Тх - бірінші ісік көзін сипаттау мүмкін емес,
Т0 - бірінші ісік көзі табылмаған,
Тis - тек ғана шырышты қабатынан шықпаған рак,
Т1 - шырышты қабат астына жеткен рак,
Т2 - ісік бұлшық ет қабатына жеткен,
Т3 - ісік серозды қабатқа, немесе тоқ ішектің басқа бір бөлігіне шейін (тік ішекке) жетуі,
Т4 - ісіктің көрші жатқан мүшелерге макроскопиялық тұрғыдан көшуі (мысалы: сигмаға, соқыр ішекке), ал ол микроскопиялық әдіспен дәлелденбесе, онда ол Т3.
N - аймақтық лимфа бездері.
Nх - аймақтық лимфа бездерді сипаттау жеткіліксіз,
N0 - аймақтық лимфа бездерінде бөгелме ісік жоқ,
N1 - 1-3 лимфа бездерінде бөгелме ісік бар,
N2 - 4 тен астам бездерде бөгелме ісік бар,
М – алыстағы бөгелме ісік.
Мх - алыстағы бөгелме ісікті дәлелдеу мүмкін емес,
М0 - алыстағы бөгелме ісігі жоқ,
М1 - алыстағы бөгелме ісігі бар
Тоқ ішек рагын таралу сатысына байланысты клиникалық
топтау (№16- сурет):
1. 0 - сатысы - эпителий ішіндегі рак, тек шырышты қабатты зақымдаған, жайылмаған, бөгелме ісігі жоқ.
2. I - сатысы – шамалы ісік (Т1, T2), шырышты қабат пен шырыш асты қабатының ішінде орналасқан, аймақтық және алыста бөгелме ісігі жоқ (N0, МО).
3. II - сатысы – ісік, ішек қуысы қабырғасының жартысынан асық емес зақымдауы (ТЗ,Т4), шеңберінен шықпаған, көрші мүшелерге өтпеген, (N0, МО) (лимфа түйінінде бірен саран бөгелме ісік болуы мүмкін).
4. III - сатысы – ісік, ішек қуысы қабырғасының жартысынан асық, ішек қабырғаларын түгел зақымдаған, көрші мүшелердің іш перде қабатына өткен (кезкелген Т, бөгелме ісігі жоқ (N0) немесе кезкелген Т, көптеген бөгелме ісіктері лимфа түйіндерінде (N1, N2), алыста бөгелме ісігі жоқ (МО).
5. IV - сатысы – үлкен көлемдегі ісік (кезкелген Т), көрші мүшелерге өткен, көптеген аймақтық бөгелме ісіктері бар (кезкелген N), алыста бөгелме ісігі бар (Ml).
№16- сурет. Тоқ ішек рагының сатысына байланысты клиникалық топтастырудың жобалық кестесі.
Өсу сатысын топтастыру:
0 - дік сатысы - ТisN0М0,
1- сатысы - Т1-2N0 М0,
2- а сатысы -Т3N0 М0,
2- в сатысы - Т4N0 М0,
3- а сатысы - Т1-2 N1 М0,
3- в сатысы - Т3-4 N1 М0,
3- с сатысы - кезкелген Т N 2М0,
4 - сатысы - кезкелген Т кезкелген N М1.
Тоқ ішек рагын ХАЖ-10 бойынша таңбалануы:
C18 - Тоқ ішектің жиекті бөлігінің қатерлі ісігі C18.0 - Соқыр ішегі C18.1 - Құрт тәрізді өсіндісі (аппендикс) C18.2 - Тоқ ішектің өрмелеуші бөлігі C18.3- Тоқ ішектің бауыр иіні C18.4 -Тоқ ішектің көлденең бөлігі C18.5 -Көкбауыр иіні C18.6 -Тоқ ішектің төмендеуші бөлігі C18.7 -Сигма тәрізді бөлігіБұған кірмегені: ректосигмоидты бөлігі (C19) C18.8 - Жиекті ішектің, бір не бірнеше бөлімдеріннен асып зақымдағаны C18.9 - Жиекті ішектің зақымданған бөлімдері анықталмағаны C19 -Ректосигмоидты бөлімнің қатерлі ісікпен зақымдануыТоқ ішектің жиекті бөліміндегі рактың асқынулары өте жиі байқалады.
