Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бап. Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану




1.Мемлекеттік функцияларды орындауга уәкілеттік берілген адамның не оган теңестірілген адамның өздерінің қызметтік өкілеттіктерін өзі немесе басқа адамдар не­месе ұйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарга немесе үйымдарга зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне ңайшы пайдалануы, егер бул азаматтардың немесе ұйымдардың қуқықтары мен заңды мүдделеріне не қогамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге әкеп соқса -

2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет -

3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаған іс-әрекет –

4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не қылмыстық топтың мүддесіне орай жасалган іс-әрекеттер -

Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану - сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың неғүрлым кең тараған түрі. О л көптеген жағдайларда кінэлі адамның қылмыстық құқық бұзушылық эрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тэсілі де болып табылады. Бұл қылмыстық қүқық бұзушылықтың мэні мына-да, субъекттің өзіне берілген қызметтік өкілетті пайдалана отырып, мемлекеттік аппарат жүйесіндегі құқық пен өкілетті зүлымдык жолына қолданады. Оның қауіптілігі мемле-кеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігін өзі немесе басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе үйымдардың қүдықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдцелерін елеулі түрде бүзуға экеліп соғуымен тікелей байланысты.

Мемлекеттік аппараттың бірқалыпты, заңды қызметі мен беделіне қол сүгу осы қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болып табылады. Осыған байла­нысты, егер қызметтік өкілетті теріс пайдалануды мемлекеттік органда, жергілікті өзін-өзі басқару органында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да эскер қүрамдарында жэне эскери құрамдарда мем-лекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамның не оған теңестірілген адамның, лауазымға ие адамдардың жасаған жағдайларда ғана аталған қылмыстық құқық бұзушылық және 15-тарауда көзделген өзге де қылмыстар үшін қылмыстық қүқық бұзушылық жауап-кершілік туындайды. Мемлекеттік немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары бо­лып табылмайтын коммерциялық жэне өзге де үйымдардағы қызметтік өкілетті теріс пайдаланған түлғалар ҚК-тің 250-бабы бойынша осындай іс-эрекеттері үшін қылмыстық құқық бү-Зушылык қудалау тэртібі туралы осы бапка ескертпелерді ескере отырып жауап беруге жатады.

Қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың объективті жақтарының міндетті белгілері мыналар болып табылады: Мемлекеттік функцияларды орындауға уэкілеттік берілген адамның не оған теңестірілген адамның өздерінің қызметтік өкілеттіктерін өзі немесе басқа адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне қайшы пайдалануы, егер бү_л азаматтардың немесе ұйымдардың қүқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге экеп соқса.

Мынадай іс-эрекеттер кінэлі адамның өзінің қызметтік өкілеттігін пайдалануы деп түсініледі, егер ол іс-эрекет оның қызметтік өкілетінен туындайтын болса жэне осы лау­азымды адам атқарып отырған қызметінің арқасында берілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға байланысты болса.

Заңда (ҚК-тің 361-бабы) қызметтік өкілетті пайдалану туралы айтылған. Осыған орай бу_л қылмыстар негізінен эрекет жасау жолымен жасалады немесе эрекетсіздік жолымен де жасалуы мүмкін.

Мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамның не оған теңестірілген адамның құзыреті сол адамдардың қызметі жөніндегі қүқықтар мен міндеттердің шегін айқындайтын зандармен, ережелермен, жарғылармен немесе нүсқаулықтармен не бол-маса басқа да нормативтік актілермен реттеледі.

Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның эрекеті деп осы аталған адамдардың атқарып отырған кызмет жағдайының арқасында ғана жасай алатын эрекетін айтамыз.

Әрекетсіздік дегеніміз аталған адамдардың қызметтік парызы бойынша орындауға міндетті қызметтік міндеттерін орындамауын айтамыз. Қызметтік жағдайын пайдалану-мен байланысты емес жасалған эрекет немесе эрекетсіздік қызметтік өкілетті теріс пай-далану ретінде қаралуы мүмкін емес.

Мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамның не оған теңестірілген адамның іс-эрекеті егер ол қызметтік парызын бұзса, яғни адам өзінің қызмет жағдайын қызметтік мүддеге қайшы келетіндей пайдаланған жағдайда ғана ҚК-тің 361-бабы бойынша қылмыс ретінде қаралады.

