Лауазымды адам болып табылмайтын мемлекеттік қызметшінің лауазымды адамның өкілеттіктерін иемденіп алуы және оның соған байланысты азаматтардың немесе уйымдардың қуқықтары мен заңды мүдделеріне не қогамның немесе мемлекеттің заңмен қоргалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соққан әрекеттер жасауы -
Мемлекет мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтік өкілетін теріс пайдалана-тын лауазымды түлғаларымен қалай күрессе, лауазымды түлғаның атағын өз бетінше иемденуге тырысатын өзге қызметкерлермен де солай күреседі. Шындығында осын-дай эрекеттер мемлекеттік апараттың қалыпты дү_рыс жү_мысын бұзады жэне сонымен азаматтардың, қоғамның жэне мемлекеттің мүддесіне елеулі түрде зиян келтіреді. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының жаңа Қьшмыстық кодексінің 363-бабы лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметшіге лауазымды тұлғаның өкілетін иемденгені үшін жауапкершілік белгілейді.
Мемлекеттік аппараттың жекелеген буындарының қалыпты дұрыс қызметі түсіндіріліп отырған қүрамның объектісі болып табьшады.
Аталған құрамның объективтік жағы лауазымды түлға болып табылмайтын мемле-кеттік қызметші өздігінен, алдау жолымен лауазымды түлғаның өкілетін иемденеді жэне оны азаматтардың немесе ү_йымдардың құқықтары мен занды мүдделерін елеулі түрде бұзатын қоғамға қауіпті эрекеттер жасау үшін пайдаланады.
Қылмыстық қү_қық бұзушылық белсенді эрекеттер жолымен жасалады. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаушы кінэлі адам мемлекеттік қызметші - өзін белгілі бір лауазымды түлға ретінде көрсетеді жэне іс жүзінде элгі тұлғаның өкілетін заңсыз орындайды. Лауазымды түлғаны иемдену нысандары занда көрсетілмеген, бірақ олар барынша эр түрлі болуы мүмкін. Мысалы: қатардағы қызметкер - аудандық әкімнің референті ке-лушілерді қабылдайды да солардың арыздары бойынша шешім қабылдайды; қандай да болмасын кұжаттарға өз бастығының атынан қол қояды немесе қатардағы полиция өзін аудандық ішкі істер басқармасының (АІІБ) жедел қызметінің қызметкері ретінде таны-стырады жэне азаматтарды түгқынға алу каупін төндіріп, өзіне керекті заттарды алады жэне т.б.
Кінэлі адам лауазымды тұлғаның өкілетін заңсыз эрекеттер жасау мақсатымен иемде-неді, соның нэтижесінде азаматтар мен ұйымдардың құқықгары мен заңды мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіріледі, яғни осы кылмыс құрамының кінэлінің қоғамға қауіпті эрекеттерінен басқа объективті жағының міндетті белгілері - азаматтардың немесе ұйымдардың заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу түріндегі қоғамға қауіпті зардаптарының орын алуы болып табылады. Осындай заң бұзушылықтың мазмұны мен нысаны қызметтік өкілетті теріс пайдалану құрамына талдау жасаған кезде ашылды (КК-тің 361-бабына зерттеуді қараңыз).
Талданып отырған кздэам өзінің құрылымы бойынша материалдық құрамға жатқызылатындықтан, осы құрамның объективтік жағының тағы бір міндетті белгісі -кінэлінің заңсыз эрекеттері мен орын алған зардаптар арасындағы себептік байланыстың болуы болып табылады. Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері елеулі түрде бұзылған сэттен бастап қылмыс аяқталған деп есептеледі.
Лауазымды тұлғаның өкілетін иемденудің субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Қаралып отырған қылмыстық құқық бұзушылық субъектісі лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметші болады. Егер осындай эрекеттерді мемлекет-тік қызметші болып табылмайтын басқа жат тұлғалар жасаған болса, онда олар бұл бап бойынша жауапкершілік атқармайды, бірақ олардың эрекеті істің нақты жағдайына бай-ланысты ҚК-тің басқа баптары бойынша саралануы мүмкін, мысалы: тұрғын-жайдың қол сұғылмаушылығын бұзу, денеге жарақат салу, пара беруге мэжбүр ету, қорқытып та-лап етушілік немесе алаяқтық жэне т.б.
