Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


МАТЕМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ




 

Жоспар:

1.Математика пәнін ұйымдастыру түрлері

2.Математика сабақтарының топтастырылуы

3.Математика сабақтарының құрам компоненттері

4.Математиканы оқыту процесінде қолданатын әдістер мен амалдар

 

Математиканы оқыту процесінің ұйымдастыру түрлері:

1. Сабақ

2. Экскурция (сабақтан тыс жұмыстары)

3. Үй жұмысы (өзіндік жұмыс)

Экскурция

I.Тақырыптық (тақырып бойынша)

II.Жиынтық (бірнеше тақырыбы бойынша немесе бірнеше сабақтарға қатысы бар)

Оқыту процесінің кең тараған ұйымдастыру түрі сабақ болып табылады.

Сабақ дегеніміз - уақытпен шектелген (45мин) бүтін, логикалық байланысты оқыту – тәрбиелеу процесінің үзіндісі. Әр сабақтың міндеттері, мазмұны, құрамдары, амалдары, әдіс-тәсілдері, қағидалары көрсетіледі.

- Әр сабақтың алдында нақты тақырып,міндеттердің қойылуы;

- Сабақтың мазмұны тақырыпқа, міндеттеріне сәйкес болу және жалпы педагогиканың қағидаларына сүйену;

- Сабақта пайдаланатын әдістері мен амалдарды балалардың даму ерекшеліктеріне, ойдың, таным іс-әрекеттеріне, ақыл-ойы мүмкіндігіне қарай, өмірлік тәжірибесіне қарай қолданады;

- Сабақтың әр кезінде балалардың меңгерген білім, біліктілік, дағдылардың сапасын тексеру, бақылау;

- әр сабақта міндетті түрде көрнекті – дидактикалық материалдарды қолдану;

- әр сабақтың үстінде балалардың заттық – тәжірбиелік іс-әрекетін ұйымдастыру;

- әр сабақта қайталау кезеңі болуы қажет, яғни үздіксіз қайталау қағидасын жүзеге асыру;

- әр сабақтың үстінде балалардың сөйлеу тілін дамыту;

- математика сабақтары мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамға кіргізу және әлеуметтендіру мақсатқа бағыттануы қажет;

- мұғалім әрқашан оқушыларға үлгі болып тұру керек.

Математика сабағының тақырыбы мен міндеттеріне қойылатын талаптар:

- математика сабағының тақырыбында тек математикалық мазмұнын көрсеткан жөн. Тақырыптың атында етістіктер қолданбайды, өйткені олар сабақтардың міндеттерін жариялау:

Мыс: “18 саны”,”15 cаны ”- деген тақырыптың атын дұрыс, ал “18 санымен таныстыру”, “1санымен танысу ”- деген дұрыс болып саналмайды. Немесе ”жай бөлшектердің негізгі қасиетімен таныстыру ’’ тақырыптың атауы қате.

Сабақтың тақырыбынан кейін, оның міндеттерін белгілейді:

- жалпы білім беру міндеттері

- коррекциялық

- тәрбиелеу

Сабақтың міндеттерін атағанда әр түрлі етістіктерді кеңінен қолданған жөн: қайталау, талдау, таныстыру, қалыптастыру, жазуға үйрету, дамыту, жүзеге асыру т.б.

Білім беру міндеттерін атағанда келесідей тізімге сүйенеді:

1.Қандай жаңа материалмен таныстыру

2. Нені қайталау

3. Қандай басқа жаңа тақырыптарды меңгеруге балаларды дайындау.

4. Нені бекіту

Коррекциялық міндеттерінде оқушылардың қай психикалық процестерді және не арқылы дамытуды көрсете қажет.

Мысалы:

Тақырыбы: Көп таңбалы сандар.

Білім беру міндеттері:

- Көптаңбалы сандарды оқу және жазу дағдыларын аса арттыру

- Көптаңбалы сандардың ондық құрамын талдауды үйрету

- Тақ және жұп сандарды разрядтың қосылымдарын қайталау

Коррекциялық міндеттері:

- Мәтінді есепті талдау арқылы ойлау және есте сақтау процестерін дамыту.

- Толық жауап беру,орындаған іс-әрекетін айтып тұру арқылы оқушылардың сөйлеу тілдерін дамыту.

Әр сабақтың алдында мұғалім жоспар құрастырады.

Математика сабақтарының топтастыруы. Алдына қойған міндеттері бойынша математика сабақтары да бірнеше түрлерге бөледі:

I түрі: Жаңа білім беру сабақтары. Осы сабақтардың мақсаты оқушыларды жаңа оқу материалымен таныстыру. Сабақтың мысалы құрам компоненттері:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

3.Ауызша санау.

4.Жаңа тақырыпты меңгеруіне дайындау.

5. Жаңа тақырыпты жариялау

6. Жаңа білімдермен таныстыру.

7. Бекіту кезеңі.

8.Сабақтың қорытындысын шығару.

II түрі: Білімдерді түзету және бекіту сабақтары («түзету»дегеніміз психикалық процестерге емес, алдыңғы тақырыпта берілген білімдерін анықтау,түзетуге қатысты). Жаңа білім бергеннен кейін міндетті түрде келесі сабақта меңгерген білімдерін бекітуіне, анықтауына арналады, өйткені зияты зақымдалған оқушылардың білімдері бірден толық дұрыс қалыптасуы қиын. Осы сабақтардың үстінде берілген білімдерін ұқсас жағдайда қолдануды үйретеді. Сабақтың құрам компоненттері келесі болуы мүмкін:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Ауызша санау

4. Керекті білімдерін еске түсіру

5. Білімдерін түзету және бекіту

6. Білімдерін жаңа жағдайда қолдануды үйрету

7. Сабақтың қорытындысын шығару

III түрі: Біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыру сабақтары. Бұл сабақтарда балалардың меңгерген білімдерін жаңа жағдайда қолдануды үйрету.

IV түрі: Қайталау, жалпылау сабақтары. Мақсаты:балалардың білімдерін жалпылау, жүйелеу, тереңдету, кеңейту.

Бұл сабақтар белгіленген үлкен тақырыпты, тарауды бітіргеннен кейін немесе тақ санның, жылдың басында немесе алдында өткізеді.

V түрі: Бағалау,тексеру сабақтары. Мақсаты:тарау, тақырып берілген білімдер тексеру, бағалау. Бақылау жұмысын өткізу.

VI түрі: Аралас сабақтар

Математика сабақтарының құрам компоненттері:
I. Ұйымдастыру кезеңі

II.Ауызша санау кезеңі – қозғалмалы кезең, сабақтың басында, ортасында, аяғында берілуі мүмкін. Ауызша санау тапсырмалары үш түрге бөлінеді

Көру анализаторында сүйенген. Есту анализіне сүйенген

Көру және есту анализаторларына сүйенген

Үй жұмысын тексеру кезеңі тек тексеру емес, көбінесе қайталау мақсатпен өткізіледі Өткізудің түрлері

Тандап тексеру - ауызша





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4057 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2514 - | 2362 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.