Тік ішектің рагы 80-85,0% жағдайда ампуласында орналасады да, оның ортасында-30-35,0%; төменгі бөлігіндк- 25-35,0%, ал жоғарғысында-20-25,0% және ректосигмоидты жерінде-10-15,0%. Көтен аймағында-3-4,0% кездессе, -2- 12,0% ауруларда бірден тік ішектің бірнеше жерінде пайда болады.
Патанатомиялық түріне сәйкес экзофитті (№6 суреттер), эндофитті (№7- сурет), және аралас (№8- сурет), болып келеді. Көбінесе экзофитті түрде, сақина сияқты қуысты қысып қалады, немесе ойық жаралы болады - оның жағалары білеуленіп тұрады.
Тік ішектегі ісік жиі ыдырайды, ол кезде оның ортасы терең ойық жараға айналады («табақша тәрізді рак»). Ал жайылмалы ойық жара көтен маңайында жиі болады.
Морфологиялық түрлерінде90,0% ісік безді рак, оның клеткасы әртүрлі деңгейде пісіп- жетілген, ал 10,0% жағдайда ісік тінді, шырышты, жайылма клеткалы, пісіп-жетілмеген және дәнекер тінді болып келеді. Жайылма клеткалы түрі көтен аймағында орналасады.
А Б
№6- сурет.Тік ішектің экзофитті түмешік (А) және табақша (Б) тәрізді рагы
Тік ішектің ампуласының жоғарғы жағы және ректосигмоидты бөлігінде орналасқан рак ішек қабырғасымен көлденең бағытта өседі. Осылай өсудің нәтижесінде эндофитті ісіктер ректосигмоидты бөлімде сақина тәріздес қысып, ішек қуысын бітеп, нәжістің қатуына мүмкіндік тудырады, ал ісік түйінінің көрініп тұрған шекарасынан ісік клеткалары 2-4 см-ге дейін арақашықтыққа тарайды. Рак эндофитті өскен кезде және ішектің барлық қабаттары түгел зақымданған кезде оның клеткалары бұдан да қашық жерге жайылуы мүмкін. Тікелей көрші сау ұлпаға (тінге) көшу жолымен ісік тік ішектен шығып, оның айналасындағы май қабатын, не көрші мүшеге өтеді. Сонымен ісік тік ішектің алдыңғы жағында орналасса, әйелдерде қынаптың артына, еркектерде - қуықасты безге, ұрық жолдарына, ал жоғарғы бөлігінде орналасқан ісікте - қуық, жатыр, іш пердені зақымдайды.
№7- сурет. Тік ішектің эндофитті жайылмалы рагы
№ 8- сурет. Тік ішектің аралас рагы
Ісік мүшенің ортасында, не жоғары жағында жатса, лимфа арқылы бөгелме ісік, жоғарғы тік ішек артериясының бойымен жоғарғы тік ішек лимфа бездеріне тарап, одан әрі қарай - іш перденің артындағы лимфа бездеріне жетеді. Төменгі бөлікте орналасқан ісікте, ортаңғы тік ішек артериясының бойымен жоғары жамбас лимфа жүйесі мен, жамбас қуысындағы бездерге таралады, немесе төменгі тік ішек артериясы арқылы шап бездеріне жетеді.
Бөгелме ісіктердің жиілігі ісік түйінінің түріне, морфологиялық құрылысына, ісіктің дамуына тікелей байланысты. Жалпы бөгелме ісіктер науқастардың 30-60,0% анықталады.
Қан арқылы бөгелме ісіктер бауырда жиі кездесіп, сирек жағдайда іш қабатында, өкпеде, сүйекте т.б. мүшелерде байқалады (№9- сурет).
бауырда өкпеде
іш перде де (стрелка) қолқа айналасында
№ 9- сурет. Тік ішек рагының алысқы бөгелме ісіктері
Тік ішек рагының өсу сатысы (№10- сурет).
І- сатысы, ісік, шырышты қабатының беті мен астында, ішек шеңберінің жартысын қамтиды, бөгелме ісігі жоқ.
ІІ- сатысы, ісік, шырышты қабатыннан бұлшық етке жеткен, ішектің жартысынан артық жер зақымданған, бөгелме ісігі жоқ (ІІ-а), немесе осындай ісік, аймақтық бір-екі лимфа бездері зақымдалған (ІІ-б).
ІІІ- сатысы, ісік, мүшені тұтас зақымдаған, көрші мүшелермен байланыста болып, көптеген лимфа бездерінде бөгелме ісік бар.
ІV- сатысы, үлкен қозғалмайтын ісік, көрші мүшелерде ісіктің екінші ұясы бар және осындай жағдай басқа да мүшелерден анықталынады.
Шет елдерде қазір Dukes жіктеуі қабылданған, ол бойынша:
А өсу дәрежесі - ісік мүшеден тыс шықпаған, шырышты қабатта, немесе оның астында орналасқан, бөгелме ісік жоқ,
В өсу дәрежесі - ісік мүшенің барлық қабаттарын зақымдаған, бірақ бөгелме ісік жоқ,
С өсу дәрежесі - ішектің қабырғаларынан тыс, лимфа бездерінде бөгелме ісік бар,
Д өсу өсу дәрежесі - алыстағы мүшелерде бөгелме ісік бар.
Қазіргі таңда бұлардан басқа халықаралық жіктеу қабылданған (TNM) ол түгел тоқ ішектің жиекті бөлігінің рагындай.
№11- сурет. Тік ішек рагының даму сатысы.
Тік ішек рагының ХАЖ-10 бойынша таңбалануы:
C20 -Тік ішектің қатерлі ісігі
C21 - Тік ішектің артқы тесігінің қатерлі ісігі [анустың) және анальды түтіктің
C21.0 -Артқы тесікте орналасыуы анықталмаған
Бұған жатпайтындар:
Анальды түтік:
· терісі (C43.5, C44.5)
· шеті (C43.5, C44.5)
· анальды тесік айналасындағы терісі (C43.5, C44.5)
C21.1 - Анальды тұтік
C21.2 - Клоаколық аймақ
C21.8 - Тік ішектің зақымдануы, артқы тесік [анус] және анальды түтік, осы көрсетілген бір не бірнеше аймақ шекарасынан асық зақымдануы