Егер іс-эрекет мемлекеттік аппаратқа қойылатын жалпы міндеттер мен талаптарға тұтастай алғанда, сол сияқты жекелеген билік құрылымдары немесе басқару буындары орындайтын міндеттерге объективті түрде қайшы келетін болса, аппараттың белгілен-ген принциптері мен жұмыс тэртібін, ең алдымен заңдылық принциптерін бұзған болса, қызметтік мүдделерге қарсы жасалған деп танылады.

Қызметтік мүдде деп, сондай-ақ нақты бір мекеменің, кэсіпорынның қалыпты жүмыс барысын, тэртіптің, жеке жэне занды түлғалардың занды қүқықтары мен мүдделерінің сақталуын түсіну керек.

Қызмет мүддесі талаптарының бүзылуы қай уақытта болса да кінэлі адамның іс-эрекетінің заңсыздық сипатымен көрінеді.

Егер кінэлі адамның қызметтік өкілетін заңсыз пайдалануының салдарынан заңда көзделген белгілі бір зиянды зардаптар туындаған болса, осындай жағдайда ғана ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Занда ол кінэлі адамның қызметтік өкілдігін кереғар пайдаланып, өзі немесе басқа адамдар үшін пайда мен артықшылықтар алуы, басқа адамдарға, үйымдарға зиян келтіру, сөйтіп адам, қоғам, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу деп көрсетілген.

Қызметтік өкілетті теріс пайдалану, билікті жэне қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру, қызметтегі эрекетсіздік, салақгық Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне немесе қоғамның жэне мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесін елеулі түрде бүзудан тұ_рады, яғни 1959 жылғы Қазақ ССР Қылмыстық кодексіндегі зиян шектірудің нүхқалығынан айырмашылығы Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі - «елеулі түрде бұзу» деген басқа терминді қолданады. Мүдделерді бұзудың «елеулілігі» деген белгі -бірнеше жағдайға байланысты болатын баға беру түріндегі түсінік.

Азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін не қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бүзуға, ең алдымен заңмен қорғалатын объектілерге елеулі түрде материалдық жэне моральдық зиян келтіру жатқызылуы тиіс.

Материалдық зиян мүліктік, жеке бастық жэне ү_йымдық зиян болып бөлінеді.

Мүліктік зиян қылмыс жасалған сэттегі Республиканың заңдарында белгіленген ең төменгі есептік көрсеткіштің еселенген мөлшеріндегі ақшаға сэйкес айқындалады.

Жеке басқа келтірілген зиян егер ол жәбірленушінің денсаулығына жеңіл, орта ауырлықтағы зиян келтірілсе, елеулі түрде деп санауға болады.

¥йымдық зиян кэсіпорынның, мекеменің, үйымның жүмысының тоқтап қалуымен, өнім шығарудың тыйылуымен, олардың жұмысында кедергілер мен үзілістің болуы жэне т.б. түсіндіріледі.

Сондай-ақ азаматтардың негізгі конституциялық қу_қықтары мен бостандығының бұзылуы, тиісті органның беделін түсіру, ауыр қылмыстарды жасыру (бүркемелеу) т.б. елеулі зиян болып табылады.

Іс-эрекеттің нақты кэсіпорынның, мекеменің қалыпты жұмысына тигізген теріс әсерінің дәрежесі, келтірген шығынның мөлшері, зардап шегушілердің саны, моральдық, дене жэне мүліктік зиянның ауырлығы материалдық зиянның өлшемі болып табылады.

Мүліктік, жеке бастық жэне үйымдық зияндар бағалау сипатында болады, ал моральдық зиянның дэрежесі ақшалай бағалауға келмейді.

Азаматтардың, үйымдардың қүқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін не қоғамның, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін жоғарыда келтірілген бұзудың жиынтығы - істің нақты жағдайы бойынша лауазымды адамдардың аталған қылмыс түрлерінің қоғамға қауіпті зардаптарын қүрайды.

Кінәлі адамдардың заңсыз іс-эрекеттері мен пайда болған зардаптарының арасында келтірілген себептік байланыс болуы керек. КСРО Жоғарғы Сотының Пленумы аталған санаттағы істерді қарау кезінде — соттарға өзінің 1990 жылғы 30 наурыздағы «Билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру, салақтық және лауазымдық жалғандық туралы істер бойынша сот практика-сы туралы» қаулысында келтірілген зиянның сипаттамасын, сондай-ақ «сотталушының эрекеті (эрекетсіздігі) мен зиянның арасындағы себептік байланыстың бар екендігі анықталуы жэне үкімде көрсетілуі тиіс» деп атап көрсетті.

