Жоспар:
1. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға пропедевтикалық кезеңнің қажеттілігі, міндеттері, мазмұны.
2. Пропедевтикалық кезеңде оқыту процесінің өзгешелігі
3. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі: сандық, кеңістіктік, салмақтық ұғымдар.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқытудың пропедевтикалық кезеңі.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды математикаға оқытудың алдында міндетті түрде дайындық кезеңі болуы керек. Оның қажеттілігі біздің балалардың психикалық дамуы әр түрлі сатыда болуы мүмкіндігімен дәлелденеді. Кейбір балалар бірінші сыныпқа арнайы балабақшалардан келеді. Басқалары үйден яғни дайындалмаған болып қабылданады немесе жалпы білім беру мектептен материалды меңгере алмаған балалар қабылдануы мүмкін. Сол себептен пропедевтикалық кезеңнің мақсаттары келесідей:
1. Балалардың даму деңгейін зерттеу. Бұл мақсатты психологиялық – медициналық - педагогикалық құжаттарды зерттеу, балалардың жұмыстарын қарастыру, ата-аналарымен әңгімелесу, бақылау арқылы жүзеге асырады.
2.Балалардың қарапайым математикалық білімдерін, сөз қорын, танымдық мүмкіншіліктерін анықтау.
3. Оқушыларды оқу-құралдарымен таныстыру, олармен жұмыс істеуді үйрету.
4. Мүмкіндігі шектеулі балаларды қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру: мөлшерлік, сандық, уақыттық, кеңістіктік, геометриялық фигуралар түрлері және т.б.
Пропедевтикалық кезеңде жеке және фронтальды жұмысты қатар жүргізген жөн. Бұл кезеңде жұмыс тәсілдері мектепке дейінгі балалармен қолданатын тәсілдермен бірдей: ойын тәсілдері, сөздік инструкция, тәжірбиелік жұмыс. Сөздік инструкцияға қойылатын талаптар:
- Инструкция тек бір ғана әрекетке арналуы керек;
- Инструкция бойынша балалар бір уақытта топпен бірдей жұмыс істеуі керек;
- Мұғалім орындаған жұмыстарын сөзбен бақылап қарап тұрады, балалар хормен бірге жауап береді. Осындай жұмыс балалардың артта қалуына кедергі жасайды;
- Алдын ала қажетті көрнекіліктерді, құрал - жабдықтарды дайындау керек
- Соңында қорытынды шығаруға үйренеді;
Мысалы: біз қазір не істедік? Қай шеңбер үлкен?
Пропедевтикалық кезеңде сабақтың ұзақтығы 30-35 минут және де екі сергіту кезеңі болады. Балалардың іс-әрекеті 3-5 минут сайын ауысып тұруы керек, өйткені зейіндері тұрақсыз. Әр сабақтың үстінде өткен материалдарды қайталау қажет. Сабақтың үстінде көптеген әр түрлі көрнекіліктерді қолданған жөн. Көрнектіліктің екі түрі қолданылады: иллюстрациялық және санауға арналған заттар. Әр сабақтың үстінде дәптермен және ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған жұмыс ұйымдастырылады.
Көлемдік ұғымдар:
Үлкен-кішкентай
Жуан-жіңішке
Ұзын – қысқа
Биік – аласа
Кең – тар
Ұзындығы, биіктігі, жуандығы т.б бірдей.
Көлемдік ұғымдар – жұптық ұғымдар, заттың қарама- қайшылығын сипаттайды. Сол себептен оларды қалыптастырғанда жұптық көрнектіліктерді қолдану.
Бағдарлама математиканы оқытудың негізгі міндеттерін шешуде мұғалімдерден коррекциялық-дамытушылық міндеттерді шешуді жүктейді. Математиканы оқыту бағдарламасының түсінік хатында баланың танымдық қабілеті мен жалпы дамуының жағдайларын қарастыру керек екендігі айтылған.
VIII түрдегі коррекциялық мектептегі 0-1 кластарға түрлі даму деңгейімен, оқуға деген дайындықтың түрлі деңгейімен қабылданатын болғандықтан бағдарлама дайындық кезеңін (пропедевтикалық кезең) қарастырады. Дайындық кезеңінің міндеті-оқушылардың заттардың пішіні, формасы, уақыт туралы түсініктерінің көлемі, кеңістікті бағдарлай алуы, математикалық ұғымдары туралы мүмкіндіктерін зерттейді. Пропедевтикалық кезеңде оқушылардың сан, сапа, көлем, кеңістік туралы ұғымдары қалыптасады. Пропедевтикалық кезеңнің ұзақтығы оқушылардың құрамымен, олардың мектеп пәндерін игеруге деген қабілеттіліктерімен, математикалық елестетулерінің деңгейлерімен анықталады. Дайындық класында бір жылға немесе бірінші класта екі аптадан 1,5 айға дейін созылуы мүмкін. Пропедевтикалық кезеңнен кейін математикалық бөлімдердің мазмұны анықталады. Бұл бөлімдер:
А) нумерация,
б) толық сандармен берілген арифметикалық амалдар,
в) өлшем бірліктері,
г) бөлшек,
д) геометриялық фигуралардың элементтері;
Барлық кластарда да математикалық есептерді шығару мазмұны қарастырылады.
