Алхоры жеміс жемірнің ареалы, биологиялық ерекшеліктері, зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
Алма жеміс жемірі – Laspeyresia pomonella L. (Lepidoptera отряды, Tortricidae тұқымдасы ). Алманы, алмұртты, өрікті, алқорыны, шабдалыны және басқа тектес өсімдіктерді зақымдайды.Көбелек қанатын жайғанда 18-22 мм жетеді, алдыңғы қанаттары көптеген көлденең жолақтары бар қара-сұр түсті, қанатының басында қола түстес жылтырмен шағылысатын ірі қоңыр дақ («айна») бар; артқы қанаттары қоңырқай сұр, ашық түсті шашақпен жиектелген. Жұлдызқұрттың ұзындығы 18-22 мм, ашық-қоңыр, басты қызғылт түсті болып келеді. Соңғы жастағы жұлдызқұрттар өспей қалған қабық астындағы өрмек пілләларында, қабық жарықшаларында, ескі ыдыстағы топырақтың жоғары қабатында қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады, ал алма гүлдеп болғанда, көбелектер ұшып шығады. Аналықтары дөңгелек жұмыртқаларын бастапқыда жапырақтарға, кейін жемістерге салады. 10-12 күннен кейін одан жұлдызқұрттар шығады. Олар жеміс жұмсағына еніп, тұқым қалтасына дейінгі жолды кеміріп, тұқымдарды жеп қояды. Бір жұлдызқұрт 2-4 жеміске дейін зақымдай алады. Зақымданған жемістер түсіп қалады, нашар сақталады. Дамыған жұлдызқұрттар қуыршақтанады. Жазғы кезеңде зиянкес 1-3 ұрпаққа дейін береді.
Күресу шаралары. Ағаш түптерінің шеңберлерін қазу. Ағаш діңдерін тазарту. Тосқауыл белдіктер орнату. Жарық және еліктіргіш торлар ілу. Үзіліп түскен жемістерді жинау. Пайдалы энтомофагтарды қорғау. Егер аптасына торға қыстап шыққан ұрпақтан аталықтары және жазғы ұрпақтан 3-4 еркек көбелектер түссе немесе 100 ц/га жоспарланған түсімде зақымданған жемістер мөлшері 2% болса, онда мұндай жағдайда түсімділікті белсенді түрде қорғау қажеттілігі туындайды. Өңдеулерді «Тізімге...» сәйкес инсектицидтермен жүргізу ұсынылады.
Күріштің қамбабізтұмсығы,биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
Қамба бізтұмсығы - Sitophilus granaries L. және күріш бізтұмсығы - Sytophilus oryzae L. (Бізтұмсықтар тұқымдасы - Curculionidae, қоңыздар отряды – Coleoptera). Қоңыздары ұсақ 2-3 мм, қара-қоңыр немесе қара түсті болып келеді. Қамба бізтұмсығының сыртқы қабығы жылтыр, артқы қанаттары дамымай қалған. Күріш бізтұмсығы – тегіс немесе шамалы жылтыр, қанаттары дамыған және қанаттарының үстінде екі қызғылт дақтары бар. Дәнде құрттар, қуыршақтар мен қоңыздар қыстайды. Қоңыздар дәннен тыс астық үйіндісінде, қабырға мен еден жарықтарында, тесіктерінде қыстап шығады. Қамба бізтұмсығы орташа тәулік температурасы 120 төмен болғанда, күріш бізтұмсығы жылы температурада қоректене бастайды. –150 температурада қоңыздар бір тәуліктен кейін өліп қалады. Жұмыртқаларын дәннің және басқа қатты өнімдердің ішіне тереңге салады. Тесіктерді қатайған аналықтар бөлетін сұйықтықпен жауып тастайды. Дамудың барлық кезеңі дәнде өтеді. Жағдайға байланысты 1-2 ден 5 ұрпаққа дейін дамуы мүмкін. Қамба бізтұмсығының дамуы үшін қолайлы дәннің ылғалдылығы 15-16%. 11% ылғалдылықта олар өліп қалады. Қамба бізтұмсығына қарағанда күріш бізтұмсығы дәнде 10 % төмен ылғалдылықта да өмір сүре алады. Бізтұмсықтар сақтаудағы бидайдың, қара бидайдың, арпаның, күріштің, жүгерінің, сұлының дәндерін зақымдайды. Күріш бізтұмсығы көп қоректі.
нның үлкен және кіші қоңызы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.
Үлкен ұн қоңызы - Tenebrio molitor L. (Қара қоңыз тұқымдасы Tenebrionidae, қоңыздар отряды Coleoptera). Қоңыз ірі, ұзындығы 12-16 мм, қоңырдан қара түске дейін жылтыр қабатты. Қоңыздар тәуліктің қараңғы кезінде ұшады. Үлкен ұн қоңызы ұн үшін зор қауіп төндіреді. Аналық қоңыз өнімдерге немесе ыдысқа 550 жұмыртқаға дейін салады. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 25-30 мм, қара сары түсті, сымқұрттарға ұқсас. Дернәсілдер қыстайды. Дамуға қолайлы температура 20-25° С. Суыққа төзімді. Қоңыз дернәсілдері ұнмен, жармамен, кебекпен, кепкен нанмен, ұрылған дәндермен, кепкен көкөністермен, темекі өнімдерімен және т.б. қоректеніп, зиян келтіреді. Жоғары ылғалдылықта дән ұрығын қатты зақымдайды. Дернәсілдері бірінші кезекте әсіресе жоғары ылғалдылықта дән ұрығын зақымдайды. Диірмендерде, кептірілген қамыр кеспе өнімдерін шығаратын және тәтті тағам шығаратын кәсіпорындарда таралған. Жыл бойы бір-екі ұрпақта дамиды.
Кішкене ұн қоңызы - Tribolium confusum Duv. (Қара қоңыз тұқымдасы -Tenebrionidae, қоңыз отряды –Coleoptera). Қоңыз денесінің ұзындығы 3,0-4,0 мм, түсі қоңырқай күрең. Кеудесі төртбұрышты, үстінен қарағанда алдыңғы бұрыштары дөңгеленіп келген төртбұрыш тәрізді, үсті толған ұсақ нүктелер. Қоңыздар ұшпайды, бірақ шапшаң қозғалады. Баланқұрты сары, құрсағында бір жұп ілмек шөншіктері болады. Дамуы үшін қолайлы температура 20-25°. Зиянкес жылы сүйгіш, 14°-тен төмен температурада ұрғашысы жұмыртқа салмайды. Диірмендерде, қоймаларда және астық пен оны қайта өңдеу өнімдері сақталған басқа орындарда дамиды. Қоңыздар мен баланқұрттар зиян келтіреді. Ұнды, жарманы, кебекті, құрама азықты және басқа өнімдерді зақымдайды. Бүтін дәнді жоғары ылғалдылықта зақымдайды. Бір жылда 2-4 ұрпақ береді.