§1. Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылыктардыңжалпы сипаттамасы
Басқару тэртібіне қарсы қылмыстық қүқық бүзушылық деп мемлекеттік кәсіпорынның, мекеменің, ү_йымның басқару саласындағы бірқалыпты, дұрыс қызметін бүзатын қылмыстық занда көрсетілген қоғамға қауіпті эрекетті немесе эрекетсіздікті істеуді ай-тамыз.
Жаңа Қылмыстық кодексте осы түрғыдағы қылмыстьщ құқық бұзушылықтардың қатарына жаңадан бірнеше баптар қосылды. Олар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау жэне абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сүғу, Қазақстан Республикасы Президентінің — Елбасының бейнесін Бұлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының занды қызметіне кедергі жасау (373-бап), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне - Елбасына тиіспеу-шілік кепілдігін бұзу (374-бап);
Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қызметіне кедергі жасау (377-бап), көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сэйкестендіру нөмірі бар көлік құралдарын өткізу (386-бап), жұмылдыруға шақырудан жалтару (388-бап), шығарып жіберу туралы шешімді орындамау (393-бап), заңсыз көші-қонды ұйымдастыру (394-бап), Қазақстан Республикасында ше-телдік жұмыс күшін тарту жэне пайдалану қағидаларын бірнеше рет бұзу (395-бап), Ақпаратты жасырын алудың арнайы техникальщ құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану (399-бап), сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын әрекеттер (402-бап), Қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешімінен кейін олардың қызметін ұйымдастыру жэне оған қатысу (405 -бап).
Бұрынғы Қазақ ССР Қьшмыстық кодексінде көрсетілген мына қү_рамдар: қоғамдық тэртіпті бұзатын топтасқан эрекеттерді ұйымдастыру немесе оған белсене қатысу; келік қызметкерін өзінің қызметтік міндеттерін орындап алуға мэжбүрлеу; шекаралық өңірге немесе шекаралық аймаққа бару жэне сонда мекендеу ережелерін бү_зу; паспорт жүйесінің ережелерін бұзу; шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың КСРО-да болу жэне КСРО аумағы арқылы транзиттік сапармен өту ережелерін қасақана бұзу; эскери міндеттінің эскери есептен бұлтаруы; эскери міндеттінің оқу немесе тексе-ру жиындарынан Бұлтаруы; азаматтық актісін тіркеу жөніндегі зандарды бұзу қылмыс қатарынан шығарылады. Жаңа Кодексте мұндай қылмыс түрлері атымен жоқ. Бұрынғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексінің 180-2-бабында көрсетілген экімшілік бақылау ереже-лерін қасақана бұзу эрекеттері Жаңа Қылмыстық кодекстің 430-бабында көрсетілген сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау құрамымен қамтылатындықтан, ендігэрі жеке құрам ретінде көрсетілмейді.
Қылмыстық кодекстің 16-тарауындағы осы қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық объектісі басқару тэртібі болып табылады.
Басқару тэртібі мемлекеттік ұйымдастыру, мекемелердің, кэсіпорындардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару саласындағы дұрыс қызметін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Басқару тэртібіне қарсы қылмыстық кұқық бұзушылықтар мен мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі сырттай қарағанда бір-біріне үқсас сияқты болғанымен, бұл қылмыстық құқық бұзушылықтар топтың объектісі, субъектісі арқылы бір-бірінен ажыратылады.
Басқару тэртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың топтық объектісі мем-лекеттік немесе мемлекеттік емес органдардың тек қана басқару саласындағы дұрыс, бірқалыпты қызметі, ал мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстардың топтық объектісі мемлекеттік аппараттың тұтастай дұрыс, эрі бірқалыпты кьізметі болып табылады.
Басқару тэртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъектісі жай адамдар, лауазымды адамдар болуы мүмкін, ал мемлекеттік кьізмет мүдделеріне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың субъектісі мемлекеттік аппараттың лауазымды адамы немесе мемлекеттік қызметшілер болады. Міне, осы көрсетілген белгілер арқылы көрсетілген қылмыстар тобы бір-бірінен оқшауланып бөлінеді.