Олар:
1. Түйнек болуы (ішек қуысын толық не жартылай бітеуі),
2. Қан кетуі,
3. Қабынуы,
4. Тесілуі.
Асқынған тоқ ішектің жиекті бөліміндегі ракта, клиникалық белгілері мүлдем өзгереді, ол кезде арнайы әдіс - жедел емдеу тәсілдері қолданады.
Клиникалық көріністер бірнеше белгілерден тұрады және олар біркелкі болмайды.
Оң жақ тоқ ішектің жиекті бөлім рагының жалпы бес белгілері болады:
· ауырсыну сезімі,
· қан азайуы,
· тәбеттің жоқтығы,
· әлсіздік,
· ісік түйіні.
Ауырсыну сезімі - өте ерте жиі кездеседі. Көбінесе ол жанға батпайтын, іштің оң жағында орналасатын белгі. Ол қабыну үрдісінің пайда болуынан, немесе басқа көрші сау мүшелерге ісіктің таралуынан пайда болады. Кейде ауырсыну табан астында болады, оның себебі- ішек ішіндегі нәжіс тұрып қалып, ол ащы ішекке қарай қайта, тез ағып, ауырсыну сезімін туғызады.
Қан кету - науқастардың70,0%- кездеседі, соның салдарынан гипохромды анемия пайда болады. Бұл белгі ісік кезінде, тек жалғыз, ерте байқалатын болуы мүмкін. Сонымен бұл кезде, көзге көрінетін қан кету байқалмаса да, тері бозарып, қан азайғанын сезу қиынға соқпайды.
Уыттану -ағзадағы негізгі көріністің бірі. Міндетті түрде ол әлсіздікпен, тез шаршаумен және тамаққа тәбеттің төмендеуімен білінеді. Бұлар кейде жалғыз ғана ісіктің ең негізгі көрінісі болады, бірақ ауру адам бұған мән бермейді. Осыларға қарамастан дене салмағы көпке дейін түспейді.
Қолмен сипау кезінде ісік түйінінің анықталуы (70-80,0%).- негізгі белгілерінің бірі болуы мүмкін. Бұл белгі экзофитті қатерлі ісіктерде анықталса, ал эндофитті ісіктерде бұл белгіні табу қиынға соғады.Ісік түйіні өте қатты, шекарасы тегіс, беті адыр-бұдыр, қозғалысы шектелген, ауырмайды, түртіп тексергенде – дыбыс тұйықталады.
Ісік түйінінің қозғалысы ішек бөлігінің іш пердеге қатынасына және оның көрші мүшені зақымдануына байланысты болады. Ісік тоқ ішектің көлденең бөлігін мен сигмада орналасса, оның қозғалмалы белгісін анықтауға болады, ал соқыр ішек бөлігінде және оның бұрылыстарында орналасқан ісіктерде, түйін аз қозғалады, тіпті мүлдем қозғалмуы да мүмкін.
Жалпы к линикалық белгілеріне - «жүрек айну» мен қыжылдау және кекіру, іштің жоғары бөлігінде толықсу сезімінің болуы, сирек жағдайда- құсу, ауызда жағымсыз иістің болуы жатады. Бұлардың бәрін «ішек дискомфорты» деп атайды; осылар тамақтанған соң біраз уақыттан кейін пайда болады.
Науқастардың бестен бір бөлігінде, дене қызуының көтерілгенін аңғаруға болады; кейде бұл ұзақ уақытқа созылып, дене қызу көрсеткіші тым жоғары болып, ал кейде осы көрініс, тіпті, жалғыз өзі болуы мүмкін. Бұл кезде, дене қызуының себебі айқын білінбесе де, науқасты рентгенге түсіру міндетті түрде орындалуы қажет.
Сол жақтан болған тоқ ішек рагында ең негізгі белгілеріне ісікпен бітеліп түйнектің пайда болуы, ісік ыдырап, өліеттеніп патологиялық шығындылардың сыртқа шығуы жатады. Ішектің бұл бөлігіндегі ісік іш жүруінің біртіндеп бұзылуымен, немесе жедел іш қабынуымен білінеді және нәжісте қан көрінеді.
