Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Көпжылдық бұршақ дақылдарының негізгі зиянкестері.




Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус - Phytonomus variabilis Hbst. (Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera – қоңыздар отряды ). Дене тұрқы 4,5-5,5 мм-ге дейін жетеді. Мұртшасы буын-буынға бөлінген, денесінің түсі сұр қоңыр болып келген. Қоңыздардың алдыңғы арқасында 3 ақшыл ұзына бойлы жолақтар орналасқан. Дернәсілдерінің денесінің ұзындығы 10 мм шамасындай, денесінің түсі жасыл, басы – қара, арқасында ақшыл жолағы бар. Қоңыздар өсімдік қалдықтарының астында және топырақтың беткі қабатында қыстайды. Олар жоңышқаның жапырағымен қоректенеді, сабағын кеміріп шұқырайтып тастайды. Жұмыртқаларын жоңышқа сабағының жоғарғы бөлігіне салады. Қоңыздардың жаңа ұрпағы температура жоғарылаған кезде жаздық үзіліске кетеді. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Негізінен дернәсілдер көп зиян келтіреді. Гүлдердің, сонымен қатар жапырақтардың бүршігін кеміреді, өсімдіктің жоғарғы бөлігінің солуын тудырады және өсу нүктесіне зиян тигізеді. Есейген жастағы дернәсілдер сабақпен, жапырақпен, гүлмен, гүлдің түйнегімен қоректенеді.

Күресу шаралары. Фитономустардың санын азайту үшін ерте көктемде егістікті бірнеше із салып, тырмалау жұмыстарын жүргізу керек. Жоңышқаны ауыспалы егіске пайдаланған кезде көпжылдық дақылдарға шек қою керек. Көпжылдық егістен жоңышқаның тұқымдық учаскілері кем дегенде 500 м алыс болуы қажет. Жоңышқаның тұқымы мен шөбін кезектестіріп пайдалану керек. Энтомологиялық аулағышпен 10 сермеу жасағанда жоңышқаның көктеу кезеңінде – 3- 8 қоңыз, сабақтану мен шанақтану кезеңінде – 10 дернәсіл түссе, онда инсектицидпен өңдейді.

Жоңышқа қандаласы - Adelphocoris lineolatus Goeze. (Hemiptera – жартылай қаттты қанаттылар немесе қандалалар отряды, Miridae - мирида тұқымдасы ). Қандала денесінің ұзындығы 7-9 мм, ал түсі сары-жасыл, алдыңғы арқасында екі нүкте орналасқан, қанаттың үстінде қоңырлау қара дағы бар. Жұмыртқалары көпжылдық бұршақ дақылдарының сабақтарында қыстайды. Бір жылда 2-4 ұрпақ беріп дамиды. Жоңышқа қандаласының дернәсілі мен ересек жәндігі жоңышқаны, эспарцетті, түйежоңышқаны, бұршақты және т.б. дақылдарды зақымдайды. Сабақтың жоғарғы бөлігіне, генеративтік мүшелеріне және жапырақтың шырынын сорып, өсімдікке көп зиянын тигізеді. Өсімдік мүшесінде өсудің нашарлауы, гүлдің және гүлшанақтың (гүл қауызының) түсу құбылыстары байқалады.

Күресу шаралары. Көпжылдық бұршақ дақылдарын жинау кезінде кесіндіні төмен 5 см-ге дейінгі биіктікте шауып алып, егістен қандала жұ-мыртқасын сабақпен бірге шеттету үшін жүргізу керек. Егер 1 м2 5-15 қандала есептелсе немесе аулағышпен 10 сермеу жасаған кезде 10-нан артық қандала түссе, онда егістікті инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жасайды.

