Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жүзім зиянкестерінің түр құрамы және оларға қарсы күрес шаралары.




Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы – Polychrosis botrana Schiff (Lepidoptera отряды, Totrricidae тұқымдасы). Жүзім өндірістері аймақтарының барлық жерінде таралған және өнімге көп шығын келтіреді. Қарақат, құлпынай, долананы да зақымдайды. Көбелектердің қанат өрісі 10-13 мм. Алдыңғы қанаттары әр түрлі жолағы бар қонырқай – сарғыш түсті, артқылары – қарамен жиектелғен сұр түсті. Жұлдызқұрт ұзындығы 12 мм – ге дейін, алдымен ақ кейін қоңыр басы бар сарғылт қоңыр болады. Қуыршақтар әк түсті пілләларда қабығында, жапырақтардың астында, топырақта қыстайды.Көктемде температура 14° С жоғары қалыптасқанда қөбелектер ұшып шығады және жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын бір- бірлеп немесе 2-5 данадан шанақ пен гүлдерге салады. Жалпы 60-160 жұмыртқа салады. Эмбриональдық дамуы 5-10 күнге созылады. Жұлдызқұрттар алғашында шанақтармен, кейін гүл мен түйіндермен қоректенеді. Олардың дамуы 35 күнге дейін созылады. Осы уақыт аралығында әрбір жұлдызқұрт 40-60 шанақтарды немесе түйіндеген жидектерді зақымдап жапырақ шеттерінің майысқан жерлерінде, зақымдалған гүлшоғырда қуыршақтанады. Қуыршақ фазасы 7-12 күнге созылады. Екінші ұрпақ көбелектері жұмыртқаларын бір - бірден жидектерге салып, содан кейін жұлдызқұрттар дамиды. Олар жидектерді зақымдайды. Зақымдалған жидектер қоңырланады, әжімденеді және жиі қурап түседі. Үшінші ұрпақтық көбелектер пісіп келе жатқан жидектерге жұмыртқа салады. Күзгі жауын - шашынды жылдары асхана сорттары өте қатты зақымдалады. Жапырық ширатқыштардың популяция тығыздығына абиотикалық факторлар ықпал етеді. Қатты қыс болғанда көбінесе қуыршақтардың тіршілік қабілеттлігі жойылады.

Жүзімнің түкті (беріш) кенесі – Eriophyes vitisPgst. (Arachnidae өрмекші тәрізділер клас ы, Acari класс тармағы ). Жүзім өндіру, өңдеу жерлерінде тегіс таралған. Ұзындығы 0,16-0,2мм. Ақ немесе сарғыш түсті. Жұмыртқалары сопақ, ақ түсті. Даму сатылары: жұмыртқа, дернәсіл, нимфа, ересек. Ұрғашылары жүзім бүршіктерінің қабыршақтарының астында қыстайды. Көктемгі кезеңде қоректенуі бүршік ату кезеңінен басталады. Жапырақтар шыға бастағанда кенелер жапырақтарға өтіп қоректенеді. Осы кезеңде беріштер (галлалар) түзіледі. Жазғы кезеңде генерацияның даму ұзақтығы 10-14 күнді құрайды. 5-8 ұрпақ береді. Ескі беріштердің (галлалардың) солуынан кенелер басқа орындарға ауысып, жаңадан беріштер пайда болады. Күзде кенелер қыстап шығатын бүршіктерге ауысады. Кененің популяциясының жоғары болуынан өркендер қысқарып, өнімділік төмендейді.

Кәдімгі өрмекші кене - Tetranychus urticae Koch. (Acarie класы, Tetranychidae тұқымдасы). Барлық жерлерде таралған, көптеген дақылдарға оның ішінде жүзімдерде кездеседі және оған қауірті зиянкес. Аналықтары сопақша келеді, ұзындығы 0,43 мм сұрғылт – жасыл немесе сарғылт – жасыл түсті. Аталықтардың артқы жағы бірден кілт сүйірленген, ұзынша (ұзындығы 0,28 мм) болады. Жұмыртқасы шар тәрізді, жасыл реңді мөлдір, диаметрі 0,14 мм. Жылына 10-12 ұрпақ береді. Вегетация кезеңінде өрмекші кенелер төменгі ярустан жоғарыға, ескі жапырақтардан жас жапырықтарына ауысады. Дақыл қатты зақымданғанда түсімі азайып, жемістердің сапалары төмендейді.

Күресу шаралары. Күздік тыныштық кезеңінде және ерте көктемде негізгі агротехникалық шаралар жүйесін жасайды: топырақ өңдеу, өсімдік қалдықтарын жою, тырмалау және т.б. Ерте көктемде бұтақтарды өлі қабықтарынан тазалау және жою. Бұл шаралар көптеген көп қоректі және мамандандырылған зиянкестердің санының азаюына бағытталған. Қажет жағдайда бүршік шықпастан бұрын кенелерге және басқа зиянкестерге қарсы препараттармен өңдейді. Жүзім шоғының жапырақ ширатқышының ЭЗШ - 100 гүлшоғынында 4-6 жұмыртқа және дернәсіл. Инсектицидтер бірнеше қайталамамен қолданылады (көктемде жүзім гүлдемей тұрған кезде, жидектер өсіп келе жатқан кезде, жидектер пісер кезде). Бүрку жұмыстары көбелектердің ұшу қарқындылығы 2-3 күн тоқтағаннан соң жүргізіледі. Бұл үшін мынадай препарттарды: актеллик, 500 э.к., БИ-58, 40% э.к., золон, 35% э.к. және т.б. Бұл препарадтар кенелерге де әсер етеді. Жүзім шоғының жапырақ ширатқышына қарсы биоагенттерді де (микробиологиялық заттар, тоғышар – трихограмма) қолдануға болады. Кенелердің саны экономикалық зиян шегінен асатын болса акарицидтер мен өңдеу қажет. ЭЗШ - 1 жапырақта бүршік жарғаннан жеміс өскенге дейін 3-5 дарақ. Арнаулы акарицидтер: аполло, омайт, ниссоран және т.б. Жапырақтарда кенелер табылғанда метасейулюс жыртқышты қолдану болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1171 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Либо вы управляете вашим днем, либо день управляет вами. © Джим Рон
==> читать все изречения...

2227 - | 1965 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.