Нәжістің сұйық боп, іш өтуі, немесе оның құмалақтанып қатайуы ең негізгі белгілердің бірі боп саналады. Науқаста нәжістің жүруі дұрыс орындалмай, іш тоқтап қатып қалады. Бұл емдәмге, немесе іш өткізетін дәрілердің көмегіне байланысты әсер болмайды. Іш кеуіп, шұрылдайды, толықсиды. Егер іш өтсе бұлардың бәрі кетіп қалады. Іш өту қабыну үрдісінің қосылып, қосарланғанын сездіреді. Кейде іш өтудің қабаттасып келуі және жиі болуы (10-12,0%) патогенетикалық белгісін - нәжістің бұзылып, өзгергенін көрсетеді. Сұйық нәжіс шықпай ішекте жиналады, кейіннен бұл белгі іш өтумен аяқталады, сөйтіп осы екі үрдіс «іш өту мен іш қату», жиі қайталанып отырады. Егер ішек қуысы бітелсе, онда созылмалы түрде нәжіс жүрмейді, қатаяды; бұл іштің кебуіне, ауырсынуына әкеледі. Кейде іш мүлдем жүрмесе, онда газ жиналып, іш кеуіп, қатты түйіліп ауырады. Сипаған кезде ішек қозғалысы, ауырсыну сезімі анықталынады, Щеткин-Блюмерг белгісі оң болады. Іш жүрмеу, қату - ісік көлемі ұлғайғанда, сөйтіп оның қуысы тарылғанда байқалатын белгі. Іш жүрмеуі ісіктің сигма бөлігінде орналасқанда жиі кездеседі, ал соқыр ішек бөлігінде - ісік түйіні сирек білінеді.
Тоқ ішектің жиекті бөлігіндегірактың тағы бір ерекшелігі- одан қан кетуі жатады. Ең алғаш ол көзге көрінбейтін «жасырын қан»кету болып, кейіннен нәжісте ол анық байқалады. Сондықтан, жасырын қан қалдығын нәжістен анықтауға ерекше мән берген жөн. Жалпы науқастардың үштен бір бөлігінде аталмыш белгі байқалады. Қанмен бірге тағы да шырышты сірне ағады, ал бұған жұқпа қосылса, онда ол іріңді, қанды,сірнелі болады.
Тоқ ішектің жиекті бөлігіндегіракта, ауырсыну сезімі ісіктің орналасқан жерінде болады, онысипаған кезде, оң жақ бөлігіндегі ісіктерден айырмашылығы, ісік түйіні табылмауы мүмкін. 30% жағдайда іш кеуіп, іш толысуының сезілуі мүмкін. Бұл газдың жиналғанын білдіреді және іш қатудың алдын-ала кездесетін белгі. Оң жақтағы ісіктерден тағы бір айырмашылығы, жалпы ішек дискомфорты» сезілмеуі де мүмкін.
Тоқ ішектің жиекті бөліміндегіракттың клиникалық ағымы әр түрлі болып кездеседі.Оң жақтағы ісікте, клиникалық белгілер бірінен соң бірі біртіндеп байқалса, сол жақтағы ісікте бұлай болмайды- ешбір белгісіз табан астында ішек түйнек болып, нәжіс пен жел шықпай іш қатады, сөйтіп жедел- медициналық көмек қажет болады, міне, сол кезде ішті жарып ашқан мезгілде (лапоратомия) ғана тоқ ішектің сол жағында орналасқан ісікті көруге болады.
Тоқ ішектің жиекті бөліміндегірактың к линикалық түрлері сан алуан және олар біркелкі келмейді. Жалпы дерттің 6 клиникалық түрі кездеседі.
Олар:
1. Қан аздық- уыттану,
2. Энтероколитті (тек ішекке байланысты) түрі,
3. Жалған қабынулы,
4. Ісікті.
5. Түйнекті,
6. Диспепсиялы,
Сонымен, тоқ ішектің жиекті бөлімінің оң жағында, жоғарыда көрсетілгендердің алғашқы тқрт түрі, ал қалғандары оның сол жақ бөлігіне тән ісіктер болып саналады (№ 17- сурет)..
№ 17- сурет. Тоқ ішектің жиекті бөлігінің сол жағындағы ісігі