Сабақ. Тоқ ішек рагы
Кіріспе. Бүкіл Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының жіктеуі бойынша тоқ ішекті ракты - жиекті және тік ішекті деп бөлінеді. Жалпы бұларды колоректальді рак дейді. Бұларды тоқ ішектің негізгі бөліктері ретінде, бөлек-бөлек қарап, олардың диагностикалық анықтау жолдары мен емдік шараларында жеке дара жүргізіледі.
Ас қорыту жолдарындағы қатерлі ісіктердің ішінде тоқ ішектің жиекті бөлігінің рагы төртінші орынды алады. Бұл ракпен аурған адамдардың саны соңғы 15-20 жылдың ішінде біршама ұлғайып, оның шын мәнінде өскенін көрсететеді. Бұл рактың өсуінің бір себебі, ол егде адамдар санының өсуіне байланысты болып отыр. Тоқ ішектің жиекті бөлігінің рагы ересек адамдарда, соның ішінде әйелдерде, әсіресе өндірістері дамыған жерлерде, тағамдану ерекшеліктеріне байланысты өте жиі кездеседі.
Әрбір үшінші ауруда ісік асқынып кетеді, себебі ауру адамдар бұл мүшенің қызметіне көп көңіл бөлмейді және дәрігерлерге кеш көрінеді, ал дәрігерлер аурудың шағымын дұрыс түсінбей тиісті диагностикалық тәсілдердің барлығын түгел қолданбайды.
Жалпы тоқ ішектегі ракта клиникалық белгі түйнек пен уыттану белгілерімен сипатталады. Оң жақ бөлігінде, қан аздық, жалған қабыну мен уыттану белгілері басым болса, ал сол жақ бөлігінде орналасқан ісікте бөгелмелі түйнек (обтурация) және ісіктің ыдырау белгісі байқалады.
Иновациялық тәжірибелік сабақтың негізгі мақсаттары - тоқ ішек қатерлі ісіктерінанықтауда, олардың анатомиялық қатнастарын, физиологиялық ерекшеліктерін, патанатомиялық, эпидемиологиялық таралуын, клиникалық белгілерін, оларды анықтау мен емін, болжамдық көрсеткіштерін және сақтандыру жолдары мен шараларын оқушылардың жетік білуін қамтамасыз ету болып саналады.
Студент бұл ағзаның рагын анықтау кезінде жұмыстарының нәтижелерін бір-бірімен салыстыра отырып, басқа аурулардан ажырата біліп, клиникалық диагнозды нақты қойып, емдеу жоспарын жасап, оның тиімділігін нақты дәлелдеп, ісіктердің ерте өсу кезеңдерін анықтау үшін тәжірибелік дағдылықтарды меңгеруі керек.
Тоқ ішектің жиекті бөлігінің анатомиясы мен физиологиялық ерекшеліктері.
Тоқ ішектің жалпы ұзындығы 1 метрден 2 метрге дейін барады. Оның қуысының көлемі оң жағында кеңдеу (8 см.) болып, сол жағында тарыла бастайды (4см.). Бұл анатомиялық ерекшеліктері ісіктің клиникалық белгілеріне тікелей ықпалын тигізеді. Тоқ ішектің жиекті бөлігінің оң жағында негізінде су мен минералды заттар ағзаға сіңеді де, нәжіс қалыптасады. ал сол жақ бөлігінде нәжіс сақталып, тік ішекке қарай жылжиды. Тоқ ішектің анатомиялық өзгешілігіне, оның бұлшық еттерінің ерекшелігі жатады. Осыған байланысты, олар тоқ ішек таспалары мен ішек кампаймаларын (гаустраларын) түзейді және майлы алқалары ішек бойымен салбырап тұрады, ал ішек тербелісі маятник тәрізді болады. Тоқ ішек ішпердемен біркелкі жабылмаған, әр бөлігі іш пердеге қатынасты әр түрде орналасқан. Соқыр ішек бөлігі іш пердемен үш жағынан, өрмелі және төмендеген бөлігі іш перде артында, көлденең мен сигма тәрізді бөліктері түгел жабылған (№1- сурет).
№1- сурет. Тоқ ішектің анатомиясы
Оң жақ тоқ ішекте - су мен минералды тұздар сіңіп, қорытылады. Кейбір ферменттер және тағы басқа заттар, зат алмасу үрдісіне ұшырап, ыдырап, ағзаға сіңеді. Ал сол жақ бөлігі зат алмасу үрдісіне қатыспай, тек нәжістің құралуы мен оны сыртқа шығару қызметін орындайды. Осыған байланысты оң жақ тоқ ішектің қызметі бұзылса, онда сұйық заттар сіңбей, іш өтеді және ағзаның уыттану үрдісі күшейеді. Ал енді сол жақ тоқ ішектің қызметі бұзылса, онда «іш қатып» түйнек дамиды. Тоқ ішек рагындағы клиникалық көріністер осылармен тығыз байланыста болып келеді.
Келесі № 2 – суретте жиекті тоқ ішек бөлімдерінің кескіні көрсетілен: А- соқыр ішек, Б- өрмелеуші, В- көлденең, С – төмендеуші.
А Б
В С
№ 2 – сурет. Жиекті тоқ ішек бөлімдерінің кескіні.
Қан мен лимфа жүйелері. Тоқ ішек жоғары және төменгі ішек артерияларымен қоректенеді (№3- сурет). Жоғарғысынан (А) мықынды (7), оң жақ (5) және ортаңғы (3) тоқ ішек артериялары шығады. Бұлар оң жақ жамбас қуысын, тоқ ішектің жоғарғы және көлденең бөлімдерін қамтамасыз етеді. Ал төменгі ішек артериясынан (В) сол жақ тоқ ішек (4), 2-3 сигма(5) және жоғарғы тік ішек артериялары (7) шығып. олар, көлденең бөліктің сол жаққа бұрылатын бұрышынан бастап, бүкіл сол жақ тоқ ішекті, сигманы және тік ішектің жоғары бөліктерін қоректендіреді.
А В
№3- сурет. Тоқ ішектің жоғарғы (А) және төменгі (В) шарбы май артериясы.
Бұлар бір-бірімен байланысып, аймақтық тамыр жүйесін құрайды. Аймақтық тамыр ішектің алдын және артын қамтамасыз етеді. Әр аймақтық қан тамыр ішектің әр бөлігіне тән, оң және сол жақ бөліктерге арналған жүйелерді құрайды, осыған байланысты тоқ ішектің әр бөлігіне тән резекция жасалынады. Көк қантамыр тамырлары осы көрсетілген артерияға сәйкес келеді, де бәрі жиналып бауырға құйылады. Міне, осыған байланысты бөгелме ісіктердің ең көп орналасатын жері осы бауырда болады.
Лимфа тамырлары тоқ ішек қабырғаларынан басталып, сыртқы жолдары көк қан тамырларының бойымен жүреді. Аймақтық лимфа бездері ішек байламының түбінде орналасады (№4- сурет).