Бекіту тапсырмалары тәжірбиелік болуы керек.Келесі сабақта тура осындай жағдайда бестен бірді алу арқылы төрт санының құрылуын қарастырамыз: бірнеше алма бар
- Сана қанша?
- Бір санды алдық. Қанша қалды?
Алдындағы сияқты төрт санының құрылуын бірнеше көрнекіліктерде бекітемізде нәтиже шығарамыз.
- Төрт саны қалай пайда болды?
II. Санды цифрмен белгілеу. Цифрды жазуды үйрету.
Санды жазуды үйрету бірнеше кезеңнен құрылады.
1.Санның жазбаша үлгісін көрсету.
2.Мұғалім тақтада санның жазуын көрсетеді. Орындаған ісін сөзбен айтып тұрады.
3. Әр балаға цифрдың моделі таратылып, балалар мұғалімнің басшылығымен бірге моделін саусақпен айналдырады.
4. Цифрды ауада жазу.
5.Жеке тақтаға жазу.
6. Дәптерге үлгі бойынша, пункттер бойынша жазу.
III.Санды және көптіліктерді сәйкестендіру.
Сандарды және көптіктерді сәйкестендіру келесі тапсырмалар арқылы жүргізіледі: санға бірнеше затты таңдап алу, керісінше бірнеше затқа соған сәйкес санды таңдау. Мысалы: мен қандай санды көрсетемін, сендер соншалықты шапалақтайсыңдар. Немесе, мен бірнеше затты қойып шығамын, сендер соған сәйкес санды таңдайсыңдар.
IV. Сан қатарындағы санның орны.
Сан қатарындағы санның орны екі негізгі сұрақ арқылы бекітіледі:
- 5 саны қай санның алдында орналасқан?
- 5 саны қай санның артында орналасқан?
Бекіту тапсырмалары:
- 1-ден 4-ке дейін сандарды ретімен қойып шық.
- 1….3…5 сан қатарын толтыр.
-.....2….көршілерін тап.
V.Берілген санға дейін санау.
Санау дегеніміз қанша деген сұраққа жауап беру. Санауға балаларға алғаш бірдей заттар, содан кейін әр түрлі заттар ұсынуға болады.
Санау түрлері: тура, теріс, берілген саннан берілген санға дейін (2-ден 5-ке дейін)
Санауға үйрету кезендері:
1. Заттарды қолымен ұстап дауыстап санау;
2. Саусақпен көрсетіп сыбырлап санау;
3. Көзбен іштей санау.
Міндетті түрде балаларды сандық санау мен реттік санауды ажыратуға үйрету керек.
VI. Сандарды салыстыру.
Алғаш салыстыруға көрші сандарды ұсынады. Одан кейін басқа, әр түрлі сандарды берді. Салыстыруға үйрету шартты түрде үш кезеңнен тұрады:
1-ші кезеңде салыстыру көрнекіліктерге сүйеніп балалардың заттық – тәжірбиелік іс-әрекетінде жүргізіледі.
2-ші кезеңде көрнекіліксіз тек сандарға сүйеніп.
3-ші кезеңде ойша салыстыру.
VII.Сандардың құрамы
Екі түрлі қарастырылады:
1.Санның құрамының бір компоненті бірге тең болған жағдайда, мысалы: 5=1+4, 5=4+1.
2.Екі кіші саннан құрылған жағдайда: 5=2+3, 5=5
Санның құрылуын қарастырғанда балалармен келесі жұмыс ұйымдастырылады. Заттық – тәжірбиелік іс-әрекетін ұйымдастыру, яғни заттың көптігін екі топқа бөлуді үйрету, мысалы: Әр оқушыға 5 таяқша береді де осыларды екі топқа бөл деген тапсырма ұсынады.Балалар таяқшаларды бір-бірден екі топқа жіктейді. Содан кейін мұғалім нәтиже шығарады.
- Таяқшалардың саны қанша?
- 5 таяқшаны қанша топқа бөлдіңдер?
- Бірінші топта таяқшаның саны қанша?
- Екінші топта таяқшаның саны қанша?
- Яғни 5саны қандай екі саннан құрылған?
Басқа қасиеттері (көлемі, формасы, түсі) бірдей болу керек. Салыстыруды ұқсас қасиеттерінен бастаймыз.Содан кейін айырмашылығын анықтаймыз. Әр бала заттың салмағын қолмен ұстап көру керек. Келесі сабақтарда үлкенірек, жеңілірек деген ұғымдарды қалыптастырамыз және таразымен қолдануды үйретеміз.