Осы қылмыстық кұқьік бұзушылық қызметтік өкілетті теріс пайдалану құрамынан мынадай адамдар бойынша ажыратылады.
Қылмыстық кодекстің 361-бабында көзделген қылмыстық құкық бұзушылықты жасау кезінде — кінэлі адам іс жүзіндегі занды өкілетті қызмет мүддесіне нұқсан келтіре отырып, оны теріс пайдаланады. ҚК-тің 363-бабында айтылып отырған қылмыстың мэні кінэлінің өзінде жоқ бола тұра лауазымды адамның өкілетін иемденуінде болып отыр.
Қылмыстың субъектісі (ҚК-тің 363-бабы) - занда белгіленген тэртіппен лауазымды тұлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметші.
371-бап. Салғырттық
1.Салғырттың, ягни мемлекеттік функцияларды орындауга уәкілеттік берілген адамның не оган теңестірілген адамның не лауазымды адамның не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның өз міндеттерін қызметіне адал қарамауы немесе уқыпсыз қарауы салдарынан орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бул азаматтардың немесе уйымдардың қуқықтары мен заңды мүдделеріне не қогамның немесе мемлекеттің заңмен қоргалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса -
2. Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет -
1.Салғырттық, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның не лауазымды адамның не жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамның өз міндеттерін кызметіне адал қарамауы немесе ұкыпсыз қарауы салдарынан орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер Бұл азаматтардың немесе ұйымдардың кұкықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге экеп сокса, —
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппүл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мер-зімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда ауыр зардаптарға экеп соққан дэл сол іс-эрекет -
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Тадданып отырған қылмыстық құқық бұзушылық лауазымды немесе заңды көрсетілген басқа тұлғаның кызметке адалдык тұрғысынан карамауы немесе қалай бол-са солай қарауының нәтижесінде өзінің қызметтік міндеттерін атқармауы немесе тиісті дэрежеде атқармауынан болады.
Қызметтік міндеттерді дұрыс атқармау деп лауазымды түлғаның өзінің қызметтік мін-детін қызмет талаптарына сэйкес емес, тиісінше толық көлемде орындамауы, нысаны мен мэнін сақтамай орындау эрекеттері түсініледі.
Қызметтік міндеттерін тиісті дэрежеде аткармау деген - лауазымды тұлғаның тиісті, қызметтік талаптарға сэйкес кызметтік міндеттерді кешіктіріп, белгіленген мерзімдерді бұзып орындау эрекеті. Қызмет борышы талаптарынан туындайтын белгілі бір функцияларды уақытынан кешіктіріп, дұрыс емес нақтыланбаған түрде нашар орындау лауазымды түлғаның өз қызметін дұрыс атқармауы немесе тиісті дэрежеде атқармауы деп танылады.
Қызметтік салақтық қү_рамындағы эрекеттің лауазымды түлғаның өз міндеттерін уақтылы емес жэне тиісті дэрежеде орындамауы - қызметтік өкілетті теріс пайдалану құрамындағы эрекеттерден (ҚК-тің 361-бабы) тек субъективтік жағы бойынша (заңда тікелей белгіленген) ғана емес, объективті белгілермен де айтарлықтай дэрежеде ажыра-тылады. Қызмет жағдайын теріс пайдалану құрамындағы эрекеттер лауазымды түлғаның өзінің қызмет жағдайын заңға қарсы пайдаланумен түсіндіріледі. Олар мүдделерге қарсы жасалады, лауазымды тұлғаның қызметтік міндеттерін өрескел бұзады. Қызметтік салактық құрамындағы эрекеттер - Бұлар неғұрлым белсенді, неғұрлым қарқынды түрде жасалуға тиісті эрекеттер еді, оларды солай жүзеге асырғанда ғана лауазымды тұлғаның қызметі бойынша қойылатын талаптарға сэйкес келер еді. Егер алдыңғы эрекет өзінің материалдық мазмұнына қарай заңсыз болып есептелсе, екіншісі - лауазымды тұлғаның осы эрекеттерді орындау кезінде тиісті дэрежеде қарқындылық көрсетпеуінің, белсен-ділігі жеткіліксіз болғанының салдары болып табылады.