Себептік байланыстың болмауы қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығарады жэне қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатуға негіз болып табылатындығы түсінікті.

Қылмыстық кодекстің 361-бабын қолдану үшін аталған қылмыстық қүқық бұзушылық қү_рамының субъективті жағын дэл анықтаудың маңызды мэні бар. Қаралып отырған қылмыстық құқық бұзушылық құрамының субъективті жағы кінәнің қасақана нысаны-мен сипатталады, Қылмыстық кодекстің 361-бабының мэтінінде осыны тікелей нүхқап көрсетеді. Кінэлі тұлға қызмет мүдделеріне қарсы қасақана эрекет ете отырып, өз қылығының заңсыз екендігін біледі. Сонымен қоса, ол өзінің кызметтік өкілетін өзінің немесе басқаның мүддесіне, мақсатына қол жеткізу үшін пайдаланғысы келеді, яғни іс-эрекетке, сондай-ақ лауазымды адамның кінэсінің зардаптарына қатысты тек қана тіке-лей, сол сияқты жанама қасақана түрде жасалған болуы да мүмкін.

Қазақстан Ресігубликасының Қылмыстық кодексі бойынша қызметтік окілдігін теріс пайдалану (361-бап), қызметтегі жалғандық (369-бап), биліктік эрекетсіздік (370-бап) үшін, егер аталған қылмыстық қүдық бұзушылықты адам пайдакүнемдікпен немесе өзінің, өзгенің мүддесі үшін жасалған болса ғана жауапкершілік туындауы мүмкін. Осын-дай жағдайда жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың қылмыстық ниеті ҚК бойынша аталған қылмыстық кү_қық бұзушыльщ қүрамдардың міндетті элементтері болып табылады. Парақорльщтың да пайдакүнемдік себептен жасалатындығы жалпыға мэлім. Ақшаны, мүлікті, материалдық игіліктерді заңсыз алғысы келу, мемлекеттің немесе озге ботен біреудің мүлкін заңсыз алу жэне оны қайтарымсыз негізде өз мен-шігіне немесе басқа адамдардың пайдасына айналдыру немесе озге де мүліктік пайда

тапқысы келу не материалдык міндеттемелерді төлеуден босағысы келу — пайдакүнемдік мүдделілік ниетте болады.

Өзге де жеке мүдделілік, мүліктік емес сипаттағы, мансапқорлық, пайдакүнемдік, ықпалды қамқорлық көрсету, отбасылық, кек, қызғаныш, көре алмаушылық нэрсенің шын тұрпатын боямалап көрсету, өзара қызмет көрсету, өзінің атқаратын қызметіне сэйкес еместігін бүркемелеу сияқты себептерді басшылыққа ала отырып пайда табуға ұмтылушылықтан көрінуі мүмкін.

Сонымен, Қылмыстық кодекс бойынша түлғаның тарапынан пайдакүнемдік немесе жеке мүдделілік нақты жағдайда айқындалмаса, тіпті оның эрекеті заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргеннің өзінде де 361, 369, 370-баптар бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстык құқық бұзушылық кұрамын кұрамайды.

Заңға сэйкес (ҚК-тің 361-бабына ескертпе) қаралып отырған қылмыстың субъектісі, біріншіден, тек қана мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адам не оған теңестірілген адам, екіншіден лауазымды түлға, үшіншіден жауапты мемлекеттік лауазым атқарған адамдар болып табылады. ҚК-тің 3-бабының 27, 28-тармақтарына сэйкес:

1. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамдарға лауазымды адамдар, Парла­мент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар жэне Қазақстан Республикасының мем-лекеттік қызмет туралы зандарына сэйкес барлық мемлекеттік қызметшілер, мэслихат депутаттары жатады.

2. Мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адамдарға:

1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;

2) заңда белгіленген тэртіппен Қазақстан Республикасының Парламенті мен мэслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелігіне кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар;

3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жүмыс істейтін, еңбегіне ақы Қазақстан Республикасы мемлекетік бюджетінің қаражатынан төленетін қызметшілер;

4) мемлекеттік үйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі кемінде отыз бес пайыз болатын ұйымдарда басқару қызметтерін атқаратын адамдар теңестіріледі.

Сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес пайыз) үтгтық баскарудың холдинттерге, үлттық холдинттерге, үлттық даму институттарына, үлттық компанияларға берілген ү_йымдарына, сондай-ақ олардың еншілес үйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.

3. Түрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша өкіметтің өкілі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да эскерлері мен эскери қү_ралымдарында үйымдастырушьшық-экімшілік немесе экімшілік-шаруашылық қызметтерін орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп таны-лады.

4. Мемлекет қызметтерін жэне мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін тікелей орын-дау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық жэне өзге де заңдарында белгіленген лауазымдарды атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар деп түсініледі.

Қылмыстық кодекстің 363-бабы (лауазымды түлғаның өкілеттігін иемдену) бойынша ғана лауазымды түлға болып табылмайтын мемлекеттік қызметшіні немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының қызметшісін қылмыс субъектісі ретінде айқындады.

Өз қызметінің түріне қарай оларға бағынышты қызметкерлерге қатысты ғана емес, сонымен бірге олардың экімшілік бағынысында, оларға қызметтік бағыныстағы емес азаматтарға қатысты да өкіметтік функцияларды жүзеге асыру өкілеттігі берілген адамдар өкімет өкілі деп танылады.

Өкімет өкілдерінің функциялары өкіметтің барлық салаларында жүзеге асырыла-ды - заң шығару; республикалық деңгейдегі, сол сияқты жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіндегі атқарушылық жэне сотта, Парламент Мэжілісінің депутаттары мен Сенаттың сенаторлары, сондай-ақ мэслихаттардың депутатгары заң шығару өкілеті саласындағы өкімет өкілдері болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметкерлері; қүқық қорғау жэне бақылаушы органдардың лауазымды тулғалары, Ішкі істер министрлігінің, ¥лттық қауіпсіздік комитетінің, прокуратураның, кеден, салық қызметінің қызметкерлері мен шекарашылар және соған ұқсас түлғалар. Сот өкілеті саласында барлық деңгейдегі соттардың судьялары өкімет өкілдері болып табылады. Арнайы өкілдік бойынша өкімет өкілінің функциясын жүзеге асырушы түлғалар - белгілі бір кезеңге заңдық маңызы бар, өкімет өкілдігін жүзеге асыруға тартылған түрлі қоғамдық инспекторлар, ревизорлар, бақылаушылар.

¥йымдық өкімдік міндеттері дегенді үжымға, жүмыс учаскесіне басқа қызметкер-лердің қызметтік жэне өндірістік қызметтеріне басшылық жасауды, қарамағындағы-лардың еңбегін үйымдастыруды, мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасы Карулы Күштерінде немесе Қазақстан Республикасының өзге де эскери құрылымдарын-да мемлекеттік тэртіпті қолдауды жүзеге асыру жөнінде адамдарға тікелей басшылық жасаумен байланысты функциялар деп түсінген жөн. Лауазымды түлғаларды осы сана-тына мыналар жатқызылады: министрліктердің, ведомстволардың басшылары, олардың орынбасарлары, мемлекеттік органдардың қүрылымдық бөлімшелерінің басшылары.

Әкімшілік-шаруашылық міндеттер дегенді мемлекеттік мүлікке тікелей иелік етумен жэне басқарумен, оны сақтаумен, материалдық күндылықтарды жөнелтумен, алумен жэне босатуды үйымдастырумен жэне Бұларға мемлекеттік органда немесе жергілікті өзін-өзі басқару органында, тиісті мекемелерде жэне әскери қүрылымдарда бақылау жа­саумен байланысты функциялар деп түсіну керек. Бұлар қаржылық жабдықтау бөлімдері мен қызметтерінің бастықтары, қоймалардың, мемлекеттік дүкендердің меңгерушілері, қү-рылымдық бөлімшелердің бөлімдердің, филиалдардың жэне т.б. басшылары болуы мүмкін.