Басқару тэртібіне қарсы қылмыстық кү_қық бұзушылықтардың тікелей объектісі басқару саласындағы қогамдық қатынастардың нақты түрлері болады. Қосымша тікелей объектіге - адамдардың өмірі, денсаулығы, ар-намысы, адамгершілігі, қауіпсіздігі жатуы мүмкін. Кейбір қылмыстық құқық бұзушылық құрамдарында (372, 383-385, 392-баптар) қылмыстың заты жэне қылмыстың жэбірленушісі (375-382, 387-баптар) көрсетілген.
Басқару тэртібіне қарсы қылмыстардың құрамы негізінен формальдық қү_рамға жатады. Тек қана Қылмыстық Кодекстің 382-бабының 2-тармағында, 391-бабының 2-тармағында көрсетілген қылмыстық құкық бұзушылық құрамдарының міндетті белгісі - ауыр зардаптардың орын алуы қажет.
Екі қылмыстық құқық бұзушылық құрамының (391, 392-баптар) міндетті белгісі ретінде қылмыс істелу орны көрсетілген.
Субъективтік жағынан басқару тэртібіне қарсы қылмыстар қасақаналыкпен істеледі. Қылмыстық ниет жэне мақсат қайсыбір қылмыс құрамдарының (375, 378, 380, 382-бап-тар) қажетті белгісі болып табылады.
Қылмыстық қүкьтқ бұзушылықтың субъектісі 16-ғатолған кез келген адам. Қылмыстық кодекстің 387-бабында көрсетілген қылмыс субъектісі арнаулы - эскери қызметтен жалтарған адам, ал 392-баптың 2-тармағы бойынша бірнеше рет қылмыс жасаған адам осы құрамның субъектісі болып табылады.
Тікелей объектілеріне байланысты басқару тэртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықты мына төмендегідей түрлерге бөлінеді:
Мемлекеттік органдарды басқару эрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстық кұкық бұзушылықтар: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы көпшілік алдында қорлау жэне оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сұғу, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің — Елбасының бейнесін Бұлдіру. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының занда қызметіне кедергі жасау (373-бап); Қазақстан Республикасының Тұңғыш - Президентше - Елбасына тиіспеушілік кепілдігін бұзу (374-бап); Қазақстан Республикасы Президентінің ар-ркданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу жэне оның қызметіне кедергі жасау (375-бап); Парламент, депутаттың ар-ұжданы мен қадір-қасиетіне қол сұғу жэне қызметіне ке-дергі жасау (376-бап); билік өкілін қорлау (378-бап); билік өкіліне бағынбау (379-бап); билік өкіліне қатысты күш қолдану (380-бап); Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің қызметіне кедергі жасау (377-бап); Прокурордың қызметіне кедергі жасау жэне оның занды талаптарын орындамау (381-бап); жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамға катысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мэліметтерді жария ету (382-бап);
Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының мызғымастығына крл сұғатын қылмыстық кұқық бұзушылықтар: Қазақстан Республикасының күзетілетін мемлекет-тік шекарасынан қасақана заңсыз кесіп өту (392-бап); шығарып жіберу туралы шешімді орындамау (393-бап); заңсыз көші-қонды ұ_йымдастыру (394-бап); Қазақстан Республи-касында шетелдік жұмыс күшін тарту жэне пайдалану ережелерін бірнеше рет бұзу (395-бап); Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту (392-бап).
Ресми құ-жаттар мен мемлекеттік наградалардың айналым тэртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар: ресми құжаттарды жэне мемлекеттік наградаларды иемдену немесе өткізу (383-бап); кркаттарды, заңсыз алып қою, мөртаңбаларды, мөрлерді жымқыру Бұлдіру немесе жасыру (384-бап); жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөрқағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу (385-бап); көлік құралының сэйкестендіру нөмерін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сэйкестендіру, нөмірі бар көлік қүралын өткізу (386-бап).