Заңның нұсқап отырғаны: лауазымды тұлғаның өзінің міндеттерін орындамауы немесе тиісті дэрежеде орындалмауы олардың қызметіне «адал карамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан» болады деп тұжырымдауында болып отыр.
Лауазымды түлға салақтық жіберу кезінде оған берілген өкілеттік, құзырет, өзіне тиесілі функцияларға тікелей қатысты эрекеттер жасайды, яғни ол эрекеттер оның қызметтік міндеттері аясында жүзеге асырылады. Лауазымды түлғаны өзінің міндет-терін атқармағаны, сол сияқты түрліше эрекетсіздік үшін кінэлі деп тану үшін ол жасауы тиісті болатын нақты қызметтік әрекеттердің дэл айқындалуы талап етіледі. Сондықтан бэрінен бұрын лауазымды түлғаның зандар мен заңдық актілерге сай тиісті қүзыретін анықтап алған жөн, яғни салақтыққа айыптау үшін лауазымды тұлға жол берген нақты кемшіліктерді айқындап алу қажет. Лауазымды тұлғаға оның міндетіне кірмейтін шара-ны қабылдамағаны үшін кінэ тағылуы тиіс емес.
Лауазымды түлғаның құзыретіне кіретін эрекетті жасамағанын тану кезінде, оның эрекетгі нақты жағдайдағы жасау мүмкіндігін анықтау керек. Мұндай мүмкіндіктің бол-мауы жауапкершілікті жоққа шығарады.
Заңға сэйкес салақтық қылмыстың материалдык құрамы болып табылады. Қылмыстық қүқық бұзушылық үшін жауапкершілік үшін қылмыстық зардаптардың - азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңсыз қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нү_қсан келтірілуін елеулі түрде (нұқсан кел-тіру түсінігін ҚК-тің 361-бабының түсіндірмесінен қараңыз) айқындауды талап етеді.
Қызметтік салақтықтың салдары көбінесе материалдық зиян келтіру түрінде көрінеді, бірақ салақтық нәтижесінде өзге де елеулі зияндар келтірілуі мүмкін.
Қызметтік салақтықтың субъективтік жағы менмендік немесе немқұрайдылық түріндегі абайсыздыкпен сипатталады.
Талданып отырған баптың 2-тармағы осы қылмыстың ауырлататын жағдайы ретінде өзге де ауыр зардаптардың болуын көрсеткен. Өзге де ауыр зардаптар - факті мэселесі. Оларды анықтау нақты іс жағдайына байланысты. Бұл аса ірі материалдық зиян, бірне-ше адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру, қандай да болмасын дэрі-дәрмек немесе өнімді сату нәтижесінде азаматтардың елеулі санының улануы, өндірістің толық тоқтап қалуы жэне т.б. болуы мүмкін.
Талданып отырған баптың ҚК-тің 114, 317-баптарында көрсетілген жэбірленушінің денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе қаза келтіруден ажырату құрамдарының объективтік жағы жэне субъектісі бойынша жүзеге асырылады.
Қылмыстық кодекстің 371-бабы бойынша мүлдай зардаптар лауазымды адамдардың кэсіптік міндетіне жатпайтын салақтығына байланысты болады. Сондықтан да дэрігердің, басқа да медицина қызметкерлерінің кэсіптік міндеттеріне ү_ю>шсыздығы немесе оған адал қарамауы орын алса, онда олар лауазым адамы деп танылмауына байланысты іс-эрекеттерінен заңда көрсетілген зардап орын алған жағдайда, олар жеке адамға қарсы қылмыстар үшін Қылмыстык кодекстің 114, 317-баптары бойынша жауапқа тартылады.