Арнаулы өкілеттік деген штаттық қызмет орнында есептелмейтін адамға белгілі бір үйымдық-экімдік реттеу немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді не өкімет өкілі функциясын орындау тапсырылған деп түсініледі. Бұл арнаулы күқықтық акті-мен (бүйрықпен, еңбек келісімімен, сенімхатпен немесе еңбек үжымының, қоғамдық ұйымның шешімімен) немесе ауызша өкім ету негізінде ресімделуі мүмкін.

Мұндай жағдайда өкілеттік белгілі бір уақытқа немесе нақты тапсырманы орындау үшін беріледі.

Мемлекеттік органдарда біржақты кэсіби немесе қосалқы техникалық міндеттерді орындайтын мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық қылмыс субъектісі болып табылмайды.

Түсінік беріліп отырған баптың қатаң жауапкершілікті көздейтін түрі (2-бөлігі) лауа­зымды адам жасаған қызмет өкілеттігін теріс прайдалану болады деп көрсетілген. Лауа­зымды адамның түсінігі ҚК-тің 3-бабының 26-тармағында берілген.

Жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану үшін жауаптылық ҚК-тің 361-бабының үшінші бөлігінде карастырылған. Оның түсінігіне ҚК-тің 3-бабының ескертуінің 26-28-тармағында түсінік беріліп отыр.

ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігінде осы баптың бірінші, екінші жэне үшінші бөліктерінде көзделген ауыр зардаптарға экеліп соққан не қылмыстық топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) муддесіне жасалған эрекеттер үшін жауаптылық белгіленген.

Ауыр зардаптарға тиісті мемлекеттік органның немесе жергілікті өзін-өзі басқару органының жұмысында берекесіздік жасау, аса ірі материалдық шығын келтіру, денсаулығына ауыр зиян келтіру, егер осы зардаптар оны лауазымды адамдардың қызметтік өкілетті теріс пайдалануымен жасаған жағдайда орын алады. Ауыр зардап­тар баға беру санаты болып табылады. Осы айрықша бағалау белгісін тану нақты іс жағдайына байланысты болады жэне факті мэселесі болып табылады.

Егер кінэлінің эрекеті пайдакүнемдік немесе өзге де жеке мүдделіктен жасалмаған болса немесе азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен занды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзбаса, ондай жағдайда мұндай тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, ал оның эрекетінде қылмыстық құқық бұзушылықты тэртіптік теріс эрекет құрамының белгілері болса, онда тэртіптік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

362-бап. Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану

1.Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, ягни мемлекеттік функцияларды орындауга уәкілеттік берілген адамның не оган теңестірілген адамның өзінің қуқықтары мен өкілеттіктерінің шегінен анық шыгатын және азаматтардың не­месе ұйымдардың қуқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қоргалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіруге акеп соққан эрекеттер жасауы -

2. Лауазымды адам жасаған дәл сол іс-әрекет -

3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адам жасаган іс-әрекет -

4.Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарга әкеп соққан не:

1) күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;

2) қаруды немесе арнайы құралдарды қолданып;

3)өзі немесе баска адамдар немесе үйымдар үшін пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарга немесе уйымдарга зиян келтіру мақсатында жасалган іс-әрекеттер -

Билікті немесе лауазымдық өкілетті асыра пайдалану қызметтік өкілетті теріс пайдаланудың айрықша түрлерінің бірі болып табылады. Қылмыстық күкьтк бұзушылықтың бұл түрінің қызметті теріс пайдалану құрамынан (ҚК-тің 361-бап) айырмашылығы мынада: қызметті теріс пайдалану кезінде заңсыз эрекет лауазымды тұлғаның әдеттегі қызмет шеңберінде жасалады, ал асыра пайдалануда, керісінше, эрекет құқық пен өкілеттің осы шеңберінен ашықтан-ашық асып кетеді.

Осыған сэйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін осы түлғаға берілген өкілеттік көлемін нақты айқындап алу керек.

Кінэлі тұлға қаралып отырған қылмыстық құқық бұзушылыкты жасай отырып, солардың шегінен асып кететін құқықтар мен өкілеттер зандармен жэне мынадай заңдық актілермен айқындалады: қаулылармен, өкімдермен, бұйрықтармен, нүхқаулықтармен, жарлықтармен, нұсқамалармен жэне т.б.

Билікті немесе лауазымдық өкілетті шамадан тыс асырудың жэне өзге қызметтік қылмыстық кұқық бұзушылықтардың да объектісі болып - мемлекеттік аппараттың қалыпты қызметі табылады.