Әскери қызметке шақырылу тэртібіне қарсы қылмыстар: эскери қызметген жалтару (387-бап); жұмылдыруға шақырудан жалтару (388-бап).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рэміздеріне қарсы қылмыстар.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рэміздерін қорлау (379-бап); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туды заңсыз көтеру (391-бап);
Басқару тэртібін қамтамасыз ететін жекелеген ережелерге қол сүғатын қылмыстар:
Билік өкілінің немесе жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетінше иемденіп алу (390-бап); Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қүқықка қайшы өзгерту (396-бап); Қызыл жарты ай, Қызыл Крест, Қызыл кристалл эмблемалары мен белгілерін заңсыз пайдалану (397-бап); байланыс желілері мен қүрылыстарын, сондай-ақ мемлекеттік күзетуге жататын объектілерді күзету қағидаларын бұзу (398-бап); ақпаратты жасырын алудан арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, жасау, иемдену, өткізу немесе пайдалану (399-бап); жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, көше шерулерін және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу тэртібін бұзу (400-бап); соғыс уақьітында немесе төтенше жағдай кезіде тыйым салынған ереуілге басшылық ету, үйымның жүмысына кедерді жасау (401-бап); сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға арандататын эрекеттер (402-бап); қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің мемлекеттік органдардың қызметіне заңсыз араласуы (403 -бап); заңсыз қоғамдықжэне басқа да бірлестіктер құру, олардыңқызметіне басшылық ету жэне қатысу (404-бап); қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның экс-тремизмге немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе тарату туралы шешімінен кейін олардың қызметін ұйымдастыру жэне оған қатысу (405-бап); шет мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіптік одақтарына жәрдем көрсету (406-бап).
Мемлекеттік органдарды басқару әрекетіне байланысты өкімет өкілдері мен басқа адамдарға қарсы қылмыстық құқық бузушылыктар
Бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдын-да қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сұғу, Қазақстан Республикасы Туңғыш Президентінің- Елбасының бейнесін Бұлдіру, Қазақстан Республикасы Туңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау
1.Қазақстан Республикасының Туңгыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында ңорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол суғу, Қазақстан Республикасы Тұңгыш Президентінің - Елбасының бейнесін Бұлдіру -
2.Буқаралың ақпарат қуралдарын немесе ақпараттык-коммуникациялықжелілерді пай-далана отырып жасалган дәл сол іс-әрекеттер -
3.Қазақстан Республикасы Тұңгыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне ке-дергі жасау мақсатында оган немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да болсын түрде ықпал ету-
Қылмыстың объектісі - Қазақстан Республикасының Түңғыш Президентінің -Елбасының қадір-қасиетін, абыройы, адамгершілік қасиеттері.
Қылмыстың жэбірленушісі - Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті - Ел-басы.
Қылмыс объективтік жағынан - Қазақстан Республикасының Түңғыш Президентін - Елбасын көпшілік алдында қорлау немесе оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзге де қол сүғу, Қазакстан Республикасы Түңғыш Президентінің — Елбасының бейнесін Бұлдіру арқылы жүзеге асырылады.
Объективтік жағынан қылмыс - Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті -Елбасын көпшілік алдында қорлау, абыройы мен қадір-қасиетіне қол сұғатын іс-эрекеттер жасау арқылы көрініс табады. Сондай-ақ Тұңғыш Президенттің - Елбасының бейнесін Бұлдіруде іс-эрекеттің обективтік жағынан бір көрінісі болып табылады. Бұлдіруге ескерткіштерді қирату, Елбасының фотобейнесі көрсетілген заттарды, мүсіндерді жою, қирату сияқты іс-эрекеттері жатады.
Бүкаралық ақпарат құралдарын немесе ақпараттық-коммуникациялық желілерді пай-далана отырып жасалған дэл сол іс-эрекеттер қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 373-бабы 2-тармағы).
Ал Қазақстан Республикасы Түңғыш Президентінің - Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау мақсатында оған немесе онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне қандай да болсын түрде ықпал ету — қылмыс күрамының аса ауырлататын түріне жатады (ҚК-тің 373-бабы 3-тармағы) Занда Қазақстан Республикасы Президентінің - Елбасының заңды қызметі арнайы көрсетілген, осындай қызметке қандай да бір нысанда кедергі жасау, осыған орай оған немесе бірге түратын отбасы мүшелеріне эртүрлі тэсілмен ықпал етуге іс-эрекеттер жасау - қылмыстың аяқталған сэтін білдіреді.
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналықпен, эртүрлі ниеттермен істеледі.
Қылмыс субъектісі — 16-ға толған, есі дүрыс адам.