Беде бізтұмсығы: сабақты Apion seniculus Kby., жасылдау A. virens Hbst. (Curculionidae - бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera – қоңыздар отряды ). Сабақты қоңыздар жасылдау, аяқтары қара болып келеді. Сабақты бізтұмсықтың дене тұрқы 2- 3,5 мм. Қоңыздарының денесі сұр тікенектермен жабылған. Қоңыздар қыстайды. Көктем кезінде олар беде жапырағын шұқырайтып кеміреді. Жұмыртқаларын бір-бірден өсімдік сабағының арнайы кемірілген тереңіне орналастырады. Дернәсілдер сабақтың ішіне бойлай жүретін жол кеміреді. Қуыршақтану сол жерде өтеді. Қоңыздардың жаңа ұрпағы кішкене саңылау кеміріп, сыртқа шығады.

Күресу шаралары. Жемшөп бедесін шанақтану-алғашқы гүлдеу кезеңінде шапса, оны жинау және шөпті тез кептірген кезде жұмыртқалар мен жас дернәсілдері өліп қалады. Тұқымдыққа беденің екінші шабылған шөбін қалдырған дұрыс. Егісті жаппай өскен және шанақтану кезеңінде инсектицидпен өңдеуге болады.

Сары тихиус тұқым жемірі - Tychius flavus Beck. (Curculionidae – бізтұмсықтылар тұқымдасы, Coleoptera- қоңыздар отряды ). Қоңыздар ақшыл-сары немесе қызғылт-сары, денесінің ұзындығы кішкене 2-2,8 мм. Дернәсілі иілген ақ, басы сары, денесінің ұзындығы 2,5-4 мм. Қоңыздар жоңышқа алқабының топырағының беткі қабатында қыстайды. Жұмыртқаларын тесік істеп, жемісбұршақтың ішіне салады. Қуыршақтану топырақта өтеді. Қоңыздың жаңа ұрпағы сол жерде қыстауға қалады. Жылына 1 ұрпақ береді. Негізгі қауіпті қоңыздар мен дернәсілдер тигізеді. Қоңыздар өсімдік жапырағының төменгі жағынан жағалай паренхимасын кеміріп, зиян келтіреді. Кейінгілері генеративтік мүшелерді – гүлді және гүл шанақты зақымдайды. Дернәсілдері жоңышқаның бұршағында дамып, тұқымды құртады.

Күресу шаралары. Тұқымдықты сақтау үшін оны көп жыл өсірілген жоңышқадан кеңістікті оңашалау керек. Егер 1 м2 5-8 және одан да көп қоңыз есептелсе, онда жоңышқа егісіне сабақтану мен шанақтану кезеңінде инсектицид қолдануға болады.

Жоңышқа жуанаяқтысы - Bruchophagus roddi. (Hymenoptera- жарғақ қанаттылар отряды, Eurotomidae – жуанаяқтылар тұқымдасы ). Кішкене мөлшерлі бунақденелілер, ересектің дене ұзындығы - 2,1 мм, дернәсілдерінікі - 1,5-2 мм. Үлкен дараларына қара түс сипатталған, кеуденің үстіңгі бөлігі дөңестеу, құрсағы сабақ тәрізді, мұртшалары мен аяқтары сары. қоңыр болып келген. Дернәсілі ақ, иілген. Дернәсілдері қоймадағы немесе егін жинау кезінде шашылған тұқымдардың ішінде қыстайды. Қуыршақтану осы жерде өтеді. Имаго тұқым қабығының саңылауы арқылы ұшады. Потенциалды көп циклді түр. Жұмыртқаны тұқымның ішіне салады. Дернәсілдер тұқымның ішіндегісін жеп зиян келтіреді.

Күресу шаралары. Зиянкестің санын азайту үшін егінді дер кезінде шығынға ұшыратпай жинап алу керек. Тұқым қалдықтарын астық тазалау машиналарынан кейін міндетті түрде жойып жіберу қажет. Жоңышқа егістігіне көктемде және күзде тырмалау жұмыстарын жүргізіп отыру қажет. Егер шанақтану кезеңінде аулағышпен 10 сермеу жасағанда, ересектердің саны 10-20 дана болса, онда егістікті инсектицидпен өңдейді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 973 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2223 - | 2152 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.