Билікті немесе қызметтік өкілетті шамадан тыс асыру тек қана олардың өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асырумен байланысты жасалуы мүмкін. Егер кінэлі адамның жасаған іс-эрекеті оның қызметтік өкілеттігімен байланысты болмаса, Қылмыстық кодекстің 362-бабында көзделген қылмыстық құқық бүзушылықты құрамы болмайды. Яғни жасалған заңсыз эрекеттер тұлғаның қүдығы мен өкілетіне толықтай байланыссыз болған жағдайда, бұл әрекеттер тиісті белгілер болған кезде қызметіне бай­ланысты болып табылмайтын кылмыстық құкьіқ бұзушылықты ретінде қаралады.

Объективті жағынан алғанда бұ_л қылмыстық кұқық бұзушылықты міндетті түрде бо-луы керек деп саналатын 3 белгімен сипатталады: түлғаның оған заңмен берілген құқығы мен өкілетінің шегінен ашықтан-ашық асып кететін іс-эрекеттер жасауы; осы бапта кел-тірілген заң бұзушылық туріндегі қоғамға қауіпті зардаптар; түлғаның өкілеттік шегінен асуы мен жасалған зардаптар арасында себептік байланыстың болуы.

КСРО Жоғарғы Сотының 1990 жылғы 30 наурыздағы жоғарыда аталған Пленумының қаулысындағы түсіндірме бойынша қызметтік тұлғаның өкілеттік шегінен ашықтан-ашық шығып кету эрекеттері мыналар болуы мүмкін: аталған ведомствоның жоғары ла­уазымды тұлғасы ғана жасауға кұкьі бар эрекеттер (мысалы, университет факультетінің деканы факультеттің қызметкерлерін жріысқа қабылдау жэне жұмыстан шығару функ-цияларын, осы функциялар заң бойынша жоғары оқу орнының ректорына ғана тэн бола тұрса да, өзіне иемденеді);

басқа ведомствоның билігі не қызметтік өкілет құзыретіне кіретін іс-эрекеттер (мы­салы, тінтуді жүргізу құқығы анықтама, тергеу, прокуратура жэне сот органдарына берілген, сондықтан ауыл экімінің тінту жүргізу туралы өкім беруі билікті асыра пайда­лану ретінде бағалануы тиіс);

алқалы органның құзыретіне кіретін іс-эрекеттер (мысалы, заң бойынша мүгедектік туралы анықтаманы тек қана дэрігерлік-еңбек сараптама комиссиясы бере алатындығы айқын бола тұра емдеуші дэрігердің осындай аныктаманы өзі беруі);

осы тұлғаның құзыретіне кіре тұрса да, бірақ занда жэне өзге де нормативтік акті-де көрсетілген жағдайлар болғанда ғана жол берілетін іс-эрекеттер (кьілмыскер шабуыл жасаған сэтте қару қолдану);

бірде-бір қызметтік тұлға немесе орган жасауға құкьілы емес іс-эрекеттер (көбінесе, қарамағындағыларға қатысты жэбірленушінің жеке басын кемсітетін күш көрсету).

Билікті немесе қызметтік өкілетті кылмыстық құкьіқ бұзушылықпен асыра пайдалану құрамы болу үшін мемлекеттік не қоғамдық мүдделерге немесе жекелеген азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу түріндегі жэне түлғаның эрекеті мен зардаптардың арасында себептік байланыстар болуы қажет. Билік-ті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдаланудың объективті жақтарының осы міндетті белгілерінің сипаты мен мазмұны қызметті теріс пайдалану кезіндегімен бірдей. Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану құрамының қажетті белгілерін елеулі түрде бұзудың болмауы Қылмыстық кодекстің 362-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығарады.

Ашықтан-ашық заң бұзушылықтың белгілері жасалған іс-эрекеттердің берілген өкілеттіктердің шегінен асып кеткендігінің айқындығын, сөзсіздігін білдіреді.

Заңда көрсетілген зардаптар басталған сэттен бастап қылмыс, атап айтқанда, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның неме­се мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзу аяқталған болып есепте-леді. Тергеу-сот тэжірибесінде бұл зардаптар көбіне дене күшін жұмсау жэне психикалық зорлық көрсету түрінде көрінеді.

