Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Уық асты бездің анатомиясы мен физиологиясы




Қуық асты без, prostata (prostates, греч. от proistanai -көрсету, алға шығу), ол жартылай безді тіндерден және көпшілігінде бұлшық еттен құралады да, зәр ағардың бастапқы бөлігін қоршап тұрады. Ол жыныс өскенде сперманының негізгі бір құрамы ретінде, оны қоздырушы сөл шығарып, эндокрінді рөл атқарады. Сонымен бірге бұл без зәр шығару түтігінің еріксіз қыспағы, сондықтан эякуляция кезінде зәрді шығартпайды, сондықтан зәр мен сперма араласпайды. Кәмелетке жеткенше (17 жас) ол тек бұлшық етті ағза болып саналады, одан кейін бездік қызметін атқарады. Оның түрі мен көлемі каштан жемісіне ұқсас келеді. Оның негізі (basis prostatae) қуыққа қараған, төбесі (apex) урогенитальды диафрагмаға жанасқан. Алдыңғы ойық бөлігі қасаға сүйекке қараған, одан жұмсақ клечатка мен оның ішіндегі көк қантамыр байламдары (plexus prostaticus) арқылы бөлініп тұрады. Соңғы байламдардың үстінде ligg. pubovesicalia жатады. Бездің артқы беті тік ішекпен жанасып тұрады, одан жамбас шандырының пластинкасымен бөлінген, сол себепті оны тік ішек арқылы саусақпен тексеруге болады. Уретра бездің негізінен бастап, төбесіне дейін, алдыңғы бөлігіне жақын ортасымен өтеді, оның артқы жағынан ұрықшашашатын түтік өтеді,Оның екі бөлігі бір-біріне жанасқан жерінде ортаңғы бөлігі (lobus medius) бар (№1- сурет),

Қуық асты без ұлпасы 12 апталық ұрықта қалыптасады да, ол өмірге келген жас сәбиде семіп қалады, бірақта жас өсе бастағанына сәйкес еркектік гормон (тестостерон) біртіндеп өсе береді. Кәмелеттік жасқа келгенде ол нақты қалыптасып, негізделінеді.

Қуық асты бездің негізгі қызметі сөл шығару, ол сұйықтық шамалы сілтілі реациялы, протейінге бай, құрамында шәует пен көптеген лецитинді (липоидты) дәндер және эпителиалды клеткалар, амилоидты денешіктер мен фосфор қышқылы тұздарының кристалдары бар. Без сөлі шәуетті сұйықтататып, оның қозқалысын жылдамдатып, уртераның шырышты қабатын сірнелеп, зәрдің қышқылдығын нейтрализациялайды. Бқл бездің қызметі тікелей тестесторонға байланысты. Бұл - гормон аталық бездің Лейдиг клеткасы арқылы өндіріледі. Гормонның реттелуі лютейн гормонына тікелей байланысты, оның өзі мидың үлкен қыртысынан шығатын лютейн-релизин гормонға бағынышты. Бұлардың ара-қатынасында қарама-қарсылық қағидалар қалыптасқан. Қалыпты жағдайда тестостеронның мөлшері қанда 10-35 мкг/л-дей болады. Қандағы тестостерон белоктармен (глобулин) 95,0% жағдайда байланысып, тек 5,0% жағдайда ол белоксыз таза күйінде клеткаларға енеді.

 

№1- сурет. Қуық асты безінің анатомиясы:

1 – ұрықтық қуық, 2 – ұрық шығатын түтік,3 - ұрық шығатын түтіктің ампуласы,

4 - ұрықтық қуықтың шығатын түтігі 5 –ұрыұ шашатын түтік, 6 - қуық асты безі,

7 – үрық жоташығы, 8 – бездің арқауы; 9 – зәр шығару түтігінің жарғағы

 

Андрогендердің тағы да, шығатын жері бүйрек үсті безі, онда мишықтан өнетін адренокортикотропты гормонның (АКТГ) әсерінен андростен және андростендион гормондары өнеді. Бұлардың бәрі қуық асты безде, 5-альфа редуктаза ферменттінің әсерімен дегидротестостеронға ауысады. Бұл гормон кез келген андрогенге қарағанда 3-5 есе белсенді келеді. Қуық асты без ұлпасының өніп-өсуі, дамуы, кері кетуі (апоптоз) тең жүретін биологиялық үрдіс. Дәрі арқылы немесе хирургиялық жолмен атабезді сылып тастағанда (кастрация) без ұлпасының өніп-өсуінен, өлуі басым жүреді. Ал тестостеронға қарсы әрекет жасайтын гормондар бар, соның бірі эстрогендер, мұның әсерінен тестостерон кеміп, пролиферация үрдісі тежеледі. Жалпы ағзада андрогенге сезімтал және сезімтал емес ұлпалар болады. Сезімтал емес ұлпалар өліп отырады да, сезімталдығы жоғары клеткалар одан әрі дамып өмір сүреді, бірақ олардың тіршілігі сәл де болса төмен болады. Андрогендердің жеткіліксіздігі қуық асты без ісік ұлпасында пролиферация туғызып, кейіннен ол ісік ауруына әкелуі мүмкін.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1092 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2318 - | 2273 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.