Нумерацияны оқыту кезінде оқушылар натурал сандар қатары және олардың қаситеттері, нөль, ондық жүйенің заңдылықтары туралы ұғыммен танысады. Бағдарламада арифметикалық төрт амалмен есептеу миллион көлеміндегі сандармен жұмыс жасауда қалыптасып, амалдар арасындағы ауыстырымдылық заңдылықтар қарастырылады.
Өлшем бірліктерімен танысуда (ұзындық, масса, көлем, аудан уақыт) туралы түсініктер қалыптасады. Бөлшектермен танысқанда қарапайым бөлшектер, ондық бөлшектер, бөлшектерді салыстыру, бөлшектер арқылы арифметикалық амалдарды орныдаумен танысады.
Арнайы мектептегі математиканы оқыту дайындық сабақтарынан байқалады. Мұның қажеттілігі мектепке қабылданған балалардың ішінде балабақшаға бармаған психофизикалық дайындығы төмен балалардың кезедесетіндігімен түсіндіріледі. Мектепке қабылданған оқушылардың ішіндегі дайындықсыз оқушылар іріктеп алынады да, пропедевтикалық сынып, яғни дайындық сыныбына жіберіледі. Дайындық сыныбының мақсаты баланы күнделікті бақылауға алу, психологоиялық-педагогикалық ерекшеліктерін бақылауға алу болып табылады.
Дайындық сыныбындағы оқушыларға жалпы білім берудегі іскерлік пен дағдының түрлері түсіндіріліп, оқуға қажетті құралдардың атауларымен таныстыру, оларды ажыратуға үйрету жұмыстары жүргізіледі.
Дайындық сыныбында оқушының бағдарлама материалын игеруге дайындығы, қабілеті, мүмкіндігіне бақылау жасалып, сабаққа деген қызығушылығы, әрекет түрлері, белсенділігі бақылауға алынады.
Пропедевтикалық кезеңде санға дейінгі ұғымдар, уақыт, кеңістік, зат формалары мен көлемі, пішіндер туралы ұғым беріледі.
Сан мен цифр туралы білім, заттарды санау, қарапайым есептерді шығару, жоқ санды табу, қалған санды табуға үйрету жұмыстары жүргізіледі.
Дидактикалық материалдардың көмегімен заттардың қасиеттерін түсіндіруде темір, пластмамма, ағаштан жасалған тұрмыстағы заттар қолданылады. Балалардың сандарды танитындығы, оларды жаза білетіндігі тексеріліп, қарындашты сана, мынау қандай сан? Деген сияқты сұрақтардың жауаптары беріледі. Геометриялық фигуралар шаршы, үшбұрыш, дөңгелек, тік төртбұрышпен таныстырады.
Оқушылардың алғашқы білім дерін тексеру жұмысының қорытындысы күнделікке белгіленіп, оқушылардың жауаптары да тіркеледі.
Оқушылардың білімін тексеру жұмысы белгілі тақырыптарға бөлінеді, сол тақыраптардың реттілігі былайша құрылады:
1. Заттардың пішіні мен салмағы туралы білімді тексеру.
Үлкен – кіші, тең, ұзын-қысқа, жоғары-төмен, кең-тар, ірі-ұсақ, ауыр-жеңіл.
2. Кеңістік және сан туралы ұғымды тексеру.
Алыс –жақын, жоғары-төмен, алдында – артында, оң жақта – сол жақта, арасында, қасында, жанында, аз-көп, аздаған.
3. Санауды білу.
1-ден бастап сана. 5 (10) бастап сана. Тура және кері сан атай отыр.
4. Цифрларды тануы. Қандай цифрларды білесің, көрсет, айт. Цифрларды жаз.
5. Көп заттар мен санды салыстыру.
Қайсысы көп? (2 және 4 таяқша беріледі). Мысалдарды орында. 3+2=5, 4-1=3.
6. Барлығын және қалғанын табуға арналған есептер шығару.
7. Геометриялық фигуралар мен денелерді білуі.
Осындай фигураны тап, көрсет. Шаршыны бер.
Пропедевтикалық кезеңдегі сабақтардың мақсаты оқушылардың сан туралы ұғымдарын, кеңістік, уақыт, өлшем бірліктері туралы ұғымдарын бекіту және дамыту, оқушылардың жаңа терминалогияны пайдаланып сөздік қорларын байыту, белсенді сөздік қорды нығйту, танымдық белсенділікті арттыру, жалпы оқу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру болып табылады.
Дәріс мазмұны бойынша тапсырмалар мен сұрақтар:
1. Дайындық кезеңінің мақсаты қандай?
2. Дайындық кезеңіндегі оқу процесінің өзгешелігі неде?
3. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесіне қандай білімдер жатады?
4. Дайындық кезеңіндегі сабақтың фрагментін құрастырыңыз.