Билікті асыра қолдану кезіндегі зорлық дене күшін жұмсау жэне психикалық болуы мүмкін. Билікті немесе қызметтік өкілетті асыра пайдалану кезінде дене күшін жұмсау жэбірлену-шінің денесіне зақым келтіру, ұрып-соғу, азаптау, бостандығынан заңсыз айы-РУ турінде көрінуі мүмкін. Билікті асыра қолдану кезінде психикалық зорлық, дене күшін жұмсаумен корқыту жэне денеге жарақат салумен, өліммен қорқыту жэбірленушінің белгілі бір эрекет немесе эрекетсіздікті істеуге жэне басқадай нысандарды мэжбүрлеп қорқытуы арқылы көрініс табады.

Мүлдай қорқытулар субъект тарапынан сөзбен, жазбаша, дене қозғалысы, ым көрсету арқылы жүзеге асырылады жэне де осы қорқытулар жэбірленушінің жеке басына ғана емес, оның туыстары, жақындары жөнінде де болуы мүмкін.

Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдаланудың объективтік жағының ка-жетті белгісі - кінэлі адамның құқықтар мен өкілеттік шегінен көрінеу асып кетуі мен одан тікелей туындаған заңда көрсетілген зардаптың біреуінің орын алуының арасындағы себепті байланыстың болуы болып табылады.

Талданып отырған қылмыстық құқық бұзушылықты субъективтік жағынан тек қана қасақаналықпен жасалады. Кінэлі адам билікті немесе қызметтік өкілеттікті көрінеу асы­ра пайдаланғанын жэне оның азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не коғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға экеп соғатынын сезеді жэне өз өкілеттігін асыра пайдалану арқылы құқық қорғау объектілеріне зиян келтіруді тілейді немесе осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол береді.

Қылмыстық құқық бұзушылыкты ниеттің іс-эрекетті саралау үшін ешқандай эсері болмайды.

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - мемлекеттік қызметтер атқаруға уэкілетті адам не оған теңестірілген адам, лауазымды адам, жауапты мемлекеттік лауа-зым атқаратын адам.

Олардың түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 26, 28-тармағында берілген. Талданып отырған баптың 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі лауа­зымды адам жасаған, ал 3-тармағында осы қылмыстың аса ауырлататын түрі — жауап­ты мемлекеттік лауазымда істейтін адам жасаған билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланған әрекеттер үшін жауаптылық көзделген. Лауазымды жэне жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың да түсінігі Қылмыстық кодекстің 3-бабының 26-28-тармактарында берілген.

Осы баптың (362) 4-тармағында осы қылмыстын аса ауырлататын түрі - осы баптың 1, 2, 3-бөліктерінде көзделген эрекеттер не ауыр зардаптарға экеп соқкан эрекеттер, күш қолдану немесе оны крлданамын деп қорқыту арқылы («1» тармағы), не қару немесе арнаулы құралдар қолдану арқылы («2» тармағы), немесе өзі немесе басқа адамдар не- месе ұйымдар үшін пайда мен артыкдіылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында («3» тармағы) жасалғаны үшін жауаптылық белгіленген. Ауыр зардаптарға жэбірленушіге ірі материалдық залал, абайсызда ауыр дене жарақатын кел-тіру немесе оның абайсызда қаза болуы жатады.

КСРО Жоғарғы Сотынын 1990 жылғы 30 наурыздағы «Билікті немесе қызмет жағдайын теріс пайдалану немесе өкілетті шамадан тыс асыру, салақтық, қызметтік жалғандық істері бойынша сот тэжірибелері туралы» қаулысының 13-тармағына сэйкес билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану барысында жэбірленушіге қасақана ауыр зардап келтіру немесе оны қасақана өлтіру қылмыстардың жиынтығын күрайды деп тура көрсетілген.

Қорқытудың түсінігіне Қылмыстық кодекстің 194-бабын талдағанда, ал қару неме­се арнаулы кұралдардың анықтамасына Қылмыстық кодекстің 287-бабын зерттегенде тоқталып өткенбіз.

Осы баптың (362) 4-бөлігінің «3» тармағында көзделген қылмыс күрамы сыбайлас жемқорлық кылмыс түріне жатады, оның түсінігі де ҚК-тің 3-бабының 29-тармағында берілген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4123 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

2160 - | 2048 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.